Бұрымды қыз қыздар байқауы

Раздел Классному руководителю
Класс 4 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Бұрымды қыз.
Мақсаты: қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай әдептілік, көріктілік, ептілік, инабаттылық, кішіпейілділік, сұлулық т. б. жан - жақты ұлттық қасиеттерін таныта білу, қазақ халқының ұлттық өнерін, салт - дәстүрін дәріптеуге үйрету, оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту, көпшілік алдында өзін - өзі ұстай білуге, мейірімділікке тәрбиелеу.

Барысы:
І - жүргізуші:
Армысыздар, құрметті ұстаздар, аяулы ата - аналар, және де осы мектептің оқушылары! Бүгін сіздер мектебіміздің «Бұрымды қыз» байқауын тамашалауға келіп отырсыздар. Қош келдіңіздер. Көңіл сарайларыңыз ашылсын, күлкілеріңіздер інжу - маржан шашылсын!
ІІ - жүргізуші:
Қазақ халқы «қыз» деген сөздің өзін әдептіліктің, әдеміліктің, инабаттылықтың, сұлулықтың белгісі деп таныған. Әсіресе қыз баланың көрікті болып өсуіне анасы ерекше көңіл бөліп, «Аттың көркі - жалы, қыздың көркі - шашы» деп қыздың шашын күтіп өсіруді өнер санаған. Ол үшін оның шашын айранмен, қынамен жудырған. Шаштарын «қос бұрым» немесе «бестемше» етіп өру бойжеткен қыздың көркі болған. Қазақ халқының жырларында қазақ қыздарының шаштарын керемет суреттеген: «Шашының ұзындығы ізін басқан», «Шаштарын он күн тарап, бес күн өрген», Қыпша бел, қиылған қас, қолаң шашты».
І жүргізуші:
Армысыздар ағайын, құрбы - құрдас!
Бармысыздар жан күйер, әр қауымдас!
Бүгінгі кеш әуенін біз бастайық,
Сайыста көңілменен қол соғайық!
ІІ жүргізуші:
Біздерде ойын - сауық басталады,
Тамаша күй тартылып, ән салады.
Қошеметтеп, қол соғып отыралық,
Ұмытарсыз күні бойғы шаршағанды. - дей отырып
Құрметті ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі «Бұрымды қыз» атты байқауға қош келіпсіздер!
І жүргізуші:
Шық аруым жарысқа,
Бір - біріңнен қалыспа.
Өнеріңді байқасын,
Мына отырған халық та - демекші бүгінгі мектепшілік байқауымыздың аруларын ортаға шақырамыз. (Арулар ортаға кезекпен шығады, кезекпен нөмерлерін суырады).

№1 аруымыз.

№2 аруымыз.

№3 аруымыз.

№4 аруымыз.

№5 аруымыз.

№6 аруымыз.

№7 аруымыз.

№8 аруымыз.

ІІ жүргізуші:
Уа, арулар, арулар,
Ешкімің жоқ алалар,
Ару болу үлкен сын.
Оны қазың бағалар,- деп қазылар алқасымен таныстырамыз.

1.________________________________

2.________________________________

3.________________________________

І-жүргізуші:

Бүгінгі сайысымыздың кезеңдерімен таныстырып өтейін.
І - Эстетикалық талғам. (Бұл сайыста қыздардың киімі, шаштың өрімі, жүріс - тұрысы бағаланады.)
ІІ -«Мен қазақтың қызымын дара туған» таныстыру.
ІІІ - Шаш күтімі.

ІҮ- Салт - дәстүрге байланысты сұрақтар.
Ү - Шаш үлгісін жасау.
ҮІ - Өз өнерін көрсету.
ІІ - жүргізуші:
Ән:__________________
Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық.
Бұрымды қыз сайысын.
Рұқсат болса бастайық.

І - жүргізуші:
Білектей арқасында өрген бұрым,
Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын,
Кәмшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты,
Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін, деп - Абай атамыз жырлағандай, байқауымыздың
І бөліміне кезек берейік. Бұл бөлімде Эстетикалық талғам - деп аталады. Бұл сайыста қыздардың киімі, шаштың өрімі, жүріс - тұрысы бағаланады.

(Аруларды кезекпен, бір - бірлеп шығады)

№1 аруымыз.

№2 аруымыз.

№3 аруымыз.

№4 аруымыз.

№5 аруымыз.

№6 аруымыз.

№7 аруымыз.

№8 аруымыз.

(Әділқазылар алқалары бағаларын береді)
ІІ - жүргізуші:
Бойжеткен арулар келіп жетті танысуға,
Бойындағы бар дарынды дарытуға
Жаймен басып сахнаға келіп жетті.
Әдеппен, ізетпен танысуға,- демекші
ІІ бөлім «Мен қазақтың қызымын дара туған» таныстыру. Рет бойынша арулар өздерін таныстырып шықсын.

№1 аруымыз.

№2 аруымыз.

№3 аруымыз.

№4 аруымыз.

№5 аруымыз.

№6 аруымыз.

№7 аруымыз.

№8 аруымыз.

(Әділқазылар алқасы бағаларын береді.)

ІІ - жүргізуші:

Бұрымды қыз сайысы,
Тәрбиелі, мәнді де.
Шашты күтіп өсіру,

Қыз баланың сәні де,- дей келе сайысыздың ІІІ кезеңі «Шаш күтіміне» берейік.

Бұл сайыста аруларымыз ұзын шаштың формуласымен таныстырып, ұзын шашты өсірудің құпиясын ашады және сусабындарына жарнама жасайды.
№1 аруымыз.

№2 аруымыз.

№3 аруымыз.

№4 аруымыз.

№5 аруымыз.

№6 аруымыз.

№7 аруымыз.

№8 аруымыз.

(Әділқазылар алқасы бағаларын береді.)

І - жүргізуші:

«Халқын сүйген - халқының салтын сүйеді» дей келе келесі сайысымыз сұрақ - жауап, қыздарымыз сұрақтарға жауап береді. Бұл сайысымыздың ІҮ кезеңі «Салт - дәстүрге байланысты сұрақтар.»

1 - сұрақ.
1. Бес қаруды ата.
2. Жеті қазынаны атаңыз.
2 - сұрақ.
1. Үш арсыз.
2. Қыздар туралы мақал - мәтелдер.
3 - сұрақ.
1. Иық бұйымына жататын қазақтың ұлттық киімі.
2. Бес дұшпанды атаңыз.

4 - сұрақ.
1. Үш даусызды ата.
2. Үш биді атаңыз.
5 - сұрақ.
1. Үш мақсат.

2. Қазақ халқының өнердегі ұлттық байлығының бірін ата?
6 - сұрақ.
1. Қазақ салты бойынша ұзатылған қыз үйіне бір жылдан кейін барған. Қалай аталады?
2. Киізге ою-өрнек басып жасалған кімемше.
(Әділқазылар алқасы бағаларын берсін)

7-сұрақ.

1. Үш арсызды ата.

2. Ана туралы мақал - мәтел.

8-сұрақ.
1. Тұрмыс-салт жырларын ата.

2. Ою - өрнек түрлері нешеге бөлінеді?

ІІ - жүрзізуші:

Сұлу қыздар, ару қыздар, бұрымдылар,
Шашты кеспей оны күтіп қараңдар.
Қыздың көркі шаш екенін түсініп,
Өріп қойып шаш үлгісін жасаңдар, - дей отыра қыздар өрім түрлерін көрсете отырып, шаш үлгісін жасайды және қорғайды.

№1 аруымыз.

№2 аруымыз.

№3 аруымыз.

№4 аруымыз.

№5 аруымыз.

№6 аруымыз.

№7 аруымыз.

№8 аруымыз.

(Әділқазылар алқасы бағаларын береді.)

І-жүргізуші.

Аруларымыздың соңғы сайысы ән айту,би билеу яғни, қолынан келетін өздерінің өнерін көрсету.

№1 аруымыз.

№2 аруымыз.

№3 аруымыз.

№4 аруымыз.

№5 аруымыз.

№6 аруымыз.

№7 аруымыз.

№8 аруымыз.

(Әділқазылар алқасы бағаларын береді.)

І - жүргізуші:
Қазағымның салт - дәстүрін сақтаған,
Осындай бар қыздар үшін мақтанам.
Жарасып тұр шашбау таққан бұрымы,
Көргенді ғой сені өсірген ақ мамаң.
ІІ жүргізуші:
Сау болыңдар, көргенше,
Қайта айналып келгенше.
Жиі келіп тұрыңдар,
Қоштасайық ендеше!


© 2010-2022