Отбасылық кітап оқудың маңызы

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Отбасылық кітап оқудың маңызыОтбасылық кітап оқудың маңызыОтбасылық кітап оқудың маңызыОтбасылық кітап оқудың маңызыОтбасылық кітап оқудың маңызыОтбасылық кітап оқудың маңызыОтбасылық кітап оқудың маңызыОтбасылық кітап оқудың маңызыОтбасылық кітап оқудың маңызы Отбасылық кітап оқудың маңызы

Білімді ұрпақ ,егеменді елдің берік тірегі. Тәуелсіз елімізді өркениетті әлемге танытатын, дамыған елдер қатарында терезесін тең ететін күш - білім және білімді ұрпақ.

Ұстаздардың ұстазы Ыбырай Алтынсарин атамыз: «Оқысаңыз,

балалар, шамнан шырақ жағылар», - деп ойдағыны көрегендікпен болжаған.

Мұндағы «шамы» тұңғиық терең білім, ғылым болса керек. Осынау білім деген шамның жарқырай түсуі үшін кітаптың жинақталар жері кітапхананың қашанда тұғыры биік болуы тиіс.

Кітап -біздің рухани құндылығымыз, теңдесі жоқ байлығымыз. Өткен замандардың тұңғиық тереңінен сыр шертетін «тарихты да, әдебиетті де, басқа ғылым кереметтерін кітап арқылы білеміз.

«Кітап - білім бұлағы, білім - өмір шырағы» бұл сөзде оқуға деген рухани азық жөнінде көп ойларды тоқуға болса, Майлықожа ақынымыздың «Әлемге толса көкірегің - ашылар көзі сананың» деген даналық сөзінің астарында қаншама мән жатыр.

Жас ұрпақтың санасына туған халқына деген құрмет пен мақтаныш сезімін ұялатып, ұлттық рухты сіңіру, сондай-ақ ана тілі мен әдебиетін, тарихымен өнерін қастерлеп, халықтың салт -дәстүрін аялай, ардақтай білуге тәрбиелеу кітаптың еншісінде.

Кітаптан ақыл- кеңес, тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге алады. Кітап - біздің рухани жан азығымыз.

Жан -жақты білім мен тәрбие берер орталықтардың бірі - мектеп кітапханасы. Балалардың кішкентай кезінен кітапқа, сүйіспеншілігін арттыру - біздің міндетіміз.

Көркем әдебиет балаларды неге үйретеді?:

- Отанын сүюге.

- Еңбексүйгіштікке баулу,

- Сөздік қорды байыту,

- Ой ұшқырлығын дамыту,

- Ата-ананы құрметтеу,

- Білімге ,өнерге ұмтылу,

- Адамгершілік, әдептілікке баулу,

- Батыл, өжет болу,

- Денсаулықты нығайту, шынығу,

- Нені болса да үнемдеуге,

- Табиғатты сүю, аялау.

Өз елінің, басқа да елдердің салт-дәстүрін құрметтеуші тұлға

Білімді, тәрбиелі тұлға

тұлға

Жер ана- үйім, Отаным, Адамдар бауырым дейтін тұлға

Алдына мақсат қойып, оған жол таба білетін тұлға

Кітап

оқыған

оқушыҰлы жазушы Мұхтар Әуезов «Ел боламын десең бесігіңді түзе» дегендей, ұрпақ тәрбиесі бесіктен басталатыны баршамызға аян. Бала тәрбиесі ең әуелі ата-анадан, мектеп қабырғасынан басталса, сол тәрбиенің бәрін олар кітаптан алары анық. Баланың өзін-өзі танып, қалыптасып, дамуына кітап оқудың маңызы ерекше

Адалдық пен мейірімді тулға ететін иманды тұлға

Кешегіні білетін, бүгінгіні түсінетін тұлға


Әр ортада өз орнын таба білетін тұлға


Өмір сүру салтын білетін тұлға







Қазіргі таңда кітапқа қызығушылық, кітап оқымау тенденциясы байқалуда.

Бұл жағдай бүкіл әлем зиялыларын алаңдатып отыр. Өйткені, кітаптан алыстаған ұрпақтың болашағы бұлыңғыр, келешегі күгірт.

Кітап оқитын қоғам қашан да бәсекеге қабілетті болары хақ. Қоғам мүшелерінің рухани құндылығы мен адами құндылығын мол етіп тәрбиелеу жолдарының бірі және бірегейі -кітап оқуға әуестендіру. Кітап өз оқырманын жан-жақты тәрбиелеу мен бірге танымдық, білімдік қасиетін дамытады. Әрбір оқырман кез келген шығарманың кейіпкерлерінің жақсы ісіне сүйсініп, оған еліктеп, өзіне үлгі етіп, жаманнан жирене, сақтана жүреді.

Сондай-ақ, «кітап - заманалар толқынында тербеліп, көкірегіндегі қымбат қазынасын ұрпақтан -ұрпаққа жеткізіп келе жатқан ой кемесі» деп ағылшын философйы Френсис Бекон айтқанындай , кітап -дәуір шындығын, халық тағдыры мен арман -мұратын,, дүниетанымын, ел тынысын, ұлттық әлеуметтік тіршілігін, ұлттық сезімін танытып, ұлттық негізінде тәрбие берер құрал.

Осындай әрбір ұрпақ тәрбиесінде алатын орны ерекше кітапты оқуға баланың құштарлығын арттыру жолдарына нақты мысалдар мен ұтымды

пікірлерімен ақын Мұзафар Әлімбаев «Ғұмыр бойғы құштарлық» мақаласында тоқталған. Онда «Кішінің құштарлығын кітапқа аудару - ересектердің ісі» деген пікірін ұстазының өздеріне елеусіз ғана айтқан әңгімесінің әсеріне тоқтала отырып дәлелдеген. Ұстазының осы бір қағидасын өзі де ұстанып, нәрлі тәлімі бар кітапты төңірегіндегілерге таныстырып, оқып шығуға мәслихат бере жүретінін айтқан.

Қазіргі теледидар мен компьтердің шарықтап тұрған шағында оқушыға әдеби кітап оқуға қызығушылығын арттыру кітапханашы мен мұғалімге қиындау. Өйткені бала мектеп бағдарламасы бойынша оқығанымен шектеліп қояды. Оқушы сыныпта берілген тапсырманы орындау үшін ғана кітапханаға келеді, ізденеді, оқиды, кітапханашы көмегіне сүйенеді. Бірақ оның ақыл-ойының, шығармашылық қабілеттерінің дамуы мен бала бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру үшін мұндай оқу жеткіліксіз.

Баланың кітапқа деген сүйіспеншілігін тудыру әрбір ата-ананың міндеті, борышы. Баланы кітапқа қызықтырудың басты бір жолы - ата-аналардың өздерінің кітапшыл болып, біліктілікпен, биік талғаммен оқып, отбасы, ошақ қасында әңгіме-дүкен құрып, ондағы оқиғаны тілге тиек ете білу. Ол арқылы кітапқа деген бала құштарлығын арттыруға болады.

Көп кітаптан баланы не қызықтыратыны және кім болғысы келетінін біліп алып, соған ойластыра таңдап - талғасу да , оқуға машықтандыру да ата-ананың үлесінде.

Осы орайда кітапхананың мақсаты ата-аналармен жұмыс жүргізу. Кітапхана ата-анамен бірлесіп жұмыс жүргізуде балалардың ата-ананлары туралы толық мағлұмат жинай отырып, баланың жанұядағы жағдайын анықтау арқылы отбасылық оқуға тәрбиелеуді негізгі мақсат етіп қояды.

Ата-аналарға отбасылық оқуды насихаттау барысында әрбір ата-анаға қажет етсін - етпесін өзінің тәрбиеші екенін сезіндіріп, мынандай бағытта жұмыс жүргізу керек:

1. Ата-аналарды баласының мектеп қабырғасында жүргендегі мінез құлықтарымен таныстыру. (сынып жетекшілерімен )

2. Ұлттық тәрбие тақырыбына арналған іс-шараларға шақырып қатыстыру.

3. Ата-аналарды жанұядағы тәрбие тақырыбына жазылған кітап, мақалалармен, көркем әдебиеттермен таныстыру, оқуға ұсыну.

4. Ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жақсы істері туралы өзара пікір алысу.

5. Отбасылық оқу клубын ұйымдастыру.

Кітап оқу мәселесі бүкіл ұлтты толғандыруы тиіс. Ұлттың рухани сау болуы кітап оқуға тікелей байланысты. Әр елде жүргізілген тәжірибелер бойынша мынадай жағдайлар анықталған:

кітап оқитын адамдар белгілі бір мәселе төңірегінде тез шешім қабылдауға бейім, есте сақтау деңгейі, шығармашылық қабілеті жоғары, сөздік қоры бай,

ойын еркін жеткізеді, елмен жақсы қарым қатынаста болады.

Ұлы жазушы Мұхтар Әуезов «Ел боламын десең бесігіңді түзе» дегендей, ұрпақ тәрбиесі бесіктен басталатыны баршамызға аян. Өркениетті елдер көшіне қосылуды мұрат тұтқан әрбір ұлт ұрпақ тәрбиесіне айрықша ден қояды.



© 2010-2022