Ашық тәрбие сағатыЕл тірегі-Елбасы

Раздел Классному руководителю
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Ел тірегі-Елбасы

Мақсаты:

1. Болашақ ұрпаққа Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев туралы мағлұмат беру;

2. Елбасының өмірін, еңбек жолын үлгі-өнеге ете отырып,патриоттық сезімдерін арттыру.

3. Ел Президентін құрметтеуге, егемен елімізге қамқор бола білуге тәрбиелеу.

Уақыты: 25.12.2015ж

Ресурстар: суреттер, слайд,интербелсенді тақта,флипчарттар,маркер, Н.Ә.Назарбаевтың кітаптары.

Формасы :таным сағаты /топтықжұмыс/

Өту барысы:

Жоспар:

1.Елбасы өмірі

2.Өткенге үңілейік..

3.«Есіңе сақта» ойын

4.Елбасы болмысы

5.«Сұрақтары бар қорап»

6.«Мен Президент болсам....» ойларын айту

7.«Елбасыға тілек...» тілек жазу

1.Психологиялық дайындық

Сыныптың ынтымақтастық атмосферасын орнату

Би: «Көңілді күн»

2.Топқа бөліну «Теңгелер»

1-топ: 200 теңге

2-топ: 500теңге

3-топ: 1000теңге

3.Ой қозғау/ интербелсенді тақтадан көрсетіледі/

Сен жаңа белеске қадам бастың-мектепке келдің,оқушы болдың!Бұл сен үшін үлкен мереке Ал мерекеде үлкен сыйлық беріледі.Бұл кітап-менің саған сыйлығым.Мектептесені қызықты жаңалықтар мен ғажайып оқиғалар күтіп тұр.Қазақстан-біздіңОтанымыз.Өз Отаныңның тарихымен мәдениетін,ана тіліңдібілу керек.Бұған алғашқы ұстазың мен оқулықтарың осы кітабың көмктеседі.Қазақстанның болашағы жарқын,елімізде татулық,береке болады.Бұған достарың мен бірге сенде өз үлесіңді қосасың.Білім әлеміне саяхатың сәтті болсын!

Кімнің сөзі?

-Нұрсұлтан Назарбаев

-Ол кім?

-Сіздерге арналған бұл сөздер иірімі қандай кітапта берілген?

-«Менің Отаным Қазақстан»

Ендеше бүгінгі тәрбие сағатымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атамызға арналады

Алаулаған алабынан нұр тамып,

Қазақ елін бүкіл дүние жүр танып.

Көк байрағың желбірейді төріңде,

Гимнің тұр көгіңде шырқалып. (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалады)

Бүгін 1 желтоқсан Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тұңғыш Президент болып сайланған күніне арналған «Ел тірегі Елбасы» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз

Мұғалім: Осы тәуелсіз еркіндікте өмір сүруге біз қалай жеттік, кімдер арқылы жеттік, иә тарих бетіне үңілсек, ол өте ұзақ жылдар бойы ата-бабамыздың қасық қаны қалғанша аянбай күресіп, елім, жерім, ұрпағым деп балаларым тыныш өмір сүрсін деп бізге тәуелсіз мемлекетті сыйлады. Осындай көп ұлтты мемлекетті басқару оңай емес. Осы тәуелсіз мемлекетімізді басқару 1991 жылы 1 желтоқсанда біздің Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевқа бұйырған екен.

-Н.Ә.Назарбаев кім?

1-оқушы: Ол-еліміздің басшысы, халқымыздың жанашыры, өте білімді, терең ойлы тұлға.

2-оқушы: Н.Ә.Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылында дүниеге келген. Атасының есімі-Назарбай, әкесінің есімі-Әбіш, Нұрсұлтан деген есімді әжесі Мырзабала беріпті.

Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды.Ата-анасын қатты құрмет тұтты.

Жасынан зерек, алғыр азамат болған. Алланың 99 аты бар екен. Соның бірі-Нұр, тағы бірі- Сұлтан.. Нұрсұлтан 5 жасқа толғанда Жамбыл атаның ақ батасын алған екен. Ол Қаскелең қаласындағы Абай орта мектебін бітірген. Мектепте озат, үлгілі оқушы болыпты. Еңбек жолын Теміртау қаласында темір балқытушы болып бастаған. 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын, 1976 жылы партия мектебін бітірген. 1991 жылы 1 желтоқсанда біздің Отанымыздың тұңғыш Президенті болып сайланды. Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев 2010 жылы 15 маусымнан бастап заңды түрде «Елбасы» мәртебесіне ие болды. Ол осы жетістігіне өзінің табандылығы мен еңбекқорлығының арқасында жетті.

Біз шын мәнінде Президент Назарбаевты біздің бәрімізге, ұлтына, сеніміне және саяси көзқарасына қарамастан қолайлы да еркін өмір сүруімізге барлық мүмкіндік жасап келе жатқаны үшін мақтан етеміз.

Хронологиялық кестеге шолу

«Есіңе сақта»
берілген суреттердің атауын жазу

«Елбасына» Самал
Ауыр күнді артымызға тастауы -
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы
Туды ұстап тура жолға түсіріп,
Жас Отанның өмірін де түсініп,
«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай,
Бір керемет жасады-ау кісілік!
Елбасымыз саған мәңгі разымыз,
Үлкен-кіші, ағайындар - бәріміз.
«Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан,
Сіз біздердің піріміз де, әніміз.

2.Елбасының ерекше тұлғалық болмысы

/слайдтан көрсетіледі/

«Мен Президент болсам....» ойларын айту
«Сұрақтары бар қорап»әдісі

1. Қазақстан Республикасының рәміздерін ата?

2. Н.Ә. Назарбаев қашан республикамыздың президенті болып сайланды?

3. Алғашқы қазақ ғарышкері кім және ол ғарышқа қашан самғады?

4. Төл теңгеміз дүниеге қашан келді?

5. Қазақстан Республикасының Ата Заң қашан қабылданды?

6. Қазақстан қай жылы тәуелсіздік алды?

7. Қазақстанның бұрынғы және қазіргі астаналарын атаңдар?

8. Қазақстан қандай мемлекет?

9 Қазақстанда қай тіл мемлекеттік тіл?

10.Ұлтымыз

11.Қр президентін кім?

«Елбасыға тілек...» тілек жазу

Тәуелсіз мемлекетті Нұрсұлтандай атамыздың басқарып отырғанына біз қуаныштымыз. Қазақстанның болашағы-білімді жастармен,-дейді Елбасымыз. Сондықтан да балалар біздің алдымызда тек қана бір ғана талап, міндет ол білім алу. Білімді болсақ қана біз өз жолымыздан ешқашан адаспаймыз, тура жүріп, түзу өмір сүреміз деп білемін.

ІІІ. Қорытынды бөлім.

Жүргізуші:

Сіз-әке барша қазақ бәрімізге,

Жас сәби үлкен-кіші кәрімізге.

Сіз -басшы, халқың-қосшы бола бергей,

Жарасып келе жатыр әніміз де, сәніміз де,-дей келе «Ел тірегі- Елбасы» атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

Тұңғыш Президент күні құтты болсын!


© 2010-2022