Қазақ хандығының негізін қалағандар тәрбие сағат жоспары

Раздел Классному руководителю
Класс 9 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ хандығының негізін қалағандар тәрбие сағат жоспарыҚазақ хандығының негізін қалағандар тәрбие сағат жоспарыҚазақ хандығының негізін қалағандар тәрбие сағат жоспары«Талица жалпы негізгі білім беретін мектебі» КММ



Тәрбие сағаты

«Қазақ хандығының негізін қалағандар»





Тақырыбы:



Сынып: 9 «А»

Сынып жетекші:Джумадилова А.М.







2015 - 2016 учебный год

Қазақ хандығының негізін қалағандар

Тақырыбы: «Қазақ хандығының негізін қалағандар».

Мақсаттары:

1.Білімділік: Қазақ хандығының құрылу тарихы мен таныстыру, қазақ жеріндегі тұңғыш дербес мемлекеттің жаулап алушылық соғыстар нәтижесінде дүниеге келгенін түсіндіру. Керей мен Жәнібек ханның билік саясатына түсінік беру.

2.Тәрбиелік: Тұңғыш қазақ мемлекетінің құрылуына негіз қалаған қоғам қайраткерлерінің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу, өз елінің тарихына, адал ұлдарына деген құрмет сезімін қалыптастыру.

Айнаш Маратовна:

Ғасырлар бойы қазақ халқы кең даласын ақ білектің күші, ақ найзаның ұшымен қолына алып жаудан қорғаған. Қазақ жерінің ұлан қайсар батырлары бостандық үшін жанын берген. «Қазақ хандығының құрылуы - Қазақстан тарихындағы сындарлы кезең болып табылды» Нұрсұлатан Әбішұлы Назарбаев. Биылғы жыл - қалың қазақты бір жасатып тастады. Армысыздар бүгінгі тәрбиелік шараға жиналған құрметті оқытушылар, студенттер. Бүгінгі өткелі отырған тәрбиелік шара тақырыбы - «Қазақ хандығының негізін қалағандар». Осы ерекше датаның бүгінде маңызы зор. Бүгінгі шара Дүбірлі тойдың өз деңгейінде атап өтілуі үшін бізідің қосқан үлесіміз болып табылады.

Ақбөпе Маратовна:

Қазақ халқының түрлі мемлекеттік бірлестіктерге бытырап, саяси бөлшектенуін жоюға әрекет жасап, бастарын біріктіру Жошы ұрпақтары - Керей мен Жәнібектің үлесіне тиді. Еуразияның қақ ортасында орналасып, талай халықтың көнедегі және қазіргі кездегі тарихына куә болған, тарихы солармен тағдырлас қазақ даласы, Қазақ жері , Қазақ ұлты қандай қиыншылықтарды бастан өткізбеді десе

Айнаш Маратовна:

Ия, сонымен Керей мен Жәнібек бастаған 200 мың адам Жетісуға бет алды.

Ақбөпе Маратовна:

1465 - 1466 жылдары Керей мен Жәнібектің Батыс Жетісуды құтты мекен етіп, Шудағы Қозыбаста қазақ хандығының ұлттық туын тігіп, Орда құруы ең алдымен, көшпелі қазақтардың ел болып, еңсе көтерсек деген ынта - үмітін жүзеге асырды. Суы мол, топырағы құнарлы, жер жанаты Жетісу жері қалың қазақтың мақтанышына айналды.

Сіздердің назарларыңызға «Қазақ елі» атты видео ролигін ұсынамыз.

«Сұлтанда кеңесі» көрінісі.

9 «А» және 6 «А» сынып оқушылары.

Айнаш Маратовна:

Өркендеп алға басты Қазақстан,

Бақ құсы қайта қонды қолдан ұшқан.

Қуатты, берекелі, бейбіт елмен,

Санасатын болды енді дос пен дұшпан.

Ақбөпе Маратовна:

Аманаты Абылайдың орындалды,

Әлемге қазақ елі мойындалды.

Тілі іні, дәстүрі халқымыздың,

Төрінен лайықты орын алды

Айнаш Маратовна:

Армандарды жақындатып тым алыс

Біздің жаққа келген екен жылы ағыс

Хандық құрып жеткен екен мұратқа

О, халайық ,құтты болсын қуаныш!

Міне қазіргі таңда біздің ел азат ел. Тіліміз, дініміз, туымыз және Астанамыз бар.Осы күнге жеткенімізге себепкер болған ата-бабаларымыздың рухына мың да бір алғыс!

Келесі кезекте 5-6 сынып оқушыларының орындауында қазақ биі.

Ақбөпе Маратовна:

Арманы жүзеге асып бабалардың,

Рухы асқақтады даналардың.

Есімі қайта қауышты ұрпағымен ,

Нақақтан шәйіт болан ағалардың.

Айнаш Маратовна:

Көк аспан түсіндей желбіреп байрағы,

Бір мүдде, бір мақсат алдына қойғаны.

Көк түрік отаны бүгінгі қазақтың,

Тәуелсіз Мәңгілік ел болу арманы

Ақбопе Маратқызы:

Осымен қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл мерекесіне арналған ашық тәрбие сағатымыз аяқталды. Алып бәйтеректей тамырын тереңге жайған Қазақ мемлекетінің келешегі кемел, болашағы жарқын болсын. Қош сау болыңыздар.



САБАҚ БАРЫСЫ ...

Қазақ хандығының негізін қалағандар тәрбие сағат жоспары









Қазақ хандығының негізін қалағандар тәрбие сағат жоспары

Қазақ хандығының негізін қалағандар тәрбие сағат жоспарыҚазақ хандығының негізін қалағандар тәрбие сағат жоспары

© 2010-2022