Ашық тәрбие сағатының тақырыбы: Әжелер сайысы

Тақырыбы: ӘЖЕЛЕР САЙЫСЫМақсаты: Жас ұрпақты ата-баба дәстүрімен тәрбиелеу. Әже тәрбиесін үлгі ету. Әжелер айтқаны асыл екенін, әрі олардың өнегесін күнделікті өмірде пайдалану. Әжелер өнегесінің ерекшелігін ашу. Баланы кішіпейілділікке, қарт адамдарды құрметтеуге үйрету.Сайыстың жүру тәртібі: 1. Ұйымдастыру. 2. Әжені таныстыру. 3. Әділ қазылар алқасын таныстыру. 4. Сайыстың шарттарымен танысу. 5. Сайысты қорытындылау.Жүргізуші сөзіҚұрметті ата-аналар, бүгінгі мерекеге шақырылған қонақтар! Бүгі...
Раздел Классному руководителю
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: 16.03.2015

Сыныбы: 1 «А»

Сынып жетекшісі: Жахина Қарлығаш Серікқызы

Тақырыбы: ӘЖЕЛЕР САЙЫСЫ

Мақсаты:

Жас ұрпақты ата-баба дәстүрімен тәрбиелеу. Әже тәрбиесін үлгі ету.

Әжелер айтқаны асыл екенін, әрі олардың өнегесін күнделікті
өмірде пайдалану. Әжелер өнегесінің ерекшелігін ашу. Баланы
кішіпейілділікке, қарт адамдарды құрметтеуге үйрету.

Сайыстың жүру тәртібі:
1. Ұйымдастыру.
2. Әжені таныстыру.
3. Әділ қазылар алқасын таныстыру.
4. Сайыстың шарттарымен танысу.
5. Сайысты қорытындылау.


Жүргізуші сөзі
Құрметті ата-аналар, бүгінгі мерекеге шақырылған қонақтар! Бүгінгі ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне арналған: «Ақ әжелер сайысы» мерекесіне қош келдіңіздер!
Наурызбенен ұласып көктем жеткен,
Үлкен-кіші көңілін көкке өрлеткен
Жан-жануар, табиғатты түрлендіріп,
Ескі жылмен реніш, өкпең кеткен! -дегендей Жаңа жыл тек жақсылығын әкелсін.
Олай болса, балалар Наурыз мерекесіне арналған тақпақтарымен жалғастырсын:

Дінмұхамед Жанәли Тастемір Ниязбек Айболат Серік Нұрасыл

Жүргізуші сөзі
Әже біздің күніміз
Әже біздің гүліміз.
Балаларды қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз - дей отырып, Мадинаның әжесі Нұрбала әженіду қол шапалақпен ортаға шақырайық, қарсы алыңыздар.

Әже деген көп шығар,

Айсананың әжесіндей әже жоқ шығар.

Мейірімді ол кісі,

Қандай ғажап күлкісі дей отырып Сұлушаш әжейді, ортаға шақырамыз.

Таусылмайды өлеңі,
Күнде айтып береді.
Барған сайын бір жаққа,
Мадинама деп кәмпит алып келеді дей отырып Мадинаның әжесі Базаркул әжейді, қарсы алайық.

Бізге әр кез тілекші боп жүретін,
Қуанышымызға ортақ бола білетін,
Мейірімді әже, асыл әже, ардақты әже- деп Ләйләнің әжесі Бота әжейді ортаға шақырайық.

Жүргізуші сөзі

Кім жеңеді сайыста? Үміт алда,
Қобалжу бар, жүректе күдік барда.
Әділ-қазы алқасы атыңды ақта,
Жүректерге арман менен бақыт жолда - деп әділ - қазылар алқасымен таныс болыңыздар:

  1. Мұғалімдердің қамқоршысы , бастауыш сыныптың оқу ісі жөнініндегі басшысы, аяулы да ардақты ана, болашақ әжеміз Достаева Гүлшат Игілікқызы



  2. Ендеше, сайысбағдарламасыментаныстырайық:


1. «Тегін білу - тектілік» (өзін таныстыру)
2. Өнер сайысы(өз өнерін көрсету)

3. Қазақтың ұлттық салт-дәстүрін көрсету

4. «Сыр - сандық» сұрақ-жауап сайысы.
5. «Дәм - думан» сайысы.

Ендеше сайысқа қатысушыларға сәттіліктілей отырып

1 әжені ортаға шақырайық.

2 әжені ортаға шақырайық.

3 әжені ортаға шақырайық.

4 әжені ортаға шақырайық.

  1. «Тегін білу - тектілік» (өзін таныстыру)

Жүргізуші сөзі Әділқазылар алқасы бағаларын беру шешімін қабылдағанша:


Нағыз қазақ қазақ емес,
Нағыз қазақ домбыра - деп кезекті: «Домбыра» биіне берейік.

Құрметті әділқазылар алқасы, бірінші кезеңнің бағасын айтсаңыздар, сөз кезегі өздеріңізде.

ІІ сайыс. Өнер сайысы (өз өнерін көрсету)

Ал кімнің өнері бар қаншалықты?

Толғанта ән салдырып, билетіп

Жасына қарамастан бұл ортада,

Қай әже таң қалдырар, бұл халықты -деп «Өнер сайысын» тамашалайық.

Екінші сайыс бойынша, әділқазыларға сөз кезегін берейік.

ІІІсайыс Қазақтың ұлттық салт-дәстүрін көрсету

  1. Балаға ат қоюМадинаның әжесі Базаркүл

  2. Бесікке салу Мадинаның әжесі Нұрбала

  3. Тұсау кесер Айсананың әжесі Сұлушаш

  4. Тілашар Ләйләнің әжесі Бота

Өте тамаша, әділқазылар өзара келісімге келгенше балаларымыз әжелеріне арнап ән айтып берсін.

Хор «Әжем айтқан ертегі»

IV сайыс «Сыр - сандық» сұрақ-жауап сайысы

«Сыр сандық» деп аталатын. Яғни, «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» - деп, көпті көрген әжелеріміз бен білімді балаларымызға сұрақ-жауап кезегін берсек. Ол үшін берілген ұяшықтарды таңдаймыз.

1 тапсырма: 1. «Тілашар» қай уақытта жасалады? (Бала мектепке барған кезде).

  1. Ұйқасын тап: «Өзінше ноян, қорқақ кім? ( Қоян)

2 тапсырма: 1. Жеті ата қалай аталады? (ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене)

2. Ұйқасын тап: «Үні ғажап дүл-дүл,

Бақта сайрайды не? ........» (Бұлбұл)

3 тапсырма: 1. Қазақтың ұлттық ойындарын атаңыз

2. Ұйқасын тап: «Тұмсығымен шымшып,

Құрт тереді не? ......... (Шымшық)

4 тапсырма: 1. Ән салып берсеңіз.

2. «Сызып өтіп қарды мен,

Таудан түстім ............ (Шаңғымен)

Ал әділқазылар алқасы бұл бөлімнің қорытындысын шығарғанша

V сайыс «Дәм - думан» сайысы.
Әжелеріміз қандай ұлттық тағам дайындаған екен, ортаға шығып таныстырайық.
№1 нөмірі: жеті шелпек бауырсақ.
№2 нөмірі: сүт тағамдары.
№3 нөмірі: наурыз көже.
№4нөмірі: ет тағамы

Хор: «Наурыз»

Ойын: «Асық ату» (Ойынның шартын түсіндіру).

«Қол күрес»

«Арқан тартыс»

Қорытынды бөлімі: Әділ қазыларға сөз кезегін берсек!


Әжелер қалқып бақыт арасында,
Уайым мұң қонбасын басыңызға.
Осымен сайысымызды аяқтаймыз,
Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңызға - деп жеңістеріңізге құтты болсын айтамыз. Әр әжені номинация бойынша марапаттау.

1 номинация: «Өнерлі әже-2015»

2 номинация: «Білгір әже-2015»

3 номинация: «Аспаз әже-2015»

4 номинация: «Мейірбан әже-2015»

Назарларыңызға көп - көп рахмет!





© 2010-2022