Тәрбие сағаты Тәуелсіздік - ел тілегі

1 –жүргізуші: Тәуелсіздік, еркіндік – ежелден ел тілегі. Тәуелсіздік  халқымыздың бостандығы мен дербес даму жолындағы сан ғасырлық күресі, тарихтың нәтижесі.   2 – жүргізуші: Бүгінгі Қазақстан - әлем назарында, өзінің болашағынан үлкен үміт  күттіретін жері бай, халқы бай ел. 1 – оқушы:  Қазақстан – сан ғасырлық тарихы бар, Қазақстан – бұл озат ел танысыңдар. Көк байрағы, елтаңба, әнұраны, Қазақ елі егеменді, сан ұлты бар. Тәуелсіздік бабалардың ұраны, Бейуақытта бойға таққан тұмары. Тәуелсі...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тәрбие сағаты Тәуелсіздік - ел тілегі








(

Тәрбие сағаты Тәуелсіздік - ел тілегі













Тәрбие сағаты Тәуелсіздік - ел тілегі
















Тәрбие сағаты Тәуелсіздік - ел тілегі

1 -жүргізуші: Тәуелсіздік, еркіндік - ежелден ел тілегі. Тәуелсіздік халқымыздың бостандығы мен дербес даму жолындағы сан ғасырлық күресі, тарихтың нәтижесі.

2 - жүргізуші: Бүгінгі Қазақстан - әлем назарында, өзінің болашағынан үлкен үміт күттіретін жері бай, халқы бай ел.

1 - оқушы:

Қазақстан - сан ғасырлық тарихы бар,

Қазақстан - бұл озат ел танысыңдар.

Көк байрағы, елтаңба, әнұраны,

Қазақ елі егеменді, сан ұлты бар.

Тәуелсіздік бабалардың ұраны,

Бейуақытта бойға таққан тұмары.

Тәуелсіздік - түнектерде тұншығып,

Ызғар болып жанбай қалған шырағы.


1 - жүргізуші: Бүгінгі тәуелсіздікке халқымыз оңайлықпен жеткен жоқ. Ата - бабамыз өз жерін, Отанын, халқын қорғаймын деп талай тарихи оқиғаларды бастарынан кешірді.

2 -оқушы: 1466 жылы қазақ хандығы құрылды. Хандықтың іргесін қалаған қазақтың алғашқы хандары Керей мен Жәнібек.

3 - оқушы: 1723 жылғы «Ақтабан шұбырындыда», Жоңғарлармен болған соғыста: Бір миллион адамнан, яғни, сол кездегі халықтың 40 пайызынан айрылды. Адамдар мал мүлкін тастап, өлімнен қашты.

4 - оқушы: 1916 жылғы ұлт - азаттық көтеріліс пен 1917 жылғы Ақпан және Қазан төңкерістері кезінде шаруашылық күйзеліске ұшырағандықтан 950 мың қазақ ашаршылыққа ұшырап апат болса, 300 мың қазақ отбасы елден кетуге мәжбүр болды.

5 -оқушы: 1918 жылы Қазақстанда Кеңес үкіметі құрылды.

6 - оқушы: 1937 жылы қазақ халқының зиялы қауымының өкілдері қуғын-сүргінге ұшырап, халқым, елім деп жүріп «халық жауы» атанды. Олардың 105 мыңы абақтыға жабылып, 27 мыңнан астамы атылды.


Енді бізге қайта оралды заңғарлар

Сталиндік тозақтарда жанғандар

Ахметтер, Жүсіпбектер, Сәкендер,

Ілиястар, Бейімбеттер, Мағжандар...

2 - жүргізуші: Қазақ халқының ең соңғы өліп - тірілуі - біздің халқымыздың қайғы-қасыретіне, сонымен бірге мақтанышына айналған 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы.

1 -жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар, қонақтар! «Тәуелсіздік - ел тілегі» атты салтанатты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер!

2 - жүргізуші: 16 - желтоқсан. Бұл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі жарқын, әрі қаралы, қасыретті күн еді.

1 - жүргізуші: 1986 жылы Қазақстанда жастардың қозғалысы «Желтоқсан оқиғасы» деген атпен белгілі болды. ( көрініс)

7 - оқушы:

Тарихым жатыр тасымда,

Тіл қатып келер ғасырда.

Азаттық деген ұғымның

Желтоқсан тұрар басында.

2 - жүргізуші:1991 жылы 16 желтоқсан күні 18-сағат 14-минутта еліміздің тәуелсіздігін жария еткен ұлы заң қабылданды. Ақ түйенің қарны жарылып, иісі қазақ тәуелсіздікке қолы жетіп, шаттыққа бөленді. Ел өмірі түгелімен өзгерді.

1 - жүргізуші: Қазақ хандығы ХV ғасырда тұңғыш құрылса, арада 535 жыл өткеннен кейін Қазақстанның нағыз тәуелсіз мемлекет екендігі жарияланды. Біз бақытты өмірдің есігін аштық.

8 - оқушы:

Дүр сілкінтіп бар әлемді, алапты,

Аңсай күткен Тәуелсіздік таңы атты.

Күні кеше азап шеккен қазақтар,

Дос - дұшпанды таңырқата қаратты.

2 - жүргізуші: 1991 жылғы 16 желтоқсан қазақ тарихындағы ғасырлар бойы аңсаған арманның орындалған күні болды. Екі ғасыр Ресей империясының отары болған, жетпіс жыл бойы Кеңес Одағының қысымын көрген Қазақстан үшін бұл күн ұлы мереке. Ғасырлар бойы ұмыт бола бастаған тілін, салт-дәстүрін қайта жаңғыртып, тәуелсіздік туын биікке көтерген күн болды. «Тәуелсіздік шежіресі» парақтарын ашайық.

1 - оқушы: 1991 жылы 2 қазанда Қазақстан тарихына ғасырдың тағы бір ұлы оқиғасы жазылды. Қазақ ұлы Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты. Қазіргі күні авиация генерал-полковнигі, Қазақстан республикасының Халық қаһарманы.

2 - оқушы: 1991 жылы 12 желтоқсанда Қазақстан президенті «1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін жауапқа тартылған азаматтарды ақтау туралы» Жарлыққа қол қойды.

3 - оқушы: 1992 жылы 2 наурызда Қазақстан Республикасының әлемдегі ең беделді ұйымдардың бірі - Біріккен Ұлттар Ұйымына мүшелігін мақтанышпен айта аламыз. Бүгінде Қазақстанды әлемнің 120 мемлекеті танып, 70-тен астам мемлекетпен елшілік дипломатиялық қатынас орнаған. Бірнеше халықаралық ұйымдардың мүшесі.

4 - оқушы: 1992 жылы 4 маусымда Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесі Мемлекттік рәміздерімізді қабылдады.

Енді бүгін өлген туым тірілді,

Әнұраным жалғап алды ғұмырды.

Боасғсдс қалып келген Елтаңба,

Баяғыда төріме кеп ілінді.

5 - оқушы:1993 жылы 28 қаңтарда Тәелсіз Қазақстанның тұңғыш Конституциясы қабылданды. Уақыт өте келе ол заманның талабына сай келмегендіктен өмір сүруін тоқтатып, 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдум нәтижесінде Қазақстанның жаңа екінші Конституциясы қабылданды.

6 - оқушы: 1993 жылғы 15 қараша Қазақстан тарихындағы ерекше күн деп айта аламыз. Себебі ұлттығымызды айғақтайтын тағы бір белгі-теңгеміз айналымға енгізілді.

7 - оқушы: 1994 жылы 1 маусымнан 4 қарашаға дейін «Союз ТМ» ғарыш кемесімен ғарышта болған, екі рет ғарышқа ұшқан қазақтың екінші ғарышкері Талғат Мұсабаев Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы.

8 - оқушы: 1996 жылы Алматыда Тәуелсіздік монументі ашылды. 1997 жылы «Қазақстан Республикасының Тілдер туралы» Заңы қабылданды.

9 - оқушы: 1997 жылы 10 желтоқсаннан бастап Ақмола Қазақстанның астанасы болып ресми түрде жарияланды. Ал 1998 жылы 6 мамырда елбасы Н.Ә.Назарбаев Ақмола қаласын Астана деп атауға Жарлық шығарды. 1998 жылы 10 маусымда ресми түрде жаңа астананың тұсаукесер тойы болып өтті.

10 - оқушы: 2000 жылы «Алтын адам» қоры (төрағасы Е. Қанапиянов) арқылы құрылған Ұлттық қоғамдық кеңестің шешімімен «Ғасыр адамы» болып танылғандар: Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Дина Нұрпейісова, Мұқтар Әуезов, Қаныш Сәтбаев, Бауыржан Момышұлы, Дінмұхаммед Қонаев, Нұрсұлтан Назарбаев, Олжас Сүлейменов, Тоқтар Әубәкіров

11 - оқушы:

Тәуелсіздік - бұл менің Парасатым,

Күншілмен де тіл тауып жарасатын.

Қорғайтын Елдігіңді ерлігімен,

Қазақтың шығаратын Алаш атын.

Тәуелсіздік - Арымдай аңсар әнім,

Тау - тасындай аңсаған жан самалы.

Қазақтың жанына жат пиғылдарға,

Қамығып қара судай қарсы аламын.

1 - жүргізуші: Бүгін қазақ халқы өзінің көптеген аңсаған арманына жетті. Егеменді ел, тәуелсіз мемлекет болды. Халқының ар-намысы үшін қаза болған ұл-қызы ақталды. Өшкені жанып, өлгені тірілді. Тәуелсіздік күні құтты болсын!

2 - жүргізуші: Мемлекетімізге жарқын болашақ, елімізге саналы ұрпақ тілейміз. Айымыз үнемі оңымыздан тусын, ағайын! Осымен «Тәуелсіздік - ел тілегі» атты кешіміз аяқталды. Көріскенше сау болыңыздар!


© 2010-2022