Қонақ күту

Оқушыларды қонақ күту дәстүрімен таныстыру, қазақ халқының қонақжайлылығы жайында әңгімелеу,  »Қонақ күту» тақырыбы бойынша оқушылардың лексикалық қорын молайту, сөйлеу дағдысын қалыптастыру, қызығушылығын ояту. Сабақ үрдісінде қолданылатын мысалдар немесе мәтіндер арқылы оқушылардың қазақ халқына сүйіспеншілік сезімдерін ояту, халық дәстүрін сыйлауға үйрету.  Қазақ халқының қонақжай, меймандостық дарқандығы ғана емес,жаны жайсаң адамдық рухына биіктігін көрсетеді.           Ата-бабаларымыздың салт-дәстүрін,олардың тәрбиелік мәнін бүлдіршіндер бойына дарыту,инабаттылыққа,еңбекке,жақсы мінез–құлыққа тәрбиелеу,ана тілін ардақтап,асыл сөздерді бағалай білуге үйрету.
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Сабақтың тақырыбы: "Қонақ күту"

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қазақтың салт-дәстүріндегі қонақ рәсімін тереңірек таныстырып білімдерін кеңейту.

Дамытушылық:

  • Оқушылардың сөздік қорын молайту, ой-өрісін, логикалық ойлауын шығармашылық қабілетін дамыту, сауатты жазуға, мәнерлеп оқуға дағдыландыру.

Тәрбиелік:

  • оқушыларды адамгершілікке, мәдениеттілікке, салт-дәстүрлерді қастерлеп құрметтеуге баулу.

Сабақтың барысы

  1. Ұйымдастыру: Сәлемдесу Оқушыларды түгелдеу Сабаққа назарын аудару.

  2. Жаңа сабақтың мақсатын айту.


Қонақ күту


Қазақ халқының дәстүрі бойынша сырттан келген жолаушы рұқсатсыз үйге кірмеген. Ол үйдің сыртында тұрып:

  • Үйде кім бар? - деп сұраған.

Содан соң оны қарсы алып, үйге кіргізеді. Қонақ аяқ киімін шешіп, үй ішіндегі адамдармен сәлемдеседі.

Қонақ төрге отырады. Оған алдымен қымыз беріледі. Содан кейін шай береді.

Қазақ елінде қонаққа деп әрқашан сыбаға сақтаған. Арнайы қонақ шақырғанда, сыйлы кісі келгенде қой сойған.

Сыйлы қонаққа бас тартылады. Дастарқан басында домбыра тартады, ән салады.

Сөздік:

Жолаушы - путник

Төр - почетное место

Сыбаға сақтаған - берегли предназначенную для гостей часть согыма

Арнайы қонақ - званый гость

Сыйлы кісі - уважаемый человек

Тапсырмалар:

1. Мәтіннің мазмұнымен таныстыңдар, енді, қонақ күтуге байланысты негізгі деректерді айтып беріңдер. Мысалы: Кіріңіз! Халіңіз қалай?....... .

2. Мына сөздерге түбірлес сөздерді жазыңдар.

Жол-

Қонақ-

Сый-

Төр-

От-

Дос-

3. Мәтінге сүйене отырып қонақ күту жайлы диалог құрастырыңдар.



© 2010-2022