Конспект классного часа на тему Ақындар мен батырлар елі. .. Киелі сенің топырағың

Раздел Классному руководителю
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Ш.Уалиханов атындағы орта мектеп МДШО мен»


Сабақтың тақырыбы: Ақындар мен батырлар елі...

Киелі сенің топырағың...

Сабақтың мақсаты : Қазақтың біртуар азаматтарын еске ала отырып, жас ұрпаққа өлеңдерін насихат, үлгі ету. Оқушыларды өнерге баулу, сөз маржанын терген ата - бабаларымыздың шығармашылығымен таныстыру, үлгі ету

1-жүргізуші Жанболат

Ассалаумағалейкум құрметті ұстаздар

2-жүргізуші Нұрдана

Саламатсыздар ма қадірлі көрермен!

1-жүргізуші "Ақындар мен батырлар елі, киелі сенің топырағың" атты әдеби - сазды кешімізге қош келдіңіздер!

2-жүргізуші "Ызғарлы ақпанның аязында дүниеге келген, киелі топырақтың ұландарын еске алатын күн бүгін!

1-жүргізуші Иә, ызғарлы ақпан күндері туғанымен қазіргі тыңдайтын туындылар жүректерімізді жылытады

2-жүргізуші Ұзынағаш, Жамбыл, көрдік те сені таң қалдық,

Қызыр дарыған ел екеніңді аңғардық.

Өнерді сүйген халқыңды көріп тамсандық,

Табиғатыңа таң қалып тұрып ән салдық.

1-жүргізуші "Киелі - Ұзынағаш" ән

Мәнерлеп оқу Сүйінбай Аронұлы толғауы

"Бөрілі менің байрағым"

Бөрілі байрақ астында-

Бөгеліп көрген жан емен!

Бөрідей жортып кеткенде

Бөлініп қалған жан емен!

Бөрілі найза ұстаса,

Түйремей кеткен жан емен!

Бөрілі байрақ құласа,

Күйремей кеткен жан емен!

Жау тисе жапан далада,

Бөрілі найза атамыз,

Қарасайлап шабамыз,

Қызыл қанға батамыз,

Бөрілі байрақ астында,

Ту түсіріп, жау алған,

Қазыбек, Қастек атамыз.

Бөрілі байрақ көтерсе,

Жоқты жонып табамыз.

Бөрілі байрақ астында

Ту түсіріп жау алған,

Шапырашты батыр - бабамыз.

Бөрі басы - ұраным

Бөрілім менің байрағым

Бөрілі байрақ көтерсе,

Қозып кетер қайдағым!

2-жүргізуші Ұлы ақын Жамбыл Жабаевтің даңқты ұстазы Сүйінбай Аронұлы - қазақ халқының ХIX ғасырда өмір сүрген ең әйгілі өнерпазы, табиғи зор талант иесі, суырыпсалма өнердің жарық жұлдыздарының бірі.

1-оқушы

Арғы атам - аруақты ер Қарасай

Теңселген дүбіріне тау менен сай

Пірім бар жыр нөсерін аспанға атқан

Сұңқардай саңқылдаған ер Сүйінбай

2-оқушы

Менің пірім - Сүйінбай

Сөз сөйлемен сыйынбай

Сырлы, сұлу сөздері

Маған тартқан сыйындай!

Сүйінбай деп сөйлесем

Сөз келеді бұрқырап

Қара дауыл құйындай!

Екпініме кезіккен,

Кетер ме екен жығылмай!

Құлаштап бір кетейін

Көбен құсап тығылмай

Қашсаң, қуып жетейін,

Бізге жабы бұйым ба-ай!

Селтеңдеген ақынды

Көрмеуші едім шыбындай ,

Кәне, сөйлеп жіберші,

Айтыспағың, шымын ба- ай?!

3-оқушы

Бата берген Сүйінбай,

Жырдың тіккен туындай.

Айтқан маған ақылды,

Жырла деген батырды,

Есімде мәңгі сол қалған,

Ақындардың ақыны,

Айдын көлдей ақылы.

Жыр тұлпары Сүйінбай,

Осылай айтқан бағызы.

1-жүргізуші Деп жырлаған Жамбыл атамыз да ұлы ұстазының батасын алып жолын жалғастырған.

Ән : "Балаларға"

2-жүргізуші Үмбетәлі Кәрібаев " Ер Сүйінбай Арланым..."

1-оқушы

Ау, Сүйінбай, Сүйінбай

Өлеңде асқар шыңымыз,

Айдын да шалқар шалқар жырыңыз.

Өзіңнен жеткен үлгі боп

Қарасай менің ұраным,

Бөрілі байрақ туымыз.

Ерлікті қосқан өлеңге

Жамбылдай ақын ініміз

Сол Жәкеңнің шәкірті

Жүйріктің біз де біріміз

Он алты жаста домбыра ап,

Сайраған бұлбұл тіліміз

Шапырашты елінің

Намысын жыртқан ұлымыз

2-оқушы

Сүйінбай, Жамбыл- пірлерім,

Тасытқан өлең дүрмегін

Сендерден алып жыр нұсқа,

Әділет жолын іздедім

Айтысқа түскен талайды,

Түлкідей қуып ілгемін.

Өлеңнен өріс іздедім.

Ұрпаққа үлгі сөз тастап,

Халықпен бірге гүлдедім.

Жастарға қалсын жыр нұсқа,

Өсиет айтқан іздерім.

1-жүргізуші Қыздардың орындауында би : " Саржайлау" күйі Нұрғиса Тілендиев.

2-жүргізуші

- Ұлы Сүйінбай, ұлы Жамбылдың туған жеріне қадам басқандар " Батырлар мен ақындар еліне қош келдіңіздер!" - деген жазуға көзі түседі. Тура осындай лебізді Райымбек ауданынан да кездестіресіз. Екі аймақ бір- бірімен тау сілемдері арқылы жалғасып жатыр.

1-жүргізуші Асқақ Алатау алып Хантәңірімен иықтасып тұрғандай. Масатыдай жайнаған Сұлутөр мен Үшқоңыр жайлаулары - Қарқара мен Шәлкөденің егізіндей болып көрінеді. Қазақтың бетке ұстар қаламгерлерінің үлкен бір шоғыры осы екі аймақтан түлегені мені қатты таң қалдырады.

2-жүргізуш Егер Нұрғиса Тілендиев алғашқы болып Мұқағали атамыздың отыз өлеңіне ән жазса, Сейдіахмет Бердіқұлов ағамыз тартпада алты жыл сарғайып жатқан " Райымбек! Райымбек!" дастанын сексен бірінші жылы басын бәйгеге тіге отырып " Лениншіл" жас газетіне жариялады, ал 2011 жылы Серік Үмбетов ақынның сексен жылдық мерейтойын елдік деңгейде дүрілдетіп тұрып өткізсе оған таң қалатын түк жоқ. Бұл - Сүйінбай мен Жамбыл ұрпақтарының аталарына тартқандығының бір белгісі. Ақын сыйлау дәстүрін өнегелеп, оны қайта жаңғыртудың көрінісі деп ойлаймын.

Ән "Сәби болғым келеді"

1-жүргізуші:Мұқағали ағамыздың жырлары ойыңды да бойыңды да шынықтырады.

2-жүргізуші:Егер халық ақын деп танып,ақын деп мойындаса - қаламгер үшін ең үлкен марапат осы болмақ.

1-оқушы: "Тұлпарларыммен біргемін"

Іздесең мені кімде-кім,

Қаладан іздеп жүрмегін!

Үйіме де іздеп кірмегін!

Аязды боран,ақ таудың

Арасында өмір сүргемін.

Солармен мәңгі біргемін.

Жетелеп мені ілгері

Күндерім менен түндерім,

Төсек сап қардан бір керім,

Қарыма құрық ілгемін.

Іздесең мені кімде-кім,

Сол жерден келіп бір көрін!

Ақ түтек ашық ақпанда,

Ақ сайда жылқы баққанда,

Құрықты шаншып ақ қарға,

Аспанға қарап тұрам мен,

Құс жолы-Болашақтарға,

Қар теуіп жылқым жатқанда,

Рақат одан шақ бар ма?!

Керек қой күзет өмірге

Дүние ұйықтап жатқанда...

Ақ қырау шалып тұлымын,

Кісінеп қойса құлымын,

Кетеді бойым жылынып,

Бүлк етіп менің жұлыным,

Айтамын,айтам қайталап,

Тұлпарлы жердің ұлымын!

Ракетадан кем емес,

Шаншылған менің құрығым!

Сондықтан асау қылығым...

Қашырар құтын ұрының!

...Іздесең мені кімде-кім

Бұл жерден іздеп жүрмегін!

Аязды ақ қар түндемін,

Ақ тозаң боран күндемін,

Тұлпарыммен біргемін,

Іздесең мені кімде-кім,

Сол жерден келіп бір көрін!

1-жүргізуші:Ал енді Сүйінбай,Жамбыл,Мұқағали аталарымыз өз дастан,поэмаларына архау еткен халық батырлары жайлы сөз толғата кетсек.Ия,осы жылы қазақ хандығының 550 жылдығына арналған тарихи кезеңде бұл жайлы атап өтпесек бізге сын болар.

2-жүргізуші:Жоңғар шапқыншылығы қазақ халқының тағдырын ойсыратып кетті. Атамекенімізге 70-мыңға жуық қолмен тұтқиылдап лап қойды.Олардың ойы қазақ халқын қырып салып жерімізді басып алу еді.

Көрініс:"Бабалар айтқан өсиет"

1-жүргізуші:Осындай батыр елдің ұрпақтары ата-бабаларының ерліктерін жырға қосып ұрпақтан-ұрпаққа үлгі насихат етіп келуде.

2-жүргізуші:Мұқағалидің із-басары болған Есенқұл Жақыпбеков.Есағаның бойында Жамбылдың арыны Мұқағалидің сарыны бар.Екі өзеннің суы қосылып үшінші арнада тоғысқан секілді.

1-оқушы: "Басында Суықтөбенің"

Тау деген шексіз шежіре,

Таусылмас тарих тау деген

Бабалар шыққан асқар тау

Алысып жүріп жауменен

Қай сайда жатыр сүйегің

Қайранда батыр бабалар

Қаратас болып қалдыма

Жартастай үлкен дәу денең

Басында Суықтөбенің

Бөрілі байрақ желпілдеп

Бабалар жауды жеңіпті

Қонышы қанға көлкілдеп.

Сол таудың атын Қарасай

Төбе деп атай салыпты

"Шығатын тауың, балалар ,

Бұданда биік болсын !"-деп

Заманнан заман озғанда ,

Талай бір таулар тозғанда,

Саяхат жасап сол маңға,

Өрмелеп шығып заңғарға ,

Биікке тіктім жалау көк .

Шықсамда биік сол тауға,

Құлазып тұрды көңілім,

Өттің бе, сен де өмірім?

Шығатын тауым беу, дүние,

Бұдан да биік еді-ау деп...

1-жүргізуші:"Алпысқа келсек екен енді біздер"деген Мұқағали арманына Есенқұл ағамызда жете алмай кетті.

2-жүргізуші:Мұхтар Әуезовтың "Сүйінбай-Жетісу ақындарының алтын діңгегі"дегені қасиетті топыраққа кімдердің табаны тимеді дейсіз?!

Ән: "Жамбыл ауданы"

1-жүргізуші:Оқушылардың ақындарға арналған арнаулары (мәнерлеп оқу)

2-жүргізуші:Осымен бүгінгі "Ақындар мен батырлар елі,киелі сенің топырағың..." атты әдеби сазды кешіміз аяқталды.

1-жүргізуші:Қош сау болыңыздар!

© 2010-2022