Достық тақырыбына тәрбие сағаты

Раздел Классному руководителю
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Достық тақырыбына тәрбие сағатыДостық тақырыбына тәрбие сағатыДостық тақырыбына тәрбие сағатыДостық тақырыбына тәрбие сағатыДостық тақырыбына тәрбие сағатыДостық тақырыбына тәрбие сағаты

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігі

«Қостанай қаласы Ғ.Қайырбеков атындағы №9 орта мектебі»ММ








Таскумбаева Р.К.






Қостанай 2015

Тақырыбы: Достық
Мақсаты:
1.Оқушыларға достың адам өміріндегі маңызы,достықтың шынайы белгісі туралы түсіндіру;
2.Оқушыларды әдеби тілмен сөйлеуге дағдыландыру,олардың өзін қоршаған ортасын дұрыс түсінулеріне,өмірге деген көзқарастарының қалыптасуына,өз ойын,пікірін баяндай жеткізе білулеріне көмектесу;
3.Оқушыларды достыққа адал болуға,имандылыққа,сыйластыққа тәрбиелеу;
Барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі.
Психологиялық дайындық
Амансыз ба, алтын күн!

Амансыз ба, көк аспан!

Амансыз ба, жер ана!

Амансыз ба, достарым!

Сіздерді көрсем қуанам!
Қызығушылықты ояту

Сөзжұмбақ шешу.
ДФОФСФЫФҢФ
БФОФЛФМФАФСФАФ
ІФЗФДФЕФ, АФЛФ
ТФАФПФСФАФҢФ СФАФҚФТФАФ

Ф әрпін алып оқысаң, мақал шығады. (ДОСЫҢ БОЛМАСА ІЗДЕ,
АЛ ТАПСАҢ САҚТА).

Тақырыпты ашу сұрақтары.

  1. Дос деген кім?

Сауалына сызба арқылы жауап беру.

ДосСыр бөлісетін адам

Мені өте жақсы түсінетін адам.

Көмекке әрдайым дайын адам.

Қандай жағдай болмасын бірге

болатын адам.

Сенімді адам.

Достық

Әйтімбет деген сөзге шешен кісі болыпты. Бірде оның замандастары:

- Достық нешеу? - деп сұрақ қояды. Сонда Әйтімбет тұрып:

- Достықтықтың екі түрі болады. Бірі - адал достық, екіншісі - амал достық.

«Енді оны қалай ажырата аламыз» дегендерге:

- Адал достық өмірлік нұсқа болады, амал достық өмірлік нұсқа болады, - деп жауап береді екен.

Оқушылардың пікірлері тыңдалады.

"Жалғастырып көр" ойыны

Әрбір адамға дос керек. Өйткені...

Ә) Менің досыма және сыныптастарыма тілегім...

Б) Сыйластық бар жерде ....

"Сиқырлы орындық" жаттығуы
Орындыққа бір оқушы отырады. Қалғандары сол оқушының ұнамды жақтарын айтады.

«Үш көбелек» сахналау

Бір үлкен де қалың орман ішінде қызыл, сары, көк апалы-сіңілі үш көбелек өмір сүріпті. Олар өздері сондай тату-тәтті екен.

Күндердің бір күнінде олар орманның шетіндегі қалың гүлдер өсіп тұрған жаққа ұшып келеді.

Ұшып келгендері сол-ақ екен шайдай ашық тұрған аспан кенеттен бұлттана жөнеледі.

Алай-дүлей боран соғып, кенеттен жаңбыр жауа бастайды.

Сатыр-сұтыр найзағай ойнап, орман қорқыныш әлемгеайнала бастайды.

Сасқалақтап, пана іздеген бейкүнә көбелектер ендігі жерде пана іздей бастайды.

Қорқып, үрейленгендері сонша маңайында ешбір жан болмағандықтан жайқалып тұрған әдемі де, хош иісті гүлдерден көмек сұрайды. Содан әбден суық жаңбырдың суына малынған олар сап-сары боп өсіп тұрған сарғалдаққа келеді.

Сарғалдақ:

- Кел, сары көбелек, сен ғана менің саяма жасырын, сонда саған жаңбыр да тие алмайды, -дейді.

Сары көбелек:

- Жоо-жоооқ, мен өз туған бауырларымды айдалаға тастап кеткім келмейді, жаурасақ, бәріміз бірге жаурайық, мұздасам да, бауырларымның жанында болам,- деп айналып кетіп қалады.

Күн салқындап кетті. Байғұс көбелектер әбден жаурайды. Содан көк көбелек лала гүлге келіп, одан көмек сұрайды.

Лала гүл:

- Кел, көк көбелек, сен ғана менің саяма жасырын, сонда саған жаңбыр да тие алмайды, -дейді.

Көк көбелек:

- Жоо-жоооқ, мен өз туған бауырларымды айдалаға тастап кеткім келмейді, жаурасақ, бәріміз бірге жаурайық, мұздасам да, бауырларымның жанында болам,- деп айналып кетіп қалады.

Күн тіптен суыйды. Көбелектер әбден жаурады. Содан соңғы сұраған көмегіміз болсын деп, олар қызғалдаққа келеді.

Қызғалдақ:

- Кел, қызыл көбелек, сен ғана менің саяма жасырын, сонда саған жаңбыр да тие алмайды, -дейді.

Қызыл көбелек:

- Жоо-жоооқ, мен өз туған бауырларымды айдалаға тастап кеткім келмейді, жаурасақ, бәріміз бірге жаурайық, мұздасам да, бауырларымның жанында болам,- деп айналып кетіп бара жатқанда аспаннан бұлтты жарып, күлімдеп күн шыға келеді. Бұлтты жарып шыққан ол дереу үстері су болған көбелектердің арқаларынан сыйпай жөнеледі. Өзінің шуақ, нұрын төгіп, оларды өзінің ыстық жылуымен нұрландырып, шаттандыра түседі. Көбелектердің осынша бауырмалшылдығына таң қалып, күлімдеп қарап тұрады.

Күннің көзін көрген көбелектер, қуанғаны сонша шетінен бір-бірінен айналып, билей жөнеледі. Мұны көрген гүлдер қызарып, төмен қарап қалады.

Осыдан кейін олар қызғалдақ, сарғалдақ, лалагүлдерге ешқашан да қонбайтын көрінеді. Міне, содан болса керек, «Шын дос - қиындықта сыналар» деген ұғымның үлкен мағынаға ие екендігі!!!

Жағдаятты шешу.

  1. Досың сенің қимас ағаң сыйлаған сувениріңді ұнатып қалды.Қайта-қайта оны қызықтаумен болжы.Қимас досың сұраса берер ме едің?

  2. Сенің жаңа досың бұрынғы досыңды тастауыңды өтінді.Өзімен ғана дос болғаныңды қалады. Не істейсің?

  3. Саған досың өкпелі.Неге екенін білмейсің.2күн болды сені көрсе қашқақтайды.Сен не істейсің?

  4. Досың сенің жақсы көретін киіміңді күйдіріп алды Қандай шешім қабылдар едің?

  5. Мен досыммен балыққа кетіп барамын. Ата-анамды әрі-бері күтіп, келмеген соң рұқсатсыз кете беруіме тура келді. Бармауға да болады, бірақ дос көңілін қимадым.

  6. Қандай қиянат жасадым десеңізші. Апамның сөмкесінен ақша ұрлау.... Әттең, досым үшін ғой. Ауыр хал үстінде жатыр, дәріханаға қарай жүгіріп келемін.

  7. Қанат конькиін аулаға қалдырды да,өзі тамағын ішуге үйге кетті.Тамағын ішіп отырып ол конькиін Маралдың теуіп жүргенін көрді. Қанат ашуланып,аулаға жүгіріп шықты.«Қазір оның сазайын тартқызамын,біреудің затын сұрамай алушы болмасын» деп ойлады. Ашулы күйінде жетіп барды,тіпті жұдырығын да түйіп алған.Ал, Марал оны көрді де, «Танысып қой,Айдар,бұл менің
    ең жақсы досым Қанат» деді. Қанат ұялып қалды.

  8. Дана мен Бота тату дос болатын. Олар мектепке де бірге баратын.Бірде олар мектепке келе жатқанда жаңбыр жауып кетті. Дананың үстінде плащы бар еді,ал Бота көйлекпен болатын.
    -Плащыңды шеш,екеуміз бірге жамылайық!-деді Бота.
    Шеше алмаймын үстім су болады!- деді Дана.
    Мектепке келгенде мұғалім «Дананың үсті құрғақ,сен неге малмаңдай сусың. Неге бұлай? Екеуің бірге келмедіңдер ме?» деп сұрады.
    -Дананың плащы болды, ал менде көйлек қана болды - деді Бота.
    -Екеуің бір плащты жамыла алатын едіңдер ғой. Сендердің достықтарыңның алғашқы жаңбыр жауғанша ғана екені көрініп тұр- деді мұғалім.
    Екі қыз да ұялғанынан қып- қызыл болып кетті.

Шығармашылық жұмыс.

а) Менің досым қандай? (эссе)

ә) Өлең шығару (досыма)

б) Дос туралы мақал-мәтел

в) Достық тақырыбына сурет

Достық

Ертеде, Есім ханның ел билеген заманында, бір кішкентай қалашыққа Досымбек деген талантты, әділетті жігіт қазы болып сайланыпты. Ақкөңіл, адал ниетті жас жігіт ел сенімін ақтап, әділетті сот билігін жүргізді.

Ақжарқын мінезді Досымбек бір күні әкесіне аңқылдап сырын айтады:

- Әке, бұл күнде дос-жарандар көбейді. Бәрі де адал дос боламыз, қиындықта жаныңнан табыламыз деседі.

- Онысын келешекте Алла біледі,- депті әкесі.

Әкесі Сабыржан қарапайым шаруаның адамы екен. Бірақ «ханға бергісіз қараша бар» дегендей әкесі ойшыл, кемеңгер екен.

- Балам, ертең қолың бос бола ма? Осы айтқан сөзіңе байланысты мен саған ғибрат мысал көрсетейін ,- депті.

Ертеңіне түйе жеккен арбасының үстіне киіз сырмаққа ұзынынан бір серкені көрсетпей орап салады да, өлген кісіше жатқызып алып жүреді.

- Сен алдына жүріп отыр, әрбір досыңның есігінің алдына тоқтап тұр. Сөзді мен өзім айтамын, сен үндемей тұрасың,- деп ұғындырады.

- Шырағым, жан қысылып өзіңе келдік. Мынау, Досымбек- жан досың, істі болып қалды. Оқыстан қата тиіп, сойылға жығылып, мына бір адам өліп қалды.Шын дос болсаң, мына арбаны өлігімен бүгінше бір жеріңе паналатып бер,- дейді Досымбектің әкесі.

Үй иесі ат- тонын ала қашып, азарда- безер болады.

- Пәлеңнен аулақ, мынадай пәлесі тиетін нәрсені әрі әкетіңіз!- дейді.

Сөйтіп, бала бір досынан кейін бір досына бара береді. Бәрінің сөздері сол болады: «Пәлеңнен аулақ, кетіңіз! Досымбекпен достық кезінде болған нәрсе»,- деп біреуі де бұларды үйлеріне жуытпайды.

Соңғы үйлердің біреуі қиналыпты: «Мынау қиын болды ғой, өлікті қалдырып кетіңіз, көлік пен арбаны алып жүре беріңіз, өлікті жасыра тұрайын»,- депті.

Енді бір ғана досы қалыпты.

«Бұған да бара кетейік»,- деп шаруасын айтса:

- Қайтейін, Досымбекпен бірге көрейін, досым үшін жаным садаға! Арбаны да, көлікті де, өлікті де- бәрін осында қалдырып, өздерің кете беріңдер,- депті.

- Міне, балам, басыңа қиындық іс түскенде, жаныңда бірге болатын шын дос-жолдасың жүз кісіден бір жарым ғана болғанын өз көзіңмен көрдің,- депті әкесі баласына.

Оқушылардың пікірі тыңдалады.

Релаксация
-Балалар, ыңғайланып отырып алыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Алақанмен тосып алған достық шуағының жылуын сезінейік. Өзіміздің қолымызбен жасаған достық нұры мәңгі жүрегімізде қалуы үшін жарастықты, татулықты жақтайық, әрқашан бірлікте, сыйластықпен өмір сүрейік, деп іштей қайталаймыз.Соның дәлеліндей әркім өзінің көршісінің қолын алып, ешқашан ренжіспеуге келісім берейік. Осындай ризашылықпен бұрынғы қалпымызға келеміз.
Тыныштық сәті
Дос емес достың сөзін көтермесе,
Саған жердің түбінен жетем десе.
Не қылып дос атына қосылады,
Көтермей бір сөзіңді бүйтем десе.
Нағыз дос бір-бірін жамандамас,
Араға көп өкпе сап табандамас.
Көңілі татулықтың шабандамас.
Жақсының әрбір сөзін қайырмаңық,
Жасығанда жездей боп мойымайық.
Сыр сақтамас біреумен дос болам деп,
Сыр ашқан досымыздан айрылмайық.
«Досымның жүрегі» ойыны
Үлестірілген жүрекшеге жақын отырған көршісіне жақсы қасиеттерін жазып кеудесіне жапсыру.

Достықтың ережелері.
1. Бір-біріне көмектесу.
2. Бір-біріне сену.
3. Бір-бірімен бөлісу.
4. Бір-бірін қорғау.
5. Шыдамды болу.
6. Мейірімді болу.
7. Кешірімді болу.
8. Қызғанбау.
9. Адал болу.
10.Сенімді болу.
11.Бір-біріне ренжімеу.
12. Бір-бірін қорламау.
13.Бір-бірін алдамау
«Дос болайық бәріміз» әні


Достық тақырыбына тәрбие сағатыДостық тақырыбына тәрбие сағаты



Достық тақырыбына тәрбие сағатыДостық тақырыбына тәрбие сағаты



Достық тақырыбына тәрбие сағаты



© 2010-2022