Әліппемен қоштасу мерекесінің әзірлемесі

Мақсаты:  1-сынып оқушыларының әліппені оқып,бітіруіне  байланысты      мерекелік ертеңгілік ұйымдастыра отырып,оқушылардың білімін,оқу дейгейін көрсету,ата-аналарды мектепке тарту. Көрнекілігі:  Әртүрлі суреттер,өлең жолдары,жаңылтпаштар,плакаттар,телевизор, компьютер,аудио таспалар,шарлар,ертегі кейіпкерлері,гүлдер. Өтілу барысы:   1.Кіріспе сөз. - Құрметті 1-сынып оқушылары сендер алғашқы оқулықтарың әліппені аяқтадыңдар.Бұл өте үлкен қуаныш,үлкен мереке .Бұған тек сендер ғана емес ата-аналар...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Әліппемен қоштасу мерекесінің әзірлемесіМақсаты: 1-сынып оқушыларының әліппені оқып,бітіруіне байланысты мерекелік ертеңгілік ұйымдастыра отырып,оқушылардың білімін,оқу дейгейін көрсету,ата-аналарды мектепке тарту.

Көрнекілігі: Әртүрлі суреттер,өлең жолдары,жаңылтпаштар,плакаттар,телевизор,

компьютер,аудио таспалар,шарлар,ертегі кейіпкерлері,гүлдер.

Өтілу барысы:

1.Кіріспе сөз.

- Құрметті 1-сынып оқушылары сендер алғашқы оқулықтарың әліппені аяқтадыңдар.Бұл өте үлкен қуаныш,үлкен мереке .Бұған тек сендер ғана емес ата-аналарың да, алғашқы ұстаздарың да қуныш үстінде.Міне,сендерді бүгінгі мерекелеріңмен құттықтай отырып, «Әліппемен қоштасу » мерекесін бастаймыз.

1.Музыка . «Ертегілер» әні орындалып тұрады,оқушылар музыкаға билеп тұрады.

Сахнаға Мальвина шығады.

Мальвина:Армысыздар,құрметті достар!

Бірге:Әліппе тойы құтты болсын!

1.Сахнаға жүгіріп Буратино шығады.Олай-бұлай жүгіріп жүреді.Қолында әліппе кітабы бар.

Буратино: - Балалар,мені таныдыңдар ма? Мен кіммін?Кіммін?Кіммін?

-Иә,БУ -РА- ТИ-НО! (Сахнадағы көрермендер «Буратино» деп айқайлайды.)

Неге жиналып отырсыңдар,міне қызық !

Қандай әдемісіңдер!

Мына жер қандай көңілді!

Мальвина: Тағы бір той жасайық!

Әліппе бетін ашайық.

Ашқан білім есігін.

Әліппемен қоштасайық!

-Сәлем,Буратино!Неге мектепке келмей жүрсің?

Буратино:

-Мектепте оқыған қызық емес.Мен санау білемін .Мен әріптерді танимын.

Мальвина;

-Ал,санашы.

Буратино:

-Мірім, ешкім, үшкіш, төккіш, бекіш,алғыш, жеткіш....

М:

-Қой,мынау тіпті сан емес қой.Қане,қояндар,келіңдер.10-ға дейін санаңдар.(Екі оқушы шығып 1-10 ға,10-1 ге дейін санап береді.)

-Ал,әріптерді білесің бе?

Б:

Алма, әтеш, бақа, велосипед, гүл, ғарыш, доп.(Суреттен әріпті емес,тек суреттерін ғана айтып береді.)

М:

-Бұның да дұрыс емес.Қане, оқушылар «Әліппе» әнін айтып берейікші.

(«Әліппе» әні орындалады.Ана,бала,Отан сөздерін көрсетіп тұрады.)

Қарша қыздар : «Алфавит сыры» өлеңін оқиды.

Альфавиттің

А тұрады басында.

Әрқашанда

Ә тұрады қасында.

Байқадың ба?

Б тұрады үшінші.

Ал осының сыры неде түсінші:

А деген ол-аналар ғой ардақты.

Ә деген ол-әкелер ғой салмақты,

Б деген ол-балалар ғой әдемі.

Біздің елде үшеуі де кәделі.

Бірге: Алшақ кетпей

Сондықтан да расында ,

Тұрады олар

Альфавиттің басында.

Мальвина мен Буратино шығады:

М: -Буратино,сен «Шалқан» туралы ертегіні білесің бе?

Буратино: Жоқ ,білмеймін.

М:-Онда бізде қонақта «Шалқан» ерттегісінен келген қонақтар.Қарсы алайық.

Музыка ырғағымен оқушылар сахнаға шығады. Ертегі қойылымы басталады.

(Соңынан бәрі бас иіп шығып кетеді.)

Мальвина:

Қалай Буратино ұнады ма?

Б:-Иә,иә қатты ұнады,қандай қызық! Бірақ,тағы қызықты бір зат көргім келіп тұр.Тағы қандай өнерлерің бар?

М:-Онда,біздің бишілердің өнерін тамашала.

(«Көңілді балалар» биі орындалады.)

Мальвина:

Қалай Буратино ұнады ма?

Б:-Иә,иә қатты ұнады,қандай қызық!

М:Буратино,онда сен «Мақта қыз бен мысық» ертегісін көр.

«Мақта қыз бен мысық» ертегісі қойылады.

«Бой сергіту» биі орындалады.

Оқушылар сахнаға шығады.

Әліппе туралы тақпақтар.

1.Қош бол, құтты әліппем!

Көп нәрсені үйреттің:

Таныстырып әріппен,

Тақылдатып сөйлеттің.

2.Жырлар менен тақпақтар

Желіктіріп әкетті.

Қызық ,қызық ертектер,

Еліктіріп әкетті.

3.Өзім оқып кітапты,

Жалынбадым ағама.

Қуанды анам оқудан

Алған «бестік» бағама.

4.Соғылған сомдап алтыннан

Әліппе-білім бесігі!

Ашылды енді алдымнан

Кең дүниенің есігі.

5.Қадіріңді кеш білсем,

Қояр едім қалып мен.

Тіл тұсауын кестің сен,

Қош бол,құтты әліппем!

6.Келгенде алғаш мектепке

Білмеуші едік әріп те

Оқимыз қазір ертек те

Үйреттің оны , «Әліппе!»

7. Енді біз жаза білеміз

Әріпті қосып әріпке.

Ырза боп саған жүреміз

Хош бол, сүйікті «Әліппе !»

Мұғалім:

Міне,енді құтты әліппеміз бен қош айтыстық, ІІ жарты жылдықта «Ана тілі» оқулығын оқуды бастаймыз.Бұл пән Әліппеге қарағанда күрделі, себебі оқу мен жазу қатар жүреді.Ана тілін мадақтау үшін оқушыларды ортаға шақырамын.

Ана тілі туралы тақпақтар оқылады.

1.Туған тілде сыры терең жаным бар,

Туған тілде әнім менен сәнім бар!

Туған тілім тіл болудан қалса егер,

Жүрегімді суырып-ақ алындар.

2.Тілім барда қазағым бар, халқым бар,

Дәстүрім бар, ата жолы, салтым бар

. Кең даладай жиналмаған шалғайы,

Аңқау, ашық мінезім бар аңқылдар.

3.Ата-анамыз әлдилеп,

Уатқан бізді баба тіл.

Осы тілді жек көрген

Дүниеден қалар құр.

Бағаласаң шынымен

Баба тілі асыл - дүр.

4. Ана тілін жырлап өткен талайлар,

Жырлап өткен Ыбырай мен Абайлар.

Қасиетті менің ана тілімде,

Өшпес мәңгі алаулаған арай бар.

«Бала тілегі» әні хормен орындалады.

Мұғалім:

Құметті,ата -аналар,оқушылар,қонақтар!1 «Ә» сыныбының бүгінгі «Әліппемен қоштасу» тойы осы бір қызықты сәтпен аяқталды,сағатта 12-ге таяп қалды.Көріп тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет!Қош сау болыңыздар!

























№3 жалпы білім беретін орта мектебі




1 «Ә» сыныбы.


Сынып жетекшісі :Манапова Ж.П.









© 2010-2022