Ата-аналар жиналысы Жалпыадамзаттық қундылықтардың отбасындағы тәрбиесі

Раздел Классному руководителю
Класс 11 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ата-аналар жиналысының жоспары

Мектеп Жамбыл атындағы орта мектеп «КММ»

Сынып

Мерзiм: 25. 2015жыл.

Ата-аналар саны: 15

Мұғалiм: Акбидаева К.Т.

Ата-аналар жиналысының тақырыбы:

«Жалпыадамзаттық құндылықтар отбасылық тәрбиенің негізі»


Мақсаты: Жалпыадамзаттық құндылықтардың отбасы тәрбиесіндегі маңызы жайлы түсініктерін қалыптстыру

Міндеттері:

  1. Жалпыадамзаттық құндылықтар жайлы өзін-өзі тану пәнін оқытудағы жетістіктерін түсіндіру.

  2. Балаларды рухани адамгершілікке баулудағы ата-ананың ролін, төзімділігін қалыптастыру.

  3. Адамгершілік,ізеттілік,мейірбандық,суйіспеншілік сияқты асыл қасиеттерді бала бойына сіңірудегі отбасының қасиеттерін дамыту

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Амандасу, ата-аналарды қарсы алу.

Тыныштық сәті. Су асты патшалығына ойша саяхат.

(Судың сылдыраған дыбысы бар баяу әуен қойылады).

Көзіңізді жұмыныз және бір неше рет терең тыныстаңыз, денеңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз. Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шолпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қары нүкте көріп тұрсыз:ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасында отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз:мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты -неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз. Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осндай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз. Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.

Ресурстары: (материалдары, көздері)

Жоспар

  1. Жалпыадамзаттық бесқұндылықтың мәнін ашып, жіктей отырып, слайд арқылы


2.Құндылықтар терегіне сүйене отырып,ата-ананың бала тәрбиесіндегі жетістігінің жемісінің осындай болатынын түсіндіру.

3. Ата-ана баланы өмірде тек жақсылық жасауға,адамгершілік қасиеттерін бойына сіңірген азамат етіп өсіруді,Рухани құндылықтардың сонда ғана жемісін беретіндігі жайлы кысқаша әңгіме жүргізу

2.Шығармашылық жұмыс.

Бүгінгі кездесуден алған әсерімізді жүректе сақтап, ойымызға түйгенімізді мына бір қызықты әдіс арқылықағаз бетіне түсіреміз

«Кір жаямыз» әдісі бойынша ата-аналар турлі-түсті кағаздан киім улгілерін қиып, берілген сұрақтарға жауап қайтарады.Сөйтіп, дайын жұмыстарын кірқысқышпен жіпке іледі.

Талдау



Түрлі-түсті қағаздар,қайшы,

Фламастер.

Үйге тапсырма.

Жиналыстың қорытынды сәті.

Ұл он беске келгенше

Қолға ұстаған қобызың

Ұл он бестен асқан соң

Тіл алмаса доңызың

Ендеше Құрметті ата-аналар! Бала тәрбиесіндегі балаларымыздың жанының бағбаны бола біліп болашақ ұрпақтарымызға ізгілікті тәрбие беріп, Қадірлі ата-ана деген атқа лайық болайық. Келесі кезекті кездесуімізде «Шаңырақ сайысы » 4топтан құрылған жанұялар сайысы өтеді.

Бәріңізге үлкен рахмет!!!


Мұғалім: Акбидаева Кулипа Токтарбековна

Директор: Жакашева Гулнар Зекеновна

2


© 2010-2022