Ашық тәрбие сағат тақырыбы: Көктем-ана, қыздар-гүл (7-сынып)

Раздел Классному руководителю
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Көктем-ана,қыздар-гүл

Мақсаты: балаларға Ананы,қыз баланы қалай сыйлау қажет екенін түсіндіру, анаға деген сүйіспеншілікке баулып,аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Суретті плакаттар, нақыл сөздер, гүлдер, шарлар,слайд.

Мұғалімнің кіріспе сөзі: Құрметті ұстаздар, аяулы аналар, көктем күніндей құлпырған қыздар! Сіздерді 8 - Наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймын. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілеймін.
Адам бойындағы барлық жақсы қасиет, күннің нұрынан, ананың сүтінен жаралған. Сондықтан құрметті аналар, қадірлі апайлар, қызғалдақ қыздар бүгінгі көктемгі күндей жарқырап, гүлдей құлпырған мерекелеріңіз құтты болсын!
1-жүргізуші:

Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,

Маңдайымнан сүйіп жатыр нұр көктем.

Жарығыңмен,шуағыңмен,Күн ана,

Алып келдің жер бетіне гүл көктем!

Армысыздар,ару қыздар,абзал ана,

Анаға тең келетін бар ма дана?

Мерекең бүгінгі күн құтты болсын

Қуанышпен құшақтарың гүлге толсын.

2-жүргізуші:Бүгінгі мереке 8-наурыз халықаралық әйелдер күніне арналған «Көктем-ана,қыздар-гүл»- атты мерекелік кешіміз тек сіздер үшін,аяулы аналар,ардақты ұстаздар.

1-жүргізуші :

Аяулысың,ауылымның асылдары,

Жайнасын көңілдердің жасыл бағы,

Сіздер үшін ән менен күй,өлең мен би,

Сіздер үшін мереке шашулары.

Ән: «Ана» орындайтын Дана

2-жүргізуші:

Қазағымның салт-дәстүрі жаңғырған,

Тәлім ой тәрбие көзін қалдырған.

Салт-дәстүрді ардақтайық ағайын,

Қазақ атын үлкен кіші балдырған.

Құрметті аналар сіздерге ұлттық салт-дәстүрлерге байланысты сұрақтар қойылады. Ойынға барлығымыз атсалысайық.

1.Сыбаға дегеніміз не?

Сыйлы адамға берілетін ет.

2.Жігіттің неше жұрты бар?

Өз жұрты, қайын жұрты, нағашы жұрты.

3.Бастаңғы дегеніміз не?

Үйде үлкендер болмаған кезде жастар сол үйге бас қосады.

4.Бес қаруды атаңыз?

1.садақ,2.мылтық,3найза,4қылыш.5 айбалта.

5.Күбі дегеніміз не?

Қымыз ашытатын ыдыс.

6.Ашамай дегеніміз не?

Балаларға арналған ер тоқым.

7.Зікір салу дегеніміз не?

Бақсылардың адамды емдеуі.

8.Қонақ кәде дегеніміз не?

Қонаққа келген адмның өнер көрсетуі.

9.Соғым сойысқан адамға не беріледі?

Қол кесер.

10.Асар деген не?

Көлемді ауыр жұмысқа ауылдасты шақыру.

11.Жылу дегеніміз не?

Қиын жағдайға ұшыраған жанұяға ауыл аймақтың беретін көмегі.

Көркем сөз:Анаға тілек. Қызғалдақ

1-жүргізуші:

Мен өзіңмен қайда болсам біргемін,

Махаббатың жүрегіме жүр менің.

Күн нұрындай жадырай бір күлгенің,

Қандай жақсы ортамызда жүргенің!

Ер жеткізіп елге берген баласын,

Ақылдысың,ардақтысың,данасың!

Қарайтыным қас-қабағың бір сенің,

Қайратыңнан қайта көрме,анашым!

Өзінің шығарған өлеңі: Қымбат

Нұрберді

Теңдесі жоқ данасың,

Арқа тұтар панасың.

Еңбегіңді ақтайтын,

Аман болшы,анашым.

Бар өмірдің жүрегі,

Өзің алтын ордасың.

Тілегімнің тірегі,

Уайымың болмасын.

2-жүргізуші:

Әсем би әрбір елдің рәсімі екен,

Өнерпаз ортамызда басым екен.

Өнерін қуаныштан кім аяған,

Жаңа биді сіздерге шашу етем,-дей келе келесі кезекті биге береміз.

Би

Көрініс: «Ананың жұмбағы».
Автор Бірде көп балалы ана ұлдарына былай депті:
Ана: Балапандарым, мен сендерге бір жұмбақ айтамын, сендер соны шешіңдер. Сендердің бәріңді 9 ай абақтыға жапса, одан шыққан соң ауызыңа өкпе тықса, арқанды ағашқа таңса, сол адамға не істер едіңіздер?
Тұңғыш ұл: Мен оның басын балтамен шабар едім.
Екінші ұл: Мен оны мылтықпен атып тастар едім.
Үшінші ұл: Оның мұрнын бұзар едім.
Кенже ұл: Жоқ, ана, мына үшеуінің жасайтындары ақымақтың ісі. Ал мен болсам, ол адамды аялап, өлгенше алақаныма салып бағар едім. Ол мені жарық дүние әкелуші адам. ол - асыл ана. Сіз бізді 9 ай көтердіңіз, бізге жарық дүние сыйладыңыз. Қырқынан шығардыңыз, ағаш бесікке бөледіңіз. Міне жұмбағыңыздың шешуі осы.
Ана: Жарайсың, кенжетайым!
Хан: Әй, кенже ұлым! Көркіңе ақылың сай болып өсіпсің. Анаң екеуіміздің көңіліміз толды. «Көктем» атты патшалықты өзіңе сеніп тапсырамын.
Хан батасы: Ізетті, инабатты, иманды ұл - қыздарым! Бауырларыңды тыңдаңдар, бірлік пен татулықты серік етіңдер! Ана сыйлағанды Алла жарылқайды, аналарыңды сыйлаңдар!
Автор: Сонымен, хан жарлығы екі болмайды. Кенже ұл ата тағына отырып, көңілді «Көктем» патшалығын басқарыпты. Көңілді патшалық адамдарға нұрын шашып «Ана - өмір шуағы» деп жадыраған, жайдары бір күнін асыл аналарымызға арнаған екен. Міне, көңілді патшалықтың мен көрген бір күні осылай шаттықпен өз ұясына қонды.

1-жүргізуші

Бәрі де ана бір өзіңнен басталады,

Сендер жазған ақындар жыр дастаны.

Сендер жазған әндері самғай түсіп,

Жүрегіне із тастар әр адамның.

Алена. Тұманбай Молдағалиевтың ана өлеңі.

2-жүргізуші

Халқымызға билік айтар даналар,

Даналардың өзі анадан жаралар.

Жүрегіңнің бір бөлшегі-бала үшін,

Сізден жақын адам бар ма,аналар!

Балаға ең жақыны сіз ғой, ана,

Сіздің ыстық құшағыңыз бізге пана.

Сіздерге теңестірер еш нәрсе жоқ,

Теңесе алар бірақ нәрсе-Отан ғана.

Ақмоншақ. Естеу Нүсіпбеков Аналарға арнау.

1-жүргізуші Келесі кезекті шағын көрініске береміз.

Сахналық қойылым: «Ата мен әженің өнегесі»

Автор:Сахнаға келіп шал мен кемпір отырады.Кемпір жүн түтіп,шал кітап оқып, екі немере қыз қасында сабақ оқып жатады.

Ата: -Әй қарақтарым,балапандарым не істеп отырсыңдар сендер?

Немересі:-Ата мен Вк-да отырм дос іздеп.Хат жазып.

Ата: -Сенше күнім?

2-немересі:-Ата мен апай берген тапсырманы таппай отырмын интернеттен.

Атасы:-Не беріп еді,ол менің басымда жоқ затпа,ана қорапта барма ол.Неге менен сұрамайсың.

Немересі: -Ту, ата ол ырымдар.

Атасы: -Таста ана жәшікті,сол жәшік менен көп ырым біле ме екен?

-Әй, қыз,сенде таста ана хат жазуды,бері кел.

-Әй кемпір, сен де бір жүнмен шатаспай сериал көріп отыра бермей мыналарға бір-нәрсе айтпайсың ба?

Әже: -Қойш, шал- ау,бітеді қазір сен айта бер, сен жатқан тарихсың ғо!

Ата:«Қазақта қызға қырық үйден тыйым» деген керемет сөз бар,-қазақта.

Қыз балаға түске дейін ұйықтауға тыйым.Бұраңдап қылымсуға.Тамақты асауға.Ұрлық -қорлыққа. Салт-дәстүрден аттауға.Ұрыс керіске. Үлкеннің алдынан өтуге болмаған.

Әже: -Ия, алтындарым,сонымен қатар қазақ бойжеткен қыздың киімінде ерекше мән берген. Адам көркі шүберек -ағаш көркі жапырақ деп қызға киімнің жарасымды тұруына атап көрсеткен.Сол себепті, мектепте болатын кештерге ,мерекелік шараларда,өзіңе жарасымды етіп талғаммен киім кие білу қыз бала үшін өте маңызды.

Немересі: Рахмет ата,әже!

Сіздердің тәлім-тәрбиелеріңізді әрқашанда ұстаймыз.

2-жүргізуші

Бабалары қыздарын қадірлеген,

Қыз баладан басталар өмір терең.

Ауыл көркі қыз болып,ән айтылып

Күн болмаған сазды күй төгілмеген.

Қызға құрмет-елдіктің өлшемі.Дүниедегі сұлулық атауы күн нұрына,қыз жанының ажарына,ананың мейрімінен жаралған деген данагөйлердің сөзінде қандай қателік бар деді-Елбасы Назарбаев.Ендеше болашағын ойлаған ел ең алдымен әйелді ардақ тұтқан.Қыз өнер атаулыға арқау болған. Қызға арнап ән шығармаған сазгер,өлең арнамаған ақын кемде-кем шығар.

Ән:

Елдос

Жазира

1-жүргізуші :Ана -әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны,жанашыры, қадірлісі,қамқоршысы, ақ сүтін беріп аялаған,жанын да аямаған ардақтысы.

Ана-жүрек,жүректі құдіретте,

Ана -тірек,тіректі құрметте.

Ана-шыңың,шыңыңа сағынып жет,

Ана-күнің,күніңе табынып өт.

Расында да адамның әдептілігі мен жан дүниесінің сұлулығы ең алдымен балаға ақ сүтін беріп,әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды.Қайран ана өз перзентін әдемі не ұсқынсыз,ақылды не ақымақ,мейрімді не рақымсыз, кесір-қырсық болса да бәрібір шексіз сүйеді. Дүниеде ананың көз жасынан салмақты,одан ауыр таразы басын басатын ештеңе жоқ. Өйткені ананың көз жасы өзінің киесімен ауыр. Ат биеден туады,алып анадан туады дейді халқымыз.Дүниеде анасыз адам жоқ.Қаламы жүйрік жазушы да, данышпан ғалым да,ел басқарған көсем де,күміс көмей әнші мен мың бұралған биші де анадан туып,соның көкірегінен нәр алып өскен.Ана-тіршіліктің гүлі,отбасының берекесі,бүкіл адамзаттың тәрбиешісі.

Хор:

2-жүргізуші:

Ардақты аналар,ару қыздар,аяулы ұстаздар!Сіздерге осынау мерейлі мереке тек қана игі жақсылықтар әкелсін.Дендеріңізге саулық,отбасыларыңызға амандық тілеймін.

Осымен өздеріңізге арналған мерекелік кешіміз аяқталды.Қош,сау болып тұрыңыздар.Мерекелеріңіз құтты болсын,ардақты аналар!



© 2010-2022