8 сынып ашық тәрбие сағаты Дос қадірін білейік

Раздел Классному руководителю
Класс 8 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Берілген уақыт


Пәні: Тәрбие сағаты

Мерзімі: 19.01.2016 жыл

Сыныбы:8«Б»

Сабақтың тақырыбы:

Дос қадірін білейік

Сабақтың реті:

2-сабақ

Жалпы сабақтың мақсаты:

Достықты қадірлеуге, сыйлауға, қиналған сәтте көмектесуге, шынайылыққа, адами қағиданы ұстануға үйрету.

Күтілетін оқу нәтижелері:


-дос туралы түсініктерін топ арқылы жұмыспен көрсете алады.

-сурет салу арқылы ойын жеткізе алады.


Түйінді идеялар:

Бірлесіп жұмыс істеуге, татулыққа, өз ойын еркін жеткізе алады.

Сабақты ұйымдастыру түрі:

Тренинг-тәжірибе

Белсенді оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер:

Сәлемдесу, жүректен-жүрекке, миға шабуыл, бейнебаян.

Жұмыс түрлері:

Ұжымдық, жеке жұмыс, жұптық жұмыс, топтық жұмыс

Сабақтың дидактикалық қамтамасыз етілуі яғни дереккөздер:

Интерактивті тақта, ғаламтор, слайд, ақ парақшалар, маркерлер, стикерлер, компьютер

І. Қызығушылығын ояту кезеңі:

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

1-әрекет. Сыныптағы ынтымақтастық атмосферасын құру.


Жүректен-жүрекке (жақсы тілектер айту)

2-әрекет. Парақшалар арқылы топқа бөлу.

Оқушылар топқа бөлініп, жаңа топ құрады

3-әрекет. «Миға шабуыл»

Оқушылар достық тақырыбын өз ойларын жеткізе білу

4-әрекет. Бейнебаян

Топтар бейнебаянды топ бойынша мағынасын ашады.



ІІ. Мағынаны ажырату кезеңі

5-әрекет. Суреттер сөйлейді


Әр топ мақал-мәтел тақырыбын ашып суреттер салады.

6- әрекет. «Поэзия минуты»

Мұқағали Мақатевтың «Дос болам десең...» атты өлеңі бойынша қысқаша көрініс көрсетеді.

7-әрекет. «Мақал-сөздің мәйегі» (жалғасын тап)

Оқушылар мақалдың жалғасын табады



ІІІ. Ой толғаныс кезеңі

8-әрекет. Сергіту сәті

Сергіту жаттығуын жасайды

9-әрекет. «Деген екен» айдары

Оқушылар ұлылар сөзінен үзінді айтады

10-әрекет. Үй тапсырмасы


«Достықтың шыңына ту тігем» тақырыбында шығарма жазу.

11-әрекет . «Бас бармақ әдісі» әдісі бойынша белсенді оқушыны марапаттау

Оқушыларды бармақ көрсету арқылы бүгінгі сабаққа баға береді.

12-әрекет. Рефлекция


Оқушылар жер шарына өздерінің пікірлерін ілу арқылы қорытындылайды

Мұғалім

Жиенбаева Әлия Нәсілжанқызы




© 2010-2022