Сабақ жоспары Сын есiм

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ тілі


Сабақтың тақырыбы: Сын есiм.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Сөз таптары және сын есiм туралы жан - жақты

түсінік беру, оқушылардың білімділік дағдысын қалыптастыру.

Дамытушылық: Оқушылардың ақыл - ойын, байқағыштық

қасиеттерін, сөздік қорын дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды әдептілікке, ұқыптылыққа және тіл

өнерін құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта.

Сабақтың әдісі: Топтық жұмыс, деңгейлік тапсырмалар, мәтін

құрастыру, мақал - мәтелдер, ойын түрлері.

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Пәнаралық байланыс: Әдебиет, дүниетану, өзбек тілі, орыс тілі, математика


Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

1. Сәлемдесу.

2. Әнұран.

3. Оқушыларды түгелдеу.

4. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.


Біздің ұранымыз: «Білімді мыңды, білекті бірді жығар».


Алдымен сыныпты 2 топқа бөлемін.

1 - топ: «Барыс» тобы.

2 - топ: «Қыран» тобы.

Топ басшыларын сайлау. Бағалау парақтарын беру.

Сабақ "Ашық журнал" сабағы деп аталады. Журналдың әр парағында тақырыптар берілген.


І. «Қайталау - білім анасы»


  1. Қазақ тілінде қанша дыбыс, қанша әріп бар?

  2. Қазақ тілінде қанша дауыссыз дыбыс бар, олар қаншаға бөлінеді?

  3. Сөйлем мүшелерi қанша түрге бөлiнедi? Атап көрсетiңiз.

  4. Тұрлаулы сөйлем мүшелерiн атаңыз.

  5. Қос сөздерге мысал келтiрiңiз.

  6. Бiрiккен сөз дегенiмiз не?

  7. Қазақ халқының атақты палуаны кiм?

  8. Қысқарған сөздер дегенiмiз не? Мысал келтiрiңiз.

  9. Қосымшаның қанша түрi бар? Атап көрсетiңiз.

  10. Қазақ тілінде қанша септік бар?

  11. Көп мағыналы сөздерге мысал келтiрiңiз.

  12. Қазақ халқының тұңғыш ғарышкерiн атаңыз.

ІІ. "Жаңа сабақ құпиясы"


Математикалық есептiң жауабын шығару арқылы,

жаңа сабақтың тақырыбын ашу



2

3

4

5

6

7

8

9

2









3


С







4



С



Е



5




Ы





6







I


7





Н




8









9

М











Сын есім


Заттың түрін-түсін, сапасын, сынын білдеретін сөз табын сын есім дейміз. қандай? Деген сұраққа жауап береді.



ІІІ. кезең "Кітап - досың, ақылшың" (оқулықпен жұмыс)

1. Дәптермен жұмыс.

1-топ

369-жаттығу

Сын есім қойып көшір.

Бөлмеде . . . гүл өсіп тұр. Даланы . . . қар басты. Үйімізде . . . сиыр бар. Кеше атам . . . ат алып келді.


2-топ

Сын есімдерге зат есім қосып жаз.

Үлкен . . . , жуан . . . , кең . . . , өткір . . . , таза . . . , тәтті . . . .



375-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазып, сын есімдерге сұрақ қой.


2. Тiл дамыту.

"Кім қалай аталады?" мәтінді оқы.





  1. Сөздiкпен жұмыс.

сөз таптары - суз туркумлари

сын есім - сифат

зат есім - от

ғажайып - ажойиб


ІV. «Білім - таусылмас кен». "Ғажайып жетi" ойыны

1 - "Қазақ әдебиетi" Қазақтың ұлы ақынын атаңыз? (Абай)

2 - "Дүниетану" Мысық тектес аң? (Қаблан)

3 - "Өзбек әдебиетi" Өзбек тілінің ағартушысын атаңыз. (Ә.Науаи)

4 - "Кино әлемi" Кинодан үзiндi. (Менiң атым Қожа)

5 - "Тарих" Отырар қаласының ежелгi атауы? (Фараб)

6 - "Орыс тiлi" Что такое имя существительное? ( Обозначает предмет отвечает на вопросы кто? что?)

7 - "Сыйлық"

V. "Асыл тастан шығады, өнер жастан шығады"

Мульттоптамадағы көріністерден сын есiмдерді атаңыз.


VI. "Сергіту сәті" мақалдарды жалғастыр.

І-топ

1 . . . . . - елдiң көркi, (Қыз)

. . . . . - жердiң көркi. (Гүл)


2 . . . . . азбайды, (Ақыл)

. . . . . тозбайды. (Бiлiм)

ІІ-топ

1 . . . . . бiрдi жығар, (Бiлектi)

. . . . . мыңды жығар. (Бiлiмдi)


2 . . . . . жерге нәр бередi, (Адам)

. . . . . адамға нан бередi. (Жер)

VІІ. "Білімінді байқап көр" Сабақты қорыту.

Сабақ жоспары Сын есiмВеен диаграмма

Үйге тапсырма.

372 - жаттығу. Көшіріп жаз.


Оқушыларды бағалау.

Топ басшыларының ұпайларын жинақтап, бағалаймын.

© 2010-2022