Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес!

Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес! Соғыс – күйретуші күш! Дәл солай! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін. Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын тажал. Сол қанды кезеңді еске түсіріп, елестететін газет-журнал материалдары немесе радиотелехабарлар, кинолар аталар ерлігін мақтаныш тұта бізге жеткізді.     Иә, содан бері алпыс  жылдан астам уақыт өтсе де, ешнәрсе де ұмытылған жоқ. Ұлы Отан соғысы... Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарих...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес!

Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес! Соғыс - күйретуші күш! Дәл солай! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін. Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын тажал. Сол қанды кезеңді еске түсіріп, елестететін газет-журнал материалдары немесе радиотелехабарлар, кинолар аталар ерлігін мақтаныш тұта бізге жеткізді.
Иә, содан бері
алпыс жылдан астам уақыт өтсе де, ешнәрсе де ұмытылған жоқ.
Ұлы Отан соғысы... Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды.
Неменеңе жетістің бала батыр,
Қариялар азайып бара жатыр
Бірі мініп келместің кемесіне,
Бірі күтіп, әнеки, жағада тұр, -
деп тебіренген Мұқағали мұңында адам баласы үшін қимастық, сыйластық сезімдері мөлдіреп тұр. Қариялар азайып бара жатқанын әсіресе олардың ортасында Ұлы Отан соғысынан аман орталған ақсақалдарымыздың қарасы жоқ екенін айтатындай көрінеді.Солардың жанымен, қанымен, терімен, көз жасымен, күшімен, ісімен, ерлігімен, атаның туын жықпай, ананың намысы үшін туған жердің топырағын жауға таптатпай, еңіреп жүріп жауды жеңіп, тауын шағып, туын жағап, жеңістің таңбасын басқан күн - Жеңіс күні. Бұл күннің толғағы ашшы болса да, туғаны бар халқы үшін қуаныш болған күн. Сондықтан да бұл Ұлы мереке. Оққа ұшқан қарулас жолдастарының аманатын арқалап, аман оралған ардагер аталарымыздың өздері қорғап, қорған қамқор болып оралған арттағы қалың елдің қамығып жеткен Жеңіс күнін, біз ұмытсақ та тарих ұмытпайды. Ол - өмір заңы..
Біз Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңіске ештеңеге теңеспейтін ғажап күшпен жеттік. Ол күш - әрине, "бірлік". Қаншама халық бір тудың астына бірігіпкүштерін бір арнаға салды.Ұлы Жеңіс он бес одақтас болған мемлекеттердің ортақ мерейтойы.
Сол кездегі Кеңес Одағының басқа халқымен бірге жауды талқандап, жеңіске жету ісіне
Қазақ халқы да өзінің лайықты үлесін қосты. . Қазақ ел басына күн туғанда толарсақтан саз кешетін жауынгер халық. Ұлы Отан соғысының қатпарлары парақтарына үңіліп қарасақ, қазақтардың қанды қырғынға қаймықпай соғысқанына ашық көзіміз жетеді. Оған мысал біздің кішкентай ауылымыз Көркемнен 74 жауынгер сұм соғысқа аттанған .Соғыстан кейін ауылға 33 жауынгер ғана оралған .

Соғыс басталған кезде біздің ауылда «Жеңіс» есімді бала дүниеге келеді . Әкесі Тайшыбай соғысқа аттанады .Әйелі Қаншай мен жөргектегі бала ауылда қалады .Сұм соғыстан кейін ер жауынгер отбасына оралмады .Сол кезде жетім қалған Жеңіс ата қазіргі күні 70 - тен асқан ақсақал .Жеңіс ата анасының арқасында ер жетіп,сұңғақ бойлы жігіт болып өсті . Ауылдағы ұзын шашты , көрікті қыздардың бірі Тиыштық есімді бойжеткенге сөз айтып , үйленді .Екеуі отбасын құрып , 5 қыз , 4 ер бала тәрбиелеп өсірді .Қазіргі күні балалары ер жетіп ,өз алдарына жанұя болып отыр .Жеңіс ата болса « алла» берген балаларының амандығын тілеп , бәйбішесі екеуі немерелерінің қылықтарын қызықтап , бақытты өмір кешуде . Міне , биыл Ұлы жеңістің 70 жылдық мерей тойы да жақындап қалды .Алла жазса Жеңіс ата 9 мамыр күні жылдағы салтқа айналдырған әдетіндей ауылымыздағы Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне арналған ескерткішке барамын деп отыр .

"Ер есімі - ел есінде",- демекші, бізге жарқын болашақ, бақытты ғұмыр сыйлаған аталар, апалар ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Солардың қасиетті рухы бүгінгі бейбіт тірлігімізге нұрындай мәңгі шуағын шашпақ !
Ұлы жеңіс құтты болсын, ардақты халқым менің!

Көркем негізгі мектебінің мұғалімі Мухамедиярова Шынар Жақсыкелдіқызы

© 2010-2022