Білім кілті – кітапта тәрбие сағаты

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Білім кілті - кітапта

Мақсаты: Білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру. Кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым менбілімнің пайдасы жайлы түсіндіру. Кітапқа деген қызығушылығын арттыру.Кітапты кутіп, оны таза, ұқыпты пайдалануға үйрету.

Көрнекілігі: Ұлы адамдардың кітап, оқу білім туралы айтқан сөздері жазылған плакаттар.

Сабақ барысы:

І Ұйымдастыру.

ІІ Кіріспе

ІІІ. Викториналық сұрақтар, ойындар

ІҮ Көрініс

Ү Қорытынды

Мұғалім:

Қымбатты ұстаздар және оқушылар! Бүгін сіздермен «Білім - кілті кітапта» деген тақырыпта тәрбие сағатын өткізіп отырмыз.

Кітапхана- кітаптар қоры. Кітапханадан өзімізге керектін барлығын аламыз. Кітап арқылы адамзат ақыл - ойының інжу- маржанын бойына жинайды да, оларды ұрпақтан- ұрпаққа жеткізеді. Кітапсыз - адм өмірі бос. Кітап біздің досымыз ғана емес, Сонымен бірге біздің тұрақты, мәңгілік сенімді серігіміз.

  • Балалар, сендер жылдан- жылға осы кітаптан оқып, білім лып, кітаптан мәдениеттілікті, адамгершілікті, ізгілікті, шындықты үйреніп, кітаппен бірге ер жеттіңдер.

  • «Кітапсыз өткен бір күн, орны толмас бос өткен күн. Көркем әдебиеттерді таңдап оқи білу де үлкен өнер.

Ол үшін оқырмандарды жас күнінен бастап өмір бойы оқи білуге баулу керек » дейді А.И Маркулеевич.

«Кітаппен дос бол, кітаптың жомарт беттері көзіңді ашар, адал дос одан жоқ тегі» деген Расул Гамзатов.

  • Ал, балалар «кітап» туралы сендер қандай өлең білесіңдер.

  1. оқушы:

Сен адамзаттың жақын досы !

Келмейді сені оқымай көңіл хошы.

Ел мұңы, өмір сыры, ақын жыры,

Басылған таңба болыпөзіңде осы.

  1. оқушы:

Сөйлесіп өзіңмен тіл қатады,

Еріксіз сөзін жұртқы тыңдатады.

Жеткізіп өткендердің өсиетін,

Шешіліп кейде достар сырласады.


  1. оқушы:

Саған білім жемісін

Оқулығын береді.

Оқулықты құрметте,

Күті ұста, кірлетпе.

Кішілерге табыс ет,

Дақ түсірмей бір бетке.

  1. оқушы:

Ақыл сөнбейтұғын шамшырағы,

Білімнің сарқылмайтын бал бұлағы.

Ашқанда- ақ өткен күнмен беттеріңді,

Келер күн көз алдымда кеп тұрады.

Мұғалім:Біздің елімізде бірде бір балаға мектептен тыс қалмайды. Жалпыға бірдей білім беру туралыМемлекеттік маңызы бар «Білім туралы» Заң қабылданған. Еілімізде кітап шығаруға көп көңіл бөлінеді. Қазірге кезде мектеп оқушыларына оқулықтар тегін беріледі. Оған қыруар ақша жұмсалады. Оқулықты, көркем әдебиеттерді күтіп ұстай білейік, оларды басып шығаруға аға - апаларымыздың көп еңбегі кетеді

  1. оқушы:Саған білім жемісін

Оқулығын береді.

Талай адам сол үшін

Маңдай терін төгеді.

Орманшының аялы

Алақаны өсірген

Сансыз ағаш саялы

Қағаз үшін кесілген.

  1. оқушы:

Оқулықты баршаға

Талай ғалым қолға алып,

Жылдар бойы қаншама

Жазды ұзақ толғанып.

Әдімілеп берсем деп,

Бояу жағып не түрлі.

Суретшілер көркемдеп,

Қанша уақыт отырды.

  1. оқушы:

Әріп теру үшін де

Талай адам терледі.

Баспахана ішінде

Айлап тыным көрмеді.

Оқулықты мектебің

Бере саған теп - тегін

Білмейсің - ау сен бірақ,

Қаншама еңбек еткенін?

Мұғалім:Сіздер кітаптың қайдан шығатынын білдіңдер. Алғашқы кітап басып шығару ісі қолмен атқарылған. Адамдар кітап басатын, әріп теретін машиналарды ойлап тапты.Қазіргі кезде кітап басу ісі механикалан-дырылған. Оқулықты бүктеп жыртуға болмайды. Өйткені әр кітап- Отан байлығы, ата- апаларымыздың, ата- әжелеріміздің маңдай тері екенін естен шығармауымыз керек.

Көрініс: «Науқас кітап»

Бірде бір оқушының кітабы науқастанып қалып, дәрігерге әкеледі.

Оқушы:Сәлеметсіз бе, дәрігер!

Дәрігер: Сәлемесіз бе!

Оқушы: Дәріге, мен сізге кітабымды әкелдім.Ол қатты науқас.

Дәрігер: Жарайды , алдымен диагнозын анықтап алайық..

Оқушы:Мен үйде жоқта кішкене балалар алып, осындай күйге жеткізіпті.(Жылап тұрып)

Дәрігер: Мұңайма, емдеп жазамыз. Кітабыңа су тиген, беттері жыртылған.

Кітабыңды түптеймін, жыртылмасын.

Мұқабасын бүкпеймін, қырқылмасын.

Таза болсын беттері, кірлемесін.

Көрген адм кітабың кір демесін.

Мен мынадай кеңестер жазып беремі, үнем іесте сақтап жүр.

-Кітап бұрыштарын бүктеме.

- кітап мұқабасы бүлінбес үшін қаптаап ал.

- Кітап беттерін жыртпа.

- Кітапқа сурет салма.

- Тамақ ішіп отырып, сабақ қарама.

- Кітап беттерінің арасына қарындаш, қалам салма.

Оқушы: Жарайды дәрігер.Кеңестеріңізді үнемі есте ұстаймын.

Дәрігер:Жазылып кетіңіздер!Сау бол!

Оқушы: Сау болыңыз! Сізге үлкен рахмет.

Оқулығым, құралым,

Жағар білім шырағын.

Баса алмайсың ешқашан

Онсыз алға бір адым.

Дәрігер: балалар, кітап- шебер - ұстаз, тілсіз мұғалім.Кітап- адал пейіл, асыл дос. Қойған жеріңде жатады, қолыңа алсаң былай тіл қатады:

Кітап:Оқы талмай, түй санаңа, жас бөбек,

Сыр құямын, нұр құямын бойыңа.

Тазаұстап, оқы мені қастерлеп,

Бар білімдімен егемін миыңа.

Мұғалім: Балалар біздің ата- бабаларымыз «Кітап- ақылдың құйылған көлі», «Кітап- білім бұлағы», «Кітап ғажап дос» деп бекер айтпаған. Барлық білімді біз кітаптан аламыз. Кітап бізді қайырымдылыққа, адалдыққа, әділдікке үйретеді. Ендеше осы кітаптан алған білімдерімізді ортаға салайық.Кезекті викториналық сұрақтарға берейік.

Қорытынды:

Мұғалім: «Мен өз бойымдағы барлық жақсылық үшін алдымен кітапқа борыштымын» дейді М.Горький.

Кітап- жан айнасы.Оған қарап бойыңды да, ойыңды да түзетуге болады. Айналадағы адамға мейіріммен қарауға үйренесің. Кітап- снің ақылгөй, адал досың, өмірлік есті жолдасың.

Кітаптың да арманы бар. Ол - лас, ұқыпсыз, оқушылардың қолына түспеу.Білмге қызығатын, ұқыпты балалардың қолына түссек екен деп армандайды.

Бүгінгі тәрбие сағатымызды Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» үзіңді оқып аяқтайын.

Ақыл керек білмі таңдап аларға

Білім керекіске жақсы қарарға.

Ақыл- шырақ, қара түнді ашатын,

Білім- жарық, нұрын саған шашатын.

Біліктіні тыңда - ақылдың бұлағы,

Білімді сөз - шырын жанның құнары.

Тәрбиесіз бала білім ұғар ма,

Олай болса, уысыңнан шығарма,

Татар күйік, ет кескендей етінен.

Қатты тәртіп көрсе бала күнінде,

Өмірімен қуантады түбінде.


© 2010-2022