Внеклассная работа на тему

           Мақсаты: Ұлыстың ұлы күні  Наурыз мерекесі туралы білімдерін тереңдету.                                               Оқушыларды елін сүюге, дәстүрлі мерекелерді құрметтей білуге тәрбиелеу.      1 – жүргізуші Насима :   Құрметті ұстаздар, қадірлі қонақтар! Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы құтты болсын! Наурыз – көнеден келе жатқан мейрам.  2 – жүргізуші Рафаель :   Наурыз – бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған, халық қастерлейтін күн. Ұл...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ж Досмухамедов атындағы педагогикалық колледжі



«Технология және бейнелеу өнері» кафедрасы

Внеклассная работа на тему















Тәрбие сағаты «Наурыз-думан»

3 а КШТ тобы

Внеклассная работа на тему





Тәрбие сағаты: «Наурыз-думан»

Мақсаты:
Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі туралы білімдерін тереңдету. Оқушыларды елін сүюге, дәстүрлі мерекелерді құрметтей білуге тәрбиелеу.

1 - жүргізуші Насима : Құрметті ұстаздар, қадірлі қонақтар! Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамы құтты болсын! Наурыз - көнеден келе жатқан мейрам.
2 - жүргізуші Рафаель : Наурыз - бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған, халық қастерлейтін күн. Ұлыстың ұлы күні құтты болсын, ағайын!

Внеклассная работа на темуВнеклассная работа на тему
1 - жүргізуші Насима Ата-бабаларымыздың сөзімен айтсақ, ақ түйенің қарны жарылған күні !
2 - жүргізуші Рафаель Күлімдеген көктемнің шуақты шақтарымен бірге жер бусанып, «арқаның қысы аттан түсетін» кез.
1 - жүргізуші Насима Наурыз - табиғаттың тамырына қан жүгіртіп, тіршілік атаулыны қайта оятып, жаңартатын кез.
2 - жүргізуші Рафаель Ендеше көктемнің шуағын ала келген Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі құтты болсын!
1 - жүргізуші Насима Алдымен «Наурыз» деген сөздің өзіне тоқталатын болсақ, бұл көне парсы сөзі. Қазақша аударсақ, алғашқы буыны нау-жаңа, рыз-күн деген ұғымды білдіреді. Сонда жаңа күн деген сөзден шыққан екен. Наурыз-жаңа күн, яғни жылдың алғашқы күні-жыл басы. Бұл біздің халқымызда күн мен түн теңелер мезгіл-наурыз айының 22-нші жұлдызына сәйкес келеді. Бұл қыс бойғы қар еріп, жер жүзі көгеріп, көктеп, тіршілік атаулыға жан бітіп, жасарып жаңартқан шақ.
Внеклассная работа на тему Внеклассная работа на тему

2 - жүргізуші Рафаель Бұл күні аталарымызбен әжелеріміз үй-үйді, ауыл-ауылдарды аралап, наурыз көжеден дәм тататын. Үлкен-кішіге ақ баталарын беріп, ізгі тілек тілесетін болған. «Ұлыс күні қазан толса, ол жылы ақ мол болар» деп нақыл айтып, ауыл арасын бірлікке, татулыққа, ынтымаққа шақыратын. Жыл басы наурыз-күні айтылған бұл тілектер ақ болып, толық орындалады деп ырым ететін.
1-студентВнеклассная работа на тему

Наурыз-шыр айналған жылдың басы,
Адамның өлшенеді өмір жасы.
Қазақтың пейіліне жарасады,
Әр үйде дастарқанға толған асы.
2-студент
Ұшады аққу көлден қазыменен,
Жүреді көл жағалап жазыменен.
Жарасар ойын-күлкі осындайда,
Ойыңды баурайтұғын назыменен.
3-студент
Көрінер ағаш сұлу алмасымен,
Соғады ұста темір балғасымен.
Барады жыл айналып көрмегелі,
Аман ба ауыл-аймақ мал-басымен?Внеклассная работа на тему

1 - жүргізуші Насима Қазақтар бұл мейрамды Әз-Наурыз мейрамы деп те атайды. Халықтың ежелгі наным-сенімінде наурыздың алғашқы үш күнінде жер-көкті жарып ерекше дыбыс (гуіл) естіледі. Мұны тек қана жұмақтан шыққан қой, сол арқылы оны бағып жүрген қойшы ғана естиді. Бұл күні бүкіл табиғатқа, тіршілік иесіне, өсімдік, жан - жануарға ерекше сезім, қуат, қасиет нұры құйылады. Сол себепті, халқымыз «Әз болмай, мәз болмайды» деген.

Внеклассная работа на тему Внеклассная работа на тему

2 - жүргізуші Рафаель Ұлыстың ұлы күні деп неге атаған? Бұл жөнінде мынандай аңыз бар: Бір күні Нұх пайғамбардың кемесі Қазығұрт тауына келген сәтте жердің бетін жайлаған топан су кері қайтады. Сол сәт жер бетіне табаны тиген барлық тіршілік иелері көк аспаннан түс-кен қасиетті қазаннан бірге дәм татады. Содан, бұл күнді - ұлыстың ұлы күні деп жариялайды.

1 - жүргізуші Насима Ұлы ғұламалар Әбу Райхан Бируни, Омар Һайям тәрізді әлем таныған тарихи тұлғалардың еңбектеріндегі Шығыс халықтарының Наурыз мейрамын қалай тойлағаны туралы деректерге назар аударсақ, парсы тілдес халықтардың Наурызды бірнеше күн тойлағанын білеміз. Ендеше, халқымыздың тарихына тоқтала, Наурыз күндерінде қандай салт-дәстүр, ырымдар жасағанына сұрақ-жауап жүргізейік!
1. Әр жерде үлкен от жағып, отқа май құйған.
2. Жаңа өнген жеті дәнге қарап болашақты болжаған.
3. Жеті ақ кесемен дәстүрлі ұлттық көже «сумалық» ұсынған.
4. Ескі киімдерін тастаған.
5. Ескірген шыны аяқты сындырған.
6. Бір-біріне гүл сыйлаған.
7. Үйлерінің қабырғасына дөңгелек ою - «күн символын» салған.
8. Үйлеріндегі тіреу ағашқа гүл ілген.
9. Жамбы ату тәрізді түрлі жарыстар өткізген.
10. Бұл күні кәрі-жас мәз болып, бір-біріне жақсы тілектер айтқан, араздаспаған.Наурыз күні - араздасу, харамдыққа жол беру - ауыр күнә.

2 - жүргізуші Рафаель

Наурыз мейрамына байланысты атаулар білетін болсақ атап көрелік!
Наурыз күні, Наурыз айы, Наурызнама, Наурызкөже, Наурыз тойы, Наурыз жыры, Наурыз жұмбақ, Наурыз бата, Наурыз тілек, Наурыз төл, Наурызкөк, Наурыз есім, Наурыз шешек, Наурызша, Әз, Қыдыр, Саумалық, Мұхаррам (тыйым), Самарқанның көк тасы. Наурыз бата Өркенің өссін!
Внеклассная работа на тему Внеклассная работа на тему

1 - жүргізуші Насима Наурыз мерекесінде неше түрлі ойын ойындалады. Бүгін біздер технология студенттерімен түрлі жарыстарды қызықты өткізейік! Ежелгі ойындардың бірі- Кім жылдам? Ойыншылар ойынға әр топтан екі-екіден қатынасады. Ортаға шыққан екі оқушы бір-біріне арқасын беріп,екі жаққа қарап тұрады. Аяқтарының арасын иықтарының бірдей етіп ұстайды.Ойын жүргізуші екеуінің аяғының арасына ұзыннан белбеу тастайды да 1,2,3 деп санайды. «Үш» дегенде кім еңкейіп белбеуді бірінші алса, сол жеңімпаз.Осылайша ойыншылар соңғы ойыншыға дейін жарысып, жеңімпаз анықталады.

2 - жүргізуші Рафаель «Аударыспақ» ойыны. Негізінде бұл ойын ат үстінде ойналған. Ортаға әр топтан екі студент шығады. Бір-біріне арқаларын беріп, қолдарын айқастырады. Жүргізуші 1,2,3, деген кезде, қарсыласын арқалап жоғары көтеруі керек. Кім көтерсе сол жеңімпаз.

Внеклассная работа на темуВнеклассная работа на тему

1 - жүргізуші Насима Наурыз мерекесінің сәні жастар болған, ән айтып, алтыбақан теуіп, ақындары айтысып, ақсүйек ойнаған. Бізде бөлме іші болғандықтан «Жүзік тастау» ойынын өткізейік! Ойын шарты: Жүргізуші қатарласа отырған жастардың қос қолдарына жүзік салып өтеді. Жүзік алған ойыншы шапшаң орнынан тұруы қажет. Қасында отырған көршісі ұстап қалуға тырысады. Ұстап алса ойыншы, ұстамаса көршісі айып төлейді. (Ән айтады ,би билейді)

Алтын жүзік жоғалды

Жоғалғанда кім алды?

Алыстан ұры келген жоқ

Осы топтан бірі алды

Внеклассная работа на темуВнеклассная работа на тему

Внеклассная работа на темуВнеклассная работа на тему

2 - жүргізуші Рафаель Біздің ұлттық киіміміз өте әдемі ерекше көктем гуліндей. Бүгінгі мерекемізге «Технология» мамандығы студенттерінің әр түрлі материалдан дайындаған сән үлгілерін назарларыңызға ұсынамыз!

  1. Ойын «Елім менің»

ШҚ, АЫ, ҚҒ, ОА әріптерінен құралатын сөздер

Внеклассная работа на темуВнеклассная работа на тему

1 топ

ШОҚЫ - қыр, бел, төбе

АҚЫҚ - Біржан Салдың әні,

Теміртас асыл ... қарақтарым,

Үкідей мен сендерді балақтадым.

ОШАҚ - қазан қайнататын орын

АҚША - ... болса қалтаңда

Алшаңда батыр алшаңда

Внеклассная работа на темуВнеклассная работа на тему

2 топ

ҚОҒА - суда өседі

АШЫҚ - жабықтың антонимі

АҒАШ - Жалғыз адам қорған болмас,

Жалғыз ... орман болмас

ОҒАШ - әбес, қате сөздерінің синонимі

Внеклассная работа на темуВнеклассная работа на тему

ЕӘ, ЕІ, МС, ШК әріптерінен құралатын сөздер

3 топ

ӘКІМ - ауыл, қала, облыс басқаратын басшы

ЕСІК - киіз үйдің сықырлауық деп аталатын бөлшегі

КЕМЕ - екеуінің басын ұстаған суға кетеді

ӘКЕМ - менің баламның атасы

Внеклассная работа на тему Внеклассная работа на тему

4 топ

КЕСЕ - пиала, шыны

ЕСЕК - төрт түлікке жатпайтын жануар, төлі қодық

ӘШІМ - Актер Асанәлінің әкесі

ЕСКІ - көне зат

Внеклассная работа на тему Внеклассная работа на тему

Внеклассная работа на темуВнеклассная работа на тему

1 - жүргізуші Насима Сіздерге халық жұмбағын жасырайық

«Атасы мен анасы,

Үш жүз алпыс бес баласы,

Он екі ауыл шамасы,

Отыз ор дуадақ,

Бес балақ сан,

Елу екі қарақшы»,-

жұмбақтың жауабы, қазақтар бір жылды әрқайсысы отыз күннен тұратын он екі айға бөлген. Жыл соңындағы санатқа кірмей қалған 5 (6) күн -«бес қонақ» деп аталады

2 - жүргізуші Рафаель Көктем келіп жер аяғы кеңігенде ойналатын балалардың сүйікті ойыны «Асық ату». Ептілікке , шапшаңдыққа үйретіп, дені сау ұрпақ тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Ойын шарты : Асықтарды сызыққа тізіп, кезектесіп атады ,кім көп асық ұтса сол жеңімпаз.

Внеклассная работа на темуВнеклассная работа на тему

Внеклассная работа на темуВнеклассная работа на тему

1 студент: Ұлыс күні құтты болсын,Внеклассная работа на тему

Ақ кетпесін таңдайдан!

2 студент: Ел іргесі мықты болсын,

Бақ кетпесін маңдайдан!

3студент: Ниеттерің ақ болсын,

Наурыздың ақша қарындай.

4студент: Бастарыңа бақ қонсын,

Шашыңның барлық талындай.Внеклассная работа на тему

5студент: Санасы өсіп адамның,

Көңілде кір қалмасын.

6студент: Құты қашып жаманның,

Жақсы тапсын жалғасын.

7студент: Тыныш болсын даламыз,

Внеклассная работа на тему

8студент: Таза болсын ауамыз,

9студент: Тұнық болсын суымыз.

10студент:Кірісіміз көп болсын,

Бүгінгі Наурыз көжедей.

11студент: Ұлыс оң болсын,Внеклассная работа на тему

Ақ мол болсын.

Қайда барса жол болсын!

12студент:Ұлыс бақты болсын,

Төрт түлік ақты болсын!

Ұлыс береке берсін,

Бәлі-жала жерге енсін!

13студент:Малың базарлы,

Ұлың назарлы,Внеклассная работа на тему

Қызың ажарлы болсын!

14студент:Бай қылсын,

Төрт түлік сай қылсын,

Кетпес дәулет берсін,

Отауыңа сәулет берсін

15студент:Дәулетің шалқып, сел болсын,

Дастарқаның кең болсын!

Бәрі бірге, жіптен құрылған өрмекті жоғары көтере:

Әрбір күніміз мерекелі, әрбір ісіміз берекелі болсын! Дамуымыз жедел, келешегіміз кемел болсын! Жарқын іспен күллі әлемді таң қылып, Жасай берсін, Елдігіміз Мәңгілік!

Қорытынды . (жүргізушілер кезектесіп)

Әр күнің Наурыз күніндей берекелі болсын!

Ұлыстың ұлы күнінде:
Ұлың - оңға, қызың қырға қонсын!

Ақ берсін, Қыдыр дарысын!

Ұлыс оң болсын, Ақ мол болсын

Внеклассная работа на темуВнеклассная работа на тему

Внеклассная работа на темуВнеклассная работа на тему

Ж Досмухамедов атындағы педагогикалық колледжі



«Технология және бейнелеу өнері» кафедрасы

Внеклассная работа на тему













Тәрбие сағаты «Наурыз-думан»

3 а КШТ тобы

Внеклассная работа на тему

© 2010-2022