«ХХІ ғасыр көшбасшысы»

ХХІ ғасыр көшбасшысы интеллектуалдық ойынынының әзірлемесі ұсынылып отыр.Бұл әзірлемеде жаратылыстану-математика пәндері бойынша дайындалған сұрақтар берілген.Ойын өте қызықты әрі тартымды.Оқушыларды зеректікке, алғырлыққа, шапшаңдыққа, терең ойлауға, өз ойын еркін жеткізе білуге, жан-жақты білімді болуға тәрбиелейді.Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтары артып,осындай іс-шараларға қатысуға тартады.Осындай іс-шараларға қатысқан және демеуге келген оқушылардың өздері, өздеріне көп қажетті мәліме...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат rar
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Жаратылыстану-математика әлемі» атты кеш

Жүргізушілер: 10 сынып оқушысы Қапар Бектұр және 8 сынып оқушысы Исағали Динара

1-жүргізуші: Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар!

2-жүргізуші:әділ-қазылар!

1-жүргізуші:оқушылар!

«Жаратылыстану-математика әлемі» атты кешімізге қош келдіңіздер!!!Бүгінгі кешіміздің жоспарымен таныстырып өтейін.

  1. «ХХІ ғасыр көшбасшысы» ойынын тамашалайсыздар.

  2. Әр сыныптың бүгінгі кешке дайындаған әзірлемелерін тамашалаймыз.

2-ж: Ал енді сіздермен бірлесе отырып «ХХІ ғасыр көшбасшысы» атты ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер! Бұл ойында, қатысушыларымызды әртүрлі сынақтар күтіп тұр.

1-ж: Осы сынақтардан нағыз интеллектуалды, жан-жақты дамыған, мейірімді, өзіне сенімді, білімді азаматтар ғана өте алады.

2-ж: Лидер дегеніміз кім?

1-ж: Лидер -тәрбиелі, білімді

2-ж: Лидер-өзінің ынтасымен тығыз байланысты нығайтып, берілген тапырманы жауапкершілікпен уақытында орындайды.

1-ж: Лидер-кез-келген жұмысқа белсенді қатысады.

2-ж: Лидер-үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсете біледі.

1-ж: Лидер-жан-жақты дамыған жеке тұлға!

2-ж:Сонымен «ХХІ ғасыр көшбасшысы» кім болар екен?Оны анықтау үшін ойынымызды сарапқа салып, бүгінгі лидерді анықтауға көмектесуші әділ-қазылар алқасымен таныстырып өтейік.

1-ж:

1.Директордың оқу ісі бойынша орынбасары Нурушева Аягоз Негметоллақызы.

2-ж:

2.......................................................................................................................................................................

1-ж:

3........................................................................................................................................................................

2-ж:Ал енді асыға күткен сәтте келіп жетті, ортаға ойынымызға қатысушыларымызды қошеметпен қарсы алайық!

1-ж: Бүгінгі жарысқа бағын сынағалы келіп отырған мырзалар мен ханымдар өздерін таныстырып өтсін.

1-қатысушы.....................................................................................................

2-қатысушы.....................................................................................................

3-қатысушы.....................................................................................................

4-қатысушы......................................................................................................

5-қатысушы......................................................................................................

6-қатысушы.......................................................................................................

2-Ж:

Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң арқалан.

Сен де бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та бар қалан,-деген Абай атамыздың сөзін қайталай келе,

қатысушыларға сәттілік тілей отырып,ойынымыздың шартын түсіндіре кетсек. Сайысымыз 4 кезеңнен тұрады.

1-ж:

1-кезең Бәйге. 25 лездемелік сұрақтар оқылады, яғни оған ойыншыларымыз жылдам жауап берулері қажет.Әр дұрыс жауап 10 ұпаймен есептеледі.

2-ж:

2-кезең «Полиглот» кезеңі. Полиглот сөзі -грек сөзі, яғни «Көбірек әрқайсысынан білемін» дегенді білдіреді. Бұл кезеңде әртүрлі сұрақтар беріледі, оған ойыншыларымыз 3 тілде жауап берулері қажет.Қазақ-орыс-ағылшын.Әр дұрыс жауап 30 ұпаймен бағаланады.Осы екі кезеңнен кейін әділ-қазылар ұпай санын таныстырып өтеді, ұпай сандары төмен 2 ойыншымыз ойыннан шығады.

1-ж:

3-кезең «Ғажайып жетілік» , қатысушыларымыз әр тор көзден өзіне ұнаған торкөзді таңдап, сұрағына жауап береді, дұрыс жауап берілсе,таңдалған ұпай саны беріледі.3-кезеңнен кейін әділ-қазылар ұпай сандарының қорытындысын айтады, қорытынды бойынша ұпай сандары аз 2 оқушы ойыннан шығады.

2-жүргізуші:

4-кезең «Жорға», Бақ сынасқалы тұрған ойыншыларымызға 3 түрлі «өте маңызды» тақырыптар беріледі.Ойыншыларымыз өзіне ұнаған 1 тақырыпты таңдап, сол тақырып көлемінде ойын жинақтап, бізбен бөліседі. 5 минут уақыт беріледі. Бұл кезеңдегі ең жоғарғы ұпай - 50

1-жүргізуші:

Ойын толық, айналған қатты ағысқа

Табылғандай танымда, жат дауыс та.

Біреу озып келеді қатарынан,

Біреу қалып жатады асығыста.

Ойын толық жатқандай асып, тасып,

Біреу мығым,біреулер шалыс басып.

Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,

Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып!

2-жүргізуші: «Батылдық-балалық шақта шыңдалады» десек баланы бала ететін тәрбие құралының бірі-ойын екендігі белгілі. Барлық ойыншыларымызға сәт-сапар тілей отырып, шыңдарға биік қонғайсың демекпіз.

1-жүргізуші:

Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз,

Шәкірттерге әділ шешім беріңіз.

Жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар шығарар,

Бәйге, бәйге,бәйгелерді көріңіз.

Ал жас қырандар 1-кезең «Бәйге» турын бастайық!

2-жүргізуші:

  1. 1 сағатта неше минут бар? (60)

  2. Дүниежүзілік желі ? (интернет)

  3. Қазақстандағы ең ұзын өзен? (Ертіс)

  4. Ауа қабаты қалай аталады? (атмосфера)

  5. Периодтық жүйені құрған кім?(Д.И.Менделеев)

  6. Тірі ағзаларды жойылып кетуден сақтайтын орын. (қорық)

  7. Темекі түтініндегі зиянды зат? (никотин)

  8. Жүз жылдық мерзім? (ғасыр)

  9. Қан беруші адам? (донор)

  10. Қыстан кейінгі қандай жыл мезгілі келеді? (көктем)

  11. Феррумның қазақша аты? (темір)

  12. Жердің кішірейтілген моделі? (глобус)

  13. Ең кішкентай бөлінбейтін бөлшек? (атом)

  14. 1991 жылдың 16 желтоқсаны қандай күн? (Тәуелсіздік күні)

  15. Асан 2 сағатта 12 шабақ аулады, 3 сағатта неше шабақ аулады? (18)

  16. Шөлге төзімді, суды қажет етпейтін өсімдік? (кактус)

  17. Килобайтта неше байт бар? (1000 байт)

  18. Ас тұзының формуласы? (натрий хлор)

  19. 1 аптада неше күн бар? (7)

  20. 24 санының неше бөлгіші бар? (8)

  21. Жарық жылдамдығы нешеге тең? (300000 км/с)

  22. Ең үлкен мұхит? (тынық)

  23. Ең жеңіл газ? (сутек)

  24. Ауаның құрамында оттегі қанша пайыз? (21)

  25. 1 жұмыртқа 5 минут пісті, 5 жұмыртқа неше минутта піседі? (5 )

  26. Көлемі 2 л ыдысқа қанша литр су сияды? (2 литр)

1-жүргізуші:

2-кезең «ПОЛИГЛОТ» әр толық,дұрыс жауапқа -30 ұпай беріледі.



  1. Құрғақ жерде сақтайсың, онсыз тамақ татпайсың? (тұз, соль, ..............)

  2. Жазда жатсаң, көлеңкесіне алады,қыста жақсаң, жаның рахат алады. (ағаш, дерево, .................................)

  3. Қыз елдің көркі, ...................жердің көркі. (гүл, цветок, .....................)

  4. Ақылы көпті дау алмайды, .............жау алмайды. (дос, друг,.............)

  5. Оқу .........құдық қазғандай. (ине, иголка, ........................)

  6. Бір тал кессең, .......тал ек. (он, десять,...................)

2-жүргізуші: Әділ қазыларға сөз кезегін беріп, 2 кезеңнің қорытындысын тыңдалық.(ұпайы аз 2 оқушы ойыннан шығады)Қатысқандарыңызға көптен-көп рахмет, осы ойынға келіп қатысқандарыңыздың өзі бір ерлік деп қошеметпен шығарып салайық .

1-жүргізуші:

Мәңгі бақи есте қалар,

Ғажайып бір кеш болсын.

Білімдірек шәкірт озар,

Қиынырақ сұрақ болсын,-деп ойынымызды әрі қарай жалғастырайық.

2-жүргізуші:

«Ғажайып жетілік»

Математика

Физика

Химия

Биология

10

10

10

10

20

20

20

20

30

30

30

30

География

Информатика

Кез-келген сұрақ

10

10

10

20

20

20

30

30

30

Математика

10- 4 бұрыштың 1 бұрышын кесіп тастаса қанша бұрыш қалады? (5)

20- Қандай бұрыштың синусы мен косинусы тең , тангенсі мен катангенсі тең? (45 )

30- «Алгебра» пәнінің атауы қай ғалымның еңбегімен байланысты?(Әль -Хорезми)

Физика

10-қатты күйдегі су? (мұз)

20-«Янтарь» сөзі қалай аударылады? (электрон)

30-Иістің таралу құбылысын қалай атайды? (диффузия)

Химия

10-Алтының латынша аты? (аурум)

20-Сутегінен және қышқыл қалдығынан тұратын күрделі заттар қалай аталады? (қышқылдар)

30-Отынның жануы, сүттің іруі қандай құбылысқа жатады? (химиялық)

Биология

10-Адамдағы тістің саны қанша? (32)

20-Күннің әсерінен көмірқышқыл газын сіңіріп, оттегін бөліп шығаратын, тек жасыл өсімдіктерде жүретін процесс қалай аталады? (фотосинтез)

30-Тістің , сүйектің құрамында болатын химиялық элемент.(кальций)

География

10-адам қоныстанбаған материк? (Антарктида)

20-Мариан шұңғымасы қай мұхитта орналасқан? (Тынық)

30-Еуразия мен Африканы қандай канал бөліп тұр? (Суец каналы)

Информатика

10-компьютердің атасы (Чарльз Бэббижд)

20-Информатикаға анықтама бер (ақпараттық процестерді зерттейтін ғылым)

30-Әріптерді қандай пернемен өшіреді? (бакспайс)

Кез-келген сұрақтар

10- Алғаш мектепті кім ашты? (Ы.Алтынсарин)

20- Семей полигонын жапқызған кім? (Олжас Сүлейменов)

30- «Жеті жарғы» құқық құрылымын кім енгізді? (Тәуке хан)

1-жүргізуші: Сөз кезегі қазылар алқасында................................

2-жүргізуші:ұпай саны ең аз 2 ойыншы ойыннан шығады.

Ойынымзды жалғастырайық, ең соңғы «Жорға» кезеңін тамашалайық. Бақ сынасқалы тұрған екі ойыншымызға 3 түрлі «өте маңызды» тақырыптар беріледі.Ойыншыларымыз өзіне ұнаған 1 тақырыпты таңдап, сол тақырып көлемінде ойын жинақтап, бізбен бөліседі.

5 минут уақыт беріледі. Бұл кезеңдегі ең жоғарғы ұпай - 50

«ХХІ ғасыр көшбасшысы»

1-жүргізуші: Сөз кезегі әділ-қазылар алқасына беріледі.

Бүгінгі ойынымыздың жеңімпазы болған..............................................................................

Құттықтаймыз!!!Биік шыңдардан көріне бер демекпіз!!!

2-жүргізуші:

Өнер ағып жатқан бұлақ,

Білім жанып тұрған шырақ

Талап пен ізденіс,

Арманыңды ақиқатқа айналдырады!

1-жүргізуші:

Кітап оқуды қойған адам,

ойлануды да қояды.

Рухани бай болайық достар!

2-жүргізуші: Кешімізді әрі қарай жалғастырамыз.Сөз кезегін 6-10 сынып оқушыларына береміз.

1-жүргізуші: Уақыт бөліп келгендеріңізге көптен-көп рахмет!!!




7


© 2010-2022