Разработка внеклассного мероприятия для 5 класса

Ашық тәрбие сағаттың  тақырыбы: «Сәлем саған 5–ші сынып!» Мақсаты: оқушылардың бастауыш сыныптан алған білімдерін тиянақтау, сөз тапқырылықтарын, ұқыптылығын, сөйлеу мәдениетін , өз -өздерін көрермен алдында ұстауларын байқау. 5 сыныпта бір-бірімен тату, мейірімді болуларына тәрбиелеп, сабаққа ынталарын арттыру. Өтілу барысы: 1.     Мұғалім сөзі 2.     «Мектеп» туралы ән 3.     Оқушылармен бірге «Бәләм теңізіне саяхат» 4.     Мұғалімдердің тану сайысы 5.     Көрермендермен сайыс 6.     Ант беру ...
Раздел Классному руководителю
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ашық тәрбие сағаттың тақырыбы: «Сәлем саған 5-ші сынып!»

Мақсаты: оқушылардың бастауыш сыныптан алған білімдерін тиянақтау, сөз тапқырылықтарын, ұқыптылығын, сөйлеу мәдениетін , өз -өздерін көрермен алдында ұстауларын байқау. 5 сыныпта бір-бірімен тату, мейірімді болуларына тәрбиелеп, сабаққа ынталарын арттыру.

Өтілу барысы:

  1. Мұғалім сөзі

  2. «Мектеп» туралы ән

  3. Оқушылармен бірге «Бәләм теңізіне саяхат»

  4. Мұғалімдердің тану сайысы

  5. Көрермендермен сайыс

  6. Ант беру

  7. Би

  8. Қорытындылау


  1. Мұғалім сөзі

  • Армысыздар, құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар, қонақтар! Бүгінгі өткізгелі отырған «Сәлем саған 5-ші сынып» мерекесіне қош келіпсіздер!

Шашу шашу шашайық

Ақ сандықты ашайық

Бұл мереке, бұл тойдың

Бастаңғысын жасайық!

Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!

Сөйлеп тұрған мұнда біз бар!

5-а сынып оқушылары келіп тұр

Біліммен айқын сәлем беріп тұр

Қол шапалақтап қарсы алыңыздар!

Оқушыларды тізіммен атау:

  1. Байсеуф Ринат

  2. Дощанова Айсенм

  3. Иргалиев Диас

  4. Урынгалиева Айсана

  5. Тамашев Дарын

  6. Тулегенова Бибигуль

  7. Хальбеков Райымбек

  8. Хайрушева Дильназ

  9. Сундеткалиев Бахтыгерей

  10. Кабдешова Аида


Өсті міне бойларың

Өсті міне ойларын

Қуанышқа ортақпыз

Құтты болсын тойларың!

Қараңыздаршы, құрметті ұстаздар, ата-аналар! Алдарыңызда өздеріңіз жетектеп алып келген күні - кешегі 1-ші сынып оқушылары емес, алдарыңызда 5- сынып оқушылары. Бұлар есейді, ақыл жинады. Сондықтан біз бүгін 5-ші сынып оқушыларына лайықты екендігімізді дәлелдеуіміз керек. Оның барлығы алда ал қазір осы 5 сынып оқушыларын құттықтауға мектептің директоры Уразалиева А.Н. сөз беріледі

Құлақтан кіріп бойды алар

Әсем ән мен тәтті күй

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсең менше сүй деп, Абай атамыз айтқандай келесі кезекті әнге береміз

5-ші сынып оқушыларының орындауында ән

Ортаға Дімбілмес және Білгіш шығады.

Дымбілмес: Ойхой мына керемет балалар кімдер?

Білгіш: Бұл биыл мектептің 5 сынып оқушылары . Қарасшы, Дымбілмес, бүкіл мектеп болып қарсы алып жатыр. Сені Дымбілмес деген атың өзіне лайық. Ештеңе білмей жүрсін.

Дымбілмес: Сен Білгіш көп білгішсіне берме.Кәне айтшы мына оқушылары бүгін мектепте бірінші рет келді ғой

Білгіш: Жоқ

Дымбілмес: Ендеше оларды тексеріп көрейік. Мына кісі кім? (Ы.Алтынсариннің портретін көрсетеді.)

Оқушылар: Ы.Алтынсарин. Жазушы, педагог, ұстаз.

Дымбілес: Оның балаларға арналған қандай өлеңдерін білесіңдер?

Оқушылар өлеңдерін оқып шығады

Дымбілмес:Білгіш, мына оқушылар керемет қой. Тақылдап түр өздері

Білгіш: Көрдің бе, мен сияқты білгіш балалар.

Дымбілмес: Ендеше тағы бір сұрақ. Мына сендер тұрған әсем үйді қалай атайды?

Оқушылар: Мектеп

Мектеп туралы өлеңдер оқылады

Ән «Мектебім менің, мектебім»

Біллгіш: Оқушылар бізге мектеп туралы тақпақ та, ән де айтып берді, Қандай білгіш балалар!

Дымбілмес:

Енді не істесем екен? Ә, таптым. Мен қазір оларды жарыстырам. Олар бәрі-бір менен қалып қояды.

Жарыс-ойын : «Кім тез сөмкесін жинайды?»

Дымбілмес: Шаршадым. Осы мектепте үзіліс болмаушы еді?

Қарап алып сағатқа

Іліп қойған жоғары

Қоңырауды соғады

Енді үзіліс болады

Би «Вальс»

Дымбілмес: Балалар, үзіліс деген қандай тамаша, метепте ылғи үзіліс бола берсе жақсы болар еді!

Білгіш: Дымбілмес, қарашы біздің мерекеге тағы бір қонақ келе жатыр. Ол кім?

Дымбілмес: Уа. Мына келе жатқан Тазша бала ғой.. Кәне амандасып, қарсы алайық.

Тазша бала: Амансыңдар ма балалар! Бүгін осы мектепте мереке өтіп жатқанын ести ала, мен де асыға жеттім ау.

Дымбілмес: Не, Тазша бала «40 өтірігіңді» айтуға келдің бе? Кәне тыңдайық.

Тазша бала: Жоқ. Мен бүгін балаларға ұстаздар жайлы айтуға келдім және жұмбақтар, сыйлықтар әкелдім.

Білгіш: Кәне балалар тыңдайық. Шешейік, көрейік.

Тазша бала: Ұстаз! Осы бір сөздің өзінде қаншама мән-мағына жатыр. Жақсы ұстаз - мектептің жүрегі» деген Ыбырай атамыз. Жүрексіз өмір бомаса, ұстазсыз білімнің, тәрбиенің іске аспайтыны белгілі. Өмірдегі қоғам қайраткері, небір данышпан адамдар, қарапайым еңбеккерлер, тіпті арман қуған жеткіншектері де бәрі бір адамға қарыздар, ол - ұстаз. Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес. Адамды тәрбиелеп, оны азамат атандырудың өзі бір үлкен күш. Сондықтан да үстаздың еңбегі - ұлы еңбек.

Оқушылар ұстаз туралы тақпақтарын айтады

Ән «Бақытты балалық шақ»

Білгіш: Ал, балалар, Тазша баланың жұмбақтарын шешейік:

Тазша бала:

Қызыл, жасыл, қарасын

Қолға кезек аласын

Немен әр түрлі

Алуан сурет саласын?

Каналдар қазылған

Кайланың күшімен

Кітаптар жазылған

Ненің ұшымен?

Тазша бала : Оқу, білім туралы мақал-мәтелдерді айтайық

1.Күш - білімді

2.Оқусыз білім жоқ

Білімсіз күнін жоқ

3.Оқу білім бұлағы

Білім өмір шырағы

Тазша бала: Кітап - құдіретті қару. Ақылды, шабытты кітап көп ретте адам тағдырын шешеді.

Оқушылар кітап туралы нақыл сөздерді айтады

Тазша бала: Рахмет балалар, өнерлеріңіз үстем болсын. Ал Дымбілмес, Білгіш басқа мектептерде дәл осындай мерекелер өтіп жатыр. Соларды да құтттықтап келейік.

Бірге: Сау болыңыз!!!

Биік сенің ұстаздық қасиетін

Мінезін жоқ қиынға бас иетін

Өмірге тәрбиелеп құлшындырған

Жадымызда сақталар өсиетің - демекші келесі кезекте мұғалімдерді тану сайысы. Мұнда балалар мұғалімдердің аты-жөні жасырылған қағазды таңдап аласыңдар. Әр оқушы өзі таңдап алған қағазды бір-біріне қөрсетпей сол қағазда жасырылған мұғалімнің портретін ақ қағазға саласындар. Салып болған сол қалған оқушылар портретке қарап мұғалімнің толық аты-жөні, қай пәнінен беретінің атау керек.

Би болады әрқашанда қыз барда

Жылуынана жібіп тіпті қыздар бар

Мың бұралып билегенде басқа кім

Жетер біздің әсем сұлу қыз-ұлға деп кезекті биге береміз.

Міне менің қымбатты оқушыларым, сендер барлыңығыз білімдеріңізді көрсетіп дәлелдедіңдер. Енді ұстаздар мен ата-аналар алдында сендерді ант беруге шақырамын

Оқушылар ант береді

Бұгінгі мереке әр үйдің той басы деп саналар

Балалардың есімі әулеттерге таралар

Ырым етіп сондықтан ертеңгілік соңында

Ақ тілекпен баршаға тілек айтар қонақтар

Ендігі сөзді қонақтарға береміз

Оқушылар түсініңдер сөздің парқын

Әр кезде бола берсін жүздер жарқын

Мәңгілік жоғарылап жұлдыздарың

Бақытқа бөлеңдерші қазақ халқын

Сонымен балалар, келген ата-аналарымызға, ұстаздарымызға көп-көп рахметімізді айтып, бүгінгі ертеңгілігімізді жабық деп жариялаймыз!

Сау болыңыздар!






© 2010-2022