Сабақ жоспары Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ

Раздел Классному руководителю
Класс 3 класс
Тип Научные работы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы:Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ

Сабақтың мақсаты:
1.Оқушылардың халық ауыз әдебиетіне деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын,шешендік өнерін, ойлау қабілетін дамыту.
2. Халық ауыз әдебиетін пайдаланып , оны орынды қолдана білуге үйрету.
3. Халық ауыз әдебиетін құрметтеп,оны дамытуға, тіл мәдениетіне,достық қарым-қатынасқа, ой-ұшқырлығы мен тапқырлыққа,өз ұлтын сүюге, халық мәдениетін жалғастыруға тәрбиелеу.

Сабақтың типі:сайыс сабақ

Сабақтың әдісі:білімді тиянақтау

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта,нақыл сөздер,суреттер.

Кіріспе.

Мұғалім: Құрметті ұстаздар,оқушылар,қонақтар бүгін 3,4 сыныптар арасында «Мың бір мақал,жүз бір жұмбақ» атты сайысы өткелі отыр. «мақал-сөз атасы» дегендей ортамызға мақал-мәтел сайысына қатысушыларды шақырымыз.

Сайысқа қатысушылармен таныстыру.Әділ-алқаларын таныстыру.

Сайыстың шартымен таныстыру.
1. «Кім көп біледі?» Қатысушылар мақал - мәтел айтудан жарысады.

(1 минут уақыт беріледі, сол уақыттың ішінде ойыншы қанша мақал айтса, ұпай саны да соған қарап қойылады)
2. Мақал - сөздің мәйегі (тақтада мақал - мәтелдің басы беріледі, қатысушы топтар мақалды жалғастырады)
1. Жақсы кісі байқап сөйлер, …
2. Ер еліне,...
3. Балапан ұяда не көрсе ….
4.Көп сөз- көмір,...
5. Жақсының аты өлмейді...
6. Сумен ойнама батарсың,...
7. Дос жылатып айтар,...
8. Ел көркі мал, …
9. Оқу -білім азығы,...
10. Өнерлінің қолы алтын,...
11. Еңбек етсең ерінбей,...
12. Отан үшін отқа түс...

3. «Кім тапқыр?»Мұғалім жұмбақ жасырады, жауабын айту керек, сол жұмбақтың жауабын тауып айтқан соң, жауабына сәйкес мақал айту керек.

1.Жылт - жылт етеді
Жылғадан өтеді.
2. Өзімнен өзгенің бәрін көремін.
3. Сылдырдан қорқады, шошынып жортады.
4.Ақ сандығым ашылды, ішінен жібек шашылды

4. «Көрермен көзайымы» көрермендерге сурет беріледі,сол суретке мақал айтылады.

Сабақ жоспары Мың бір мақал, жүз бір жұмбақСабақ жоспары Мың бір мақал, жүз бір жұмбақСабақ жоспары Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ

Сабақ жоспары Мың бір мақал, жүз бір жұмбақСабақ жоспары Мың бір мақал, жүз бір жұмбақСабақ жоспары Мың бір мақал, жүз бір жұмбақСабақ жоспары Мың бір мақал, жүз бір жұмбақСабақ жоспары Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ

5. «Сандар сыры» Көп нүктенің орнына қажетті сандар қою, санның сырын ашу.

1. Анасын... арқалап барса да қарызын өтей алмайды.
2. Жақсы әке жаман балаға.. жыл азық.
3.... атасын білмеген жетесіз.
4.... рет өлшеп,... рет кес.
5. Қыздың... жаны бар.
6. Жігіттің... жұрты болады:
Ата жұрты - күншіл,
Ана - жұрты сыншыл,
Қайын жұрты - міншіл.


6.Қорытынды :Марапаттау

© 2010-2022