«Мың түрлі мамандық»

Тақырыбы:  Мың түрлі  мамандық Мақсаты: оқушылардың ойлау қабілетін дамыта отырып, мамандыққа байланысты ұғымдарын тереңдетіп, қызығушылығын арттыру; сурет бойынша сөздер арқылы сөзді байланыстырып сөйлеу қабілеттерін дамыту,топтасып, жеке жұмыс істей білуге баулу. Өткізген: :А.Ғ. Сауекенова Түрі: сайыс Көрнекілігі: ТСО, интерактивті такта, үлестірмелі карточкалар.бейне көрністер. 1.Ұйымдастыру кезеңі: 1 жүргізуші:Еңбек етсем ертеңгі –бақытыма сенемін.                      Мақсатыма жеткізер –уақытыма сенемін.                      Достық іспен қасты да –жеңеріме сенемін, 2 жүргізуші:Ақыл, сана білім мен – өнеріме сенемін.                      Арым –таза, ақ көңіл –адалдыққа сенемін,                       Абыройлы, ақ ниет –адамдыққа сенемін.                    Қайырлы кеш құрметті оқушылар, ұстаздар.Тақырыбы:  Мың түрлі  мамандық Мақсаты: оқушылардың ойлау қабілетін дамыта отырып, мамандыққа байланысты ұғымдарын тереңдетіп, қызығушылығын арттыру; сурет бойынша сөздер арқылы сөзді байланыстырып сөйлеу қабілеттерін дамыту,топтасып, жеке жұмыс істей білуге баулу. Өткізген: :А.Ғ. Сауекенова Түрі: сайыс Көрнекілігі: ТСО, интерактивті такта, үлестірмелі карточкалар.бейне көрністер. 1.Ұйымдастыру кезеңі: 1 жүргізуші:Еңбек етсем ертеңгі –бақытыма сенемін.                      Мақсатыма жеткізер –уақытыма сенемін.                      Достық іспен қасты да –жеңеріме сенемін, 2 жүргізуші:Ақыл, сана білім мен – өнеріме сенемін.                      Арым –таза, ақ көңіл –адалдыққа сенемін,                       Абыройлы, ақ ниет –адамдыққа сенемін.                    Қайырлы кеш құрметті оқушылар, ұстаздар.
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Мың түрлі мамандық

Мақсаты: оқушылардың ойлау қабілетін дамыта отырып, мамандыққа байланысты ұғымдарын тереңдетіп, қызығушылығын арттыру; сурет бойынша сөздер арқылы сөзді байланыстырып сөйлеу қабілеттерін дамыту,топтасып, жеке жұмыс істей білуге баулу.

Өткізген: :А.Ғ. Сауекенова

Түрі: сайыс

Көрнекілігі: ТСО, интерактивті такта, үлестірмелі карточкалар.бейне көрністер.

1.Ұйымдастыру кезеңі:

1 жүргізуші:Еңбек етсем ертеңгі -бақытыма сенемін.

Мақсатыма жеткізер -уақытыма сенемін.

Достық іспен қасты да -жеңеріме сенемін,

2 жүргізуші:Ақыл, сана білім мен - өнеріме сенемін.

Арым -таза, ақ көңіл -адалдыққа сенемін,

Абыройлы, ақ ниет -адамдыққа сенемін.

Қайырлы кеш құрметті оқушылар, ұстаздар.

1 жүргізуші: Сіздерді 1 топ тәрбиеленушілері арасында өткізгелі тұрған 1000 түрлі мамандық атты тақырыптағы сайысты тамашалауға шақырамыз.

2 жүргізуші: Сәлем бердік сіздерге төрағалар

Әділдікпен қойылсын бал бағалар

әділ баға беретін әділ-қазылар алқасымен таныстырамыз: Әр бөлімді 5 ұпайлық негізінде бағалаңыздар.

1 жүргізуші: Келешек қой осылар, барға шүкір,

Алдарында ақ қанат арманы тұр

Жүректері лүпілдеп,тебіреніп

Әрқайсысы өз үлесін алғалы тұр

деп топты ортаға шақырайық.

1 бөлім: таныстыру

1 топ - Болашақ топ басшысы:Зухра

2 топ - Мақсат топ басшысы:Гүлдар

2 жүргізуші: 2 бөлім

Топ басшылар сайысы

Слайд бойынша өздерінің топтарымен, мамандыққа жалпы анықтама беріп өтеді.Сіздер сол слайдтың көркемдігін, компьютерлік программаларды дұрыс игере білу негізінде бағалаңыздар.

Ән -көңілдің ажары.

Думан тойдың базары.

Әнге аусын бір мезет,

Көпшілік қауым назары

-дегендей ортаға Гүлім ән салады

3 -бөлім:

ең, ең деп аталады мұнда сендерге үлестірмелі карточкамен мамандықтар негізі беріледі сонда сендер тиісті мамандықтарды жазасыңдар.


  • ең жасыл мамандықтар

  • ең ақшалы мамандықтар

  • ең таза мамандықтар

  • ең көңілді мамандықтар

  • ең тәтті мамандықтар

  • шашты мамандықтар

  • балалы мамандықтар

  • ең қарым-қатынасты мамандықтар

  • ең қатал,қатты мамандықтар

2 жүргізуші: 4-бөлім

Пародия -өнердің бір саласы

Сол өнерге әркімнің бар таласы

Пародия -жаңа туған жас сәби

Көркемдеген ағамыздың баласы

Тапсырма: актерлік шеберліктерін бағалау

1 жүргізуші 5-бөлім:

Мақал -сөздің мәйегі бөлімінде еңбекке, мамандыққа байланысты мақал-мәтелдер сайысы. Әр мақал-мәтелді 1ұпайлық негізде бағалаңыздар. Мақал-мәтел қайталанбауы керек.

Ал қыздар ән-күйге ғашықпыз біз

Күтеміз күн шыққандай сыйды біздер

Неге сонша жабығып отырсыздар

Қанеки шығыңыздар билеңіздер

Карина Ляззат және Марат Гүлім

« Қос қанат» биі

2 жүргізуші:6-бөлім:

«Өлең - сөздің патшасы.....»

Дикторлық шеберліктерін, сөз мәнеріне, нақышына салып айтып жеткізе білу өнерін бағалаңыздар.

6 сынып оқушылары мамандыққа байланысты тақпақтарын айтады.

1 жүргізуші: 7-бөлім:

Сұлу қыздар, ару қыздар
Шашты кеспей күтіп оны қараңдар.
Қыздың көркі шаш екенін түсініп,
Өріп қойып шаш үлгісін жасаңдар, - деп аруларымыз шаш үлгісін көрсетеді. Олай болса «Сұлулық сыры» кезеңінде аруларымыз Сән өнерінде орыны бар -Шаштараз туралы болмақ. Яғни 2топ өздері қазір сахнада шаш сәнінде шаштаразшы болып қызмет атқарады.Тапсырма: шашқа ат қою және оны қорғай білу.

Кедеймін деп қысылма,
Өнерің болса қолыңда
Өнерлінің ырысы
Жарқырап жатыр жолында.
Сайыста ән салайық, би билейік,
Өнермен өрге басып кідірмейік.

қыздарымыз өз істерін қорғағанша ортаға әнші қыздарымыз: Ләззат пен гүлімнің орындауында « » әнін қабыл алыңыздар.

2 жүргізуші:8-бөлім:

Ісім оңсын десеңіз,
Сол істің маманы болыңыз.
Даңқым шықсын десеңіз,
Көпшіліктің адамы болыңыз

Сән өнері

яғни қыздарымызға дизайнер болуды қажет етеміз әр топқа 3 парақ қағаз беріледі сонда қыздар 1 кешкі көйлек, 1 сөмке, 3 туфли салулары қажет.

Олар қыздар суреттерін салғанша

Пір тұтқан адамдықты, адалдықты,
Көркімен таң қалдырған тамам жұртты.
Қыздардың қылығымен өмір қызық,
Қыздардың ғұмырымен заман құтты

дегендей ортаға Заманауи биімен Ляззат Карина қарсы алыңыздар.

1 жүргізуші: 9-бөлім:

Басым көкке жетсін десең армандап,

Әр жұмысты бөліп істе, қарма оңдап

Барлық істі сарапқа сап істегін,

Қисаппенен қазынаңды үстегін

Қыз сұлу көрінеді білімімен дегендей келесі сайысымыз викториналық сұрақтар қоямыз.шапшаң тез, нақты жауап беруга тырысыңыздар:

2 жүргізуші

кезектесіп оқиды сұрақтарды:

  1. Кім бірінші: ер ме, әйел ме тоқыма тоқыған? (ер)

  2. Адамды жұмысқа алу үшін толтыратын құжат қалай аталады? (контракт)

  3. 14 кәсіп орын ашқан орыс патшасы кім? (Петр І)

4. А.П.Чехов мамандығы бойынша кім болған? (дәрігер)

5. Ақшаңыздың санын қалай екі еселеуге болады? (айнадан қарағанда)

6. Қай адам бір қолын көтеріп автомобильді тоқтата алады? (Май инспекторы)

7. Кімнің алдында адам бас киімін шешеді?

8. Қолын төмен түсіріп кім жұмыс жасайды?

9.Тігіншінің құралдарын ата: мата, ине, жіп, тігін машинасы т.б.

10. Білімнің дәнін тереді,

Балаға тәлім береді. (…….)

11.Адамның жүзін,

Басы мен көзін.

Айнытпай келбетін,

Салатын кім суретін? (…….)

12.Өскен шашты жаратпайтын,

Қайшысы бар жалақтайтын. (……..)

1 жүргізуші:10-бөлім

Кісі танымақ болсаң ісіне қара

Өз күшің жеткенше, өзің үшін аянба

«Мамандығым - мақтанышым».бөлімінде заманауй мамандықтарға тоқталып сипаттама бересіңдер.Карточкамен жұмыс істеу.

Жарнамалау агенті

жарнама бағыттарын, түрлерін ойлап табады, жарнама хабарландыруларын құрастырады,

копирайтер

мәтіндер құрастырады, бұқаралық ақпараттармен жұмыс жасайтын маман.

Аудитор мамандығы

ең жоғарғы табысты мамандықтардың қатарына жатады. Аудитор компанияның қаржылық жағдайына сараптама жасайды, баланстардың дұрыс жасалынуын және салықтардың дұрыс төленуін тексереді.

Маркетолог.

Базарда тауарды өзкізу немесе қызмет көрсету істерімен айналысады, сатуды ұйымдастырушы, тауар қандай, оны кім пайдаланады, құны

қанша, маркетингтік зерттеу жасайды және бәсекелес туарларды сараптайды. Нәтижесінде ол тауарды базарда өткізудің жоспарын

жасайды.

Мерчендайзер

бөлшектік сауда өз фирмасының тауарларын ұсынады. Оның басты міндеті өз фирмасының тауарының сақтықта болуын қадағалау, дүкендерге тауарын жарнамалау, тауардың бағасын түзетіп отыру. Сондықтан өзіне бекітілген дүкендерді үнемі айналып өтіп, олардың жаңдайларын біліп отырады.

Web - дизайнер және Web - бағдарламашы

мамандары сайт жасайды

жүйелік әкімшілік

қызмет көрсетушілердің, компьютерлік жүйенің қауіпсіздік жұмыстарымен айналысатын құралдар мен бағдарламаны қамтамасыз етуге жауап береді.

1 жүргізуші:11-бөлім

Кім зерек?

Бұл сайысымызда тез арада слайдтағы мамандық иесін тауып алу

Қыздарымыздың көру шапшаңдығын,дұрыс жауабын бағалау.

Қорытынды:

Өнеріміз сайыста,

Жетелейді алысқа.

Бүгінгі күннің жеңісі,

Достық болып қалуда.

-дегендей біз осымен 1000 түрлі мамандық атты тықырыптағы ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Сөзді қорытындылауға әділ-қазы алқасына береміз.

Зейін қойып, ат салысып қатысқандарыңызға рахмет

Марапаттау қағаздарын үлестіру.

© 2010-2022