Тәрбие сағаты Су – өмір өзегі (4 сынып)

Раздел Классному руководителю
Класс 4 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тәрбие сағаты Су – өмір өзегі (4 сынып)Тақырыбы: Су - өмір өзегі

Сабақтың мақсаттары: Оқушыларға судың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы туралы әңгімелеу. Жергілікті жердегі су айдындарымен таныстыру. Суды үнемдеп пайдалануға және судың барлық ерекшеліктері туралы сипаттау. Қазіргі кезде адамзат ауасын жұтып, суын ішіп отырған табиғат-ананы қорғап,аялауға үйрету. Экологиялық тәрбие беру.

Көрнекілігі: Нақыл сөздер, глобус, карта, суреттер, сөзжұмбақ.

Тәрбие сағатының барысы:

- Балалар, сәлеметсіздер ме? Бүгін мен сендермен өзгеше тәрбие сағатын өткізгелі отырмын. Барлығымыз тақтадағы жұмбаққа қарайық. Егер дұрыс шешсек, бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы шығады.

Сынаптай жылтырап,

Биіктен сырғиды,

Ән салып былдырлап,

Іздейді ылдиди. (бұлақ)

- Бүгінгі ашық сабағымыздың тақырыбы «Су - тіршілік көзі» деп аталады. Ойыма ақын Тұрсынзада Есімжановтың су туралы мынадай өлең жолдары оралады.

Су жүргізер тіршіліктің тамырын,

Су жоқ болса, тіршілік тамам бауырым.

Судың біз біле тұра маңызын,

Көп болған соң ұмытамыз қадірін, - дейді.

Тез жарыс:

- Балалар, су қандай зат? Судың түсі қандай? Судың пішіні бар ма? Судың қандай қасиеті бар? (Жауап алынады.)

Тәрбиеші: Сусыз тіршілік болмайды. Су бар жерде бау-бақша, орман, тоғай, бітік шыққан егін, мыңғырған мал бар. Сондықтан қазақ «Сулы жер - нулы жер» дейді.

Адам денесі де судан тұрады. Салмағы 70кг адам денесінде 50кг су болады. Адам су ішпей 6-7 күн ғана шыдай алады екен.

Қазақ халқы суды қадір етімен қатар, оны жалпы халыққа, жан-жануарлар дүниесіне өсімдік әлеміне тіршілік беруші күш деп атаған. Жер шарында ең көп тараған сұйық зат - су. Оның көлемі құрлықтан 3 есе. Жер бетін 70% алып жатыр.

Су туралы тақпақ айту.

Тәрбиеші: Су сонымен бірге тазалықтың белгісі. Егер сендер жуынбасаңдар, қандай болар едіңдер?

Тез жайнатып гүлдерді,

Қуратпайды шөптерді.

Көргенде кір беттерді,

Жуып-шайып өтеді.

Психологиялық диагностика: (сурет салғызу).

1) Балықтың;

2) Судың;

3) Қайықтың.

Судың қажеттілігі туралы не білеміз? (суретпен жұмыс)

Суды ішеміз, жуынамыз.

Сумен өсімдіктерді, бау-бақшаны суарамыз.

Сумен ас әзірлейміз.

Сумен кір тазалаймыз.

Суға жануарлар да, адамдар да шомылады.

Су туралы тыйым сөздерге тоқталу.

Су ішкен құдыққа түкірме.

Судың бетін ашық қалдырма.

Түнде суға барма.

Мақал-мәтелдер: «Балық аулау » ойыны.

- Балалар, «Тентек» өзеніне балық аулауға барасыңдар ма? Ойынның шарты мынадай. Қолдарыңа қармақ алып өздеріңе ұнаған балықты алыңдар.

Балық:

1) Сулы жер - (нулы) жер.

2) Бұлақ көрсең көзін (аш).

3) Тамшыдан (теңіз).

Жұмбақ жасыру.

Сөзжұмбақ шешкізу.

Қорытынды.



© 2010-2022