Елін сүйген Елбасы тәрбие сағаты мектепалды даярлық топ

1 Желтоқсан - Тұңғыш президент күні Тәрбие сағат тақырыбы:  Елін сүйген Елбасы   Тәрбие сағат мақсаты: Оқушыларға ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың туып - өскен,оқып білім алған, еңбек жолының басталуы туралы мағлұмат беру, Елбасының еңбек жолынан үлгі алып,еліне деген патриоттық сезімдерін ояту,халқын сүюге,білімділікке тәрбиелеу.   Тәрбие сағат әдісі: әңгімелеу,сұрақ - жауап  Тәрбие сағат көрнекілігі: Елбасы суреттері, кітаптары, рәміздер, «Халқым аман, елім бірлікте болсын деп...», т.б. І. ...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

1 Желтоқсан - Тұңғыш президент күні

Тәрбие сағат тақырыбы: Елін сүйген Елбасы

Тәрбие сағат мақсаты: Оқушыларға ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың туып - өскен,оқып білім алған, еңбек жолының басталуы туралы мағлұмат беру, Елбасының еңбек жолынан үлгі алып,еліне деген патриоттық сезімдерін ояту,халқын сүюге,білімділікке тәрбиелеу.

Тәрбие сағат әдісі: әңгімелеу,сұрақ - жауап

Тәрбие сағат көрнекілігі: Елбасы суреттері, кітаптары, рәміздер, «Халқым аман, елім бірлікте болсын деп...», т.б.

І. Ұйымдастыру кезеңі Сынып сағатының өту барысы:

ІІ. Сынып сағатын Әнұранмен ашу

«Мәні мен мағынасын түсіндір» сынып сағатының атын шығару

Елін сүйген Елбасы (суреті)

Сөйлесіп бір жүрген қай сөзіңде де халықты биік қоясын,

Халықпен бір ашығасың да, халықпен бірге тоясың.

Жастықтың жалын шақтарыменен бірге айтып арман әндерін,

Қазақстанның бақтарыменен бірге жапырақ жаясың, - деп Тұманбай Молдағалиев жырлағандай бүгінгі "Елін сүйген Елбасы!" атты сынып сағатымыз Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н. Ә. Назарбаевқа арналады. Сынып сағатымызда президентіміздің өмір жолымен және тындырған істері, Тұңғыш Президент күні туралы әңгімелейміз.

Слайд көрсетіледі

І. Өмір жолы

Тұрмыс құрғанына 3 жыл өтсе де Назарбаевтар шаңырағында іңгәлаған нәресте үні естілмей қапаланады. Қазақ үшін бұдан артық қасірет бар ма? Әбіш пен Әлжан ата - баба аруағына сыйынып, Алладан бала тілеуді қош көреді. Содан екеуі Райымбек бабаның басына барып құрбан шалып, малдың етін жұртқа үлестіріп беріп, моланы 7 рет айналып шығады. Екеуі де Алладан бір ғана ұл тілейді. Құдай шын тілегенге береді деген рас екен. Сол түні Әлжан ана тамаша түс көреді. Түсінде үлкен теңіз көреді.Буырқанып, дөңбекшіп жатқан мұндай теңізді бірінші көруі. Түсуге жүрексінеді, бірақ бір күш суға қарай дедектете сүйрей жөнеледі. Әуелі су тізесінен келеді. Одан кейін беліне, мойнынан асады.Бір кезде басы көрінбей кетеді «Тұншықтым- ау» деп қорқады. Бірақ бір ғажабы еркін тыныстап келе жатады.Аяғы теңіз түбіне бір тиіп,бір тимейді. Өстіп келе жатып,теңіз түбінен мылтық тауып алады. Кәдімгі аңшының ұзын мылтығы. «Жақсы болды ғой, Әбішке апарып беріп, қуантайын» дейді де,мылтықты иығына асынып алады. Сол кезде мылтық иіліп,екі басы да жерге тиеді.Әлжан мылтықты тастамай,аршындай басып теңіздің екінші жағынан бір- ақ шыққан екен. Бұл түсін еті жақын туыстары «алла жар болсын,түсің жақсы екен, Құдай ұл береді сендерге» деп жориды. Қате айтпапты.

Құдай жарылқап Назарбаевтар әулетіне Нұрсұлтандай ұл беріпті. Сөйтіп, 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы,Қаскелең ауданы,Шамалған ауылы,үшқоңыр жайлауында Н. Ә. Назарбаев дүниеге келген.

Балалық шағы таршылық жағдайда өткен. Үлкендердің мал бағуына,бау - бақша өсіруіне көмек көрсетіп,шөпшек теріп,отын жарған. Мектепті жақсы оқып,жақсы білім алады.

Еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастап, домна пешінің аға газдаушылығына дейінгі жолдан өтті.

1991 ж. желтоқсанның 1-інде тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98, 7 %) жеңіске жетіп Қ.Р президенті болып сайланады.

Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялап, егемендік алғалы бері де жиырма жылдан асты. Осы уақыт аралығында Қазақстанды барша әлем таныды, мәдениетіміз,өнеріміз,экономикамыз,білім мен ғылымымызбен өркениетті мемлекет қатарына қосылдық. Бұл- бабаларымыздан келе жатқан ұлы арман - тәуелсіздігімізді орналастыру жолындағы қиын белестерден халқын аман алып өтіп, тарих төрінен өзіндік қолтаңбасымен көрінген елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың салиқалы саясаты мен сауатты басқаруының нәтижесі.

Слайд: Астана туралы

Тәрбиеші:Міне балалар біздің еліміз қазіргі таңда осындай дәрежеге жетті.Бүкіл әлем біздерге қызыға да қызғана да қарайды.Еліміздің көркейуіне барша қазақ халқы ат салысып,өздерінің үлесін қосып жатыр.Ал біз өз тарапымыздан жақсы білім алып,тәрбиелі ұл-қыз атанып,Қазақстанның көркейуіне біз де өз үлесімізді қосайық.Олай болса бәріміз ойын ойнап жіберейік.

Ойын: "Елімізді көркейтейік" Қазақстан картасына балалар гүлдерді жапсырады

Тақпақтар: балалар өз тақпақтарын айтады.

Сондықтан Біздің Елбасымыз - өзінің білім - білігімен, тәжірибесімен парасатты саясатымен түрлі этнос өкілдері кіретін халықты қазақ жерінде бірлік пен ынтымақтықта ұстап, береке тұнған құтты мекенге айналдырып,өз Отанының байлыққа кенеліп,гүлденуі үшін елімізді алға бастаған ұлы көшбасшы.

Ел Парламенті қабылдаған заңға сәйкес,1- желтоқсан ҚР Тұңғыш Президенті Күні - Мемлекеттік мереке ретінде белгіленді. «Қилы кезеңде» осындай көшбасшысы болған қазақ ұлты,Қазақстан халқы шын мәнінде бақытты. Елбасы күні - елдікті еңселетіп,тәуелсіздікті тұғырлы ететін күн болсын деп келесі :.

Ән: "Елтаңбасы елімнің"


ЖББ Амангелді орта мектеп-балабақшасы



Елін сүйген Елбасы

(Ашық тәрбие сағаты)





Елін сүйген Елбасы тәрбие сағаты мектепалды даярлық топ





Тәрбиеші: Мукашева А.У

© 2010-2022