Урок казахской литературы на тему Сүйінбай Аронұлының «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері»

Раздел Классному руководителю
Класс 6 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Шортанды ауданы

Бектау орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Мәдениет Ербол

Қазақ әдебиеті 6-сынып

Сабақтың тақырыбы: Сүйінбай Аронұлының «Жақсы мен жаман

адамның қасиеттері» өлеңін оқыту

Сабақтың ұраны: «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын»

Оқыту технологиясының негізгі тірек көзі:

«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясы

Сабаққа дейін

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

Сүйінбай Аронұлының өмірі туралы мағұлмат алады."Жақсы мен жаман адамның қасиеттері"өлеңінің идеясын ашады,мазмұнын түсінеді.Электронды оқулықпен жұмыс жасайды.

Тәрбиелік:

Адам бойындағы қасиеттерді саралай отырып, жаманнан жиренуге, жақсыны үйренуге талпынады.

Дамытушылық:

Өлең арқылы адам бойындағы қасиеттерге талдау жасай отырып, жақсы мен жаман қасиеттерді салыстыра білу қабілеттерін қалыптастырады.Интерактивті тақтамен жұмыс жасау дағдылары қалыптасады.

Сабақтың түрі: Сын тұрғысынан ойлау сабағы.

Сабақтың әдіс-тәсілдері:

Сұрақ -жауап әдісі, топтастыру, талдау,"Өзім үшін жазу"стратегиясы, Семантикалық карта, "Қос жазба"күнделігі, модель құрастыру.

Көрнекі құрал -жабдықтар:

Сүйінбай Аронұлының портреті,"Өзін-өзі жетілдіру зебрасы"сызбасы, ХІХғасыр әдебиеті хрестоматиясы, оқулық, электронды оқулық, интерактивті тақта.

Сабақ кезінде

Қызығушылықты ояту

Сергіту сәті

1.(Өзің досыңнан немесе ұстазыңнан естігің келетін ең жақсы сөзді қағазға жаз) Мысалы:Сен сондай ақылдысың,сұлусың т.б.

2.Бұл қағазда жазылған сөздер нені білдіреді? Қалай ойлайсыңдар?

Мен қандаймын? "Өзін-өзі жетілдіру зебрасын" толтыру. Жеке жұмыс.

Ақ тізім

Қара тізім

Менің жақсы қасиеттерім

Менің кемшіліктерім

Мағынаны ажырату

Оқушылар электронды оқулықтан С.Аронұлының өмірі мен шығармашылығы туралы ақпараттық білім көзімен танысады.Өлеңін оқиды. "Жақсы мен жаман адамның қасиеттері өлеңін үш бөлімге бөліп оқытамын.

Тапсырмалар орындайды.Топ арасында сұрақтар арқылы талдайды.(Оқу, талдау, сұрақ-жауап, іздендіру, пікір қорғау.)

Мәтіннен адамның жақсы және жаман қасиеттерін сипаттайтын шумақтарды тауып, бөліп алып, интерактивті тақтада оқушы талдау жасайды.

(Сызып көрсетеді, дәлелдейді, бояп көрсетеді, анықтайды)

Жигсо 2 стратегиясын қолданамын.

1-топ: Ақын өлеңінде жақсы адамның қасиеттерін қандай теңеулермен берген?

2-топ: Жаманның "көкірегі -көр,көзі-соқыр"деген сөз тіркесін қалай түсінесіңдер?

Электронды оқулықтың «Әдеби теориялық ұғымдар» модуліне назар аударту.

Теңеу, теңеудің түрлері туралы түсінік беру.( Тыңдайды, дәптерге жазады, қайталап тыңдауға да мүмкіндік бар.)

"Қос жазба " күнделігіне толтыру, оны топта талқылау, ұжымға жариялау

Ой толғаныс

Электронды оқулық арқылы «Адалдық пен шыншылдық» тақырыбындығы гипермәтінді жалпы сыныпқа тыңдату.Гипермәтінді тыңдату арқылы оқушылардың назарын тақтаға аударту. Оқушылардың білім мазмұнын қабылдауына, ойлануына, түсінуіне, қорытындылауы мен бекітуіне гипермәтін арқылы әсер ету.

Тапсырмалар:

Сен өз таныстарыңның ішінде кімді жақсы адам деп айтар едің?(Ой салу, ойланту)

"Мен қандаймын?" семантикалық картаға қайта оралып, өз кемшіліктеріңді байқап, өзіңе -өзің баға бер.(Коррекциялау, түзету енгізу) Ол үшін "Өзім үшін жазу"стратегиясын басшылыққа алып "Өзіңе хат" жаз.( Шығармашылық тапсырма )Хаттың соңына бес тапсырма жаз.

Мысалы:

1. Дәл бүгіннен бастап-

2.

Автор орындығына шығып хатты оқу. Шығармашылық тапсырманы жариялау.

(Басқалары тыңдайды, түзету енгізеді, баға береді, пікір айтады)

Бағалау: өзін-өзін бағалау парағын толтыру.

Үйге тапсырма: Жақсы дегеніміз не? Жаман дегеніміз не? Модель құрастыр.Жақсы адамда сенің ойыңша өлеңде айтылғаннан басқа қандай қасиеттер болуы керек жөнінде ой толға. ( Шығармашылық тапсырма, эссе, ойтолғау, т.б)







Сүйінбай Аронұлының

«Жақсы мен жаман адамның қасиеттері»

өлеңін оқыту

(6-сынып, әдебиет)







Дайындаған :

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Алдебаева Жания Зиябековна




Өскемен қаласы, 2012 жыл



© 2010-2022