Адамдардың табиғатсыз күні жоқ, мұны айтар табиғаттың тілі жоқ тәрбие сағатының жоспары

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Қызылорда облысының білім басқармасы

И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық

колледжі












АШЫҚ ТӘРБИЕ

САҒАТЫНЫҢ ЖОСПАРЫ


Тақырыбы: Адамдардыңтабиғатсыз күні жоқ,

Мұны айтар табиғаттың тілі жоқ.




Дайындаған:

ТХ-20о тобының жетекшісі: Барысов Ж.Ж.


Әдістемелік талдау «Теміржол мамандықтары»

бөлімшесінің «Топ жетекшілерінің әдістемелік бірлестігінде»

қаралып, мақұлданды.



Қызылорда, 2015 жыл


Тақырыбы: Адамдардың табиғатсыз күні жоқ,

Мұны айтар табиғаттың тілі жоқ


Білімділік және дамытушылық мақсаты:

  • оқушыларға қоршаған ортаның ластануы тіршілік иелеріне өте көп зиян келтіретінін, келешекте табиғат тағдыры өз қолдарында екені туралы толық түсінік беру;

  • түсіндіру экология мәселелеріне, табиғат келешегіне көз жүгіртіп, қоршаған ортаның тағдырына немқұрайлы қарамауға баулып, табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін одан әрі дамыту;

Тәрбиелік мақсаты:

  • қоршаған орта мен оның табиғи ресурстарын тиімді пайдалану барысында табиғатты қорғай алатын, аялай білетін адамгершілігі мол , ізгілікті, мәдениетті жоғары ұрпақ тәрбиелеу;

Тәрбие сағатының көрнекілігі: слайдтар, суреттер, мультимедиалық қондырғылар, бейнебаяндар және т.б.

Сабақтың барысы


  • Заман-ай,

Экология...

Бөтен сөз.

Бір туғаның бірақ та,

Білгенге бұл көсем сөз..

Мәңгі қалар құлақта.

Топ жетекшісі:

- Заман жақсарып, техника дамыған сайын кең байтақ жеріміз табиғи дамып өсу жолында көптеген қиындықтарға жолығуда. Табиғатты сақтау және оған деген қамқорлықты жас ұрпақ бойына қалыптастыру - педагогиканың басты парыздарының бірі. Осыған орай, жастардың қоршаған орта табиғатына, экологиясына көңіл аударту мақсатында «Күн нұры» атты экологиялық үгіт бригадасының өткізгелі отырған ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер!

Жүргізуші:

  • Топтың ұраны:

Ұлан байтақ дала-туған ұямыз,

Ұямыздан қанатталар қыранбыз,

Ұранымыз «Туған жерді түлету»

Ұямыздың қорғаны да мына біз.


Жүргізуші:

  • Топ төлбелгісін қорғау:

Табиғат - сен тіршілік тұнып тұрған,

Сен - Күнсің, көтерілген күліп қырдан,

Сен - көлсің, сен - ормансың, сен - бұлақсың,

Адамға сұлулықты шын ұқтырған.

Бар тіршілік табиғаттың мерейінен нәр алған,

Адам оның парасатты перзенті боп жаралған.

Күннің нұрлы шұғыласы шуағы мол сәулесі,

Қанмен бірге тұла бойға қуат болып таралған.

Оқушы: топтың төлбелгісін ауызша қорғауы

Жүргізуші: Бүкіл әлемнің төрт құдыреті бар. Біріншісі - Күн-ана...

Оқушы: Әлемге қуатты,

Сәуле мен шуақты,

Алып Күн беріп тұр.

Жарық Күн - көрік нұр!

Жүргізуші: Жер-ана...

Оқушы: Аялар анамыз,

Саялар анамыз,

Құлпырған тірлікпен,

Жер құтты гүл біткен.

Жүргізуші: Су-ана...

Оқушы: Өңірдің өзені,

Өмірдің өзені.

Сусыз жер - өмірсіз,

Нусыз - өр, өңір - түз.

Жүргізуші: Ауа...

Оқушы: Ауалы жер шары

«Дәу әлем».

Қоршауы ауамен,

Ауасыз кім шыдар,

Ауасыз түншығар.

Жүргізуші: Жер ...

Топ оқушылары: Байлығыңды бер ... (хормен)

Оқушы: Қасиетті, қайырымды Жер-ананың,

Мерейінен өмірге нәр аламын.

Аялы алақанмен аяулы да,

Азаматтық борышы әр адамның.


Оқушы:

«Күте білсең жер - жомарт» атты көрініс.

Жүргізуші: Су...

Топ оқушылары: Беті қолыңды жу... (хормен)

Оқушы: Болмасын ауа ешкімнің арман-мұңы,

Ауадан артық ас жоқ жалғанда ұлы.

Ойлашы кімге керек боламыз біз,

Жұтудан таза ауаны қалған күні.

Оқушы: Судың маңызы және оның ластануы туралы мағлұмат

«Су бергеннің сауабы бар, су төккеннің жауабы бар» атты көрініс

Жүргізуші: Ауа...

Топ оқушылары: Жанға дауа... (хормен)

Оқушы: Болмасын ауа ешкімнің арман-мұңы,

Ауадан артық ас жоқ жалғанда ұлы.

Ойлашы кімге керек боламыз біз,

Жұтудан таза ауаны қалған күні.

Оқушы: Ауаның маңызы және оның ластануы туралы мағлұмат.

Жүргізуші: Орман...

Топ оқушылары: Еліме бол қорған... (хормен)

Оқушы: Киінген келіншектей оқалы орман,

Гүлді өңір жанға сая, малға қорған.

Бабамыз бауырында малын бағып,

Үй салып, құрық асып, уық жонған.

Оқушы: Қазақстан ормандарының жағдайы туралы мағлұмат.

«Бір тал ағаш өсірсең - еңбегіңнің жанғаны,

Абзал адам өсірсең - басыңа бақ қонғаны» атты көрініс

Оқушы: Жердің көркі жасыл әлем саялы,

Қамқоршы бол алақанмен аялы.

Қиын-қыстау күн түссе егер басыңа,

Жапырағын көлеңке етіп жаяды.

Оқушы: Табиғаттан нәр алған ғой жанымыз,

Жер бетінің ажары ол сәніміз.

Туған өлке табиғатын аялап,

Ұсынайық жүрек нұрын бәріміз.

Оқушы: Қанат беріп, қайрат беріп қиялға әман,

Пәк табиғат! Саған жыр жиі арнаған.

Жазалар ем алдымен адамдарды,

Жер-ананы сәбише сүйе алмаған.


Жүргізуші: Елге үндеу тастап табиғат тазалығын сақтау, оның ішінде ауа тазалығын сақтау қажеттілігін жеткізу - біздің парызымыз.

Оқушы: - Топырақты шашпа!

Оқушы: - Күлді баспа!

Оқушы: - Күл-қоқысты шашпа!

Оқушы: - Шаңдатпа!

Оқушы: - Өртеме!

Оқушы: - Түкірме!

Жүргізуші: - Түкірме - деген дәстүрлі мәні бар тыйым сөздерді естиміз. Даналық тарату бар да, оны іс-жүзінде жүзеге асыру бар. Мысалы: өзін-өзі сыйлайтын адам тұрған қонысын, өлке табиғатын былғамайды, ластамайды, бүлдірмейді. Бұл қарапайым да әркімге түсінікті өмір заңы.

Хормен: Сүйейік табиғатты, аялайық!

«Экология - өмірдің,

Соғып тұрған жүрегі!

Ей, табиғат, балаңмын,

Ертеңіңе алаңмын

Денсаулығы ғаламның -

Денсаулығы адамның».

Топ оқушылары: «Атамекен» әні

Топ жетекшісі: Ашық тәрбие сағатын қорытындылау.

Қош сау болыңыздар!!!

© 2010-2022