Презентация по казахкому языку на темуМақтанышым – мемлекеттік рәміздер

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Мақтанышым - мемлекеттік рәміздер
Мақсаты: І.Елтаңба, Ту, Әнұран туралы түсініктерін нығайту.Рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерді дамыту.
ІІ. Оқушының есте сақтауын дамыту, өз ойын дұрыс жеткізуге ынталандыру.
ІІІ.Оқушыларды Отан сүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Рәміздерге байланысты түрлі-түсті суреттер, буклеттер, карта, мақал-мәтелдер, Отан,жер туралы нақыл сөздер, слайд
Тәрбие сағатының барысы:
Кіріспе бөлім:
- Сәлеметсіздер ме балалар?
- Балалар көңіл - күйлерің қалай? Бүгін қандай мереке?
- Дұрыс айтасыңдар балалар. 1 қыркүйек - білім күні. «Мектеп - кеме, білім - теңіз» дегендей бүгінгі күні «Білім» теңізінде әрі қарай жүзу үшін
1. Еңбекқорлық
2. Білімпаздық
3. Ұйымшылдық қасиеттері бойымыздан әрқашан табылуы тиіс.

Бүгін міне сіздерге «Ешқашан жалықпайық», «Білім алу жолында талмайық», «Бір - бірімізге дос - бауыр деп қарайық» дегім келеді. Сонда ғана өз отанымыздың нағыз азаматы бола аламыз.
Олай болса біз отан деген сөзді қалай түсінеміз? Отан деген не? Деген сұрақтарға жауап іздеп көрелік.
- Өте жақсы балалар. Өз ойларыңды ортаға салдыңдар. Енді мен сіздерге бірнеше сұрақтар қойғым келеді.
1. Қазақстанның мемлекеттік тілі қай тіл?
2. Қазақстанда қандай ұлттар тұрады?
3. Қазақстан көлемі жағынан әлемде нешінші орын алады?
4. Қазақстанның астанасы қай қала?
5. Қазақстанның ұлттық валютасы қалай аталады?
6. Президенттің жұмыс орны
7. Қазақстан тәуелсіздікті қашан алды?
8. ҚР Конститутция күні қашан?
9. Рәміздерге нелер жатады?
10. ҚР туында не бейнеленген?
11. Тудың авторларын ата
12. Әнұранның авторлары кімдер?

© 2010-2022