Табиғатым - тал бесігім атты снынп сағаты

Раздел Классному руководителю
Класс 4 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Табиғатым - тал бесігім

Мақсаты: 1.Табиғатты қастерлеу, жасыл даланың көркемдігін сақтау, табиғатқа жанашырлықпен қарау, оқушыларды табиғатты қорғауға, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

2. Оқушының сөздік қорын, тілін, логикалық ой - өрісін, түсінігін , шығармашылық қабілетін дамыту.Қазақстан қорықтары және олардың маңызы жайлы түсініктерін арттыру

Көрнекілігі: интерактивтік тақта, табиғат туралы слайдтар, нақыл сөздер, ребус, ҚР географиялық, физикалық карталары, «Қызыл кітап», балалар шығармасы, «Табиғат бұрышы» көрмесі

Сабақтын барысы: ( «Алатау» күйі ойнап тұрады).

Кіріспе сөз мұғалім: Құрметті оқушылар бүгінгі тәрбие сағатының тақырыбы: оқушыларға хормен оқыту «Табиғатым- тал бесігім». Табиғатты біз нешеге бөлдік? Жалпы біз үшін осы аталған екі табиғаттың қандай маңызы бар? (оқушылар ойын тыңдау).

Ендеше, балалар, адам мен табиғат егіз. Табиғатты асыраушың, қамқоршың десең де болады. Ата- бабаңның «Жер- қазына, су- алтын, мол байлық» деп өсиет айтып келгені тегіннен тегін емес екен. Күнделікті ішіп жүрген тамағымыз, үстіміміздегі киіміміз, оқитын кітабымыз, жазатын қағазымыз, мінер көлігіміз, ауырғанда пайдаланатын дәріміз, тыныс алар ауамыз, ішер суымыз - осылардың бәрі жомарт табиғаттың берген сыйы

Ал осы табиғат байлықтары мен жан - жануар, өсімдіктері жойылып кетпеуі үшін, жойылып бара жатқан аң - құс, жан - жануар, өсімдіктерді қорғау үшін оларды «Қызыл» кітапқа енгізіп қана қою жеткіліксіз, оларды қорғап, көбейту мақсатында Қазақстанда 10 қорық құрылған екен,(Қорықтар атауларын слайдтан көрсету) онда неше түрлі жан - жануар, аң - құс, өсімдіктер қорғалып, бақылауға алынған. Олар туралы біз бұл сабағымызда толық айта алмаймыз, біз ол үшін келешекте әр қорыққа жеке тоқталып, танысуымыз керек.

Қазақстан жер үсті байлықтары ғана емес сонымен қатар қазба байлықтарға да бай. Ал осы кендерді, қазба байлықтарымызды қорғауымыздың да маңызы зор. Ол туралы дүниетану сабағында танысқанбыз.

Қазақсатан депутатары қазіргі таңда орманды қорғап қалу үшін еңбек етуде, олар жасы 100 - ден асқан ағаштарды кесу, олардың жаңадан өсіп келе жатқан жас көшеттеріне зиянын тигізіп, оман ағаштары селдіреп қалатынын айтып дабыл қағып, оны қорғап қалу жодарын іздестіруде.

Ал қазіргі кезде барша адамзат алдында тұрған, кезек күттірмейтін киелі де, күрделі міндеттеріміздің бірі ыстық ұя, алтын бесік, жұмыр жердің - табиғатын қорғау және оның сан алуан байлығын барынша ұқыпты пайдалану, болып отыр. Соңғы жылдары ғылым мен техниканың өркендеуі қоршаған ортаға зиянды әсерін тигізуде. Жер шарында жыл сайын шамамен 10-15 милион гектар орман жойылады екен.

Мысалы біз табиғаттың ластануын Алматыға барғанда, байқай аламыз. Қай кезде де біз «Көктөбеге» барып, қалаға қарайтын болсақ, қаланың көк тұман немесе бұлт ішінде тұрғанын көреміз, бұл ненің белгісі, әрине ауаның ластануының белгісі. Сондықтанда қазіргі күнде біз көбіне әр түрлі аллергиялық аурулуамен ауырамыз. Оны өздерің күнделікті өмірде көріп жүрсіңдер. (Мысалдар келтіртіп әңгімелету.)

Халық табиғаттағы өздері қастерлеген жерлерді «әулие-бұлақ», «әулие-ағаш» (өзіміздің Жаркент те «Киелі ағаш» бар, ол туралы қысқаша аңыз айтып беру немесе слайдтан көрсету) деп атап, оларды көздің қарашығындай қорғап отырған, ал қарлығаш, аққу, ұлар, т.б. құстарды жақсылықтың жаршысы, бақыттың бастамасы, игіліктің иесі деп ұясын бұзуға, балапанын жоюға не өздерін өлтіруге мүлде рұқсат етпеген. (Жылжытып, табиғат жайлы слайдтар көрсетіп отыру) Көрмедегі заттар бойынша жұмыс Ал, енді балалар, біз сабағымызды табиғатқа амандасудан бастайық (бәрі) Қайырлы күн, күнім, далам, орманым,
Қайырлы күн, гүлім, құсым, көлдерім.
Қайырлы күн, өсімдіктер, жәндіктер
Қайырлы күн, бар тіршілік иесі!
осы Қазақстан Республикасының табиғаты жайлы өздерің не білесіңдер, кезек өздеріңде

Талшын (ҚР физикалық картасынан көрсете отырып)

Біздің еліміз Қазақстан Республикасы деп аталады. Ол батыс пен шығыс елдері арасында орналасқан. Жер көлемі жөнінен дүние жүзі елдерінің ішінде 9 - орында. Ол батыстан шығысқа және солтүстіктен оңтүстікке қарай 2, 7 миллион шаршы километр жерді алып жатыр, жеріміз қазба байлықтар мен бірге алуан түрлі өсімдік, жан - жануар, аң - құсқа бай, табиғаты өте көркем, тамаша!

Алтынбек: Сұлу дала! Менің сүйген еркемсің,

Жаным сенен жаратылған өлкемсің.

Қандай жақсы қазақ болып туғаным,

О,туған жер! Тамашасың, көркемсің.

Эльвира: Иә,туған жер,өскен ел, жүрекке жылы сөздердің бәрі де табиғат деген таңғажайып ұғыммен бірігіп жатады. Қазақстанның табиғаты көз тартар, аса көркем, бар сұлулықты өн бойына жинап алған өлке.

Дарын: Табиғат- адам баласын дүниеге келтіріп, бойындағы бар махаббат мейірімін, күн шуағын жүрегімізге ұялатқан аяулы орта.

Аяжан: Табиғат- адамның бойына қуат, көңіліне шабыт,сезіміне ләззат шапағатын ұялататын сұлулық пен әсемдік әлем. Табиғат - әлем денсаулығының сақшысы, жаңға дауа шипагер.

Асылбек: Кең дала көремісің сонау жатқан

Жібектей жасыл шөппен бетін жапқан.

Асқар тау, айдын шалқар, көл, өзен,

Міне, сол анам еді мені туған.

Ән:«Туған жер» Тойгүл мен Талшынның орындауында

Дана: Табиғаттың басты байлығы-жер. «Күте білсең, жер-жомарт» деген халық мақалы тектен-текке айтылмаған. Жер бетіндегі тіршілік атауы қоректік нәрді топырақтан алады.

Тойгүл: Топырақтан өмір исі шығады

Оны денен тиіп кетсе ұғады.

Еңбегінді есесінен беретін.

Жақсылықта топырақтан шығады.

Елжас: Табиғат байлықтарының ішіндегі тіршілік атаулының өмір өзегі -ауа.

Тіршілікте не дейсің ғой ең қымбат,
Тіршілікте адам қымбат, сен қымбат.
Ал адамға ауа қымбат бәрінен,
Ауа қымбат, алатұғын дем қымбат

Тасним: Расында да ауадан қымбат еш нәрсе жоқ . Адам бар -жоғы бір-екі минут ғана дем алмай тұра алады. Сондықтан дана халқымызда « Ауадай қажет» деген сөз бар. Бірақ сол ауамыз қаншалықты таза екеніне ешкім толық жауап бере алмайды. Автокөліктен, завод, фабрикадан шыққан түтіндер ауамыздың мөлдірлігін бұзады.

Ән «Ертегілер» Дананың орындауында

Жүргізуші: Ия, балалар, ауасыз өмірді елестету мүмкін емес .Ауаны ластамау әрқайсымыздың борышымыз. Ал тіршілікті сусыз елестету мүмкін бе?
Ендігі екінші бөліміміз «Тіршілік көзі -су» деп аталады. Ол туралы біз дүниетану сабағында білгенбіз, жалпы жер бетінің қандай бөлігін су алып жатыр, оның жарамдысы қанша? Судың қаншалықты маңыздылығы бар екен ?

Ерсұлтан: Табиғаттың көркін ажарландырып , жер бетін саялы баққа айналдыратын байлық көзі - су. «Судың да сұрауы бар» дейді дана халқымыз. Қазақстан Республикасында мол сулы өзендер, көлдер теңіздер бар осы мол суды өлшеусіз, есепсіз пайдалану судың азаюына әкеп соғып отыр. (Картадан көрсете отырып) Мысалы Арал теңізіне Сырдария өзені мол су әкеп қоректендіріп отырды. Кейінгі уақытта осы өзен суын көп мөлшерде күріш, мақта өсіруге пайдаланды. Соның салдарынан Арал теңізінің суы азайып, ол тартылып қалды.

Әбдікәрімова Назерке: Каспий теңізі мұнайдың қалдығымен ластанып, балықтар улануда. Міне бұл да адам қолымен жасалған қатыгездік. Көп жерлерде ауыз су жеткіліксіз. (картадан көрсетіп, әңгімелету)
Талыпжан: Ойлау керек Арал жайын , ел жайын,
Пәк табиғат тозып жатыр жыл сайын.
Өзімізді асыраушы табиғаттай -Ананы
Азаматтық арыңменен аялауға тұр дайын!

Жүргізуші: Сонымен су -табиғаттың жаны, қара жердің сәні дедік. Ал табиғатты әдемілікке бөлеп тұрған не? Ол - өсімдіктер.
Келесі үшінші , бөліміміз «Табиғат байлығы -өсімдіктер» деп аталады. Табиғат байлығының бір тобы -жер бетіндегі әдемі өсімдіктер. Олар туралы не айтамыз?
Гүлім: Өсімдіктер, ағаштар табиғатымызды түрлендіріп тұрған түкті кілем сияқты. Халқымыз өсімдікті өмір өзегі деп алып, одан қамқорлығын еш аямаған. «Әкеңнен мал қалғанша тал қалсын» деген көрнекті сөз соның айғағы. Ысырапсыз пайдаланғандықтан өсімдіктердің кейбір түрлері азайып бара жатқандықтан олардың 300-ге жуығы Қызыл кітапқа енгізілді. Қызыл Кітапқа енген өсімдіктерді заңсыз жинаса олардың әрбір данасына 360 теңге көлемінде айып төлейді. (Бұл 2005 жылғы 12 қыркүйектегі №1186 Қазақстан Республикасының қаулысы), «Қызыл кітапты» көрсете отырып әңгімелеу).

Ернар: Елімізде сонымен қатар « Жасыл ел» бағдарламасы бойынша көптеген істер атқарылып жатыр. Сондықтан мен осы отырған барлығыңызды өз өлкелеріңіздің өсімдіктерін біліп, оларды қорғауға шақырамын.

Дариға: Көзін ашып, бақ өсір бұлағыңа,
Айналсын құтты қоныс тұрағыңа .
Жайқалсын өлкемізде саялы бақ ,
Бөленіп күннің нұрлы шуағына


Би «Кең жайлау» орындайтын қыздар тобы

Жүргізуші: Расында да, өлкемізді саялы баққа айналдыру әрқайсымыздың қолымыздан келеді. Ал сол әдемі табиғатымызды әсем әнге бөлейтін не ,балалар? (Құстар)
Олай болса келесі бөліміміз «Орман сәні құстар» деп аталады. Бұл туралы не айтасыңдар?

Малик: Табиғаттың сәні де, әні де қалықтай ұшқан құстар. Олардың әсем әндері бойымызды балқытып, еріксіз еліктіреді. Олар - біздің қанатты достарымыз. Олар -табиғат сақшылары. Егістіктің, бау - бақшаның сенімді серігі. Сондықтан ата-бабамыз құстарды қадірлеп, құрметтеген. Олар батыр ұлдарын сұңқарға, сұлу қыздарын аққуға теңеген.
Зарина: Қазақстанда құтардың 480 түрі бар екен. Соның ішінде азайып кеткен құстар «Қызыл кітапқа» енгізіліп, қорғауға алынды. (Слайдтан «Қызыл кітапқа» енген құстарды көрсету) Ата-бабамыз құсты аса қадірлеген.

Көрініс: Ертеде жоңғар шапқыншылығы кезінде ауыл адамдары елін-жерін тастап қаша жөнелген екен. Сол ауылда Төле би атамыз ғана қозғалмай, киіз үйін жықпапты. Қалмақтың әскер басы себебін сұраса,Төле би үйінің төбесін көрсетіпті. «Қарлығаш шаңырағыма ұя салды, балапандары әлі жас, ұша алмайды» депті. Жас әскер басы Төле бидің адамгершілігіне риза болыпты. Содан Төле би атамызды «Қарлығаш би» атапты, ал қарлығашты «Әулие құс» деп атаған екен.
Қазақтар құстарға қарап ауа райын да болжай білген.

«Жалғастыр» ойыны бойынша мақал - мәтелдерді аяқтату.
• Құс жүнін үрпитсе, ...(жаңбыр жауады, ауа райы өзгереді.)
• Сары шымшық ысқырса- ... (шынымен күз болғаны.)
•Қарға қарқылдаса - (қар жауады.)
• Жыл құсы қаптап кетсе - (көктем ерте келеді.)
• Көкек қатты әрі жиі шақырса -(күн жылиды.)
•Сауысқан шақылдаса, (қонақ келеді. )
• Ерте көктемде қарға суға шомылса, (күн жылиды.)
Айтсақ әніміз, ардақтасақ сәніміз, табиғаттың көркі құстарды қорғау әрқайсымыздың парызымыз

Жүргізуші: Қазақ халқы сүйікті ұлдары мен қыздарын бәйтерекке, қайыңға, жауқазынға, аққуға, құралайға, елікке теңеген. Сұлулықты нәзіктікті - аққуға, мөлдірлікті,тазалықты- бұлаққа, батырлықты- сұңқарға, қыранға балаған. Ардақты азаматын асқар тауым, шалқар көлім, қара орманым деп қастерлеген. «Жақсы жігіт- аспандағы жұлдыз, жақсы қыз жағадағы құндыз» деп ұл мен қызын жұлдыз бен құндызға теңеген. Құндыздың терісін жоғары бағалап, сыйлы адамдарға тарту- таралғы жасаған.

Құстарды табиғаттың әні десек, табиғаттың сәнін келтіретін тағы да нелер деп ойлайсыңдар? (Хайуанаттар)
Ендеше келесі бөліміміз «Табиғаттың сұлу мүсіні хайуанатар» деп аталады. «Жез киік» әні баяу орындалып тұрады.

Мадина: Табиғаттың сұлу мүсіні , көрікті келбеті - хайуанаттар. Халқымыз ежелден-ақ жануарларды көзінің қарашығындай аялап, қамқорлыққа алған көздері мөлдіреп тұрған қыздарын «Ботагөз» деп атаған.

Ерәлі: Бүгінде орманның сәнін келтіретін жан-жануарлар азайып келеді. Соның бірі қазақ жерінде тас дәуірінен бері тіршілік етіп келе жатқан ғажайып хайуанаттар өкілі -Ақбөкен болып табылады. Оны халық көбіне киік деп атайды. Оның мүйізінің өзінен өкпе қабынуын, жүрек ауруын т.б ауруларды жазатын емдік қасиеті бар. Ақбөкеннің азаюының басты себебі - аңды заңсыз брокеньерлік жолмен аулаудың жаппай етек алуы.
Самал: Бүгінде ақбөкенді, жалпы қарақұйрық, құлан, арқар т.б аңдарды қорғау үшін «Дарвин», «Интас» сияқты қорлар, түрлі қорықтар құрылып ,түрлі жұмыстар жасауда. Менің ойымша, адамдардың осындай қамқорлығының, мейірімділігінің арқасында орманымыз қайтадан әдемі аңдарға толатынына сенемін.
Көрініс: Атақты батыр Ханкелді баласы Райымбекті 16 жасқа толғанда «Сәлем беріп батасын алып қайт» деп Төле биге жұмсапты. Төле биге сәлем беріп, елдің сәлем сауқатын жеткізіп, қонақ болған Райымбек аттанар сәтте, дана қартқа мынадай сауал қойыпты.

Райымбек: Жер дегенім немене?

Ел дегенім немене?

Жер сәні деген немене?

Ел сәні деген немене?

Жер құты деген немене?

Жерді не көтереді?

Елді кім көтереді?

Төле би: Жер дегенің- тіршілік, Ел дегенің- қара халқың,

Жер сәні- ұшқан құс пен жүгірген аңы, аққан суы, жайқалған шалғыны, ну орманы.

Ел сәні- өркендеп өскен ұлы мен қызы.

Жер құты - қойнауындғы кені.

Жерді су көтереді.

Жүргізуші: Расында жер- елдің тұрақты мекені, тіршілік көзі, ұрпақ өсірер ордасы. Сондықтан да бабаларымыз « Жер тіршілік», «Жер- қазына» деумен бірге, « Жер қазынаның басы, мол- байлықтың көзі, батыр- ел сақшысы.» Мал- бір жұттық, батыр- бір оқтық, жер- мәңгілік деп даналық ой түйе білген.

Амангелді: Табиғат- әсемдіктің төркінісің,

Ән саламын бір сенің көркің үшін.

Жан - жануар табынып бір өзіңе,

Сенен алып тұрғандай бар тынысың

Бибарыс: Табиғат! Сен дүниедегі ең сұлусың, ең әдемісің! Сенің жұпар ауаң да, жүгірген аңын да, айналаны әсем әнге бөлеген құсың да әдемі! Мен сенен әдемілікті үйрендім. Осындай әдеміліктің ортасында өмір сүрген адамзат баласының қаншалықты бақытты екенін сезінсе ғой!

Назерке: Егер табиғатқа тіл бітсе, ол былайша бізге тіл қатар еді: «Ей, адамзат баласы!»

Сен менің бауырымда өсіп ер жеттің. Мен сені тоңғаныңда күн шуағыммен жылыттым, ыстықта ағаштарыммен жаңына сая болдым. Мөлдір, таза ауаммен дем алдың, жер ана сені асырады, бақты, ұрпағың ғасырдан ғасырға жалғасып келеді. Мен арқылы сен сұлулықты, әдемілікті сезіңдің! Бірақ мен саған өкпелімін. Неге дейсің ғой бүгінгі күніме қарашы. Ауам ластанды. Суым

лайланды, тартылды. Орманымдағы ақбөкенім мен сұлу киігім қайда қашты? Даланы әсем әнге бөлеген құстарым неге азайды? Балықтарым неге жағада өліп жатыр? Сен бүгін менен бәрін алып алсаң, болашақ ұрпағың қалай күн көреді? Әлі де кеш емес ойланыңдар! Табиғатты аялай, қорғай біліңдер! деуші еді.

Аружан: Ей, қазақтың ұланы,

Болғайсың дана қыраны

Жер- суын қорғау бабаңның

Емес пе еді басты ұраны.

Аяулым: Табиғат, Жер -Ана, Отан, Туған жер, Атамекен деген құлаққа жылы естіліп, жүрекке шаттық сезім ұялататын ұлы да қасиетті бір - біріне мағыналас, мазмұны сай сөздер. Адамның өзі Табиғат пен Жер Ананың перзенті.Табиғат пен Жер- Ананы сүйе білу, оны аялау адамның азаматтық борышы.

Мұғалім: Оқушылардың жазған шығармаларын оқытып, «Ой толғау» бөлімін жүргізеді

Ой-толғау (Үй тапсырмасы)
а) «Мен табиғатты сүйемін немесе табиғатпен сырласу»
ә) « Егер табиғатқа тіл бітсе...»
б) «Егер мен суретші болсам...»
в) «Егер мен ақын болсам...» тапсырмалары бойынша оқушылардың шығармаларын тыңдау

«Ребустар» шешу Топтық жұмыс әр топ өздеріне берілген тапсырма бойынша «ребус» алып, шешеді

Қорытынды: Табиғатты қорғау үшін қандай іс-шаралар өткізу керек? ( балалар өз ойларын ортаға салады).

Мұғалім: Ей, табиғат шеберсің, ау шеберсің,

Көрмегенді көрсетерсің, берерсің.

Ұлан ғайыр бұлағыңды місе етпей,

Ашкөзденген адамдарға не дерсің,

Айың анау, күнің анау, жерің мынау

Ау,адамдар жетпей жатыр енді не?

Табиғатқа таласпаңдар, ағайын!

Асырайды ол сені , мені, елді де! - деп ақиық ақынымыз Мұқағали Мақатаев кезінде текке айтпаған екен, ендеше табиғатты қорғау баршамыздың міндетіміз.

Қонақтарға сөз беру



© 2010-2022