Сабақтың тақырыбы: Адам болам десеңіз

Раздел Классному руководителю
Класс 9 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Адам болам десеңіз...

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларды адамгершілікке, қарапайымдылыққа, кішіпейілділікке, әдептілікке, еңбексүйгіштікке, өз халқының салт-дәстүрін үйрене отырып, жаман әдеттерден аулақ болуға үйрету.

ә) Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру.

б) Оқушыларды әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың өтілу әдісі: әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап.

Көрнекілігі: суреттер, сызбалар, нақыл сөздер жазылған плакаттар.

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Психологиялық дайындық.

-Балалар, бүгінгі сабағымызды жақсы көңіл-күймен өткізу үшін, біз бір-бірімізге жақсы тілектер тілейік. «Жүректен жүрекке» ойыны

(тілектер айтылады)

-Денің сау болсын!

-Ұқыпты бол!

-Батыл бол!

-Кішіпейіл бол!

-Ізетті бол!

-Әдепті бол!

-Ақылды бол!

-Міне, балалар, бір-бірімізге денсаулық тілеп, жақсылық жасасақ, ол өзімізге жақсылық болып оралады екен.

Әдепті шыншыл

Сабақтың тақырыбы: Адам болам десеңіз...Сабақтың тақырыбы: Адам болам десеңіз...Сабақтың тақырыбы: Адам болам десеңіз...тәртіпті білімді

мСабақтың тақырыбы: Адам болам десеңіз...ейірімді

Әдепті бала

Сабақтың тақырыбы: Адам болам десеңіз...Сабақтың тақырыбы: Адам болам десеңіз...таза жүреді ұқыпты

Әдепсіз бала

тСабақтың тақырыбы: Адам болам десеңіз...Сабақтың тақырыбы: Адам болам десеңіз...іл алмайды Сабақтың тақырыбы: Адам болам десеңіз...Сабақтың тақырыбы: Адам болам десеңіз... нашар оқиды

Сабақтың тақырыбы: Адам болам десеңіз...

өтірікші еріншек

әдепсіз

+

2 -ші тапсырма

Өздерің білетін тыйым сөздерді айтыңдар.

-Ал, енді балалар, өздерің білетін тыйым сөздерді айтыңдаршы?

-Қандай тыйым сөздерді білесіңдер?

-Аталарың, әжелерің айта ма?

Босағада отырма.

Босағаны керме.

Үйге қарай жүгірме.

Бүйіріңді таянба.

Бетіңді баспа.

Бос бесікті тербетпе.

Бейуақытта жылама, ұйықтама.

Басыңды шайқама.

Дөрекі сөйлеме.

Дастарханды аттама.

Үлкеннің алдын кесіп өтпе.

Үлкеннің сөзін бөлме.

-Дұрыс. Сендер тапсырманы дұрыс орындадыңдар. Тыйым сөздерді жақсы біледі екенсіңдер.

3-ші тапсырма

Жаман әдет туралы қандай мақал білесіңдер?

-Жаман әдет туралы мақал білетін болсаңдар айта қойыңдаршы?

-Ұрлық - түбі қорлық.

-Ұрымен жақын болсаң, ұятқа қаласың.

-Атақты ұры аштан өледі.

-Ұры қарының серігі.

-Міне, балалар, бұл жерден біздің білгеніміз кісі сыйлық жасаса рахмет, біреуді ренжітсең міндетті түрде кешірім сұрау керек екен. Біреудің затын ешуақытта да рұқсатсыз алмау керек екен, бір рет рұқсатсыз алсаң соған әдеттеніп кетесің де, біртіндеп ол әдетті бойыңа сіңіресің. Түбі ол сені үлкен ұрлыққа жетелейді. Ал өздерің білесіңдер «Ұрлық- түбі қорлық» екенін, ұрлық жасасаң заң алдында жауап беруге тура келеді.

4-ші тапсырма

Музыкалық үзіліс

-Балалар , бәріміз қосылып хормен ән орындайық

-Қандай ән айтамыз?

-Олай болса И.Нүсіпбаев ағамыздың «Жас дәуірдің түлегіміз» әнін бәріміз орындайық.

Жас дәуірдің түлегіміз

Сөзі: Е:Өтетілеуов

Әні: И.Нүсіпбаев

-Бау-бақша белдер,

Орман тау көлдер-

Көрікті шексіз даламыз.

Дәулеті тасқан,

Сәулеті асқан-

Көңілді ауыл, қаламыз.

Қайырмасы:

Жадырап күндей,-

Жайнаған гүлдей

Бақытты біздер баламыз.

Өзіміз туған

Көбелек қуған

Өлкеде өсіп, толамыз

Жалықпай оқып,

Көңілге тоқып

Білімді адам боламыз

Қайырмасы:

5-ші тапсырма

-Ойын : «Жалғасын тап»

- Балалар, мен , мақалдың бірінші жолын оқимын, сендер жалғасын табасыңдар.

(экраннан көрсету)

-Ұқыптының тоны тозбас

............................................

(ұқыпсыздың ісі оңбас)

-Әдептілік белгісі

..............................

(Иіліп сәлем бергені)

-Сәлем түзелмей,

............................

(Әлем түзелмейді)

-Аға әдепті болса

................................ (іні әдепті)

-Әдепті бала ата-анасын мақтатар

........................................................

(Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар)

-Ана әдепті болса

...............................

(қызы әдепті)

Бұл 5-ші тапсырманы да дұрыс орындадыңдар. Бұл ойынның түрі «Шорт трек» екен.

6-шы тапсырма

Сиқырлы сөздер айтыңдар.

-Сәлеметсіз бе?

-Аман-есенсіз бе?

-Армысың!

-Айналайын!

-Өркенің өссін!

-Көп жаса!

-Денің сау болсын!

-Спортпен дос бол

-Рахмет!

-Қайырлы таң!

-Кеш жарық!

-Кешіріңіз!

Қорытынды: Міне,балалар,біз бүгінгі тәрбие сағатында Азиададағы қысқы ойын түрлерімен таныстық және тапсырмаларды дұрыс орындап биік таудың шыңына шықтық.

Кеше Азиада ойынында өздерің көргендей біздің еліміз алтын, күміс, қола медальдарды қоржынымызға салып, спортшыларымыз еліміздің даңқын аспанға көтерді. Ал, енді сендер еліміздің болашақ чемпиондары болатындарыңа сенемін. Бүгінгі тәрбие сағатындағы көрсеткен өнерлерің мен білімдеріңді мен де қысқы Азиада медальдарымен марапаттаймын.

( медальдар тарату)


© 2010-2022