Қазақ орта мектеп-гимназиясының тәрбие жүйесі туралы Ұлттық тәрбие -ұлт болашағы

Ұлттық тәрбие - ұлт болашағы Қазақ халқы қай уақытта болмасын ұрпақ тәрбиесін ұлттың тағдыры, ұлттың болашағы деп білген. Ата-бабадан келе жатқан бұл қағида қанша заман, қанша ғасыр ауысса да өзгермек емес. Бұл ұлттық қағиданың бүгінгі қазақ қоғамында алатын орны ерекше. Себебі, қазақ қоғамы әлем елдерімен терезесі теңескен өркениетті елдер қатарына қосылды. Қаншалықты өркениетті болғанымызбен, қазақтығымызды, ұлттық құндылықтарымызды сақтап қалу бізге, ертеңгі ұрпаққа аманат. Сондықтан тәрбие м...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұлттық тәрбие - ұлт болашағы

Қазақ халқы қай уақытта болмасын ұрпақ тәрбиесін ұлттың тағдыры, ұлттың болашағы деп білген. Ата-бабадан келе жатқан бұл қағида қанша заман, қанша ғасыр ауысса да өзгермек емес. Бұл ұлттық қағиданың бүгінгі қазақ қоғамында алатын орны ерекше. Себебі, қазақ қоғамы әлем елдерімен терезесі теңескен өркениетті елдер қатарына қосылды. Қаншалықты өркениетті болғанымызбен, қазақтығымызды, ұлттық құндылықтарымызды сақтап қалу бізге, ертеңгі ұрпаққа аманат. Сондықтан тәрбие мәселесіне жіті көңіл бөліп, ұлттық тәрбиеге қатысты әдіс-тәсілдерді қолдану қазақ орта мектеп-гимназиясының тәрбие жүйесінің басты міндеті.

Мектеп - гимназиясының тәрбие жұмысының мақсаты :

Оқушыларды жалпы адамзаттың құндылықтарға тарта отырып, ұлттық құндылықтар негізінде мінез- құлық қалыптастыра отырып, іскер, бәсекеге қабілетті дара тұлға тәрбиелеу.

Міндеттері :

- дарынды балаларды анықтау, олардың қабілетін дамытуға жағдай жасау;

- ұлттық мәдениет пен өнер негізінде жан-жақты эстетикалық тәрбие беру, сұлулыққа, тазалыққа үйрету;

- салауатты өмір сүруге тәрбиелеу, ішкілікке, есірткіге әуестенбеуіне жол бермеу;

- мемлекет заңдарын және рәміздерін білу, оған сый құрметпен қарау;

- еңбектің адам өміріндегі мәні мен маңызын түсіндіру;

- ұлдар мен қыздар арасындағы сыйластық, достық қарым-қатынасты нығайтуға және бір-бірін құрметтеуге үйрету;

- қазақ халқының ерлік, жауынгерлік тарихымен таныстыру, өз елін, жерін, қорғай алатын елжанды ұлттық намысы бар жігерлі азаматтарды тәрбиелеу;

- өздігімен білім деңгейін көтеруге үйретіп, өзін-өзі басқару мен тәрбиелеуге дағдыландыру;

- қоршаған ортаны сүюге, оған өз үлесін қосуға тәрбиелеу;

- ұлттық қатынастың жақсы негіздерін бойына сіңіру, басқа ұлттың өкілдерін, мәдениетін, өнерін сыйлай білуге үйрету, өзара сыйластық, достық, негізінде өмір сүруіне ықпал жасау.

- Мектеп - оқушы - ата - ана байланысын нығайту.

Тәрбие мақсаттары мен тәрбие жұмысының міндеттері білім беру үдерісінде, сабақтан тыс уақытта және білім алушылардың бос уақытында жүзеге асырылады.

Қазақ орта мектеп-гимназиясының тәрбие жүйесі туралы Ұлттық тәрбие -ұлт болашағыМектеп - гимназиясының тәрбие жұмысының жүйесі

Қазақ орта мектеп-гимназиясының тәрбие жүйесі туралы Ұлттық тәрбие -ұлт болашағыҚазақ орта мектеп-гимназиясының тәрбие жүйесі туралы Ұлттық тәрбие -ұлт болашағыҚазақ орта мектеп-гимназиясының тәрбие жүйесі туралы Ұлттық тәрбие -ұлт болашағы

Қазақ орта мектеп-гимназиясының тәрбие жүйесі туралы Ұлттық тәрбие -ұлт болашағыҚазақ орта мектеп-гимназиясының тәрбие жүйесі туралы Ұлттық тәрбие -ұлт болашағыҚазақ орта мектеп-гимназиясының тәрбие жүйесі туралы Ұлттық тәрбие -ұлт болашағы

Қазақ орта мектеп-гимназиясының тәрбие жүйесі туралы Ұлттық тәрбие -ұлт болашағыҚазақ орта мектеп-гимназиясының тәрбие жүйесі туралы Ұлттық тәрбие -ұлт болашағы

Қазақ орта мектеп-гимназиясының тәрбие жүйесі туралы Ұлттық тәрбие -ұлт болашағыҚазақ орта мектеп-гимназиясының тәрбие жүйесі туралы Ұлттық тәрбие -ұлт болашағыҚазақ орта мектеп-гимназиясының тәрбие жүйесі туралы Ұлттық тәрбие -ұлт болашағы

Қазақ орта мектеп-гимназиясының тәрбие жүйесі туралы Ұлттық тәрбие -ұлт болашағыҚазақ орта мектеп-гимназиясының тәрбие жүйесі туралы Ұлттық тәрбие -ұлт болашағыҚазақ орта мектеп-гимназиясының тәрбие жүйесі туралы Ұлттық тәрбие -ұлт болашағыҚазақ орта мектеп-гимназиясының тәрбие жүйесі туралы Ұлттық тәрбие -ұлт болашағы

Қазақ орта мектеп-гимназиясының тәрбие жүйесі туралы Ұлттық тәрбие -ұлт болашағыҚазақ орта мектеп-гимназиясының тәрбие жүйесі туралы Ұлттық тәрбие -ұлт болашағы

Қазақ орта мектеп-гимназиясының тәрбие жүйесі туралы Ұлттық тәрбие -ұлт болашағы

Тәрбие жүйесі бойынша өткізілетін іс - шаралар теориялық және практикалық бағытта жүргізіледі. Теориялық: конференция,лекциялар, ғылыми жұмыстар, баяндамар т.б.. Практикалық: тәрбие сағаттары, тақырыптық кештер, КТК ойындары, іскерлік ойындар, дебаттар, жарыстар т.б.

Тәрбие жұмысы барысында «Ең үздік оқушы», «Ең жасыл сынып», «Ең үздік сынып», «Ең үздік оқырман» байқаулары, «Намыс - дода», «Алақай» спорттық жарыстар, «Әкем- шешем және мен - доспыз спортпен», «Айбынды әкелер» ата- аналармен бірлескен іс- шаралар, «Сәукелелі сұлуым», «Нағыз қазақ жігіт», «Күз аруы», «Тілашар»«Алтын күз» мерексі сияқты іс - шаралар өткізу дәстүрге айналған.

Қаламгер әрі ұстаз Үмбетай Уадин «Әдеп әлемі» кітабында «Тәрбиенің ең жақсысы адамның өзін - өзі тәрбиелеуі, өзін өзі қадағалауы дей отырып, « Бұған кім не дейді?» деп көпшілікке сауал тастайды. Мен бұған: «Тәрбиенің ең жақсысы адамның өзін - өзі тәрбиелеуі, өзін өзі қадағалауы, өзіни - өзі басқаруы»,- деп қосар ем. Себебі сыныптан тыс іс - шараларды дайындау, өткізу барысында оқушыларымыз өз бетінше жұмыс жасағанды ұнатады. Мектеп - гимназиясында оқушылардың өзін - өзі басқаруы «Болашақ» балалар бірлестігі арқылы жүзеге асады.Бірлестік оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес «Балдырған», «Мұрагер» «Мирас» ұйымдарына бөлінген.

«Балдырған» тобының мүшелері тақырыптық сурет көрмелерін безендіріп, қуыршақ театрының қойылымдарын ұйымдастырса, «Мұрагер» мен «Мирас» тобының мүшелері ұлттық өнер мен салт-дәстүрлер туралы ізденіс-зерттеу жұмыстарын жүргізеді.

Оқушылар атқаратын сабақтан тыс тәрбиелік іс - шаралардың барлығы бойынша рейтинг шығарылып, тоқсан сайын өзін - өзі басқару ұйымының отырысында қорытынды шығарылады. Аптаның бірінші күні үлкен үзілісте оқушылар жиыны, аптаның соңғы күні барлық сыныптарда сынып сағаттары, күнделікті таңертеңгі жаттығу орындау, бірыңғай мектеп формасын сақтау сияқты мектеп ережелерін қатаң орындау жолға қойылған.

Мектеп- гимназиясының алға қойған мақсаты мен міндеттерді іске асыру мақсатында тәрбие жүйесі бойынша әр бағытта іс -шаралар жоспарға сәйкес жүргізіліп отырады. Өткізілетін іс - шара тәрбиенің бірнеше бағытын қамтиды. Жыл сайын бастауыш сыныптар арасында өтетін «Тілашар», «Рахмет саған, әліппе!», «Алтын күз» мерекелері әрі танымдық, әрі талғамдық, әрі адамгершілік тәрбиесін қалыптастыруға өз ықпалын тигізеді.

«Алтын күз» мерекесі барысында әр сынып бір көкөніс бойынша мәліметтер жинап, өлең, тақпақ жаттайды, оны өсіретін адамның еңбегін құрметтеу керектігін түсінеді, сонымен қатар эстетикалық талғаммен өз бұрыштарын безендіріп, көрме ұйымдастырады.

«Жас көңіл тың жер тәрізді, не ексең сол шығады, әрі мол шығады» (Ғ.Мұстафин) деген сөз бар. Бала тәрбиесінде отбасының орны да ерекше. Оны қоғамдық тәрбиенің қандай саласы болса да алмастыра алмайды. Отбасының негізі - баланы өмірге келтіру ғана емес, оған мәдени- әлеуметтік ортаның құндылығын қабылдату, ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарды, ұлылардың ақыл- кеңес тәжірибесін бойына сіңіру, қоршаған ортаға, өз қоғамына пайдалы етіп тәрбиелеу.

Бала тәрбиесі- ата-ана үшін күрделі де, жауапты міндет. Баланы өмірге бейімдеуде мектеп, ұстаз және ата-ананың рөлі зор. Осы үш бұлақтан туындаған тәлім- тәрбиелік жарасымдылық бірлесіп жұмыс істеген жағдайда ғана үйлесімділік табады.Ұлттық тәлім - тәрбиені тал бесіктен бойына жиған әрбір жеткіншектің қылмыс атаулыға бас сұқпасы анық.

Ата- ананың үйдегі іс-әрекеті балалардың көз алдында өтеді. Сондықтан жақсы, жаман әдетіміздің бала тәрбиесіне ықпалы зор. Бұдан шығатын түйін: бала тәрбиесіне , ең әуелі оның өз ата-анасының еңбекқорлығы, ұстамдылығы,ақыл- ой, сана-сезімі адамгершілігі әсер етпек.

Ата- аналармен бірлесе өткізілетін дәстүрлі «Айбынды әкелер» байқауы да тәрбиенің бірнеше қырын қамтиды. Мектеп-гимназия оқушыларының әкелері балаларын 1-сыныпқа келген күннен бастап осы байқауға баласымен бірге дайындық жүргізеді.Біріншіден, бұл әке мен баланы жақындастырып, отбасылық қарым- қатынасты нығайтады, ұлттық тәрбиені нығайтуға ықпал етеді;екіншіден, сахнада өнер көрсету, киіну, тұру- жүру сияқты талғам мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Болашақ ұлт аналары-ару қыздарымызды тәрбиелеуді көздейтін «Сәукелелі сұлуым», «Қызға қырық үйден тыйым» атты байқауларды ұйымдастыру барысында Т.Жүнісова бастаған әжелер алқасы ұлттық тәрбиенің қайнар көзі шешендік сөздермен қаруланған қыздарымыздың көркіне ақылы сай қазақ аруы болып қалыптасуы жолында аянбай еңбек етіп келеді.

Осылай мектебімізде өтетін әр іс - шараны талдай беруге болады. Тәрбие беру - өте күрделі, тоқтамайтын, таусылмайтын үрдіс.

Қазіргі жаһандану заманында жас ұрпақтың санасын жаулап алған ғаламтор, аяушылық сезімін көңілден кетіретін қатыгездікке, мейірімсіздікке апаратын жауыздықтың жалауын желбіреткен атыс-шабыс ойындары балғын сананы, тас- талқан етуде. Ата-аналардағы жұмыс бастылықтың немесе отбасы ынтымақтастығының ыдырауы, үлкендердің бақылауынан шет қалған баланың өз ойына келгенін жасайтыны заңдылық. Осындай жағдайлардың әсерінен өз бетінше кеткен қиын балалардың тәрбиесі білім мен тәрбиені қатар алып жүретін ұстаздар қауымына салмақ салары анық . Сондықтан әр ұстаз өзінің алдында отырған шәкірттеріне өз халқының тарихы, салт-дәстүрі , әдет-ғұрпы туралы бойларына сіңіре отырып, заман талабына сай ұлттық бағытта тәрбиелеуді мақсат етіп қойғаны жөн. Халық «қисық біткен талды жастайынан түземесе буыны қатқан соң оның көлеңкесі де қисық болып түседі» деп бекер айтпаса, керек. Баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық , яғни, адамгершілік қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікке тәрбиелеу - маңызды мәселелердің бірі.

Қазіргі таңда ұстаздар қауымына артылар жүк ауыр. Бала тәрбиесі - баршаның ісі. Отбасының да, мектептің де мақсат- мүддесі біреу. Еліміздің ертеңі - жас ұрпақтың қолында десек, сол ұрпақты тілін қадірлеуге,елін,жерін сүюге, ұлттық санада, ұлт жанды ұрпақ етіп тәрбиелеу біздің міндетіміз екенін ұмытпайық. «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, тәрбиесіз берілген білім адамзатқа апат әкеледі » деген, ғұлама ғалым Әбу Насыр Әл- Фараби ойын әрбір ұстаз қағида етіп ұстанайық.

Г.Т.Мейірбекова қазақ орта

мектеп - гимназия директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары



© 2010-2022