«Есімің ел есінде –дара тұлға»

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

ШҚО әкімдігінің білім бсқармасы

КМҚК «М.Төлебаев атындағы музыкалық училищесі»





М.Төлебаевтың 100 жылдық мерейтойына байланысты қалалық деңгейдегі «Есімің ел есінде -дара тұлға» атты тарихи -музыкалық композициясы









Дайындаған: Оразғалиева М.Д.

Оспанова Ж.М.

Жалпы білімдер циклдік

комиссиясы отырысында

қаралып, мақұлданды

Хаттамы № 7 04.02.2013ж.

Оспанова Ж.М.



Семей-2013

Мақсаты:оқушыларды халқымыздың тұңғыш кәсіби музыкасының негізін салушысы М.Төлебаевтың өмірі және шығармашылығымен таныстыру,композитордың мол мұрасын насихаттау.

Сахна көркемделуі: Сахнаның артқы тұспасы француз стильіндегі шымылдық. Шымылдықтың ортасында «Мұқан Төлебаев» 100 жыл деп жазылады. Астында гүл шоқ іспеттес матаға тігілген қағаз гүлдер тұрады. Сахнаның авансценасында түрлі түсті шырақтар, жарықтар тұрады. Сахнаның артында сахналық түтін шығаратын тұрады. Сахнаның негізгі шымылдығының екі жағында гүл шоқтары тұрады.

Музыкалық фон қосылады «Сарыарқа».

Жүргізуші: Армысыздар! Құрметті ұстаздар!Қонақтар!

Бүгінгі Мұқан Төлебаевтың жүз жылдық мерей тойына байланысты тарихи-музыкалық кешке қош келдіңіздер. Биылғы жыл біздің ұжым үшін мәртебелі әрі жауапты жыл.2013 жыл түркі тілді елдерде қазақ композиторы Мұқан Төлебаевтың жылы болып жарияланды. Бұл шешім Уфада өткен ТЮРКСОЙ-ға мүше мемлекеттердің мәдениет министрлерінің тұракты кеңесінде қабылданды. Мұқан Төлебаевтың С.Бегалиннің сөзіне жазылған сюиталары «Тоғай арасында» және «Костер жыры». Қабыл алыңыздар!

Хор: «Тоғай арасында» және «Костер жыры»

Жүргізуші: Өнер айдынында желкені биік, ескегі мықты болған қазақ елінің музыка жанрын биік белеске шығарған, ұрпаққа өшпес туындыларын қалдырған, «Қазақ музыка қайраткері» атанған Мұқан Төлебаевтың 100 жылдық мерей тойына қош келдіңіздер. Тәңірі өлшеп берген өнер дәні құнарлы топыраққа түссе бауыры сая, жемісі азық болары сөзсіз.Кезінде ақиық ақын Ілияс Жансүгіров айтқандай.

Ыстық көл жер айнасы мөлдірейді.

Балқашта қамыс қамал желтілдейді.

Атанған алты өзені Жетісудан...

Балқашты бауырымдап еңкілдейді,

демекші осы құтты мекенде, анығырақ айтқанда қазірғі Алматы облысы, Қаратал ауданы(Бөрілітөбе),Қарашыған ауылында әйгілі композитор Мұхамет-сәлім (Мұқан) Төлебаев 1913 жылы 13 наурызда дүниеге келді. Балалық шағы Балқаш көлінің жағалауында, Жетісудың кең даласында, талай атақты ақындар, күміс көмей әншілер өмір сүрген, тамаша әсем әуен, әндердің отанында өтті. Мұқан Төлебаевтың музыкаға деген қабілеті ерте оянды. 6 жасында домбыра шертіп, ән салуға әрекеттенді. Алғаш сауатын ауыл молдасына арап тілімен ашады. Кейін ауданға барып білімін одан әрі толықтырып, орта мектепті бітіргеннен кейін, 1933 жылы Алматы облысындағы педагогикалық училищесіне түсті. Осы жылы аудандық «Жұмысшы жастар» театрын ұйымдастырады. Алматыда өткен Халық өнерпаздарының Бүкіл Қазақстандық 1 - слетіне қатысып, 1934 жылы әнші ретінде көзге көрінеді. 1936ж. Москва консерваториясының жанынан ашылған қазақ студиясына оқуға түседі.

Көрініс: «Бала Мұқан» (Төрде төселген құрақ көрпе үстінде домбыра шертіп отарған алты жасар бала Мұқан.)

Гульмира (анасы): Әй, Мұқанжан! Күніне бір нәр татпадың ғой, жүрек жалғап алып, содан кейін бұл домбыраны ойнасаң болмас па екен?

Мұқан: Апа-ау неше күннен бері бір әуен мазалап ойымнан шығар емес, қазір соны домбыраға түсіріп алмасам, ұмытып қалам ба деп қорқамын.

Гульмира (анасы): Әлі талай әуенді домбыраға салып ойнайтын күн туар, оған дейін әлденіп ал, құлыным.

Мұқан: Апа! Айғай салып ән салғым келеді, күмбірлетіп күй тартқым келеді. Неге екенін білмеймін,құдды бір басқа әлемде жүрген тәріздімін. (Сырттан әкесі мен ауыл молдасы кіреді.)

Мейрам (Әкесі): Молдеке, мына ұлым неше күн нәр татпады, түнімен сандырақтап ән салып, қара терге малынып шығады. Аластап, бойындағы жынын қағып шығарып беріңіз.

Мұқан: Ассалаумағалейкум ата. Сізге домбыра тартып берейін бе? Ата- анам тыңдаған жоқ, сіз тыңдаңызшы ата!

Әділет (Молда): Әкесі, мына баланың бар ауруы «Өнер», бойын өнер буған. Ақ батамды берейін, жолын ашайын, кел Мұқан, балам, қолыңды жай. (Мұқан және ата -анасы қолдарын жаяды. Молда бата береді.)

Әділет (Молда): Ақ батамды берейін,

Үстем болсын мерейің.

Өрге бассын өнерің.

Ауыз толтырып айтатын,

Азамат болғаныңды көрейін.

Халқыңа қызмет істерсің,

Дегеніңе жетерсің,

Мақтан етіп ел жұртың,

Төбесіне көтерсін.

Ән мен жырың қалықтап.

Бар әлемді шарықтап.

Сан ғасырлар өтсе де өзіңді.

Халқың қалай ұмытпақ,

Бақытты ғұмыр тілеймін.

Өнердің бағасын біл деймін.

Ән мен жырды халқыңа,

Мәңгі арнап жүр деймін. Әумин!

Гульмира (анасы): Рахмет, молдеке.

Мейрам (әкесі): Айтқаныңыз алланың құлағына шалынсын!

Мұқан: Рахмет ата.

Гульмира (анасы): Жүріңіздер,дастархан басына отырайық. (Сахнадан барлығы шығып кетеді.)

Жүргізуші: Келесі кезекте сахна төріне, бүгінгі әдеби музыкалық кештің арнайы қонағы Мұқан Төлебаевтың ұрпағына қалдырған өшпес өнерін халқына насихаттап, жүректен жүрекке жеткізіп, орындап жүрген Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, Қазақстан Республикасының Ұлттық Астана Бәйтерек сыйлығының лауреаты, халықаралық «Жаңа ғасыр - жаңа ән» байқауының жүлдегері Айтмұхамбет Бейсембеков ағаны сахна төріне шақырамыз.

Бейсембеков А: «Тос, мені тос»

Ән: «Кестелі орамал»

Ән: «Мен көрдім ұзын қайың құлағанын»

Ән: «Біржан-Сара»операсынан «Біржан»ариясы.

Жүргізуші:

М.Төлебаевтың композиторлық стилі ұлттық дәстүр арнасында қалыптасқан.Сөйте тұра композитордың музыкасы еуропалық кәсіби шеберліктің биік деңгейінен орын алатынымен ерекшеленеді және жоғары бағаланады.Ерен еңбегімен қазақ операсын биік деңгейге көтерген «Біржан - Сара» операсы дүниеге келеді. 1944 жылы Мұқан Төлебаев өзінің туған аулында операның алғашқы ноталарын қағаз бетіне түсірді. 1946 жылы «Біржан - Сара» операсының соңғы нотасына нүкте қойылды. «Біржан - Сара» лирикалық драмалық операсы сахнаға тұңғыш 1946 жылы Алматы қаласында, Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрында қойылды. Режиссері Құрманбек Жандарбеков болды. Операның басты кейіпкері Біржан образын Әндірбек Үмбетбаев, Сараның образын Күләш Бәйсеиітова сомдады. Бұл соғыстан кейінгі Қазақ музыка мәдениетіндегі өте маңызды оқиға болды.

«Кербез» би тобының орындауында «Біржан- Сара».

Жүргізуші: М. Төлебаевтың лирикалық жанрдағы шығармалары Ұлы Отан соғысы жылдарында жазылған әндері. Өлім мен өмір арасында жүрген жауынгерлердің сағыныштарын, композитор «Кестелі орамал», «Тос, мені тос» «Келші Сәулем» тағы басқа лирикалық романстары арқылы жеткізді.

Қасенов Мақсат романс «Келші сәулем» (Сөзі:Ә Тәжібаев).

Жүргізуші: Мұқан Төлебаевтың ерең еңбектерінің арқасында, өнер жолында талай қамалдардан өтіп, биік шыңға шығарған ауыз толтырарлық атақтары қаншама, қамшының сабындай қысқа ғана ғұмырында қол жеткізген еңбектері, мәңгілік ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, жандарына мәңгілік сақталмақ. Қазақтың аса көрнекті композиторы, қоғам қайраткері, КСРО халық әртісі, КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты, 1942 жылы КСРО композиторлар одағының мүшесі. 1944жылы композиторлар М.Төлебаев,Е.Г.Брусиловский,Л.А.Хамиди Қазақ КСР-нің гимнін жазды.Гимнде Ұлы Отан соғысының қайғы-қасіреті,халықтың жеңіске деген сенімі,халықтар достығы көрініс тапты. 1948 жылы Қазақстан композиторлар одағы басқарма мүшесі болды. 1956-1960 жылдары Қазақстан композиторлар одағы басқармасының төрағасы болды.

1960 жылы Семей қалалық музыкалық училищесіне Қазақстан компартиясы орталық комитетінің қаулысымен қазақ кәсіби музыкасының негізін қалаушылардың бірі Мұқан Төлебаевтың есімі берілді

Композиция: «Есімің ел есінде - дара тұлға»

Бисат: Тарланы қазағымның хас дарыны,

Өнер деп тулай түскен жас жалыны.

Алланың берген қысқа ғұмырында,

Қырандай бағындырған талай шыңды.

Арнаған өнерге шын бар өмірін,

Жеткізген баршаңызға тылсым күшін,

Өнерге жастайынан қанат жайып,

Сездірген шырқау шыңын музыканың.

Балжан: Есімің ел есінде дара тұлға,

Мұқан Төлебаев болған өр халқына.

Осыдан шабыт алып қазынадай,

Қалдырған қол таңбасын қазағына .

Ұлттық нәрі құнарлы биік шыңы,

Ел аузынан кетпеген дара туындысы.

Опера «Біржан - Сара» ғасырлармен,

Біздерге мәңгі бақи болған құнды.

Жанболат: Әуені құлақ құшын қандыратын,

Әуелеп аспан нұрын жандыратын.

Жүрекке махаббаты өрнек қылып,

Кестелі орамалы таң қылатын.

Қазақтың даңқы болар аңсағалы,

Әуенмен жеткізгендей ән самалын.

Алашымның алшысы түскен, сірә,

Әні менен әуелеп жар салады.

Гульмира: Біз үшін қасиетті ғажап атың,

Ұрпағың ұлағат қып жазалатын.

Ешқашан есімізден шығармайық,

Қыран тектес қазақтың азаматын.

Бүгінгі мерей той құтты болсын,

Шығармасы тарихының жыры болсын.

Әрбір жазған нотасы болашақта,

Өнер деген әлемнің нұры болсын.

Жүргізуші: Композитордың шығармаларында өз заманның бейнелеріне көңіл бөлінген. Ән жазуына тоқталар болсақ, әндерінің мазмұны мен әуені жан жақты, Адам жанының нәзік жан дүниесіне жеткізе білді. Сол кездегі шығармаларына тоқталар болсақ, «Шахтерлар әні», «Отан», «Жастар вальсі», «Спортшылар вальсі» сынды бір қатар әндері жатады. Халқымыздың музыка қайраткерінің тағы бір қырына көз салар болсақ, кино әлеміне де өз үлесін қосты деп айтуға болады. Мұқан Төлебаев кинофильмдерге ән жазды. Атап айтсақ «Алтын мүйіз» кинофильіміне «Жылқышы әні», «Қойшы әні» сынды бір қатар әндерді жазды. Әдемі әуезділік басқа жанрдағы шығармаларына да тән. Соның бір кепілі «Жастық шақ» хор сюитасы туған өлкенің табиғатын, халықтың тұрмысын бейнелеу арқылы бізді қоршаған жарқын өмірмен таныстырып жақындастырады.

Тәжиев Жасұлан: «Арнау»

Жүргізуші: Мұқан Төлебаев қысқа ғұмырында қазақ музыкасының қалыптасуына орасан ықпалын тигізді. Қазақ музыкасын жоғарғы деңгейге көтеріп,өмірге қайталанбас туындылар әкелді және жас композиторлардың шығармашылық өсуіне ықпалы зор болды.Біз де осы өнер ордасының шәкіртері, ұлы тұлға есімін мақтан етеміз.

Құрметті көрермендер! Дара тұлғамыздың өнерімен таныс болып, кейінгі ұрпаққа жеткізу, өнерін дәріптеу біздің еншімізде екенін ұмытпайық!Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

Сау болыңыздар!

© 2010-2022