Публикация над тему Азамат болу-міндетім

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Публикация над тему Азамат болу-міндетімПубликация над тему Азамат болу-міндетімПубликация над тему Азамат болу-міндетімПубликация над тему Азамат болу-міндетім«Азамат болу - міндетім»

Ақмола облысы, Целиноград ауданы, М. Мәметова ауылындағы №26 орта мектебінде «Жастарды алғашқы әскери даярлықтан өткізу» бағдарламасына сәйкес, оқушылар арасында тәртіпті нығайту және Қазақстан Қарулы Күштерінің қатарындағы әскери қызметке бейімдеу мақсатында «Азамат» әскери-патриоттық клубы ашылды. Салтанатты іс-шараға аудандық білім бөлімінің әдіскері Қабыкенова Айткүл Аманжолқызы, ішкі саясат бөлімінің қызметкері Дюсекеева Айсұлу Олжабайқызы және білім бөлімінің маманы Джунусова Дамира Ернарқызы қатынасты. А. Аманжолқызы әскери-патриоттық клубтардың аудан көлемінде бұған дейін 5 мектепте ғана ашылып үлгергенін айта келіп, Білім бөлімінің басшысы Қ. Ахметовтің құттықтауын жеткізді. Өз сөзін: - Әрбір жасөспірім мектеп қабырғасынан бастап, өзін әскери қызметке даярлауға, өзінің Отаны Қазақстан Республикасының және оның халқының алдындағы жауапкершілікті ұғынуы тиісті, - деп бастаған Айсұлу Олжабайқызы Н.Ә.Назарбаевтың саяси ұстанымымен ұштастырыла қолға алынған игі бастамаға сәттілік тіледі. Мектеп директоры Ғ.Қ.Исаев жас ұрпақтың бойына ұлттық рух пен туған жері мен еліне деген сүйіспеншілікті қалыптастыруға негізделген әскери-патриоттық клубтың ашылуына тоқталып, сөзін былайша сабақтады: «Қ.Р. Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылу» ұстанымын қуаттау үшін бүгінгі жастарымызды дені сау, рухы биік бәсекеге қабілетті азамат қылып тәрбиелеу - біздің міндетіміз. Бүгінгі таңда ауылдық жерлердегі білім ошақтарында патриоттық тәрбиенің берілуі - тәрбиенің басты қағидаларының бірі болып отыр. Біз бұл клубты ашып қана қоймай, бағытымызды айқындап алуға да тиістіміз. Мектептер арасындағы рейтингте тек қана алдыңғы орыннан көріну үшін күш-жігерімізді жұмсап, еңбектенуіміз қажет. »

Бағдарлама барысында мектеп мұғалімдері М. Жиренов пен Х.Кабельдинованың қос дауыстағы әні мен домбырашылар үйірмесінің тартқан күйлері тыңдалғанған соң, «Бірлік» және «Достық» топтары «Патриоттық ән», «Менің туған ауылым» (эссе), «Автоматты бұзып, қайта жинақтау», «Пневматикалық қарудан оқ ату» және «Мектеп мұражайымен таныстыру» сайыстары бойынша өзара сынға түсті.

Осы орайда, бір айта кететін жаңалық - биылғы оқу жылында мектеп мұражайы талапқа сай өңделіп, қалпына келтірілді. «Мектеп мұражайымен таныстыру» сайысында топ мүшелері, 9 сынып оқушылары, В. Пфафенгут пен З. Қожабековалар қонақтарға мұражайға қойылған құнды жәдігерлердің тарихы жөнінде жинақтаған мәліметтермен бөлісті. Мұражайға ішкі саясат басқармасының маманы Айсұлу Олжабайқызы қазақтың қос қазанаты бейнеленген портрет тарту етті. Сайыс соңында мектептің көрме залында мектеп директорының әскери-патриоттық клубын ашу жөніндегі №139 бұйрығы таныстырылып, үміткерлер әскери ант қабылдады.

Қос қуанышты іс-шараның ашылу салтанатына қатысқан ауыл әкімі А.Ә.Омарова, «Маншук - АЭ» ЖШС директорының орынбасары Ғ.Ж.Қойлыбаев, ардагерлер кеңесінің төрағасы А.А. Родионов, еңбек ардагері Ж.Е.Қойлыбаев, ардагер ұстаздар А.Қ.Ермағамбетова, Т.А. Виноградова және өзге де ауыл тұрғындары өз тілектерімен бөлісіп, баталарын берді.


Қазақ тілі пәнінің мұғалімдері

Апаханов Беймбет Жақанұлы,

Хасенова Тұрсынгүл Еркенқызы

№26 орта мектебі

М.Мәншүк ауылы


© 2010-2022