Ш. Т. Еркінов атындағы орта мектебі Ардақта ата-анаңды (кездесу) 6 сынып

Раздел Классному руководителю
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:



Ш.Т.Еркінов атындағы орта мектебі




Тақырыбы: «Ардақта ата-анаңды»

( кездесу)


Ш.Т.Еркінов атындағы орта мектебі Ардақта ата-анаңды (кездесу) 6 сынып


Өткізген: Казиева Салтанат

6 «а» сынып






2015 оқу жылы


Тақырыбы:Ардақта ата-анаңды

Сабақтың мақсаты: Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы туған ұясы және

ата-ана баланың бас ұстазы екенін оқушыларға түсіндіру,

ата-ана мен бала арасындағы байланысты күшейту, оқушы

ларды инабаттылыққа, тәртіптілікке шақыру.

Көрнекілігі: слайдтар, суреттер, қанатты сөздер.

Барысы:

I. Ұйымдастыру.

II. Кіріспе.

III. Үй тапсырмасы: «Менің отбасым» - эссе жазу.

IV. Ассоциация әдісімен тақырыпты ашу.

V. Ой қозғау.

VI. Оқушыларымның әдеби-сазы

VII. Жағдаяттар шешу.

VIII. Ертегі құрастыру.

IX. Ата-анамен жұмыс.

XI. Қорытындылау.

І. Ұйымдастыру:

ІІ. Кіріспе:

Қипақтайды қит етсе анаң, әкең:

- Қайтсем ғана осыны адам етем?

Басқалардың осындай балалары,

Тап осындай жаңғалақ шала ма екен?

Ойым емес оллаһи, біздікінің

Енжарлығы елде жоқ ала бөтен.....

Туа сала тұлпардың жалын тартқан,

Қырғиларға қызығып қарап өтем.

....... Үміт пенен күдіктің ортасында

Ата-ананың үміті талады екен!

Міне осылайша баласының болашағына алаңдап, «Қайтсем де баламды адам етем» деген ата-ананың үміт-арманы баласымен бірге жасайды екен. Ұлы данамыз Ыбырай Алтынсарин айтқандай «Балаға берілетін бірінші тәрбие ата-анасын, туған-туысын, жолдасын сыйлауға үйретуден басталады. Себебі ата-анасын сыйламайтын бала жолдасына да, қоғамға да пайда келтіре алмайды».

ІІІ. Үй тапсырмасы:

Алдын ала берілген «Менің отбасым» тақырыбындағы

сынып оқушыларының жазған эсселері тыңдалады.

Мұғалім: «Әрбір баланың мінез-құлқы ата-анасының жағымды іс-әрекетінен

үлгі алуы барысында қалыптасады» деп И. Павлов айтпақшы баланың

мінез-құлқы өскен ортасына, көрген тәрбиесіне байланысты қалыпта-

сады. Ата-ана бала үшін еңбірінші үлгі тұтар адамы, өзін көретін

айнасы.

IV. Ассоциация әдісімен тақырыпты ашу.

«Отбасы» деген сөзді естігенде ойымызға не оралады?

Мұғалім: Әрбір адам көзін ашып дүниеге келгенде мейірімді, жүректері жылы

жандарды көреді екен. Ол - АТА-АНА. Балаға олардан артық, олардан

қымбат жан жоқ. Әрбір ата-ана отының өшпеуін, бақытының көшпе-

уін, шаңырағының құламауын, сәбиінің жыламауын, сұм соғыстың

болмауын, қызыл гүлдің солмауын тілейді. Ендігі кезекте оқушыларға

ой-қозғау ретінде ата-аналары жайлы сұрақтар қойылады, солардың

жауаптарына құлақ түрейік.

V. Ой қозғау.

Оқушыларға сұрақтар:

ІV.Оқушыларымның әдеби-сазды бөлімі

Мұғалім: «Бала тәрбиесі - басты байлығың, Кешіксең көретінің қайғы-мұң» деп

қазақтың ұлы ақыны Абай атамыз өзінің 10-шы қарасөзінде айтып кет

кен екен. Қай ата-ана да баласын жаман болсын демейді. Барлық ата-

ана балам жақсы болып өссе екен, елімнің қалаулы азаматы болса екен

деп армандайды. Бала өскен сайын оның тәрбиесі де күрделеніп, оған

қойылатын талаптар да күшейе түседі.

Көрініс: « Әке мен бала» Әке: Тоғайбай Наурыз;бала:Аманғали Жангелді

VII. Жағдаяттар шешу.

VIII. Ертегі құрастыру.

IX. Ата-анамен жұмыс.

Сіздің пікіріңіз құнды. Сөздердің мағынасын ашу: құрметтеу, сыйластық, қамқорлық, жылулық, жауапкершілік, ынтымақтастық, кешірімділік, кішіпейілділік.

Сұрақ: Осы қасиеттерді жанұяңызда бала бойына қалай сіңіресіз?

Балаңыздың сүйікті тағамы?

Сыныптас досы?

Аяқ киімнен нешінші размер киеді?

Қай пәндерді ұнатады?

XI. Қорытындылау:


© 2010-2022