Бала құқығы тәрбие сағаты

Раздел Классному руководителю
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

І. Сабақтың тақырыбы: Бала құқығы.
ІІ. Сабақтың мақсаты: Оқушыларға балалар құқығы туралы білімдерін толықтыра отырып, өмірдегі кездесетін келеңсіз жағдайлармен таныстыра отырып, балалар құқығын қорғауға үйрету.
ІІІ. Сабақтың көрнекілігі: Бала құқығы деп жазылған тақырыптың аты. Балалар құқығы тураы Конвенция, Қ. Р. Балалар құқығы туралы заңы.
IV. Сабақтың жүрісі:

Мұғалімнің кіріспе сөзі:
«Ана өз баласын тоғыз ай, тоғыз күн құрсағында көтеріп, жарық дүниеге әкеледі. Жаңа дүние есігін ашқан баланың алғашқы әрекеті қандай болады? Иә, ол жылап дүниеге келеді екен. Неге бала өмірге келген сәтінде жылап туады. Жаңа өмір әлемін көрген бала жылау арқылы өзінің бойындағы қорқынышын, қорғансыздығын білдіреді. Ол тоғыз ай бойы ана құрсағында жылулықты, жайлылықты, қорғанысты бірге бірге дүрсілдеп соққан жүректі сезінді.
Ал өмірге келгенде ананың дүрсілдеген жүрегі алыстады, қорғаныс аясы шеттеді; осы қорқыныштарын сәби жылауы арқылы көрсетіп, өмірге келген сәтте - ақ өзіне назар аударғанды қалайды. Бала жылағанда біріншіден ана, кейін басқа айналадағы адамдар оған зейіндерін қойып, назарларын аударып, уатады. Жылағанда назар аударатын сәби бейсаналы түрде ұғып, осы позицияны есінде, сақтап қалады. Кейінгі өмірде өзіне назар аударту үшін ол тағыда осы әдіске жүгінеді.

Жасөспірім кезінде бала өзіне назар аудартуды жылау арқылы көрсете алмайды., себебі ол ұят нәрсе. Жасөспірім кезінде бала өзгере бастайды. Бұрын ашық бала, жарқын мінезді, белсенді болып, енді тұйықталса, ойы басқа да болып, уайымшыл күй кешсе, ұйқысы қашып, тәбеті болмаса т. б. балада қандайда бір мәселе туындаған болу керек.
Бала болса да қазіргі кезеңде әрбір баланың мүмкін болғанша отбасында өмір сүруі мен тәрбиеленуге құқығы бар. Ал ата - анасы қайтыс болған, ата - ана құқығынан айырылған жағдайда оларға мемлекет тарапынан қорғаншы және қамқоршы орган тағайындалады.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Бала құқығы тақырыбына арналады.

Сабағымызды әрі қарай жалғастыру үшін мынадай сұрақтарға жауап береміз:
1) Бала құқығы дегенге қалай түсінесің?
2) Баланың қандай құқықтары бар?
3) Бала құқығын қорғалуына жауапты адамдарды ата?
4) Бала құқығына байланысты қандай заңдарды білесің?
Оқушылар өз білгендеріңше сұрақтарға жауап береді.
Әрі қарай мұғалім оқушылардың айтқан жауаптарын толықтырады.
1989 жылы БҰҰ қабылданған «Бала құқығы туралы Конвенциясы» заңнамасымен, 2002 жылы 8 тамызда қабылданған « Қ. Р. Бала құқықтары туралы Заңымен» таныстырады.
Қ. Р. Бала құқығы туралы заңының «Балалардың құқықтары мен міндеттері» атты тарауындағы балалардың негізгі құқықтарымен таныстырып өтеді.

- Сонымен қатар елімізде бала құқығының сақталмауы, яғни бұзылуына байланысты келеңсіз оқиғаларда кездеседі. Солардың бірімен танысайық. Сіздерге ақпарат құралдарында жарияланған «Темірланның хатымен» таныстырғым келеді.
«Темірланның хаты»
«Сәлемәтсіз бе, құрметті редакция!
Сізге хат жазып отырған Ақтау қаласында тұратын, 6 - сыныпта оқитын Асанбаев Темірлан деген баламын. Жасым 12-ге келсе де, өмірдің басыма түскен ауыр жағдайлар қолыма қалам алғызып, сіздерге хат жазуға мәжбүр етті. Осыдан 3 - 4 жыл бұрын мен де өз отбасыммен бақытты өмір сүріп, бақытты балалық шағымда бастан кешіріп жаттым. Бірақ өмірім бір мезетте алай - дүлей боран соққандай өзгеріп сала берді. Осыдан 3 - 4 жыл бұрын Ақтау қаласында өзіміздің тұрып жатқан үйіміз де болды. Сол үйде әке, шешем және өзімнен басқа 2 інім, 2 қарындасыммен бірлесіп, өмір сүрген бақытты отбасы едік. Өкінішке орай, әкем үйімізді банкке қойып, несиеге 40 мың доллар ақша алып, қарызға кірдік. Көп ұзамай белгісіз себептерге байланысты әкеміз бізді тастап кетті. Анамыз бес баламен қалып, екі жерде жұмыс жасап, аянбай еңбек етті. Әрине оның тапқан азғантай ақшасы бізге әзер жеткенімен, несие төлеуге қайдан жетсін. Уақытында төлеуге тиіс несиеміз де төленбей, ақыры ақпан айында үйімізден айырылдық. Қыстың қақаған күні жылап - сықтаған балалардың көз жасына қарамай, сот орындаушылары үйімізден қуып шықты. Амалсыз қала сыртындағы дачадағы 1 - бөлмелі сарайды паналауға мәжбүр болдық. Күнделікті асқа жарымағандықтан, мен де мектептегі сабағыма баруды қойдым. Өзімнен екі жас кіші інімді ертіп, көшеге шығып, машиналардың аяғын жууға шықтым. Жұмысымыз үшін 100 теңге алып, күніне 500 теңге, кейде 1000 теңге тапсақ, мәз болып үйге жүгіреміз. Үйде екі көзі төрт болып күтіп отырған інім мен қарындастарымызға нан, жейтін тамағын аламыз.

Аш бала тоқ баламен ойнамайды дегендей, мен де сабаққа баруды осылай қойдым. Менің қазіргі уақыттағы басты мақсатым: «Оқу, білім алу емес, балалары үшін еңбек етіп жүрген анама көмектесу. Туған бауырларыма күнделікті тамағын тауып беру»
Әкемнен ешқандай көмек те жоқ, хабар да жоқ.
Мен тек өзіме сенемін. Анама сенемін.
Аш болсам да, тоқ болсам да өз отбасыммен бірге болғым келеді.
Құрметті редакция! Осы хатымды жолдай отырып, жағдайымды айта отырып, сіздерден ақыл - кеңес сұраймын. Маған қандай ақыл - кеңес берер едіңіздер.
Сәлеммен Әсет.»

- Ал балалар, Осы хатты жазып отырған Әсетке қандай сипаттама берер едің?
Темірланның осы басына түскен ауыр жағдайына кімдер кінәлі?
Өздеріңмен қатар Әсет атты балаға қандай ақыл - кеңес берер едіңдер?
Балалар, әркім өз атына Әсетке хат жазып, жүректер шыққан сөздерімізді қағаз бетіне түсірейік.

«Әсетке хат» жазу. Оқушыларға 5 - 6 мин уақыт беріп, өз ойларын қағаз бетіне түсіруге мүмкіндік беру.
Сабағымызды қорытындылау үшін оқушылар арасынан өздерінің жазған хатын оқуға тілек білдірген оқушыларға жазған хатын оқыту.
Мұғалімнің қорытынды сөзі. Бала құқығы үнемі елімізде сақталсын. Балаларымыз ешқашан қиындық көрмей, бақытты балалық шағында оқып, білім алып, еліміздің абзал азаматтары болсын деп тілеймін.





«Қызыл-Жұлдыз негізгі орта мектебі»КММ

2015-2016 оқу жылы









Ашық тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Бала құқығы-адам құқығы»











Орындаған:Уәлбекова Б.Н









© 2010-2022