Студенттермен кездесу (сыныптан тыс шара) 8-11 сынып

Раздел Классному руководителю
Класс 8 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Бүгінгі оқушы - ертеңгі студент»

1 ж:Кеш жарық,құрметті ұстаздар,студент жастар мен мектеп оқушылары!

Достарым сірә....

Қиналмас едім, бекер мен.

Борышым көп қой,

Бірі жоқ оны өтеген.

Тағдырым маған,

Сірә да қабақ шытпаса.

Мен өмір бойы студент болып өтер ем,- дей отырып «Бүгінгі оқушы - ертеңгі студент» атты кешімізге қош келдіңіздер.

2 ж: Қайда менің студентік күндерім,

Жалындаған жастық шағым,күн керім.

Дауылдатып,думандатып жүретін,

Бақытты сәт,шалқып шығар күндерім - деп ақын ағамыз жырлап кеткен студенттік өмірдің қызығымен қиындығын көріп жүрген жастарымыз бен оқушылар арасындағы кешімізді ашық деп жариялаймыз.

1 ж: Алғашқы сөз кезегін мектебіміздің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сариева Қарлығаш Серікқызына береміз.

2ж:Алауласын жастығың, намысыңыз

Сізге табыс әкелсін әр ісіңіз

Замананың ертеңгі иелері

Студент жастарымен танысыңыз .

Құрметі оқушылар ендігі сөз кезегін біздің қонақтарымызға берейік. Студенттер өз мамандықтары бойынша түсінік береді.

1ж:Біліп айтқан сөзге күн жетпейді

Тауып айтқан сөзге шын жетпейді

Өзің білмесең білгендерден үйрен

Үйренгеннен ештеңең кетпейді, - деп оқушылардың сізге қояр сұрақтары болар.Соған жауап берсеңіздер.

1 ж:Қадірменді қонақтар.Енді біз бүгін кездесу кешімізді ойнап - күліп демалу мақсатымен көңілді тапқыштар клубы түрінде өткізбекпіз. КТК

2 топтан 6 адамнан тұрады.

1-топ 11 сынып оқушыларынан 6 оқушы.

2-топ .студенттер.

2 ж:Студенттер келісіп бөлінгенше

Номер:

1ж:Әділдікпен баға берер сайысқа,

Әділдікпен қара қылды жаруға.

Әділқазы алқаларын сайлайық,

Команданы таңдап алға қоюға - деп әділқазыларымызбен таныс болыңыздар.

1) Сариева Қарлығаш Серікқызы - Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

2) Жұмағазиева Балия Сарсенғалиқызы - Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

3) Доспанова Эльмира Батырбайқызы - информатика пәнінің мұғалімі

2 ж:Шалқытып мерекеде ән салайық,

Өнерпаз өрендерге тамсанайық.

Бүгінгі КТК - ға келіп тұрған,

Командаларды құрметтеп қарсы алайық!

1.Оқушылар тобы

2.Студенттер тобы

1 ж: Енді КТК ойынының шарттарымен таныс болайық

  1. Сәлемдесу яғни өз топтарын таныстыру

  2. Разминка (ситуациядан шығу)

  3. Өнер көрсету

  4. Тапқыштар сайысы(мимикалық сұрақ)

  5. Студент,оқушы өмірінен үзінді

  6. Терминдер.(студенттерге:лекция,сессия,декан,жатақхана,стипендия.

Оқушыларға:1 қыркүйек,25 мамыр,сынып жетекші, директор,ҰБТ)

Номер:

2 ж:Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік

Сөз кезегін үш топқа берелік

Арамызда тапқыш топтар көп екен

Соларды таныстырып енді біз көрейік

( әр топ өздерін таныстырады)

1 ж:Рахмет. Енді әділқазылардан бағалауын сұрайық...

Келесі тур Разминка. Әр топ бір - біріне қызықты сұрақтар қояды

Топтар әзір болғанша студенттермен ойын ойнайық.

2 ж:Разминка (ситуациядан шығу)

Мысалы:1.Жағдай: Емтихан жүріп жатыр.Мұғалім тым қатал.Сенің ең жақын досың қолындағы билеттің жауабын білмейтінін ыммен түсіндірді.Сен бұл сұрақты білесің.Бұл жағдайда сен досыңа қалай көмектесесің?

1 ж: Біреулер сынға түсер өнерімен

Біреулер жырға түсер өлеңімен

Не болса да айтады жүрегімен

Өлең нағыз өнер деп білемін мен

(өнер көрсету)

Әділқазылардан бағалауын сұраймыз.

Өнерлері дайын болғанша биді тамашалаңыздар

2 ж:Келесі тапқыштар айналымы. (мимикалық сұрақ).

1ж:Келесі айналым оқушы кезіндегі және қазіргі студент шақтарыңыздағы бастарыңыздан кешкен қызықты кездеріңіз.

Рахмет.Енді бір әсем әуенге кезек берейік.

2ж: келесі айналым қызықты сұрақтар мен тапсырмалар беріледі.Студенттермен оқушыларға терминдер беріледі,әр топ өздерінше түсіндіру керек,мүмкіндігінше әзілмен.

Номер

1ж:Рахмет. Енді әділқазылар алқасы әділ бағаларын бергенше дайындаған биді тамашалаңыздар.

Келесі сөз әділқазылар алқасында.

1ж:Алысқа жетсін даңқ атағыңыз,

Елімнің сүйіктісі атаныңыз.

Бүгінгі студент,ертеңгі маман,

Сіздердің сәтті болсын сапарыңыз, - дей отырып бүгінгі дәстүрлі «студенттермен кездесу» кешімізді аяқтаймыз.Ары қарай би кешімен жалғасады.Келгендеріңе көп-көп рахмет.









© 2010-2022