- Преподавателю
- Классному руководителю
- Жетелі елдің жеті белгісі
Жетелі елдің жеті белгісі
Тәрбие сағаттың тақырыбы: «Жетелi елдiң жетi белгiсi»
Тәрбие сағаттың мақсаты:
Мемлекетiмiздiң ең негiзгi 7 белгiсiмен таныстыра отырып жетi саны ұғымына байланысты қастерлi
түсiнiктер мен қағидаларды айтып,
оқушыларға елiн қастерлеуге, Н.Назарбаевтың 2030 бағдарламасындағы 7 санын қастерлеп көрсеткенiн айта отырып,халық дәстүрiн сүюге ,
Отанын сүюге үйрету.
Жабдықтаулы: 7 санына байланысты крассвордтар таблицалары.
Н.Тiлендиевтiң «Ата толғау» күйi орындалып тұр.
Сабақтың түрi: Пiкiр сайыс
Ұйымдастыру: Оқушылар 2 топқа бөлiнген
Бiрiншi топ аты: Жетi жарғы.
Ұраны: Жетi атасын бiлген ер, жетi жұрттың қамын жер.
Екiншi топ аты: Жетi қазына.
Ұраны: Жетелі елдiң баласы, жетi жаста баспын дейдi,
Жетесiз елдiң баласы, жетi жаста жаспын дейдi.
Тәрбие сағаттың өтiлу барысы:
1.Тәрбие сағатын ашу. Тақырыбын хабарлау, мақсатымен таныстыру.
2.Топтардың таныстырылуы: Әр топ аттарын және ұрандарын хормен айтып, тос белгiлерiн қорғайды.
3.Тақырып жайлы алғы сөз: Не құпия бар екенiн кiм бiлсiн, әйтеуiр қазақ баласы «7»-нi қастерлеген. Мысалы: 1. Жетi күн
2. Жетi қарақшы
3. Жетi ата
4. Жетi қабат жер
5. Жетi қазына
6.Жетi жарғы
7.Жетi дыбыс т.с.с.
Аталған жетiлiктердiң әр тармағын талдап, таратып айтсақ әр қайсысы бiр-бiрiне тығыз байланысты, бiрлiктен тұрады.
Жетiлiктердiң әрбiрiн табиғат, өмiр аясымен байланыстырса, баламасы былай болады:
1.Жетi ата – «хан»; 2. Жетi қарақшы – «көк тәңiрi»;3.Жетi күн – «уақыт»;4.Жетi қабат жер – «тiршiлiк негiзi»;5.Жетi қазына –«табиғат сыйы»; 6. Жетi жарғы-«күш»;7.Жетi дыбыс – «сезiм, көңiл-- күй».
Адамзат баласы осы жетiлiктер желiсiне көгенделе жаралып, дамып, өркендеп, толып отырған.
Жоғарыда аталған жетiлiктердiң бiрi – «Жетi жарғы». Ата заңмен қорғалған елдiк нышандарымыз Ту, Елтаңба, Әнұран. Осы рәмiздердiң үшеуiмен ғана шектелмей, жоғарыдағы ойға сүйене отырып, «Жетi » төңiрегiнде шоғырландырмақшымыз. Тағы да бiр айта кететiн жай- қазақ елiнiң алғашқы рәмiздерiн жасап шығарған, мыңдайы жарқыраған маркасқалар тобы да жетеу.
Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан -2030» бағдарламалық жолындағы ұзақ мерзiмдi басым мақсаттар саны да «7». Ендеше осы жетiлiк елiмiздiң белгiсiн де көрсетiп тұрса артық болмас. Сонымен сөз кезегi оқушылар тобында:
Жетi жарғы тобы: Елiмiздiң ең бiрiншi белгiсi «Ту» деп есептеймiн. Және Тудың әр түрлi жетi нышанын атап көрсеттi.
Жетi қазына тобы: Елiмiздiң екiншi белгiсi «Елтаңба» деп есептеймiн. Оның жетi түрлi нышаны бар.
Жетi жарғы (Ж.Ж) :Елiмiздiң келесi белгiсi «Әнұран». Бiр шумағын бастап айтады.
Жетi қазына (Ж.Қ.): Әнұранның 2 шумағын айтады.
Ұпай жинау сәтi . Ж.Ж . тобына ата заңнан жетi сұрақ берiледi. Оған оқушылар жауап берiп , ұпай жинайды. Сөйтiп өз ұпайларына ұпай қосады.
Жетi жарғы : Елiмiздiң төртiншi белгiсi деп «Қазақ жерiн» танимыз. Оның мынадай нышандары бар.
Жетi қазына: Елiмiздiң бесінші белгiсi деп «Мемлекеттік тілі» деп есептеймін. Оның нышандары бар.
Жетi жарғы : Елiмiздiң алтыншы белгiсi деп «Ел теңгені » айтамын. Оның мынадай нышандары бар.
«Менің Қазақстаным» әні орындалады.
Жетi қазына : Елiмiздiң жетінші белгiсi боп ел жазуды алу керек деп
есептеймін.
Жетi жарғы : Елiмiздiң жетінші белгісі деп «Ата Заңды » алған дұрыс .
Пікірсайыс аяқталды .
Екі команда үшін мақал-мәтел табудан сайыс өткізу.
«Елім менің » әнін орындау.
Оқушылар жинаған балдарды қорытындылап ,ұпайды санайды.
Тәрбие сағаттарын қорытындылау.Қатысқан адамдар ,командалар туралы пікірлерін айтып, жеңген командалар марапатталады.
Раздел | Классному руководителю |
Класс | - |
Тип | Конспекты |
Автор | Нургалиева Г.Е. |
Дата | 15.03.2014 |
Формат | doc |
Изображения | Нет |
Поделитесь с коллегами:
#Emachine###############################################E#m#a#c#h#i#n#e###n#########################H####P####l################ȥ######