Дәрілік шөптер

Дәрілік өсімдіктер (лат. Plantae medicinalis) , шипалы өсімдіктер – медицинада және мал дәрігерлігінде емдеу және аурудың алдын алу мақсатында қолданылатын өсімдіктер. Дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеті олардың құрамында стероид, тритерпен, алкалоид пен гликозидтердің, витаминдердің, эфир майлары мен тұтқыр заттар сияқты түрлі химиялық қосылыстардың болуына байланысты. Қазақстанда өсетін алты мыңнан астам өсімдік түрінің бес жүздей түрі дәрілік өсімдіктерге жатады.Дәрілерді дайындау үшін шикіза...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

БҚО:Теректі ауданы.. Сары-өмір ауылы..МКҚК «Өркен»балабаөшасы.

Есеналиева Ғалия Төлепқызы.

МКҚК «Өркен» балабақшасы. Ересектер тобы.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Білім беру саласы: «Денсаулық»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Салауаттану.

Тақырыбы: Дәрілік шөптер.

Мақсаты: Балаларға дәрілік шөптер туралы түсінік беру. Дәрілік шөптердің емдік қасиеттеріне тоқталу. Балаларды шөп тұнбасын дайындауға үйрету.

Билингвизм: бақ-бақ- одуванчик, қалақай-крапива, мия-солодка.

Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, әңгімелесу,жаңа білім енгізу.

Көрнекілігі: Әліппе дәптер. Тақырыптық мазмұнды суреттер.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы





Ізденуші-ұйымдастырушы.











Шаттық шеңбері.

Тәрбиеші оқу іс-әркетін төмендегі өлең жолдарымен бастайды.

Мынау менің жүрегім,

Бәрі осыдан басталған.

Мынау -басым ақылды,

Бәрін осы басқарған.

Мынау -менің оң қолым,

Мынау-менің сол қолым.

Барлық істі атқарған.

Педагог балалардан өткен аялдаманың қалай аталғанын сұрайды. Балаларға бет орамал көрсетіп, бұлардың түшкірген, жөтелген кезде қандай пайдасы барын сұрайды.

Балаларға кептірілген шөптерді көрсету.

-Балалар, бұл-кептірілген шөптер. Өсімдіктер жер бетіне көрік беріп қана қоймай, адамға жылу, тамақ, таза ауа сыйлайды, сонымен қатар емдік пайдасы мол. Мұндай өсімдіктермен емдеуді фитотерапия деп атайды. Бұл жөнінде бізге Дәрігер Салауат көмектеседі.

Дәрілік шөптермен таныстыру.

1.Алоэ- бұл Оңтүстік Африкадан тараған. Тек бөлмелерде ғана өсіріледі.Жараланған, үсіген,күйген жағдайларда пайдаланады.Суық тиген кезде балмен араластырып, мұрынға тамызады.

2.Бақ-бақ./одуванчик/ -оның тамырының қайнатпасын ас қорыту жолдарын түзетуге пайдаланады.

3.Сарымсақ./чеснок/-ерте уақыттан бері тыныс жолдары ауруларының алдын алу, ішек және асқазан бұзылуынан сатайды.

4.Мия./солодка/- жабайы өсімдік. Тамырынан жасалған дәрілер қақырық түсіреді. Т.б.

Дидактикалық ойын:

«Өсімдіктерді бөлігіне қарай ажырат»

Мақсаты: Дәрілік шөп туралы білімдерін бекіту.

Дәрілік шөп тұнбасын дайындап оны балаларға ішкізіп көру.

Балалар тәрбиешінің нұсқауымен шеңберге жиналып, өлең жолдарын тәрбиешінің соңынан қайталайды.

Мынау менің жүрегім,

Бәрі осыдан басталған.

Мынау -басым ақылды,

Бәрін осы басқарған.

Мынау -менің оң қолым,

Мынау-менің сол қолым.

Барлық істі атқарған.

Балалар картадағы жаңа аялдамаға тоқтап, танысады.

Балалар өткен сабақта танысқан пайдалы кеңестерді естеріне түсіреді.





Дәрілік шөптердің түрлерімен танысады.

Екі тілде атауларын біліп, емдік қасиеттерімен танысады.







Ойын ойнау арқылы білімі арта түседі.

Сергіту сәті.

Тәрбиеші өлең жолдарын оқиды.

Біз-кішкентай баламыз,

Өсіп-өніп толамыз.

Күнге қарай талпынып

Көкке қанат қағамыз.

Жабырқауды білмейміз,

Жалқаулықты сүймейміз

Біз-талантты жас ұлан

Үлгі аламыз жақсыдан.

Балалар тәрбиешімен бірге қимылды жаттығу жасайды.

Біз-кішкентай баламыз,

Өсіп-өніп толамыз.

Күнге қарай талпынып

Көкке қанат қағамыз.

Жабырқауды білмейміз,

Жалқаулықты сүймейміз

Біз-талантты жас ұлан

Үлгі аламыз жақсыдан.

Жетекші-жөндеуші

Тәрбиеші балаларды шеңберге жинап бүгін не білгендері туралы сұрайды.

Оқу іс-әрекетіне белсенді қатысқандарын мадақтайды.

Қорытындылау.

Балалар сұрақтарға жауап беріп, өз денсаулықтарына дұрыс қарау керектігін түсінеді.

Күтілетін нәтиже:

1.Білуі: Дәрілік шөп атауларын.

2.Меңгеруі: Дәрілік шөптердің емдік қасиеті.

3.Жасай алуы: Өз денсаулықтарын күтеді

© 2010-2022