Тәрбие сағаты Жол ережесі

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тәрбие сағаты Жол ережесі




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ



«Жол тәртібін жадыңда ұста!»

Тәрбие сағаты Жол ережесіТәрбие сағаты Жол ережесі

Тәрбие сағаты Жол ережесі

Сынып сағатының тақырыбы: "Жол тәртібін жадыңда ұста!»

Сабақтың мақсаты:

1) оқушыларға көше қатынасы ережелерін меңгерту;
2) жолда жүру ережесін есте сақтау арқылы білгендерін пайдалана білуді тұрақты дағдыға айналдыру;
3) оқушыларды жол ережелерін бұлжытпай орындауға, сақтыққа тәрбиелеу.

Білімділік: Оқушылардың жолда жүру ережесі туралы білімдерін толықтыру, іс - жүзінде асыра білуге үйрету.
Дамытушылық: Жолда жүру ережелерін ойда сақтай білуге үйрету.
Тәрбиелік: Тәртіптілікке, сақ болуға, көшеде өздерін дұрыс ұсатап жүруге тәрбиелеу.

І Жүргізуші: саламатсыздар ма? Құрметі де қадірлі ұстаздар мен оқушылар және қонақтар бүгін біздің 5 В сыныбы дайындаған «Жол тәртібін жаныңда ұста» атты сынып сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Мен сөзімді Шөмішбай Сариев ағамыздың мына өлең жолдарымен бастағым келеді.


Арманға алдан күткен асығамыз,

Біз қалай толқын атпай басылармыз.

Жол жүру ережесін жақсы біліп,

Сақтықта тұра алатын жас ұланбыз

Жалғайтын достастырып бар елменен,

Жолдардан тұрады ғой әлем деген.

Бүгінгі бізге келген қонақтарға,

Алдымен беріледі сәлем деген.

ІІ жүргізуші:

Біздің еліміздің барлық қала,ауылдарына ортақ көше қатынас ережесі енгізілген. Бұл ережені оқушылар да, үлкендер де, көлік жүргізетін жүргізушілер де бұлжытпай орындауы керек. Көптеген мектеп оқушылары жолда жүру ережесін жете білмейді. Ал кейбіреулері біле тұра жаяу жүргіншілерге арналған міндеттерді орындағысы келмейді. Жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып,кейбіреулер жарақат алады. Сондықтан әрбір оқушы мектепте оқытылатын жолда жүру ережесін мұқият тыңдап, әр сабақтан қорытынды жасап отыруы керек. Үлгілі,тәртіпті оқушы көшеде жолда жүру ережесін,заңын бұзбайды.


Қай көше,қай қалаға барсаңыз да,

Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да

Жолда жүру ережесі-заңды тәртіп,

Ол ортақ үлкен-кіші баршамызға.


Енді сөз кезегін оқушыларға берейік

Шынар: Алғашқы бағдаршам теміржол бойында пайда болды. Оны ойлап тапқан адамның есімі тарихта сақталмаған. Оны көше қиылысына ыңғайлап, кайта жасаған ағылшын инженер - механигі Д. Найт болатын. Ол 1868 жылы Лондондағы парламент үйінің алдына бағдаршам орнатты.


Нұрсұлтан: Алдымен түрлі түсті сигнал қайыс берілістің көмегі арқылы өзгертіліп отырды. Сосын аппарат ортасына газды шам орнатылды. Өкінішке орай бірде газ жарылып, кезекте тұрған полицей қаза болады да, содан жарты ғасыр бойы ұмыт болады.


Айдана: Тек 1914 жылы Американың Кливленд қаласына, сосын Нью - Йорк, т. б. қалаларында пайда бола бастайды. Бұл жолы олар электрлі болды. Тек екі түсті ғана: қызыл және жасыл.

1918 жылдан бастап қана үш түс қолданыла бастады. Кеңес одағы бойынша алғаш рет бағдаршам 1924 жылы Мәскеу қаласының Кузнецк көпірі мен Петровка көшелерінің қиылысында орын алды.


Нұрғали: Бағдаршам-өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз. Оның сырын біліп, тілін алу баршамызға керек. Оның беретін сиқырлы әмір сөздері бар.

Менің үш көзім бар,
Бір көзім «кідір» дейді
Бір көзім «жүгір» дейді.
Бір көзім «абайла» дейді
Қарап қалма маңайға дейді.

Нүржігіт:
Ал, бүгінгі таңда бағдаршамды электронды есептеу машинасы арқылы басқару жүзеге асырылған. Қазақстанды бағдаршамдар барлық ірі қалаларда орнатылған. Қазақстанда 1917 жылға дейін небары 127 км ғана жол болатын.Елуінші жылдары республикамыздағы асфальт жолдарының ұзындығы отыз мың км болды. Ал қазір сегіз жүз миллион км-ден асады.

Жанболат:

Үйрен таппай тыным бір.

Белгілердің тілін біл.

Егер оны білмесең.

Тартар жолың бұлыңғыр.

Өзі қызыл, үшбұрышты ескертуің мен болам,

Хабарлайтын бар қауіпті оң сапарға жолдаған.

Маған қарап жүрер болса жүргізуші, жаяу да,

Жолы болып, сәтсіздікке ешқашан да қалмаған.

Жазира:

Мен бәріне әрқашанда тыйым салып тұрамын,

Қайда болса алда тұрып жібермеймін бір адым.

Түсім қызыл, өзім шеңбер сызық болып бітемін,

Осы жолы үндемейін бар ма тағы сұрағың.

Еламан:

Жолдар қиылысында

Қалтарысып қысылма.

Көлденеңнен жол болса,

Кібіртіктеп тоспа оны.

Бос болмаса алайда

Сақтық жаса абайла.

Қалмас үшін соқтығып

Ол өткенше тос тұрып.

І жүргізуші:

-Балалар! Бүгінгі біздің «Жол тәртібін сақтаймыз!» атты тәрбие сағатына мемлекеттік автоинспекция қызметінен жас автоинспектор келіпті. Біз оны ортаға шақырып, сөз кезегін берейік. (МАИ қызметкерінің формасын киген бала ортаға шығады)

-Сәлеметсіздер ме, балалар! Сендер алдымен менің жұмбағымды шешіп беріңдер:

Сөйлеуді ол білмейді,

Бірақ, тоқта, жүр дейді.

-Бағдаршам!

-Жарайсыңдар, балалар!Ендеше, бағдаршамға назар аударайық.Жолда жүру тәртібін, ережесін жақсы білеміз бе екен, байқайық! Қане, жол белгілері ортаға келейік, өздеріңді таныстырыңдар!

-Мынау қандай белгі?

Тұрсынай:

Сақтандыру, ескерту белгісі. (Айналасы қызыл жолақпен көмкерілген үшбұрыш)

Қып-қызыл үшбұрыш,
Ескерту белгісі мен болам.
Қауіптен сақ бол деп,
Сәт сапар жолдаған.
Аман-сау жүреді
Жаяу да, көлік те,
Мен берген белгіні
Сақтаған, қолдаған!

Жоламан:
Тыйым салу белгісі. ( Қызыл жолақпен көмкерілген дөңгелек)

Қызылменен боялған шеңберлі, аумақты
Тыйымшыл белгімін, қаталмын, салмақты
Мен тұрған жерлерде хақың жоқ жүруге
Қауіп бар, бағдарла, көз салып жан-жаққа.

Ақмарал:

Міндеттеу белгісі. (Көк түсті дөңгелек)
Белгімін көрсетер жылдамдық, бағытты
Міндетті бұрылыс, әйтпесе қауіпті.
Барлығын анықтап тұрамын жолыңда,
Абай бол, шартымды міндетті орында!

Мұрат:

Нұсқау (көрсеткіш) белгісі. (Көк түсті төртбұрышты)
Баратын жеріңнің бағытын , тұратын,
Үн-түнсіз жөн айтып, жол нұсқап тұрамын
Күндіз де, түнде де от болып жанады
Көк түске боялған төртбұрыш шырағым.

(Осы кезде велосипед қоңырауы естіледі, велосипедпен бала келеді, тежегішті басып, тоқтай қалады.)

-Әй, жолда бәрің неқылып иіріліп тұрсыңдар?Велосипед келе жатқанын көрмейсіңдер ме? Қағып кетсем қайтесіңдер, ә?

Автоинспектор: -Велосипедің болғаны жақсы екен. Ендеше, біздің жолда жүру ережесіне арналған жиынымызға хош келдің. Ол ережелерді сенің де білуің керек.Балалармен таныс бол.Атың кім өзіңнің?



-Менің атым - Зуылбек. Велосипедпен ылғи зуылдап жүремін.Сосын балалар мені осылай атап кеткен.Ал, мына белгілер көшеде қаптап тұр, мен оларды біліп қайтем?Велосипедті мен бұларсыз-ақ зуылдатам. (Қызыл жолақпен көмкерілген дөңгелек белгідегі велосипедті көреді)

- Әй, мынау қандай белгі? Мынау менің велосипедім емес пе? Мен үшін жасалған белгі ме?

Автоинспектор: - Ия, Зуылбек, сен үшін.Бұл белгінің аты- «Велосипед жүрмейді!»

Зуылбек: (таң қалып) Жүрмейді? Тапқан екенсіңдер! Зуылбектің велосипедінің жүрмейтін жері жоқ, білдіңдер ме? Мен үшін көше де, саяжай, арық, аула, бақ, гүлзарлар да бәрі ашық. Әлгі ... сендерше айтқанда қандай, қалай еді? «Зеленый свет», «Жасыл жарық».

(Сақтандыру белгісін ұстаған балаға жақындап, жан-жағына қарайды.)

-Мұны да белгі дейді-ау. Әй, көшеге пәтер үшін жылу батареясы не үшін керек?

Автоинспектор: (күліп) Зуылбек-ау, бұл да тағы саған керек белгі. Айталық, сен велосипедпен зуылдап келесің дейік. Қарсы алдыңнан осы белгі кездесті. Ендеше, алдыңда « Шлагбаумы бар, темір жол бар»- деген сөз. Ұқтың ба?

Зуылбек: А-а-а , (қолын сілтеп) Бұл белгінің де қажеті бола қоймас, салдырлап-гүлдірлеп поезд жеткенше зу етіп өтіп те үлгіремін.

(Адам сұлбасы салынған нұсқау белгісінің жанына тоқтай қалады.)

-Ал, мына белгі не үшін керек?

Автоинспектор: Қара, «Адамдар өтеді».

Зуылбек: Велигім тұрғанда мұны қайтем. (Велосипедін келген жағына бұрады) Қой, мен зуылдайын.Бұл белгілерді түгендеймін деп тұрғанда жолымнан қалармын.Сау болыңдар, балалар! Сау болыңыз, ағай! (Кетеді)

Автоинспектор: Балалар! Сендер бұл белгілерді біліп жүріңдер. Ал, енді қауіпсіздік ережелерін мына тұрған балалардың есіне салып көріңдер.

Алия:
Жолдың машина жүретін бөлігінде ойнауға болмайды.


Жолды жаяу жүргіншілерге арналған жолдан өт.



Егер жолдан өтуге үлгірмесең, орталық сызықта немесе «қауіпсіздік аялдамасында» тоқта да, бағдаршамның жасыл түсі жануын күт.


Жолдан өтерде солға қара, ал бөлгіш жолақтан кейін оңға қара.

Жандос:

Жолдан бағдаршамның тек жасыл түсі жанғанда ғана өт.
Егер жаяу жүргіншілерге арналған жол болмаса, жаяу жүргінші жолдың шетімен қозғалысқа қарсы жүруге тиісті.
Келе жатқан машина алдынан жолды кесе жүгірме.

Автоинспектор: Ал, балалар, бағдаршамның көздері туралы айтып беріңдерші.

Алмас:

Бұл сақшының үш көзді,
Үш көзден ұқ, үш сөзді.
Ашша сақшы үш көзін,
Айтты деп ұқ үш сөзін
Тоқта! Сақтан! Жол ашық!
Жүрме жолға таласып.

Автоинспектор: Ал, қазір «Жолдан дұрыс өт» ойынын ойнайық. (Балалармен бірге жолдан өтеді)
-Жарайсыңдар, балалар! Бәрің де жолдан дұрыс өттіңдер! Жолда үнемі осы жүргіншілерге арналған жол арқылы жүріп, жол ережесін есте ұстаңдар! (Орнына тұрады)

Би «Зеленый Светафор»


ІІ жүргізуші:

Олай болса оқушылар бағдаршам ойынын ойнап көрейік.

Ойын шарты:
1) Бағдаршамның жасыл көзін көрсеткенде балалар жүрген сияқты бір орында аяқтарын қозғалысқа келтіреді.

2) Сары көзін көрсеткенде ду қол шапалақтайды.

3) Қызыл көзін көрсеткенде бір орында қозғалмай тұрып қалады.

І жүргізуші:

Қызыл көзін ашқанда,
Сынық сүйем баспа алға.
Сары көзін ашқанда,
Қарап қалма аспанға
Жасыл көзін ашқанда,
Өте бергін, жасқанба!

ІІ жүргізуші:

Жол белгілерін, міндеттеріңізді жақсы біледі екенсіңдер. Сендерге көп рахмет. Ал енді, балалар, олай болса, қазір жұмбақ шешіп, викториналық сұрақтарға жауап беріп көрелік.

1 - жұмбақ:

Арқаным бар тым ұзын,
Ала алмайсың бір үзім.
Ақылға салып ойланып,
Тапшы мұны пысығым. ( жол)

2 - жұмбақ:

Бір тұлпар, су ішпейді, жем жемейді,
Ескеріп ешбір адам емдемейді.
Жүк емес жануарға жүз адам да,
Шылбырын сымға байлап тез жөндейді. (трамвай)

3 - жұмбақ: Бұйырмапты бас та, ауыз да, құлақта,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (бағдаршам)

І жүргізуші: Викториналық сұрақтарға жауап берейік енді
1 - сұрақ. Жолаушылар дегеніміз кімдер?
Жауап: Кез - келген көлік түрін пайдаланатын адамдар.

2 - сұрақ. Бағдаршам дегеніміз не?
Жауап: Бағдаршам автомат жүйесіне қосылған үш көзді аспап. Жол қоғалысын реттейді.

3 - сұрақ. Велосипедпен неше жастан бастап жолмен жүруге болады?
Жауап: жол бойына 14 жасқа толған балаларға ғана рұқсат.

4 - сұрақ. Жиекжол жоқ жерде қалай жүру керек?
Жауап: Ауылдық жерлерде жиекжол болмауы мүмкін, ондай жағдайда жолдың бір шетімен келе жатқан көлікке қарама - қарсы бағытта жүрген жөн.

ІІ жүргізуші:
Қымбатты оқушылар! Оқушылар жолда жүру ережесімен таныстыңдар. Олай болса, оқушылар жолда жүру ережесін әрқашан есте сақтап, бұлжытпай орындап, сақ жүріңдер демекпін.
- Балалар, жол ережесін сақтаңдар! Аман жүріңдер! Сабағымызды әнмен аяқтайық!

«Жолың болсын жолаушы» әні.
Биік-биік тауларды,

Қызыл-жасыл бауларды,

Үлкен-үлкен қаланы,

Алыс-алыс ауылды,

Көру үшін аралды,

Асығамыз сапарға.

Қайырмасы:

Жүрсең алыс жерлерде

Аман-есен оралшы,

Сағынысып көргенде

Құшақтасып, қол алшы,

Аспанда да, жерде де,

Асуда да, белде де

Жолың болсын, жолың болсын, жолаушы!

Ойдым-ойдым орманды,

Тарап-тарап қорғанды,

Тарқатылған бұрымдай

Нарын-нарын жолдарды ,

Көру үшін аралды,

Асығамыз сапарға.

Қайырмасы:

Жүрсең алыс жерлерде

Аман-есен оралшы,

Сағынысып көргенде

Құшақтасып, қол алшы,

Аспанда да, жерде де,

Асуда да, белде де

Жолың болсын, жолың болсын, жолаушы!

Өзендер де, көлдер де,

Өзендер де, шөлдер де,

Жүгірген аң, ұшқан құс

Жете алмайтын жерлерді,

Көру үшін аралды

Асығамыз сапарға.

Биік-биік тауларды,

Қызыл-жасыл бауларды,

Үлкен-үлкен қаланы,

Алыс-алыс ауылды,

Көру үшін аралды,

Асығамыз сапарға.

7


© 2010-2022