Баяндама: «Сынып жетекшісі жұмысының негізгі міндеттері»

Сыныптағы оқушылардың талап-тілектері мен мүдделерін және олардың жеке басының ерекшеліктерін жан-жақты зерттеп білу. 2.     Сыныптағы оқушылардың не нәрсеге бейімділігін анықтап, оларды ынтымағы жарасқан, белсенді, саналы ұжымға ұйымдастыру. 3.     Сыныптағы пән мұғалімдері мен мектеп әкімшілігінің және оқушылардың  ата-аналарының тәрбиелік ықпалын үйлестіру, оқушыларға қоятын педагогикалық талаптардың бірлігін қамтамасыз ету. 4.     Тәрбие үрдісінде мектептің, отбасы мен жұртшылықтың тығыз қарым-қатынасын қамтамасыз ету. 5.     Оқушылардың ата-аналарымен үнемі байланыс жасап, отбасындағы бала тәрбиесіне педагогикалық оқу, насихат жұмыстарын жүргізу. 6.     Оқушыларды тәрбиелеуде сыныптан және мектептен тыс түрлі бағытта тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру.
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сынып жетекшісі жұмысының негізгі міндеттері қандай?

БҚО, Теректі ауданы, Ақсуат ЖОББ мектебінің жоғары санатты тарих пәнінің мұғалімі Ескалиева З.

1. Сыныптағы оқушылардың талап-тілектері мен мүдделерін және олардың жеке басының ерекшеліктерін жан-жақты зерттеп білу.

2. Сыныптағы оқушылардың не нәрсеге бейімділігін анықтап, оларды ынтымағы жарасқан, белсенді, саналы ұжымға ұйымдастыру.

3. Сыныптағы пән мұғалімдері мен мектеп әкімшілігінің және оқушылардың ата-аналарының тәрбиелік ықпалын үйлестіру, оқушыларға қоятын педагогикалық талаптардың бірлігін қамтамасыз ету.

4. Тәрбие үрдісінде мектептің, отбасы мен жұртшылықтың тығыз қарым-қатынасын қамтамасыз ету.

5. Оқушылардың ата-аналарымен үнемі байланыс жасап, отбасындағы бала тәрбиесіне педагогикалық оқу, насихат жұмыстарын жүргізу.

6. Оқушыларды тәрбиелеуде сыныптан және мектептен тыс түрлі бағытта тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру.

7. Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің бірлігін қамтамасыз ету.

8. Тәрбие қызметінің тұтастылыған, жүйелігін, тәрбиелік шаралардың бірлігін қамтамасыз ету.

9. Тәрбиенің негізгі бастауы- ұлттық тәлім-тәрбиені сынып жетекшісі қызметінінің маңызды бір саласы ретінде қарастыру т.б.



Сынып жетекшісінің ұйымдастырушылық қызметі

Сынып жетекшісінің оқушыларды танып білу жолдары

Оқушының жеке басын және сынып ұжымын танып білуге болады. Зерттеу жұмысын ұйымдастыруға байланысты қандай педагогикалық талаптар қалыптасқан:

1. Зерттеуді бастамас бұрын, ең алдымен оның мақсатын анықтау.

2. Зерттеу барысында оның жоспары құрылып, жүйелігін қамтамасыз ету.

3. Зерттеуді оқушының өмірі мен түрлі әрекетінің табиғи жағдайында жүргізу.

4. Зерттеу жұмыстарының барысында нысананың жариялығын болдырмау.

5. Зерттеу жұмысын ұйымдастыру мен нәтижесінің объективтік жағдайларын қамтамасыз етуде әртүрлі тәсілдерді пайдалану.

6. Зерттеу барысында оқушының жеке басының мінез-құлық ерекшеліктерін жан-жақты танып білуді қамтамасыз ету.

7. Зерттеу барысында жазба және талдау жұмыстарын үнемі атқару.

8. Зерттеу жұмыстарының нәтижесіне қорытынды жасау, оқушыларға психологиялық мінездеме жазуды әдетке айналдыру.



Тәрбие жоспарына қойылатын негізгі талаптар

1. Жоспар ұжымдақ еңбектің белгісі. Сондықтан тәрбие жоспарын құру барысында оқушылардың белсенділігін арттыра отырып, олардың өздерін қатыстыруды қамтамасыз ету.

2. Тәрбие жоспарының мақсаты, міндеттері айқын болсын.

3. Тәрбие жұмысы жоспарының мазмұны оның мақсатымен бірлікте болуы қажет.

4. Оқушылардың жеке басының, жас ерекшеліктерін және мүмкіншіліктерін ескеру.

5. Тәрбие жоспары ықшамды, әрі ондағы көрсетілген шаралар орындалатын болсын.

6. Тәрбие жоспарындағы атқарылатын шаралар саны жағынан емес, сапасымен анықталатын болсын.

7. Тәрбиелік атқаруда қолданылатын әдістер бір сарынды емес, әртартпа және әржақты болуын ескеру керек.

8. Жоспар құру барысында сынып жетекшісі оқушылардың не нәрсеге қызығатынын, олардың қандай істерді өткізгісі келетінін, ұсынылған шараларға қалай қарайтынын анықтауы қажет.

9. Жаспардағы тәрбиелік шаралар жүйелі, бірізділікпен құрылуы тиіс.

10. Тәрбиенің салаларына қатысты белгіленген шаралар жеке-дара емес, біртұтастық ұстанымға сай құрылуын ескеру.







Тәрбие сағатын талдау үлгісі

1.Тәрбие сағатын ұйымдастырушының аты-жөні.

2.Тәрбие сағаты қай сыныпта, қандай мектепте өтті.

3.Тәрбие сағатының тақырыбы, мақсаты қандай?

4.Тәрбие сағатының формасы және әдісі қандай? (кеш, конференция, пікірталас, әңгіме,жиын, жиналыс).

5. Тәрбие сағаттарының міндеттері өткізіліп отырған сынып ұжымының мүддесіне сай келе ме?

6.Тәрбие сағатының дайындық және өткізу кезеңдеріндегі оқушылар, сынып белсенділері және ұйымдастырушысының белсенділік деңгейі қандай болады?

7. Тәрбие сағатын өткізу барысында қолданылған әдістер, көрнекіліктер, тхникалық құралдар, музыкалық шығармалардың маңызы, оларды қолдануда тәрбие сағатын ұйымдастырушысының шеберлігі қандай дірежеде болды?

8. Тәрбие сағатының мазмұны оның тақырыбы мен мақсатына сай келе ме?

9. Тәрбие сағатының жоспарында көрсетілген кезеңдердің жүйелік, бірізділік қағидасы сақталған ба?

10. Тәрбие сағатының өту барысында аудиториялық көңіл күй қандай болды?

11. Тәрбие сағаты сынып ұжымына қалай әсер етті? Себебі.

12. Тәрбие сағатын дайындау, өткізу барысында қандай кемшіліктер болды? Болса оларды болдырмау үшін қандай тілегіңіз немесе ұсынысыңыз бар?

13. Тәрбие сағатында қолданылған көрнекіліктердің тартымдылығы, оқушылар ұжымына ықпалы қандай дәрежеде болды?

14. Осы сынып ұжымымен келешекте өткізілетін тәрбиелік шаралардың мазмұны және бағыты қалай болуы керек деп ойлайсыз?

Оқушылардың сынып жиналысы

«Сынып жұмысын қалай ұйымдастыруға болады?» деген тақырыпта өткізілген сынып жиналысының үлгісі.

Мақсаты: сынып белсенділерін сайлау және сынып ұжымының болашағын анықтау.

Тәрбиелік міндеттері:

11. Балаларды бір-бірін сыйлауға тәрбиелеу;

12. Олардың өзара әрекеттесу дағдысын қалыптастыру;

13. Оқушылардың өздерінің ойларын және көзқарастарын қорғау қабілеттерін дамыту.

Күн тәртібі:

1. Бүгінгі күні бізді толғандыратын мәселені анықтау.

2. Қаралып отырған мәселеге қатысты сұрақтарды талқылау.

3. Сынып төрағасы мен хатшысын сайлау мәселесі.

4. Болашақта атқарылатын жұмыстарды және сыныпта қаралатын жиналыс тақырыптарын әзірлеу.

5. Келесі жиналысты әзірлеуге қатысты топты құру.

6. Өткізілген жиналыстың нәтижесін қорытындылау.

Жиналыстың барысы:

1. Жиналысты жүргізушінің сөзі:

«Біз маңызды мәселені талқылауға жиналдық: бүгінгі күні бізді толғандыратын мәселені бірге анықтауымыз керек. Проблема туғызатын сұрақтарды құрастыру үшін, топ-топқа бөлінеміз. Сұрақтарды талқылауға 5-7 минут беріледі ».

2. Оқушылар проблеманы талқылау барысында қажетті сұрақтар ұсынады. Олар сынып тақтасына жазылады. Мысалы:

· Біздің өмірімізді қалай қызықты етіп ұйымдастыруға болады?

· Артта қалушылықты болдырмас үшін не істеу керек?

· Сыныпта қандай қоғамдық тапсырма болуы қажет?

· Қалай немқұрайдылықпен күресуге болады?

· Қандай ұжыммен немесе сыныппен достасуымыз керек және олармен қандай істерге қатысуымыз қажет?

3. Жиналыстағы талқыланып отырған мәселе қызықты және жемісті болуы үшін, төмендегі сұрақтарға жауап беруі қажет:

1. Жиналыс қалай және қандай формада өтуі тиіс?

2. Талқылау барысында негізгі басты мәселе не болуы керек?

3. Жиналысты өткізу тәртібі қандай?

Оқушылар топқа бөлініп, бұл сұрақтарды шамамен 5-7 минут талқылап, соңынан өздерінің нұсқалаларын ұсынады.

Оның тәртібі мынадай болуы мүмкін:

§ Сынайды екенсің- ұсыныс жаса;

§ Бір-біріңді жәбірлеуге жол берме;

§ Өзгелердің пікірін сыйла;

§ Қабылданған шешім орындалуы тиіс;

4. Ендігі жерде сынып жиналысын кімнің ұйымдастыруы тиістігін анықтайық. Ол міндетті түрде тұрақты жүргізуші болуы тиіс пе, әлде әрбір сынып жиналысында ауысып отыра ма? Өзнұсқаларыңды ұсыну барысында дәлелді жауап беріңіздер. Оқушылар өздерінің нұсқаларын ұсынады:

- Тұрақты жүргізуші сынып жиналысын қалай жүргізуді біледі;

- Ол ауысып отыру керек, себебі ол жалғыз өзіне









© 2010-2022