«Хабар» телеарнасындағы 30 минут. /Байланыс қызметі/

Білім саласы: «Таным» «Әлеумет»  «Қатынас» Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі:Айналамен таныстыру,экология. Тақырыбы: «Хабар» телеарнасындағы 30 минут./Байланыс қызметі/ Құзіретілікке жеткізетін ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің мақсаты мен міндеттері: 1.Ақпараттық құзіреттілік:Байланыс түрлері туралы түсінік беру,оларды өмірде пайдалану тәртібіне үйрету. 2.Проблема шешу құзіреттілігі:Балалардың сөздік қорын,ой-өрісін,қиялын дамыту. 3.Коммуникативті құзіреттілік:Байланыс құралдарын қолданудың қарапайым тәртібін сақтауға, ұқыптылыққа,үнемділікке тәрбиелеу. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі:ойын. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде қолданылатын педагогикалық технологиялар: Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің әдісі:жаңа білім енгізу,жұмбақтар шешу,сұрақ-жауап. Пәнаралық байланыс:Тіл дамыту,экология,көркем әдебиет. Пайдаланатын техникалық құралдар:Микрофон,телефон,компьютер,теледидар,радио.
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Хабар» телеарнасындағы 30 минут./Байланыс қызметі/Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Білім саласы: «Таным» «Әлеумет» «Қатынас»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі:Айналамен таныстыру,экология.

Тақырыбы: «Хабар» телеарнасындағы 30 минут./Байланыс қызметі/

Құзіретілікке жеткізетін ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің мақсаты мен міндеттері:

1.Ақпараттық құзіреттілік:Байланыс түрлері туралы түсінік беру,оларды өмірде пайдалану тәртібіне үйрету.

2.Проблема шешу құзіреттілігі:Балалардың сөздік қорын,ой-өрісін,қиялын дамыту.

3.Коммуникативті құзіреттілік:Байланыс құралдарын қолданудың қарапайым тәртібін сақтауға, ұқыптылыққа,үнемділікке тәрбиелеу.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі:ойын.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде қолданылатын педагогикалық технологиялар:

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің әдісі:жаңа білім енгізу,жұмбақтар шешу,сұрақ-жауап.

Пәнаралық байланыс:Тіл дамыту,экология,көркем әдебиет.

Пайдаланатын техникалық құралдар:Микрофон,телефон,компьютер,теледидар,радио.

Қызмет кезеңдері

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың қызметі

Ұйымдастырушы-

қозғаушы қызмет

Шаттық шеңбері:

Тәрбиеші:

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Қайырлы таң,балалар!

Қайырлы таң,қонақтар!

Балалар,қараңдаршы бүгінгі күн бізді нұры мен шуағына ерекше бөлеп тұр. Қане,ендеше барлығымыз күннен жылу алып,жүрегімізге басайық.Енді жүрегіміздің жылуынан қонақтарға да сыйлайық.

Балаларға теледидардан хабар телеарнасы көрсетіледі.

-Балалар, сендер «Хабар» телеарнасын

күнделікті көріп,тамашалап жүрсіңдер.

Бүгін «Хабар» арнасының бір телебағдар- ламасы біздің тобымызда түсіріледі.Сіздермен бірге мен- телебағдарлама жүргізушісі-Рысханым Отарқызы.

Алдымен студиямыздың қонақтарымен таныстырайын.

1.Ауылымыздың байланыс торабының бастығы-Тұяқов Ақылбек Серікбайұлы.

2.Пошта бөлімінің меңгерушісі-

Дауылбаева Баян Бекешқызы.

3.LG телекомпаниясының президенті-

Өтешкалиев Сафиғолла Қанатқалиұлы.

4.Ауданымыздың «Теректі жаңалығы» газетінің бас редакторы-Тлесжанова Нұрсұлу Ғиниятқызы.

5.Қазақ радиосының президенті-Изтелеуова Бақтыгүл Тайбасарқызы.

Сондай-ақ студиямызда «Өркен» балабақшасы, «Қарлығаш» ересектер тобының бүлдіршіндері және ауданымыздың балабақшаларынан тәрбиеші-педагогтар қатысып отыр.

-Құрметті телекөрермендер,хабарымыз тікелей эфирде өтетінін естеріңе сала кетейін.

Тікелей эфир телефоны:96-0-70.

Сұрақтарыңыз бен ұсыныс пікірлеріңіз болса хабарласыңыздар.



Балалар күнге назар аударып,күннен жылу алып, жүректеріне басады.Содан соң оны қонақтарға сыйлайды.

Балалар теледидарға қарап, телеарнаның атын естеріне түсіреді.

Балалар байланыс қызметінің түрлері мен басшылық атауларымен танысады.

Рөлдерде ойнайтын балалар өз орындарына жайғасады.

Іздену-ұйымдастырушы.

























































































Жетекші-жөндеуші.































Тәрбиеші жұмбақ жасырады.

-Қазір бір жұмбақ жасырамын.Қане,жұм бақтың шешімін кім табар екен?

Шыр-шыр етеді,

Ұстай алсаң,сөйлеп кетеді.

/телефон/

-Дұрыс балалар,телефон/қазақша/ -телефон/орысша/-байланыс құрал дарының бір түрі.Ол не үшін керек, өмірде оның қандай пайдасы бар,осы жайында ауылымыздың байланыс торабының бастығы-Ақылбек мырзаның пікірін тыңдалық.

Жүргізуші:

-Сіз телефонның пайдасы жайлы әңгімеледіңіз,ал оның өмірде зияны бар ма?

Жүргізуші:

-Әңгімеңізге рахмет!

Дұрыс айтасыз,енді қазіргі кезде техниканың өте жоғары деңгейде дамуына байланысты пайда болған байланыс құралдарының түрлері туралы не айтасыз?

Жүргізуші:

-Ендеше тағы бір жұмбақтың шешуін табалық.

Тамсандырып маңайды,

Хабарлайды бар жайды-ол не?

/Радио/

-Балалар,міне байланыс құралдарының тағы бір түрі радио-радио екен.Радионың қандай пайдасы бар,ол не үшін керек?

Қазақ радиосының президенті-Бақтыгүл Тайбасарқызына береміз.

-Өте жақсы,студиямызға келіп сұхбат бергеніңіз үшін көп рахмет!

Жүргізуші:

-Енді мына бір жұмбақты шешейік.

Көрсетеді сөйлейді,

Өзі ешкімді көрмейді!-ол не?

/Теледидар/

Жүргізуші:

-Дұрыс,балалар,теледидар-телевизор да байланыс құралына жатады.Енді осы теледидар туралы оның пайдасы,зияны жайлы студиямыздың қонағы LG телекомпаниясының президенті- Сафиғолла мырзаны тыңдалық:





Жүргізуші:

-Әңгімеңізге үлкен рахмет!Хабарымызды одан әрі жалғастырамыз.Бүгінгі хабарымыздың тағы бір қонағы-Аудандық «Теректі жаңалығы» газетінің бас редакторы- Нұрсұлу Ғиниятқызына сөз береміз.

Бізге тағы қандай байланыс құралы бары

туралы айтып берсеңіз.







Жүргізуші:

-Демек,байланыс құралдарына жататын телефонмен сөйлесеміз,радионы тыңдаймыз,теледидарды көріп тамашалаймыз,газет-журналдарды оқимыз.Енді осы газет-журналдарды почта арқылы алатынымызды білесіңдер ме?Міне, осы жайында почта бөлімінің меңгерушісі-Дауылбаева Баян Бекешқызын тыңдалық:





Жүргізуші:

-Сізге көп рахмет!Қане,біздің студиямыздың қонақтары /бірнеше баладан өз мекен-жайын дұрыс біле ме екен,сұрап көрейікші.

Жүргізуші:

-Байланыс құралына факс те жатады.

Факс арқылы біз қажетті құжатты 1,2 минутта ала аламыз.Сондай-ақ компьютер де байланыс құралы.Компьютер арқылы интернетке кіріп басқа қаламен байланыс жасауға болады.Компьютермен ойын да ойнауға болады.

Жүргізуші:

-Енді назар аударыңыз!

«Хабар» телеарнасында жарнама!

Жүргізуші:

-Құрметті телекөрермендер! «Хабар» телеарнасындағы 30 минут бағдарламасы аяқтала келді.Студиямызға телефон арқылы сұрақтар келіп түсуде.

/телефон шырылдайды/

-Алло!Тыңдап тұрмыз.

-Сәлеметсіз бе!Мен Сарыөмір ауылынан хабарласып тұрмын.Бүгінгі бағдарламаңыз не жайында болды?

-Хабарымыздан алыстамаңыз,қазір сізге біздің балаларымыз жауап береді.

/Телефон шырылдайды/

-Алло!Тыңдап тұрмыз.

-Алло мен «Қарлығаш» ересектер тобы бүлдіршіндеріне көп рахмет айтқым келеді және мамыр айындағы туған күн иелері-Дания мен Қаракөзді

келе жатқан туған күндерімен құттықтай мыз!Зор денсаулық,мол бақыт тілейміз! Сыйлығымыз пошта арқылы барады.

-Көп рахмет!Сау болыңыз!

/Есік тықылдатып,пошташы келеді/

-Сарыөмір ауылы «Өркен» балабақшасы ма екен?

-Ия.

-Қаракөз бен Данияға сыйлық бар,қабылдаңыз.

-Рахмет!Сау болыңыз!

Жүргізуші:

-Мінеки,балалар,байланыс түрлерінің пайдасы осындай.Қане енді жұмбақтар шешіп,байланыс құралдары туралы сөйлемдер құрастырайық.

1-Жұмбақтар:

Біздің үйде

Күнде кино.

/теледидар/

Құлағында құлағы,

Аузына тақау ауызы

Күнде естіп тұрады

Жолдасының дауысын.

/телефон/

-Ал,енді сөйлем құрайық.

Жүргізуші:

-Өте жақсы.Бүгінгі бағдарламаға барлығыңда жақсы қатыстыңдар. Барлығыңды да «Қуанышты хабарлама» кітабына жазып қоямын.

-Осымен құрметті телекөрермендер хабарымыз аяқталды.Студиямызда келесі кездескенше аман-сау болыңыздар!























Балалар жұмбақтың жауабын табады.

Балалардың жауабы:

-Телефон.

Ақылбек Серікбайұлы:

-Біздің күнделікті өмірімізде қолданылатын байланыс құралдарының бірі-телефонсыз өмірімізді елестете алмаймыз.Жұмыс бабында болсын,туыс,жолдаспен хабарласу үшін де, ауырып қалғанда,өрт болған жағдайда көмегі аса зор.

-Әрине,телефонның кейбір жағдайларда зияны да болады.Кейде бірлі-жарым тентек балалар

түн ортасында ойнап,өрт болып жатыр,біреу ауырып жатыр деп,өтірік телефон шалып, ада

мдардың мазасын алады.Ол дұрыс емес.



-Балалар,жай телефонмен бірге ұялы телефон,видео телефон жайлы айта кетейін.Ұялы телефон әрқашан қалтаңда жүреді,кез-келген жерден телефон шалуға болады,өте қолайлы,видео телефонның ең бір кереметі екі адам бір- бірін көріп тұрады.Бұл заманымыздың жетістігі,олар қазір кеңінен таралды.

Балалардың жауабы:

-Радио.



Бақтыгүл Тайбасарқызы:

-Радио арқылы бар жаңалықты естиміз,әңгіме, ертегі,концерт тыңдаймыз.Радио табиғат апат тарынан сақтандырады,ауа-райын хабарлайды.



Балалардың жауабы:

-Теледидар.



Сафиғолла Қанатқалиұлы:

-Теледидар барлығымыздың үйімізде бар.

Теледидар арқылы күнделікті өмірде болып жатқан жаңалықтарды естиміз,ауа-райы мәліметін тыңдаймыз,кино,концерт,түрлі басқа хабарларды көреміз.Теледидардың осындай пайдасы мен қатар зияныда бар.

Теледидарды күні бойы үздіксіз көруге оның алдына өте жақын отыруға болмайды.Бұдан көздің көруі нашарлайды.



Нұрсұлу Ғиниятқызы:

-Телефон,радио,теледидар сияқты байланыс құралдарына газет-журналдар да жатады.

Газет-журналдар арқылы көпшілік жаңалықтармен,өмірде болып жатқан қызықты оқиғалармен танысады және адамдар бір-біріне газет-журнал арқылы құттықтау жолдай алады.Мысалы,осы бағдарламаға қатысып отырған «Қарлығаш» ересектер тобы жайында аудандық «Теректі жаңалығы» газетіне мақала жарияланды.Онда «Өркен» балабақшасында өткен «Балабақша үздігі» атты білім сайысында балалардың өнерлі,тәртіпті және білімді екендігі туралы жазылыпты.





Баян Бекешқызы:

-Почта арқылы газет-журнал,хат,сәлем-саухат

Бір қаладан екінші қалаға аударылған ақша аламыз.Почта бөлімінің қызметкерлері бұларды келіп түскен соң сұрыптап, әр адамның мекен-жайы бойынша таратады.

Почтаны мезгілімен қолға алу үшін әркім өз мекен-жайын толығымен дұрыс көрсетіп жазуы тиіс.Мысалы:осы балабақшаның мекен-жайы:Батыс Қазақстан облысы,Теректі ауданы

Сарыөмір ауылы, «Өркен» балабақшасы.



Бірнеше бала өз мекен-жайларын айтады.





Сергіту сәті:

Балалар байланыс құралдарын жарнамалап ортаға шығып сергіту сәтін ұйымдастырады.







Балалардың жауабы.

Байланыс құралдары және оның өмірдегі пайдасы мен зияны туралы.











Балалар жұмбақтар шешіп,сөйлем құрастырады.

-Теледидар.



-Телефон.

-Мен телефонмен сөйлестім.

-Мен теледидардан мультфильм көрдім.

-Мен компьютерден ойын ойнадым.



-Сау болыңыздар!






МКҚК «Өркен» балалар бақшасы.

/Ересектер тобы./

Бекітемін: Келісемін:

МКҚК «Өркен» балабақшасының Әдіскер:_______Карткужакова Н.Г.

меңгерушісі: _______Уразгалиева Ж.Б.

«___» «___» 2011-2012 о.ж.

Ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

/Аудандық семинар/

Тәрбиеші:Жанклишева Р.У

Сарыөмір ауылы-2012

Күтілетін нәтиже:

1.Білуі:Байланыс құралдарының түрлерін біледі.

2.Меңгеруі:Байланыс құралдарының пайдасы мен зиянын меңгереді.

3.Жасай алуы:Өмірде қолданудың қарапайым тәртібін сақтай алады.













© 2010-2022