Мектепке дейінгі білім беру мекемесіндегі танымдық қызмет

Мектепке дейінгі білім беру мекемесіндегі  танымдық қызмет.   Психикалы дені сау баланың ерекшелігі – танымдық белсенділігі.  Баланың білімқұмарлығы   әрдайым  өз әлемінің суретін құрастырудан   және  қоршаған  әлемді  тануға бағытталған. Бала ойнай отыра тәуелділік пен  себеп-салдардың  байланысын  бекітуге тырысады. Мысалы, бала өзі қандай заттардың бататынын, ал қандай заттардың  жүзетінін таба алады. Баланың ойында айналада болып жатқан  өмірдің құбылыстарына байланысты  көптеген сұрақтар т...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Бакенова Гульнар Кавасканкызы -

№ 33 «Алтын дән» балабақшасының меңгерушісі



Мектепке дейінгі білім беру мекемесіндегі танымдық қызмет.

Психикалы дені сау баланың ерекшелігі - танымдық белсенділігі. Баланың білімқұмарлығы әрдайым өз әлемінің суретін құрастырудан және қоршаған әлемді тануға бағытталған. Бала ойнай отыра тәуелділік пен себеп-салдардың байланысын бекітуге тырысады. Мысалы, бала өзі қандай заттардың бататынын, ал қандай заттардың жүзетінін таба алады. Баланың ойында айналада болып жатқан өмірдің құбылыстарына байланысты көптеген сұрақтар туып жатады. Баланың неғұрлым ақыл-есі белсендірек болса, ол соғұрлым көп сұрақ қойып, оның сұрақтары әр түрлі болып келеді.

Бала білім алуға талпынады, ал білімді меңгере білуі көптеген «не үшін?», «қалай?», «неге?» сұрақтары арқылы болып жатады. Ол білімге сүйене отыра, жағдаяттарды түсініп және сұраққа жауап алудың мүмкіндік жолдарын табуға тырысады.

Біз сіздермен, балалардың қоршаған әлемді зерттеушілер екенін білеміз. Бұл ерекшелік табиғаттан берілген. Өз уақытында И.М.Сеченов қоршаған өмірді түсінуге есепсіз ұмтылған - баланың туа біткен және жүйке-психикасының ұйымдастырудың аса құнды маңыздылығы туралы жазған болатын. Бұл маңыздылықты И.П.Павлов «бұл не?» деген рефлекспен атады, яғни, бала заттың сапасын тауып, өзі үшін олардың арасындағы жаңа байланысты бекітеді. Заттық «іздеушілік» қызмет баланың қоршаған әлемге қатысты танымдылығын дамытады. Мектепке дейінгі балалардың тіл дамытуымен танымдық қызмет жаңа бір сатыға көтеріледі. Тіл дамытуда балалардың білімі жинақталады, тікелей қабылдаған заттарға қатысты аналитикалы-синтетикалық қызметі ғана емес, сондай-ақ түсінік негізінде де қабілеттері қалыптасады.

Бала үлкенмен қарым-қатынас жасағанда мінезі өзгереді: тұлғалық және танымдылық байланыста маңызды орын ала бастайды.

Қазіргі қиын уақытта әсіресе: «Бүгінгі баланы ертеңгі күннің адамы етіп қалай тәрбиелейміз? Өмір жолына қандай білім беруіміз керек?» деген сұрақтар туындайды. Бұл сұрақты ұғыну жылдам өзгертілген әлеуметтік тапсырысты жете түсіну арқылы болуы мүмкін: кеше орындаушылық қажет болса, ал, бүгін - өзіне тән логикалық ойымен, белсенді өмір ұстанымымен шығармашылық тұлға.

Сондықтан баланы «сезіктенуге үйрету» қажет. Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиешілердің білімі немесе олардың дұрыс айтқаны сезіктендіруі мүмкін. Баланы білімнің ақиқатына сезіктенуге, оның керекті құралын тауып алуға үйрету керек. Бала естіп, есте сақтап қалуы және сондай-ақ бақылап, салыстырып, түсінбегені туралы сұрап, ұсынысын айтуы мүмкін. (Мысалы: темір заттар батады, бірақ бала: темірден жасалған кеменің батпайтынын көріп тұр. Неге? Осыған сәйкес тәжірибелерді ұйымдастырған кезде мектеп жасына дейінгі балалар осы сұрақ бойынша ойлануға болады). Бұлсыз дамытушылық оқытуды болдыру мүмкін емес. Өкінішке орай, мектепке дейінгі білім беру мекеменің жұмыс тәжірибесінде басқа үрдіс (бағыт) жиі байқалады: сыни қабылдауды қажет етпейтін, оларды тек қана есте сақтауға тұрарлық балаларға дайын деректер беру. Білім ойлау, салыстыру нысаны бола алмайтын, өзіне меншікті тәжірибеге тартуды талап етпейтін кезде, оқу балаға үлкен пайда әкеле ме? Сондықтан, сезіктену - бұл дербестікке, ойда, сезімде, әрекетте тәуелсіздікке, шығармашылыққа жол ашу. Үйреншікті: «Менімен дауласуға әлі ерте!» дегенді ұмытатын кез келді. Керісінше, баланы сезіктенуге (егер ол денсаулық пен өмір үшін қауіпсіз болса) дауласуға ынталандыру керек.

Біздің әлем: оны тану үшін адамзат алыс жолға қадам басты. Бірақ, өте қиын және тым алыс жол. Алдыға жылжу үшін, танымдылықты аша білетін, қажымай көксейтін шыдамы мол адамдар қажет. Әрине, жеке адам бір өзі неше жерден ақылды және білімді болса да, бәрі туралы біле бермейді. Бірақ, өз қуанышын, әлемде болып жатқан барлық тіршілікке қызығушылығын сақтап қалады, жәй ғана өз ой-өрісінің кеңейгенін тілейді.

Алдымен, тәрбиешілер, бұл сіздерге қатысты! Сіздер сәбилерді біздің әлемге жетектеп, әлемге деген танымдылықтың негізін салушы, балалардың алдында оның заңы мен құпиясын ашқан алғашқылардың бірі сіздер боласыздар.

Танымның қайнар көзінде таным нысанына деген адамзаттың белгілі бір қарым-қатынасы жатыр. Сондықтан, әрдайым балаларға қоршаған заттарға деген өз қызығушылықтарын тудырып және олардың маңыздылығын тануға деген қалауын көрсетіп отыру қажет. Барлығымыз балаларға белгісіз жағдайлар мен құбылыстарға қуанып және таң қала білетін қабілеттілігіміздің бекерге емес екендігін өзіміз көрсетіп және тәртібімізбен дәлелдеуіміз керек. Сіз қоршаған ортада болып жатқан сан алуан құбылыстар мен түрлі нысандарға қатыстының барлығын балаларға түсіндіріп және айта алмайсыз. Бірақ, әлемге деген жақсы бастаманың (әлем шексіз, қызықты да тамаша) іргесін қалауға сіз міндеттісіз.

Айналадағы әлемді зерттеуге бағытталған баланың танымдылық белсенділігі нысананы зерттегенде біразға дейін оған қызығушылығы басылғанша көп көңіл бөледі. Бұл жерде үлкендердің алатын ролі - осы қызығушылықтарды әртүрлі әдістер мен тәсілдердің көмегімен қолдау көрсету.

Біз сіздермен білетініміз, оқытудың әдістері - бұл балалардың білімді игеруі, шеберліктері мен дағдылары, сондай-ақ олардың танымдық қабілеттерінің дамуының көмегімен жетістікке жететін тәрбиешінің жұмыс тәсілдері. Тәсіл - бұл әдістің бір бөлігі. Алдымен, «бала-үлкен адам» танымдық қызметті ұйымдастырған кезде қарым-қатынас бірігіп қызмет жасауға құрылуы тиіс екенін естен шығармаған жөн. Мектеп жасына дейінгі балаларды осындай бірігіп қызмет жасауға бірте-бірте: үлкендердің қызметін бақылаудан бастап, кейін серіктестікке, содан соң ынтымақтастыққа бағыттау керек.

Сонымен, үлкендер және құрбы-құрдастарымен бірге танымдылық міндеттерді шешу - сын көзбен ойлау, сезіктену қабілеттерін дамытуға апаратын жол. Педагогикалық әдеби тілмен айтқанда мұндай жол мәселелі оқыту деп аталады. Шынында да, мәселелі оқыту алғашқы алған білімдері мен шеберліктерін қолдана отырып, тәрбиеші танымдық міндетті тудырады, балаларға оның маңызды шешімін іздестіруге мүмкіндік береді. Мәселелі оқыту балалардың ойын белсенді түрде арттырып, сынай білуге, танымдылық үрдісінде дербестікке үйретеді.

Әрбір жаңа білім нысананың белгілі бір жан-жақты танымдылығын ашып, балаға болжамдылық пен сұрақты қоздырып отырады. Психикалық үрдісті дамыту үшін балалардың танымдық қызметін қалай ұйымдастыру қажет? (түйсік, қабылдау, есте сақтау, қиялдау, ойлау сонымен қатар, тіл дамыту). Әрбір нақты жағдайда сіз балалармен: топтық және жеке жұмыс жасаудың қандай түрін алатыныңызды өзіңіз шешесіз. Дегенмен, балалардың сезіктену, сыни ойлау қабілеттерін дамыту үшін жұмыстың топтың түріне көңіл бөлген жөн. Балаға үлкенге қатысты сын айтқанша, өз құрбы-құрдастарына сын айтқан жеңіл болады. Сезіктену мен болжамдылық басқа адамның ойымен өзінің көзқарасын салыстырған кезде пайда болады. Үлкендермен қарым-қатынас пен біріккен қызмет баланың алдына мақсат қоя білуге, оларға еліктеуін дамытады. Ал, өз құрбы-құрдастарымен біріккен қызметінде бала үлкендердің: бақылау, бағалау, келіспеушілік, дауласу секілді тәртіп үлгілерін қолдана бастайды. Осылайша, өз іс-әрекеттерімен серіктестерінің іс-әрекеттерін, олардың көз қарасын қабылдай алатын үйлестірушілік қабілеттілік туады. Сондықтан, балаға танымдылық қызмет тәрбиешімен және топтағы басқа балалармен бірге диалог түрінде ұйымдастырылады. Осындай диалогтар - демократиялық және жай ғана қарым-қатынастың көрсеткіштерін көрсетеді.

Мәселелелі міндеттің қойылуы және оның шешімі балалар мен тәрбиешілердің біріккен қызметінің арқасында болып жатады. Педагог тәрбиеленушілерін бірігіп ойлау ізденісіне тартады, сұрақ, түсіндіру, көрсету түрінде оларға көмегін көрсетеді. Танымдық қызмет эвристикалық (сұрақ-жауап, түсіндіру) әңгімемен қоса сүйемелденіп отырады. Тәрбиеші балаларды бұрынғы алған білімдерінен жеке деректерді салыстыруды бақылауды негізге алатын сұрақтар қояды, содан кейін ой жүгірту жолымен бір шешімге келеді. Балалар өз ойларын, сезіктенулерін еркін айтып, жолдастарының жауаптарын мұқият тыңдап, келіседі немесе дауласа алады.

Мәселелі оқытудың негізі - балаларға қойылатын сұрақтар мен тапсырмалар. Балаларға жиі салыстыру мен ұқсастық және айырмашылықты бекітуші сұрақтар қолданылады. Бұл дұрысында заңдылық: әлемді адам салыстыру арқылы таниды. Салыстырудың игілігіне қарай бала айналадағы табиғатты танып, заттың сапасын, маңыздылығын анықтап, әдетте жақсы көрінген заттарына басқаша көзқараспен қарай бастауға мүмкіндік алады.

Салыстыруға арналған сұрақтар алдымен айырмашылығын анықтауға, содан кейін - ұқсастығын табуға арналып қойылады.

Мәселе көтеретін сұрақтардың арасында жаңадан алған білім мен тәжірибенің арасында келіспеушілікті тудыратындар ерекше орын алады. Бұл үшін балалар өздерінің әуелгі түсініктерін жаңа мәнерге ауыстырулары тиіс. Қиялдаудың жоспарына жауап беруші сұрақтар балалардың ойларын белсендендіреді. Сонымен, тәрбиеші жазғы серуенде балаларға егер қысқы аяз күні болғанда ойынды қалай өзгертуге болар еді дегенді ойлауды ұсынады.

Кейде қателесуге де болатынын - балалар да көрсін, байқасын, дұрысын айтып отырсын. Кездейсоқ тәсілдер олардың ойлау қабілеттерін арттырады. Әсіресе, осындай тәсілдер жұмыс істеу қабілеттері жеткіліксіз: (ұзақ отыра алмайтын, ұшқалақ) олардың көңілдері ауып, күш салып тырысатын балаларға қажет.

© 2010-2022