Классный час на тему Мектепті сүю

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Классный час на тему Мектепті сүюСыныбы: 6 «б»

Пәні: тәрбие сағаты

Сабақ тақырыбы: Мектепті сую - Отанды сую

Сабақ мақсаты: а) Оқушыларға мектеп және оның құндылықтарын сақтау

Отанға деген құрмет екендігі жайлы ақпарат беру.

б) Оқушылардың мектеп және Отанға деген

суйіспеншіліктерін арттыру.

в) Оқушыларды Отанды суюге, мектеп мүлкіне

ұқыптылықпен қарай білуге тәрбиелеу

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

- Оқушылардың назарларын сабаққа аудару

- Кезекшімен жұмыс

ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі.

  • Отан - әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Адам жүрексіз өмір сүре алмайды. Отан - біздің туған жеріміз, дос жаранымыз, еліміз сонымен қатар білім алып отырған білім ошағы- мектебіміз.

Біздің Отанымыз - Қазақстан.

Отан дуйміз кең байтақ Астананы,

Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы

Отаныңның шеті де жоқ, шегі де жоқ,

Ол бірақ өз үйіңнен басталады.

Отан ана- баршамызды өз анамыздай сүйіп, бізге қамқор болар ұлы есім. Біз өз танымы - Қазақстанды сүйеміз. Осы сүйіспеншілігімізді қалай дәлелдей аламыз?

-Әрине, Отанға деген сүйіспеншілік жәй ғана сөзбен шектелмейді. Оны өз ісімізбен дәлелдей білуіміз керек. Оған мысал ретінде батыр бабаларымыздың ерліктерін алуға болады. Алысқа бармай -ақ еліміздің егемендігі үшін жан аямай қасық қаны қалғанша арпалысқан Е. Сыпатаев, Л. Асанова сияқты батырларымыз нағыз елін суюген жерін суюген өз елінің адал перзенттері.


  • Қазіргі таңда біз бейбіт өмір үріп жатқан Қазақстан азаматтары мен азаматшаларымыз. Бізді соғыс деген жаман сөз алаңдатпайды, егеменбіз, еркінбіз. Осындай жағдайда біз өзіміздің Отанға деген сүйіспеншілігімізді қалай дәлелдей аламыз?

  • Әрине біз Отанымызға деген сүйіспеншілігімізді өз ісімізбен дәлелдей аламыз. Мысалы «Отан - от басынан басталады» деп айтылған сөздің түбіне терең үңіліп көрейікші. Бұл бір ауыз сөз Отанды суюдің алдыңғы қадамын білдіріп тұрғандай. Отбасы - дегеніміз біздің ата - анамыз, біздің жанұямыз. Біз мектеп оқушылары отбасымызды жақсы бағаларымызбен, ұстаздардың мақтау сөздерімен қуанта аламыз. Ал біздің екінші отбасымыз - мектеп. Яғни біз білім алып отырған алтын ұямыз.

  • Қазақстан Республикасының Ата Заңына сәйкес әр бір Қазақстан азаматы тегін білім алуға құқылы. Демек бұл дегеніміз бізге яғни мектеп жасындағы балаларға мемлекет тарапынан жасалып отырған үлкен көмек, үлкен мүмкіндік. Біз осы мемлекет тарапынан беріліп отырған мүмкіндікті дұрыс пайдалана білуіміз керек. Яғни жақсы оқуымыз керек. Сонымен қатар бізде қайда, қалай оқимыз деген мәселе туындамайды. Себебін алысқа бармай - ақ өзіміздің білім ошағымыздан алуға болады. Біздің мектебіміз биыл күрделі жөндеуден өтіп жаңа мектеп қалпында пайдалануға берілді. Осының өзі біз үшін үлкен қуаныш. Ал енді біз осы партада отырған оқушылар өзіміздің Отанымызға деген сүйіспеншілігімізді дәл қазіргі сәттен бастап дәлелдей аламыз. Ол үшін мектеп мүлкін көзіміздің қарашығындай сақтап, өзіміздің қолымыздағы жаңа оқулықтарымызды ұқыпты пайдаланып өзімізден кейінгі іні, қарындастарымызға таза күйінде ұсынуымыз керек.

Мектебің мынау класың

Осында он жыл тұрасың

Тарыдай болып кіресің

Таудай болып шығасың.

  • Осы өлең жолдары біздің мектеп табалдырығын аттаған сәттен үлкен азамат болып алтын ұямыздан қанат қағып шығар уақытты көрсетіп тұрғандай. Осы аралықта біз білім алып отырған алтын ұямызды суюге және оның мүлкіне аса үлкен жауапкершілікпен қарауға, өзімізлен үлкен сынып оқушыларының жақсы істерін үлгі етуге, оларды сыйлап құрмет көрсетуге, өзімізден кіші сынып оқушыларына үлгі болуға, оларға қамқор болуға, көмек қолын созуға міндеттіміз.

Мен өз Отаным Қазақстанды суйемін. Мен өзім білім алып жатқан алтын ұям мектебімді суйемін. Мен өзімнен кішіге үлгі боламын. Мен өзімнен үлкенге құрмет көрсетемін. Мен өз ұстаздарымды үлгі тұтамын және өз анамдай жақсы көріп құрметтеймін.

Мектебім алтын ұям, білім берген

Бар жақсыны, қуанышты сенен көргем

Әр затың мен үшін баға жетпес

Сол үшін мен өзіңді шынымен жақсы көрем


Сен неткен Отан - анам ғажап едің,

Әспеттеп көркем тілмен жазар едім.

Болашақ ұрпағыңның бақыты үшін,

Жайнай бер - Ұлы Отаным - қазақ елім!

ІІІ. Сабақты қортындылау кезеңі. Қайталау сұрақтары.








«Бекітемін» «Тексерілді»

Мектеп Директордың тәрбие ісі

директоры Туаршиева Г.Б. жөніндегі орынбасыры Бухарбаева Л.А.





(тәрбие сағаты)





Сыныбы: 6 «б»

Сынып жетекшісі: Акишева Т.Т.










Бәйтерек, 2015ж.

© 2010-2022