Тәрбие сағаты Тәуелсіздік - ел тірегі!

Раздел Классному руководителю
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

14.12.15. 6м3 сыныбы. Ашық тәрбие сағаты.

Сабақтың тақырыбы:

Тәуелсіздік - ел тірегі!

Сабақтың мақсаты:

Оқушы бойында Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру.Тақырып бойынша сөйлесім жұмыстарын ұйымдастыру. Қазақстанның болашақ дамуына өзіндік үлес қосатын жеке тұлға екендігін ұғындыру;
Сөйлеу мәдениетін дамыту.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер:

коммуникативті, салыстырмалы, СТО технологиясының элементтері, сұрақ-жауап, кроссенс

Көрнекіліктер:

видеосюжеттер, презентация, суреттер

Сабақтың өту барысы:

Кезең

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Қызығушылықты ояту

Видеосюжет арқылы тақырыпқа көшу. «Отан» деген сөзді естігенде есіңізге не түседі. Ассоциация туғызу. Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.

Өз ойларын жеткізеді.

Мағынаны ажырату

1. - Отаным-сонау Каспийден Алтайға дейін созылып жатқан қасиетті өлке - Қазақстан. Қазақстан - тәуелсіз, азат ел. Сол тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңізші?! Еліміздің басынан азап та, аштық та, сұм соғыс та өтті. Әсіресе ХХ ғасыр қазақ халқы үшін ауыр, қайғыға толы кезеңдерімен есте қалады. 1916 жылғы көтеріліс 1928-1932 жылдардағы аштық, Ұлы Отан соғысы, 1986 жылғы жерді дүрсілкендірген желтоқсан оқиғасы.
Бұның барлығы да қазақ жеріне ауыр жара салды. Қанша қиыншылық келсе де біз оны ешқашан ұмытпаймыз. Себебі бұл - тарих.

Оқушылар Қазақстанның кешегі күніне, яғни тарихқа шолу жасайық.

2. Әр топқа тапсырмалар беріледі. Берілген тапсырмаға 3 мин ішінде постер жасау.

1 топ - 1465-1986 жылдардағы тарихы.

2 топ - 1986 жыл.

3 топ - 1986-1991 жылдар.

4 топ - 1991-2015 жылдар.

3. Постер қорғау.

1 топ бастайды.

2 топ қорғайды.

1 минут үнсіздік жариялау.

Видеосюжет көрсету.

«Желтоқсан желі» өлеңін бүкіл сыныппен бірге айту.

1991-2015 жылдар. Қазақстан бүгін.(Бүгінгі күннің тарихына шолу)

Қазіргі кезде Қазақстан қандай? Біздің туып - өскен жеріміз, еліміз - Қазақстан. Еліміз мұнайға пайдалы қазбаларға өте бай. Қазір ынтымағы жарасқан көптеген ұлттың өкілдері тұрады. Олар: орыс, татар, өзбек, неміс, түрік т.б. көп ұлттар тұрады. Ол бүгінде дүние жүзінің көптеген елдерімен достық байланыс орнатқан, бүкіл әлем таныған елге айналды. Біздің еліміздің президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бейбітшілікті нығайту жолында көп жұмыстар атқарып келеді. Еліміз ЕД, ТМД, БҰҰ ұйымдарына мүше. Қазір еліміз алдыңғы қатарлы дамыған 30 елдер қатарына қосылуға талпынып жұмыстар атқаруда. Мемлекетіміз заман талабына сай заманауи техникалар мен машиналар, өнеркәсіптер қарыштап дамып келеді. Мен осы тәуелсіз Қазақстан Республикасының азаматы болғаныма мақтанамын.
Қазіргі таңда Қазақстан өркениетті, дамыған елдер қатарында енген мемлекет. Еліміз, тәуелсіз, дербес ел атанды. Ел өз қалауымен президентті сайлап Ата Заңымыз бен мемлекеттік рәміздерді қабылдадық. Ана тіл-қазақ тілі мемлекеттік тіл болып жарияланды. Қазақстанның астанасы - Астана қаласы. Ол

күннен күнге жаңарып, жаңа белестерге көтерілуде. Осы мемлекетті одан да биіктен көрсету ұрпақтың, қазақ ұландарының қолында деп есептеймін.

Оқушылар тақта алдына шығып ант етеді:
Біз тәуелсіз, бәсекеге қабілетті, бай, экономикасы дамыған, алдыңғы қатарлы елдің нағыз патриоты болуға ант етеміз!

"Елдің жастарға жасауы"
Тәуелсіз елдің жастарына жасалып жатқан шараларды топтастыру.
Бала құқығын қорғау конвенция.
Үштұғырлылық - заман талабы.
Оқу кабинеттері жасақталуда.
Мектептер, балалбақшалар саны көбеюде.
Интерактивтік жүйе енгізілуде.
Халықаралық "Болашақ" степендиясы тағайындалды.
Жоғарғы оқу орындарын ашу.
Жастар саясаты қолдау алды.

4. Ендеше сендердің өнерлеріңді тамашалайық.

Өз ойларын айтады.

Әр топ өзіне берілген тапсырмаға постер жасайды.

1 топ өз постерін қорғайды.

1465-1466 жж. - Қазақ хандығы құрылуы. 1511-1521 жж - Қасым хан. 1538-1580 жж - Хақназар хан. 1582-1598 жж - Тәуекел хан. 1598-1628 жж - Есім хан. 1629-1652 жж - Жәңгір хан. 1680-1718жж-Тәуке хан. 1718-1748 жж-Әбілхайыр хан. Жоңғар шапқыншылығы. Ашаршылық. Репрессия ҰОС Желтоқсан оқиғасы.

Құс ұясыз болмайды адам Отансыз болмайды. Ал менің Отаным-сонау Каспийден Алтайға дейін созылып жатқан қасиетті өлке -

Қазақстан. Қазақстан - тәуелсіз, азат ел. Сол тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңізші?! Еліміздің басынан азап та, аштық та, сұм соғыс та өтті. Әсіресе ХХ ғасыр қазақ халқы үшін ауыр, қайғыға толы кезеңдерімен есте қалады. 1916 жылғы көтеріліс 1928-1932 жылдардағы аштық, Ұлы Отан соғысы, 1986 жылғы жерді дүрсілкендірген желтоқсан оқиғасы. 1941-1945 жылдары адамзат тарихында болмаған алапат соғыста, бірлік жолында жан қиған қазақ батырлары фашизмнен бүкіл адамзатты қорғап, ерекше ерлік көрсетті. 100-ге тарта қазақ қаһарманына Кеңес Одағының Батыры деген абыройлы атақ берілді.20 ғасырда дүние жүзіндегі бір де бір ел қазақ көргенді көрген жоқ. 1949-50 жылдары Семей полигонында сыналған 600-ден астам ядролық жарылыстардың кесірінен осы өңірдегі 500 мыңнан астам адам уланды.

2 топ оқушылары: 1986 жыл
Біздің еліміздің басынан қандай қиын-қыстау кезең өтті? Желтоқсан оқиғасына бөлек тоқталайық:1986 ж. Желтоқсан оқиғасы Кеңес империясының тоталитарлық режиміне тұңғыш рет қарсылық ретінде тарихта қалды. Қайрат, Ләззат, Ербол, Сәбира, Мырзағұлдар- елдің нағыз ерлерінің ерлігін ешқашанда ұмытпаймыз.

1 минут үнсіздік жариялау.

1986 жылдың желтоқсаны.


Атыраудан Алтайға, Сарарқадан Алатауға дейінгі байтақ жерімізге желтоқсанның қанды қара дауылы үдей түсіп дүбелең жайылды. Қазақтың көптеген азаматтарының мойындарына қыл шылбыр салынды. Әділдік үшін бой көтерген жас боздақтардың маңдайы тасқа соғылды. Бастарына қара бұл түйірілді.

Флешмоб билейді.

Күй шертеді.

Ой толғау

Болашақ біздің көзімізбен.

Экранда берілген кроссенс арқылы қорытынды жасау.

«Көк тудың желбірегені» өлеңін айту.

Оқушылар өз ойларын айтып жеткізеді.

«Көк тудың желбірегені» өлеңін айтады.





«Оралхан Бөкей атындағы №44 мектеп-лицейі» КММ








Ашық тәрбие сағаты


«Тәуелсіздік - ел тірегі!»


6 «М3» сыныбы


Тәрбие сағаты Тәуелсіздік - ел тірегі!


Сынып жетекші: Раисова Б.Т.





Өскемен, 2015 жыл


© 2010-2022