Тәрбие сағаты

Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздік,еркіндік – ежелден ел тірегі. Тәуелсіздік халқымыздың бостандығы мен дербес даму жолындағы сан ғасырлық куресінің тарихи нәтижесі.Тәуелсіздікке, бейбіт елге қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің озық дамыған мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 23 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге же...
Раздел Классному руководителю
Класс 4 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Тәуелсіздік бастауы - Желтоқсан»


1-жүргізуші:
Армысыздар, құрметті ұстаздар, студенттер және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 23 жылдығына арналған «Тәуелсіздік бастауы - Желтоқсан» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!
Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздік,еркіндік - ежелден ел тірегі. Тәуелсіздік халқымыздың бостандығы мен дербес даму жолындағы сан ғасырлық куресінің тарихи нәтижесі.Тәуелсіздікке, бейбіт елге қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің озық дамыған мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 23 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш президентпрезидентміз - Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқшанда айтып өтеміз.
Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.

2-жүргізуші:
Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік - ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!

Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.
Ата бабам аңсап өткен бақытым,
Айналайын, Қазақстан - Гүлстан!

Шалқар аграрлық - техниалық колледжінің көркем өнерпаздарының шағын концерттік бағдарламасын қабыл алыңыздар!

1 - жүргізуші: Ортада №11 топ студенті:

Сұлтанбеков Әділет «Жаса, Қазақ» әнімен қарсы алыңыздар!

1-жүргізуші:
Күй, сені тәтті көрем, жаным сүйіп,
Тыңдаймын тыным алмай, жанып-күйіп
Өмірдің сырын ашып жүрегіме
Музаның әміріне басымды иіп.

Алайық ескі күйдің бәрін жиып,
Жандырған ой-қиялды қалың күйік
Шерттіріп құнарлырақ домбыраға
Тербеліп ырғағына тамылжиық

«Балбырауын» күйі. Орындайтын: №14 топ студенті Айтбай Айдар

1-жүргізуші:

Қасқалдақ ұшып көлінен,

Шүрегей келіп қонған күн.

Қыранды қуып көгінен,

Қарғалар билік алған күн.

«Нашақор»деп, «ұлтшыл»деп.

Қазаққа күйе жаққан күн,

Қақаған күннің ызғары

Сүйектен өтіп кеткен күн,

2-жүргізуші.
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан - елім менің!

Құттықтау сөз кезегі колледжіміздің директоры: Жеткерген Данағұлұлы Елемесұлына беріледі!


1-жүргізуші

Бақытым-Республикам Қазақстан,
Көгінде ақ көгершін, қаздар ұшқан.
Саған жетпес құшағы әлемнің де,
Қыс болса, бір шетінде жаз ауысқан.


Алдарыңызда бишілер тобының орындауында «Қара жорға»

1 -жүргізуші:
Қазақ дейтін менің бір елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін.
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далаға жылап келіп қуанған, -деп Қасым Аманжолов ағамыз жырлағандай, кең байтақ жерімізде қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші.Талай қиындықты бастан кешірсе де, ешқашан мойымай, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сеніп, үміттерін үзбеді.

Ортада №14 топ студенті Көшкінбай Гүлзира Убайдулла Көпелұлының сөзіне жазылған «Желтоқсан» өлең-шумақтарымен қошеметпен орта шақырамыз.


2 - жүргізуші
Сол күндер ғой жүректің аңсағаны,
Соған шөлдеп, шөліркеп тамсанады,
Өкініш пе, білмеймін қуаныш па
Өз-өзінен жүрегім ән салады.

Олай болса келесі сахна төріне «Желтоқсан желі» әнімен №13 топтың күміс көмей, жез таңдай қыздарыңыз Зілғара Ардақты ортаға шақырамыз.

1-жүргізуші:
Қазқата: «Орнында бар оңалар» демекші, ел орнында, жер орнында, жерге жетер байлық жоқ. Жер болса, ел болады, ел болса ер болады. Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан» егеменді ел болып, дүниежүзіне танылды. 120-дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.


2 -жүргізуші:
Қазақпын, еңселі елмін егеменді,
Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар
Таныды тепе-тең деп тереземді.
Қазақпын, қойнауы-құт, жері-дархан,
Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.
Ән: «Елбасы» орындайтын: №11 топ студенті Қалдыбаев Асланбек.


1-жүргізуші:

Барлық ұлттың басын қосты бұл достық
Ұлы достық
Нұрлы достық
Күн достық
Достық деген қасиетті ұранға
Кең даланың жүрегі де үн қосты
Биші қыздар биімен де үн қосты.


№13 топ студенті Зілғара Ардақтың орындауында «Желтоқсан желі» әні.

2-жүргізуші:

Қасиетті Қазақстан мекенім,
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.
Елім, жерім, Отаным - бақ-дәулетім,
Болашағым, өнер-білім, өркенім.

Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма
Туған тілім шұбарланба жарқыра
Тарихымызда таланттылар көбейсін
Бас иемін ата баба рухына


Бойымда әні бұлақ шұрқырап
Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап
Тілейтінім барша жұртқа бір ғана
Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ.

Ән «Астана». Орындайтын: № 13 топ студенті Бекзат

2-жүргізуші:
Ту тігілді халқымның бүгін бағына
Жас өрендер желбіретіп нық ұста
Ғасырларға жалғастырып елдікті
Дақ түсірме ата баба рухына
Үлгі бізге аталардың ерлігі
Ұлағаты өнегесі еңбегі
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары.

Келесі кезекте орындалатын Қазақстан Республикасының нышандарының бірі «Қ.Р Мемлекеттік Гимні»
1 - жүргізуші:
Қазақ елім!
Туды жастық дәуірің.
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын, алыбым!
2 - жүргізуші:
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын.
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі тәуелсіздігіміздің
23 жылдығына арналған « Тәуелсіздік бастауы - Желтоқсан» атты мерекелік кешіміз өз мәресіне де келіп жетті.

1-2 жүргізуші:
Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!









«Шалқар аграрлық - техникалық колледжі» МКҚК





«Бекітемін»

директордың тәрбие ісі

жөніндегі орынбасары:

_______ М.С.Қосназарова



Тәуелсіздік бастауы - Желтоқсан

( мерекелік кеш жоспары)





Жауапты: Б.М.Тулегенова

Шалқар 2014ж



Тәуелсіздік бастауы - Желтоқсан, мерекелік кештің есебі.

2014-2015 оқу жылындағы - Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік кеш 2014 жылдың 13 желтоқсанында колледждің актзалында өтті.

Бұл мерекелік шараға - мен, яғни тарих пәні оқытушысы Б.М.Тулегеноваға жүктелді. Мерекелік шараға барлық топтың студенттері мен жетекшілері атсалысты. Кеш жүргізушілері №14 топ студенті А.Айтбай мен №13 топ студенті Өтегенова Бекзат болды. Мерекелік кеште патриоттық әндер айтылып, күмбірлеген күй шертілді, №12 топтың ер баралары мен №13 топтың қыздары «Қара жорға» биін орындалды, №14 топ студенті Көшкінбай Г. мәнерлеп тәуелсіздікке байланысты өлең - шумақтарын оқыды.

Колледжде Тәуелсіздік күніне орай көрме ұйымдастырылып мерекелік кеште көрме заттары мен тәуелсіздік күніне тақырыптық слайдтар кеш көрермендеріне көрсетілді.

Сонымен қатар колледжімізде тәуелсіздік күні қарсаңында Тарих және А.Ә.Д пәндері апталығы өтіп жатқан болатын. Атап айтсақ «Жас сарбаз» әскери патриоттық эстафетасы, «Толағай» сайысы өткен болатын. Жалпы колледжімізде - осы апта бойы отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа, патриоттыққа толы апта болды.

© 2010-2022