Дің аралық - келісім күні

Раздел Классному руководителю
Класс 6 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Дін - аралық келісім күні»
Мақсаты: Білімділік - ислам діні туралы, мұсылмандықтың бес парызы туралы ұғындыру, имандылық туралы түсінік беру, Ойлау қабілетін шыңдау, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі Нақыл сөздер, интерактивті тақта.
Сабақтың жүрісі.

Жүргізуші:Сания

1. Кіріспе сөз - Құрметті ата - аналар, ұстаздар! Бүгінгі «Құран - Шариғат» бағыты бойынша өтетін «Дін - аралық келісім күні» атты ашық сынып сағатымызға қош келдіңіздер!

Осы біздің ашық сынып сағаты тақырыбы «Дін - аралық келісім күніне» орай шыған баяндама оқылады.

Талғат ағай.

2012 ж. 5 қыркүйегінде Назарбаев Университетіндегі дәрісінде және кейінірек, сол жылдың қараша айында Жас Отанның ІІ съезіндегі сөзінде Президент маңызды ой айтты. 20 жылдан астам тарихымызда бірге алға жылжи отырып, біз бәрімізге ортақ тағдыр жасадық. Қазақстандықтардың этностық түптамыры әр түрлі болғанына қарамастан, оларды біріктіретін бір азаматтық ортақтық бар. Қазақ мақалында айтылатын сияқты: «Жақсы дос - жаман туысыңнан артық».

Соңғы кезеңде Қазақстан діни жаңғыруды бастан өткізуде. Еліміз атеистік елден қоғамның басым бөлігі өзін сенушілер қатарына жатқызатын елге айналды.

2006 ж. Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының ІІ съезінде Президент Н.Ә. Назарбаев әлемдік конфессияаралық татулықтың негізгі 5 қағидасын атап өтті.

Біріншіден, бұл арұят пен діни еркіндіктің заңнамалық және институционалдық тұрғыда қамтамасыз етілуі.

Конституция негізінде діни немесе басқа да әлеуметтік белгілер бойынша кемсітуге тиым салынады. Еліміз осы саладағы БҰҰ-ның іргелі пактісіне және де адам құқығы бойынша 40 халықаралық келісімге қосылды.

Екіншіден, біз мемлекетіміздегі кофессиялардың өз қызметтерін іске асыруға тең және жағымды жағдайлар жасау жауапкершілігін басшылыққа аламыз.

2011 ж. біздің елімізде Дін істері агенттігі құрылды. Дәл сол жылы «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» жаңа Заң қабылданды, соның талабына сәйкес діни ұйымдарды қайта тіркеу жүзеге асты. Аталмыш Заңды қабылдар алдында елде 46 конфессия мен деноминацияларды білдіретін 4551 діни қауымдастық бар болатын. Қайта тіркеу нәтижесінде қазіргі кезде елдің діни өрісінде он жеті конфессияны білдіретін 3100-ден аса діни бірлестіктер мен олардың филиалдары бар.

Қазақстанның этно-демографиялық құрамына байланысты, елімізді ислам әлемі елдерінің қатарына жатқызады. Өйткені халықтың 70 пайызы мұсылман дінін ұстанады. Алайда ислам дінінің басымдық етуі басқа діндердің іс-әрекетіне ешқандай кедергі келтірмейді.

Мұсылмандық емес конфессиялардың діни ұйымдарының артуын атап өту қажет. Тәуелсіздік жылдары православтық приходтардың саны 4 есеге, католиктік шіркеулер 2 есеге өсті. Бес жүзден аса протестанттық және дәстүрлі емес діни бірлестіктер жұмыс атқаруда, елде сондай-ақ 5 иудейлік және 2 буддистік қауымдастықтар қызмет атқарады.

Үшіншіден, Қазақстандағы конфессия-аралық диалогқа жағдай жасау маңызды бағыт болып табылады.

Біз әрқашан конфессиялар арасында толыққанды сұхбат орнықтыруға тырысамыз. Олардың еліміздегі қоғамдық және мәдени өміріне бірлескен түрде ат салысуын қолдай отырып, әр түрлі қоғамдық бастамалардың орын алуына жағдай жасаймыз. Бұл өз жемісін беруде.

2006 ж. бастап елде маңызды ислам және христиан мерекелері демалыс күндері болып жарияланды.

Қазақстанда Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің төрт рет өткізілуі кездейсоқ емес. 2008 жылдың қазан айында Астанада «Ортақ әлем: әралуандылық арқылы прогреске» атты ислам елдерінің Сыртқы істер министрлерінің форумы, 2010 ж. ЕҚЫҰ саммиті, 2011 ж. Ислам ынтымақтастық ұйымы елдерінің Сыртқы істер министрлерінің кеңесі болып өтті.

Бұл саладағы мемлекеттік саясаттың төртінші ұстыны діни экстремизмнің қатаң қадағалануы.

Алдын алу шаралары ретінде, ұлтаралық және конфессияаралық өшпенділікті туғызатын және адамдар арасындағы табиғи айырмашылықтарды баса назарға алып, осы айырмашылықты саяси қарсылық деңгейіне дейін көтеретін діни, этностық және басқа негіздегі саяси партияларды құруға тиым салынды.

Діни экстермизмге қарсы ішкі саясат пен қауіпсіздік саласында өңірлермен бірлесіп жұмыс істеу саясаты бағытталған.

Бесінші ұстын. Ол бойынша Қазақстан конфессиялардың өз діни орталықтарымен еркін қарым-қатынасын қамтамасыз ету үшін жағдай жасауды маңызды санайды. Жалпы алғанда әлемдік діндердің белсенді түрде ынтымақтасып жұмыс істеуін қолдайды.

2001 ж. елімізге Рим папасы ІІ Иоанн Павел, 1995, 2010 және 2012 жж. Мәскеу мен бүкіл Русь патриархы келді.

Қазақстан дінаралық татулық пен келісімнің үлгісі ретінде мойындалған.

Біз ұлттық құндылықтарымызды үлкен ұқыптылықпен сақтаймыз. Көп дінді алуан түрлілікті күрт жылдамдықпен өзгеріске ұшырап жатқан қазіргі әлемде бәсекелестікке қабілетті болудың негізгі мәні ретінде және де сарқылмас байлық пен күштің көзі ретінде көреміз.

Діни ахуалдың мониторингі көрсетіп отырғандай, қазақстандықтардың көпшілік бөлігі өздерін дінмен бірегейлендіретін орнықтылығын сақтап келеді. Әлеуметтанулық зерттеулердің мәліметіне сәйкес, өздерін дінге сенушіге жатқызушы респонденттердің үлестік салмағы 2012 ж. соңында 77,6%-ды құрады. Сонымен бір мезгілде бұл сауалнаманы одан ары жіктей түскенде, діни жоралғыларды атқармайтын сенушілер 56,5% болды.

Тұрғындар қалыптасқан дінаралық сұхбат пен келісім тәжірибесін қолдайды. Ол бойынша басым түрде зайырлы қатынас түрі қабылданып, дәстүрлі діндерді жеңіл түрде тәжірибеде қолдану қамтамасыз етіледі. Дәстүрлі діндерді тәжірибеде қолдану қоғамның демографиялық құрылымындағы сәйкес үлесіне орай орын алып отырады.

Қазақстан өзінің діни өмірді ұйымдастырудың үлгілік принциптерін шет елдерде де құрылымдық түрде іске асыруда.

2010 ж. Қазақстан ЕҚЫҰ-ға төрағалық етті, 2011 ж. Ислам конференциясы ұйымына төрағалық етті. Төрағалық ету жылында Елбасы бастамасымен Ислам конференциясы ұйымы Ислам ынтымақтастық ұйымы болып атауы өзгертілді.

2.Сұрақ-жауап.(интервью алу).

- Қазақстандағы қазақ ұлты қандай дінді ұстанады?

-Мұсылмандардын бес парызына не жатады?

-Аллаға сенім (иман) келтіруді қалай түсінесін?

-Ораза тұту

-Намаз оқу

-зекет беру

-қажылыққа бару

Сонымен қатар, Қазақстан көп ұлтты, зайырлы мемлекет болған соң әр ұлттың өз діні бар.Мысалы:орыстар,украиндер христиан дінін ұстанады.Бас кітабы библия.

Жүргізуші:Ал енді қадірлі көрмендер бейне фильмге көніл аударайық.

Жүргізуші:Сания

Бейсенова Қарлығаш: Мұсылман мейрамдары мен салт - жоралғылары туралы өз мәлімдемесін оқиды.

Бейсенова Қарлығаш:

Мұсылман мейрамдары мен салт - жоралғылары.

Рамазан айт. Бұл мейрам мұсылмандардың ораза тұтанын Рамазан айы аяқталып Шәууал айының 1 - күні басталады. Ол үш күнге созылады. Мұсылмандар алғашқы күні айт намазын оқып, артынша амандық сұрасып, бір - бірін қонаққа шақырады, өзара жақсы тілектер айтып, ерекше қуанышпен атап өтеді.
Құрбан айт. Үш күнге созылатын бұл мейрам мұсылман күнтізбесі бойынша Ораза айтынан 70 күннен кейін Зұлхиджа айының 10 - ы күні басталады. Құрбан айтта мұсылмандар Айт намазын оқып, құрбан шалады.
Мәуліт мерекесі. Мәуліт - Мұхаммед пайғамбардың туылған күні. Мәулітте құран оқылып, Мұхаммед пайғамбарға салауаттар айтылады.
Қадір түні. Құран кітабы түскен, адамдардың күәсі кешірілетін, бір жылғы ырзығы белгіленетін, жақсылығының сауабы еселенетін, дұға тілегі қабыл болатын, Алланың мейірімі жауатын ең қасиетті түн. Қадір түні Рамазан айының 27 - түні болады. Бұл түнді мұсылмандар құлшылықпен, мінәжатпен өткізеді.
Құрбандық шалу - Жаратушыға жақындау үшін жасалатын құлшылық міндеттердің бірі, құрбандыққа негізінен түйе, сиыр, қой немесе ешкі сойылады. Құрбан етінің үштен бірі отбасына қалдырылып, 2 - бөлігі ағайын - туысқа, көршілерге немесе жолдас - жораларға беріліп, 3 - бөлігі тұрмысы төмен кедейлерге, жетім - жесірге таратылады.

Жүргізуші.Сания

Курманкулова Амина:Имандылық туралы өлең шумағын айтып береді.

Курманкулова Амина:

Адамдық борышың - халқыңа еңбек қыл,
Ақ жолдан айнымай, ар сақта, оны біл.
Талаптан да білім мен өнер үйрен. Білімсіз, өнерсіз болады ақыл тұл.

Аймагамбетова Замира:

Мақтанға салынба, мансабтың тағы үшін,
Нәпсіңе билетпе, басыңның бағы үшін.
Өміріңді сарп қыл өлгеніңше,
Жоба тап, жол көрсет келешек қамы үшін.

Рыщанова Айжан:

Қайтадан қайырылып қауымға келмейсің
Барыңды, нәріңді, тірлікте бергейсің.
Ғибрат алар артыңа із қалдырсаң,
Шын бақыт - осыны ұқ, мәңгілік өлмейсің!

Исмаилова Асия:

Кісіге адамшылық неге керек?
Кісіге адамшылық неге керек?
Адамдық өзге айуаннан артық демек.
Ит талаған төбеттен қалай дейсің
Аямай әл келгенді жұлып жемек?

Ещанова Дарина:

Мейірімсіз қасқырда да күшті өмір бар,
Артылған жерің қайсы онан бөлек?
Үнемі сен жеріңді қайдан білдің
Бұл дүние кезек берер істі дөңгелеп.

Жүргізуші:Сания

Буржакбаев Қайсар:Имандылық туралы мақал - мәтелдер айтады.

Ата жолы - адамдық, ана жолы - адалдық.

Кабашев Орал:

Кішілік пен кісілік - ұлылықтың белгісі.

Кулчыкова Алуа:

Кешірім жасау - кеңдік, кешіре алмау - кемдік

Жаркитиров Нариман:

Алғыс алған алтынға жолығады.
Қарғыс алғанның аты жоғалады.

Курманкулова Камила:

Алла деп бастаған іс алдымен бітеді.

Бекдаулетов Айдар:

Мал - бір жерге, иман бір жерге.

Алиханов Бекзат:

Ұяты жоқтың иманы жоқ.

Абдикадиров Бакытжан:

Қадірлесең, әр тін қадір.

Исетова Жанель:
Сеннен - әрекет, Алладан - берекет.

Кожагалиева Сымбат:

Молда болғаннан, адам болған қиын.

Ещанова Зарина:

Сұрай - сұрай Қағбаға да жетерсің.

Жүргізуші: Біздің көріп отырғанымыздай біздің болашақ келешегіміз өте тәрбиелі, инабатты, өзінің дініне адал.

Жүргізуші:

4.Келесі бізде көрініс.

Көрініс.

Ата сөзін орындайтын:Бекарыс

Бала сөзін орындайтын:Сұнқар

«Ата мен бала».

Бала сөзі:Ата ата не істеп жатырсыз,мен сізге көмектесейінші.

Ата сөзі: Әй балам анау тұрған теледидарды қосшы,жаналықты көрейін.

Бала сөзі:Ата мінекей қосып бердім,міне сіздің пультініз.

Жүргізуші.

Бүгінгі біздің арнамыздың жаналықтары:

Мұсылман діні туралы.

Ата сөзі:Әй балам мында кел,бүгінгі жаналықтарда мұсылман діні туралы айтылады.Кел отыра ғой.Бірге қарайық.

Жүргізуші:
Мұсылман әлемі мен мәдениеті өте ежелгі әрі қызықты тарихи оқиғалардан құралған, Ислам діні - әлемдік діндер ішіндегі ең кең тараған қасиетті дін. Ол Араб түбегінде VII ғасырда пайда болды. Ислам дінінің негізін салған - Мұхаммед ибн Абдулла ибн Әбді Мүтәліб ибн Хашим. Мұхаммед пайғамбар Меккеде 13 жыл, Мединеде 11 жыл араб халқын Ислам дініне үгіттеген. Діни ұғым бойынша Алла бар, ол біреу және бәрі соның қолында. Алладан басқа табиғат құбылыстарына, қолдан жасалған мүсіндерге, рухтарға табынуға, сыйынуға болмайды. Діннің басты негізі және мұсылмандықтың кілті - «Лә иләһа илла Аллаһ, Мұхаммад расул Аллаһ», яғни мағынасы «Алладан басқа тәңір жоқ, Мұхаммед оның елшісі» деген сөйлемде жинақталған. Мың жылдан астам уақыт бойына ата - бабаларымыз осы Ислам дінін ұстанып, жоғары бағалап, мұсылман атанып келеді. Рухани тазалықтың, ар - ұят пен адалдықтың мызғымас тірегі дін екенін сол қоғамда өмір сүріп отырған әрбір адам білуі шарт. Сондықтан да имандылық пен адамгершілікті бір ұғым деп білген жөн. Күллі мұсылман қауымының шариғат заңдылықтарында, діни ғұрыптарында, тіпті күнделікті тіршілігінде басшылыққа алатын, аса киелі, қасиетті кітабын Құран деп атаймыз. Ол мұсылмандар ұғымында тура жол көрсетуші қасиетті кітап Құранда 144 сүре бар. Оның ең қысқа сүресі 3 аяттан тұратын «Кәусар», ал ең ұзағы 286 аяттан тұратын «Бақара» сүресі.

Ата сөзі:Ияя бүгінгі жаңалықтар өте әдемі екен.

Бала сөзі:Одан да мультфильм қаран дұрыс ед.

Ата сөзі:Балам Ислам діні - әлемдік діндер ішіндегі ең кең тараған қасиетті дін. Ол Араб түбегінде VII ғасырда пайда болды.

Бала сөзі: Ата сонда ислам дінінің негізін салған кім?

Ата сөзі:Ислам дінінің негізін салған -Мұхаммед пайғамбар.

Бала сөзі:Ол кім.

Ата сөзі: Мұхаммед пайғамбар Меккеде 13 жыл, Мединеде 11 жыл араб халқын Ислам дініне үгіттеген. Діни ұғым бойынша Алла бар, ол біреу және бәрі соның қолында.

Бала сөзі:Сонда ата қазіргі кезде көптеген мүсіндер салынып жатыр,оларға не сыйынуға болмайды ма не?

Ата сөзі: Алладан басқа табиғат құбылыстарына, қолдан жасалған мүсіндерге, рухтарға табынуға, сыйынуға болмайды. Діннің басты негізі және мұсылмандықтың кілті - «Лә иләһа илла Аллаһ, Мұхаммад расул Аллаһ», яғни мағынасы «Алладан басқа тәңір жоқ, Мұхаммед оның елшісі».

Бала сөзі:Атааа мен оны білмегем екен.

Ата сөзі: мың жылдан астам уақыт бойына ата - бабаларымыз осы Ислам дінін ұстанып, жоғары бағалап, мұсылман атанып келеді. Рухани тазалықтың, ар - ұят пен адалдықтың мызғымас тірегі дін екенін білуі шарт.

Бала сөзі:жақсы ата енді мен біліп жүрем

Ата сөзі: Балам сондықтан имандылық пен адамгершілікті бір ұғым деп білген жөн. Күллі мұсылман қауымының шариғат заңдылықтарында, діни ғұрыптарында, тіпті күнделікті тіршілігінде басшылыққа алатын, аса киелі, қасиетті кітабын Құран деп атаймыз.

Бала сөзі:Ата мен білем құран кітап деген не қазір көрсетем.

Ата сөзі:Балам тұратыр,құран кітапті қолына алар бұрын дәретінді алып, Бисмилләхи рахманир рахим деп айту керек.

Бала сөзі:Жақсы ата.

Ата сөзі: Ол мұсылмандар ұғымында тура жол көрсетуші қасиетті кітап Құранда 144 сүре бар. Оның ең қысқа сүресі 3 аяттан тұратын «Кәусар», ал ең ұзағы 286 аяттан тұратын «Бақара» сүресі бар.

Бала сөзі: Ата мен бір өленді тындап жүрген едім,ол өлен адамды имандылық пен адамгершілікке тәрбиелейді екен.Сол өленді қоссам бола ма?

Ата сөзі:Әрине болады,бар тезірек қоса ғой,

Соңы:Өлен шырқайды.

Қорытынды.Жүргізуші:

Мына өленнің сөзінде бес күндік жалған дүниеде барлық жақсылық тек Алланың қалауы мен болады деп нақты айтылған. Сондықтан адамның ана жібін аттамай, Алланың оң жолымен, өтірік айтпай, ұрлық жасамай,кісіге қиянат келтірмей нағыз тәртіпті оқушы болуды Алла нәсіп етсін! Қелесі кездескенше сау саламатта болыңыз!

© 2010-2022