«Әдемі торғай» ашық оқу іс-әрекеті

«Әдемі торғай» атты ашық ҰОӘ – і балаларды шаттық шеңберіне тұрғызып, торғайдың дауысын тыңдаумен басталды. Сол кезде өлең жолдары оқылып, не жайында айтылғаны сұралды. «Не қалай дыбыстайды?» дидактикалық ойыны ойналды. Балалар құстардың дауыстарын ажыратты. Кейбіріне шатасты. Ойыннан соң фишкаларын таңдап, «Өнер» және «Білім» орталықтарына бөлінді. «Білім» орталығында тәрбиеші Н.С. Аугалиевамен балалар құстардың тіршілігі жөнінде әңгімелесті, сұрақтарға жауап алынды. Ал «Өнер» орталығында мен, ...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

5 технологиялық карта

Уақыты: 12.11.2014 ж Тобы: «Балапан»

Білім беру саласы: «Таным», «Шығармашылық»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Қоршаған ортамен таныстыру, мүсіндеу

Тақырыбы: «Әдемі торғай»

Мақсаты: құстың бөлшектерін дайындап, бөлшектерді бір-бірімен біріктіре алуды үйрету; құстар туралы білімдерін дамыту; саусақ икемділіктерін арттыру. Тілдерін дамыту. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру. Балаларды құстарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: шырылдайды, гуілдейді, қаңқылдайды, қарқылдайды, шықылықтайды.

Қостілділік компанент: әдемі- красивый, торғай - воробей, қанат - крыло, ұя -гнездо.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық - қозғаушылық

Шаттық шеңбері.

Біз бақшаға ризамыз,

Апайларға ризамыз.

Асыр салып ойнаймыз,

Өмірге де ризамыз!

(Г.Бектұрова)

Балалар шеңбер құрып тұрады. Өлеңді қайталайды.

Ұйымдастырушылық - ізденістік

(торғайдың дауысын қосу)

Балаларға тақпақ оқу:

Торғай, торғай, тоқылдақ,

Жерден тары шоқып ап,

Бөтегесі бұлтиып,

Шық-шық етіп отырмақ.

Слайд көрсету.

-Балалар, құстың дене құрылысына сипаттама беріңдерші.

-Ол қалай қоректенеді?

Дидактикалық ойын:

«Не қалай дыбыстайды?»

Теледидардан әртүрлі құстардың суретін көрсетіп, дауысын тыңдату.

Сөздік жұмыс: шырылдайды, гуілдейді, қаңқылдайды, қарқылдайды, шықылықтайды.


Фишка арқылы екі «Өнер» және «Білім» орталықтарына бөлу.

«Білім» орталығы

Слайд көрсету.

Қыстап қалатын құстар туралы білімдерін еске түсіру. Торғай туралы мәлімет беру.

Дауысты, тақпақты тыңдайды, сұрақтарға жауап береді.


-Басы, тұмсығы, екі қанаты, денесі, құйрығы, екі көзі мен аяқтары бар.

-Ол түрлі дәндерді, жәндіктерді жейді.

Қандай дыбыс шығатындарын айтады.

Қайталайды.

Торғай шырылдайды. Көгершін гуілдейді. Қаз қаңқылдайды. Қарға қарқылдайды. Қарлығаш шықылықтайды.

Орталықтарға бөлінеді.

Тыңдайды.

Оның дене құрылысына талдау жасау.

Қалай тіршілік ететіндігін әңгімелеу.

Торғай - кең далада тіршілік ететін әнші құс. Денесі сопақша, басы дөңгелек, тұмсығы үшбұрышты, қанаты ұзын, сұрғылт, боз түсті болып келеді.

-Айтыңдаршы, балалар, қыстап қалатын құстар ұйқыға кете ме?

-Құстар қысқы суыққа төзе ме?

-Балалар қалай ойлайсыңдар, құстарға ең қиыны аштық па, әлде суық па?

-Иә, құстарға ең қиыны суық емес, аштық.

-Құста сүт бола ма?

-Кім қалай ойлайды?

-Жыртқыш құстар бола ма?

-Қандай жыртқыш құстарды білесіңдер?

(қыран, бүркіт, үкі)

-Құстарда құлақ бола ма?

(құстардың құлағы бар, олардың есту қабілеті жақсы жетілген. Құстардың кеңістікте бағдарлай алуы, ұшқанда тепе-теңдікті ұстауы, есту қабілетіне байланысты)

-Құстар не істей алады?

-Олар ұшу үшін денесінің қай бөлігі көмектеседі?

-Қалай ойлайсыңдар, құстардың денесі ауыр ма, әлде жеңіл ме?

-Неліктен жеңіл?

-Қараңдаршы, балалар, мен мына ақ қағазды домалақтап, мыжып, жоғары лақтырамын. Ал, мына қағазды осы күйінде лақтырамыг. Не байқадыңдар?

-Неліктен, екі бірдей қағаз жерге әр түрлі түсті?

(мыжылмаған қағаздың беті жалпақ болғандықтан, бірден жерге түспей, ол ауада қалықтап ұшты)

Суреттермен жұмыс.

«Өнер» орталығы

Үлестірмелі материалдарға назарларын аудару.

-Балалар, біз бүгін торғайды мүсіндесек қайтеді?

-торғайды мүсіндеп, суреттегі торғай қонып отырған ағаштың бір бұтағына орналастырамыз.

-алдымен денесін жасаймыз, ол үшін екі домалақ дайындап аламыз, үлкені -денесі, кішірегі -басы болады. Үлкен домалақты сопақша пішінге келтіріп, екі саусақпен қысып құйрығын шығарып, құйрығының ұшын жалпақтаймыз. Кішкентай домалақ бөлшек құстың тұмсығы болады, екіншісінің



Қойылған сұрақтарға жауап беріп, өз ойларын айтады.







Суретпен жұмыстанады.


Торғайды мүсіндеуге ынталарын білдіреді.

Үлестірмелі материалдарды қарайды.

Балалар берілген түсінік бойынша үлестірмелі материалдағы жұмыстың орындалу барысын қарай отырып, мүсіндеу жұмысын





де құйрығын солай созамыз. Енді екеуін қосамыз. Құстың аяғын жасаймыз. Дайын құсты ағаштың бір бұтағына орналастырамыз.

Балалармен жеке жұмыс жүргізіледі.

(әуен қосылып тұрады)

Әдемі - красивый, торғай - воробей, қанат - крыло, ұя - гнездо.

Сергіту сәті:

Кәне, қанат жазайық

Құс боп желмен ұшайық

Ұшып-ұшып алайық,

Ұямызға қонайық.

(екі орталық ауысады)

жасайды. Мүсінделген торғайды ағаштың бір бұтағына орналастырады.


Қайталайды.

Балалар қолдарын жазып, құс болып ұшады.

Ауысады.

Рефлексиялық-түзетушілік

Балалармен «Жапалақ» ойынын ойнау.

(Балаларға құстардың атрибуттарын кигізу, әсерлі әуен қосу)

«Күн» дегенде балалар «ұшады», жапалақ ұйықтайды, «түн» дегенде құстар ұйықтайды, жапалақ ұшады. Ұйықтамаған құсты ұясына алып кетеді.

-Жарайсыңдар, балалар.

Оқу іс - әрекетіне белсенді араласқан балаларды мадақтау. Смайлик үлестіру.

Қорытындылау.

Ойынға кіріседі, нұсқау бойынша қимылдар жасайды.


ҰОӘ-н алаған әсерлерін бөлісу.

Күтілетін нәтиже:

Жасайды: бөлшектерді дайындап алып, оны біріктіре отырып құстың бейнесін мүсіндейді.

Түсінеді: құстардың пайдасын, оларды қорғау қажеттігін.

Қолданады: оқу іс-әрекеті барысында алынған дағдыларды.


© 2010-2022