Табиғаты көркем таулы өлкем - Таутүргенім 5-сынып

Раздел Классному руководителю
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Табиғаты көркем, таулы өлкем - Таутүрген.

Мақсаты:

1.Туған жер табиғаты мен өзіне тән ерекшеліктерін, бағалы аң -құс, жануарларын таныстырып, табиғатты аялап, қорғауға үйрету.

2.Туған жер туралы дүниетанымын кеңейтіп, белсенділігімен қызығушылығын дамыту.

3.Табиғат байлығын қорғауға, жауапкершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Слайд, суреттер, карта, кітаптар

Үлгілі тәрбие сағатының барысы

Еңбекшіқазақ ауданының құрметті азаматы, ұлағатты ұстаз, соғыс ардагері Сәрсен Әбдіхалықовтың «Таутүрген менің ауылым» өлеңі.

Айман:

Таутүрген менің ауылым

Жерің жәйлі Таутүрген таза ауаң,

Қоныс еткен ертеден ата-бабам.

Тамашалап өзіңе қызығады,

Басқа жақтан қонаққа келген адам.

Тауларың бар тізілген екі жақта,

Кіреберіс ауылға ашық қақпа.

Сарқырап таудан ағып Түрген жатыр,

Көрінеді Алатау жоғарғы сапта.

Тартылған жайлау жаққа машина жол.

Өтеді ойлы-қырлы белдерден ол.

Той-думан шопандардың көрем десең,

Жолға шықта,ағайын, көтерген қол.

Туған жерім, Таутүрген өскен елім,

Бар байлығын табиғат берген тегін.

Шөбі шүйгін,суы бал, жемісі мол,

Дәмі кетпес ауыздан теріп жеген.

Таутүрген менің аулым,

Ағайын туған, бауырым!

Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлеметсіздер ме , құрметті ұстаздар, оқушылар.

Бүгінгі үлгілі тәрбие сағатын елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың тәрбиелік мәні зор сөзімен бастағым келіп отыр.

  • « Жалпақ жұртыңды иісі алашыңды құрметтеу алдымен өзің тұрған өлкенің тарихын, табиғатын танудан, адамдарын ардақтаудан басталады.»

Үлгілі тәрбие сағатымыз «Табиғаты көркем, таулы өлкем -Таутүрген»

Кіріспе бөлім:

Таутүрген аулы Алматы облысының, Еңбекшіқазақ ауданының оңтүстігінде орналасқан.

Іле -Алатауының етегінде Ассы мен Түрген жайлауында сақтардың ондаған мекендері табылған . Сақтардың алтын әшекейлері Скифтердің «аңдар стиліндегі» бұйымдар. Түрген шатқалына 14 шақырым шатқалды жер толығымен табиғи тарихи ескерткіштерге бай.

Б.д.д. өмір сүрген Сақ зиялылары жерлеген обалар. Қола дәуірінен бзб. 10-9 бастап, 13-15ғғ. дейін кезеңді қамтитын тас бетіндегі суреттер, петроглифтерге бай.

Ежелден қазақ ру-тайпалары: Ұлы жүздің Дулат, Шапырашты, Албандар мекен еткен. Тарихы бай Жібек жолы бойында керуен бағыттары әр тарапқа кеткен. Орта ғасырларда өркендеген қалалары болған.

12-14 ғасырда Түрген бекіністі елді мекен болған .Бұл жерде орта ғасырлық елді- мекендердің, қорғандармен обалардағы көне ыдыс сынықтар дәлел.Таутүрген атауы 18 ғасырда қалмақтарды таудан түре қууға байланысты атау.

1930 жылдары ұжымдық шаруашылықтар құрыла бастады.

1960 жылдары Ұсақ ұжымшарларды ірілендірді. Шаруашылықтардың экономикалық жағдайы жақсарды.

Негізгі бөлім:

Сол тарихы жерлерге тоқталатын болсақ:

Әділет:

Асы жайлауы

Шамалған өзенінен Түрген өзеніне дейін 164 мың гектар таулы аймақты қамтиды. Асы жайлауы - Іле Алатауының шығыс сілеміндегі биік таулы жайлау.Солтүстігінде Қараш және Бақай тауларымен, оңтүстігінде Сарытаумен шектелген ұзындығы 70-80 шақырым, ені 8 шақырым.Теңіз деңгейінен 2380-2410м биікте жатыр. Жайлаудың топырағы шұрайлы, шөбі шүйгін. Мөлдір сулы, Асы өзені жайлаудың өн бойымен ағады.Асы жайлауына Құмбел асуы арқылы 2-3 сағатта жетуге болады. Құмбел асуы қауіпті әрі киелі жол. Батан арқылы Шыңтүрген көпіріне жетсең өзенді жағалай Ойжайлауға көтерілесің. Асы жайлауының үшінші жолы Түрген көпірінен өтіп, Жыланды сайына жетесің. Одан кейін Кіші Қараш, Орта Қараш, Сазды Қараш, Қараарша, Сарымсақты , Шымбұлақ жайлауынан кейін Асы жайлауы басталады. Туған жердің табиғатындағы өсімдіктер 300-ге жуық, саңырауқұлақтардың 100 -ден астам, мүктің 83 түрі, қынаның 80 түрі кездеседі.

Отаным - алтын кенім

Өзенім, асқар тауым, шалқар көлім,

Жайлауым, жер жетпейтін шалғын төрім.

Бар ма екен бұл дүниеде саған теңдес,

Отаным, сенсің алтын кенім.

Халқы да еңбектеніп төккен терін,

Қорғаған батырларын дархан жерін.

Кең байтақ даласында күнде думан,

Отаным, сенсің менің алтын кенім.

Арсен: Қараш тауы

Қараш тауы - Іле Алатауындағы жота батыстан шығысқа қарай 32 шм-ға созылған, енді жері 12 шм. Ең биік жері 3008м. Батысында Түрген өзенімен, шығыста Бақай тауымен шектеседі.Солтүстік беткейі тіктеу, жарқабақты келген,шатқалдары тілімделген, ал оңтүстік беткей жағы жайпақ. Шелек өзенің саласы - Асы өзені ағады.Солтүстігі шалғын шөп, терек, қайың алма, өрік, алмұрт және тб. өседі.Қараштың шығысында «Жамбас» және батысында «Құмбел » асулары бар. М.Әуезовтың «Қараш- қараш оқиғасы» повесінде осы Қараш жотасысының табиғаты жан-жақты суреттелген.Тау жотасы атақты Қарасай батырдың шөбересі Қараш батырдың есімімен аталған.

Туған өлкем

Асқар тауы шалқар көлі,

Қоңыр салқын самал желі.

Неткен сұлу, неткен көркем,

Осы менің туған өлкем.

Көгіндегі нұрлы күн,

Жеріндегі жұпар гүлі.

Осы менің туған өлкем.

Бақтияр:

Құмбел асуы

Таутүрген ауылынан Төрежайлаудан Құмбел асуы арқалы бірер сағатта Алатауды асып, Асы жайлауының төбесіне тік түсуге болады. Құмбел асуына көтеріліп , жан-жағына көз жіберсең, бар әлем алақан аясында көрінеді.Таудың ұшар басында осы Құмбел асуында Әулие кемпір жерленген қазақ үйдің орындай аумақты алып жатыр. Қасында бұлақ бар.Мұнда адамдар тілек тілеп қонған.Таудың ұшар шыңы басында суы қасиетті бұлақ бар.

Алияр:

Түрген сарқырамасы

Түрген сарқырасмасы шатқалында орналасқан. Мұнда жеті сарқырама бар Қайрақты, Аюлы, Жарасты деген жұрт тамашалауға барады. Ең үлкені Қайрақ сарқырамасы теңіз деңгейінен 2300 м биікте, онда су 55м биіктен құлайды. Оған тек жаяу жетесің қашықтығы үлкен жолдан 8,5 шақырым. Аюлы сарқырамасы биіктігі 30 метр, теңіз деңгейінен 1530 метр биікте. Оған 4,5 шақырымды соқпақ жолмен су шашырандысынан әсем кепірқосақ түзген сарқырамаға жетеді. Бұнда әнші құстар ұя салады.Жаз ортасында көктемгі гүлдер гүлдеп тұрады. Мұны кейде «Махаббат сарқырамасы» депте атайды.

Мұғалім:

Ғалымдар обсерваторияда бақылау, зерттеу жұмыстарын жүргізеді.Әмір Темірдің немересі Ұлықбек өз билігімен байлығын, аспан әлемі мен табиғат құпияларын білуге, ғылымның өркендеуіне жұмсады.

1428-1429 жылдары Самарқан маңына обсерватория салдырған осы күнге дейін сақталған.Обсерваторияда көптеген аспан денелерінің құпиялары ашылып, 1018 жұлдыздан тұратын жұлдыздар катологы жасаған.Ұлықбек бір жылда 365 күн 6 сағат 8 секунд бар екенін есептеген.

Арсен:

Асы обсерваториясы

Асы-Түрген обсерваториясы Астрофизика институтының бақылау базасы.Алматы қаласынан шығысқа қарай 85 шақырым, теңіз деңгейінен 2500 - 2750 метр биікте орналасқан.Қазақстандағы ғажайып астроклиматқа ие бірден бір обсерватория. Мұнда аспан әлемі өте тұнық көрінеді.

2009жыл Асы обсерваториясы деп аталады.

Обсерватория орны Константин Матвеевич Саламахиннің ұсынысымен 1975 жылы құрылысы басталды.Онда диаметрі бір метрлік телескоп (рефлектор) жұмыс істеді.

1987 жылы АЗТ - 20 1,5 метрлік телескоп құрылысы басталып салынуда. Астрофизикалық обсерваторияда аспан әлемін тұрақты бақылайды.

1981 жылы Цейс телескопымен басталды.Сол жылы ғимаратымен күнбезі тұрғызылды.

1991 жылы телескоптарға арналған екі мұнарамен мейманханалық кешен іске қосылды. Обсерватория бүгінде Күн жүйесін, атмосфералық құбылыстарды, жұлдызды астрономия, метеориттік, астероидты зерттейді. Бүгінде астрофизика институтын Шыңғыс Төкенұлы Омаров басқарады.

Ән: «Таутүрген» орындайтын Алпысбай Айман

Бақтияр:

Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,

Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем,

Мен оның қасиетті тілін сүйем,

Мен оның құдіретті үнін сүйем.

Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,

Бәрі маған: «Отан!» деп сыбырлаған

Түрген өзені

Түрген деген сөз көне түріктің «Түрген» - шапшаң, жылдам, тез деген сөзінен шыққан. Түрген өзені ағыны қатты үш саланың қосылуынан пайда болған. Түрген өзені Шыңтүргеннен басталып, Ойжайлау өзенімен Кіші Түрген өзені, орта Түрген өзеннің саларын бір - бірінен таулы қыраттар бөліп жатыр. Түрген өзені Түрген, Қаракемер, Талдыбұлақ елді мекендерін сумен қамтамасыз етеді. Түрген өзені Іле өзеніне құяды.

Мұғалім:

Махамбет Алияр өзінің туған жеріне арнаған шығармашылық өлеңін оқып береді.

Таутүргенім, туған жерім , өз елім,

Өз елімде өркен жайып,өсіп, өніп келемін.

Өз елімнің топырағын құрметтеп,

Басымды иіп тағзым етіп жүремін.

Туған жердің ыстық маған елдері,

Туған жердің ыстық маған көшесі.

Туған жерден алыс кетсем жырақтап,

Жүрегімде ән тұрады қалықтап.

Әділет:

Шың -Түрген шыршалары

Түрген шатқалындағы шыршалардың 300 жылдық тарихы бар Мұндағы мәңгі жасыл ағаштардың орташа жасы 300 жылды құрайды. Ал биіктігі 50-60 метрге дейін жетеді. Сондықтан сан ғасырлық тарихы бар қылқан жапырақты өсімдіктер мемлекет қорғауына алынған.

900 гектар алқапты алып жатқан Шын-Түрген шатқалын мамандар мұз дәуірінен қалған табиғат ескерткіші деп те атайды. Себебі мұндағы өсімдік атаулы мен тау-тастың барлығы 30-40 сантиметрлік мынадай көк көрпеге оранған. Ал оның астында қысы-жазы ерімейтін мәңгілік тоң қабаты орналасқан. Қылқан жапырақты өсімдіктер әлі күнге өсуін тоқтатпапты. Тіпті тоқырау заманындағы жаппай шабылған балтаның жүзі мен араның тісінен де аман қалған. Өйткені бұл жер 1964 жылдан бері мемлекет қорғауында.

Айман:

Іле - Алатауы Ұлттық саябағы

1964 жылы Алматы қорығы болып құрылған. Аумағы 71,7 мың гек. Жапырақты ормандар, долана, жабайы алма, өрік, Тян-Шань шыршасы қорғау мақсатында. Жануарлар 39, құстардың 200 түрі, өсімдіктің 965 түрлері кездеседі соларды қорғау мақсатында құрылған.

Іле- Алатау саябағы 1996 жылы ұйымдастырылған. Ауданы 199,7 мың гек. Іле-Алатуы солтүстік беткейі Түрген шатқалынан Қасқелең асуына дейін ерекше ландшафтарын қорғау және демалыс мақсатында пайдаланылады. Мұнда қорғауға аңның 43 түрі, құстың 138 түрі, балықтың 8 түрі, өсімдіктердің 1282 түрі қоғауға алынған.

Жануарлар дүниесінен: сілеусін, қоңыр аю, қасқыр, түлкі, елік ,арқар, барыс, ұлар, таутекелерді қоғау мақсатында.

Мұғалім:

Ән: «Туған жер» хормен

Қорытынды бөлім:

Еліміздің табиғат байлықтарын дұрыс пайдаланға зор көңіл бөлген. 1918 жылы табиғатты қорғайтын комитет ұйымдастырды.

1962 жылы 16 маусымда «Қазақстан табиғатын қорғау» туралы жарлығы шықты.

1948 жылы Халықаралық табиғатты және табиғи қорларды қорғау одағы құрылды.

Мақсаты: дүниежүзіндегі сиреп немесе құрып бара жатқан аң мен құстарды және өсімдіктерді қорғау «Қызыл кітап» ұйымдастыру. «Қызыл кітап» туралы пікірді ағылшын табиғат зерттеушісі Питер Скотт айтқан.

1963 жылы халықаралық «Қызыл кітаптың» алғашқы басылымы жарық көрді. 1966-1975 жылдар аралығында 5 томы жарық көрді.

1978 жылы КСРО -нің «Қызыл кітап» ұйымдастырылды.Мұнда аңның 21 түрі, құстардың 8 түрі көрсетілді.

1991-1996 жылдары өңделіп Қазақстанның «Қызыл кітабы» шықты.

1997 жылы «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Заңның 1-бабында Іле- Алатау саябағын қорғау туралы қаулы қабылданды.


Тексерілді:






«Таутүрген орталау мектебі - мектепке дейін шағын орталығмен» КММ

2014-2015 оқу жылы


Үлгілі тәрбие сағаты

«Табиғаты көркем, таулы өлкем -

Таутүрген»









Сынып: 5

Мұғалім: Батихан Р.



«Бекітемін»

Мектеп директоры

К.К.Карбузов

Тақырыбы:

Табиғаты көркем, таулы өлкем - Таутүрген.

Мақсаты:

1.Туған жер табиғаты мен өзіне тән ерекшеліктерін, бағалы аң -құс, жануарларын таныстырып, табиғатты аялап, қорғауға үйрету.

2.Туған жер туралы дүниетанымын кеңейтіп, белсенділігімен қызығушылығын дамыту.

3.Табиғат байлығын қорғауға, жауапкершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Слайд, суреттер, карта, кітаптар

Өтетін күні:13.02.15ж.

Өтетін уақыт: 12:20





© 2010-2022