Ақылды қыз білімге жүгірер

Ақылды қыз білімге жүгірер!Мақсаты: қыздар қауымымен сырласа отырып, олардың тәрбиесіне көңіл бөлу, эстетикалық тәрбие беру, оларға салт – дәстүрді үйрету, олармен пікірлесе отырып, өздерін мазалап жүрген сұрақтары болса, соған жауап табу, еркін өз ойларын ашып айтуға баулу.Дамытушылық: оқушылардың бойындағы жеке қабілеттері мен таланттарын, ойлау шеберлігін, сөйлеу мәдениетін дамыту.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, сыйластыққа, қамқор болуға, ізгілікке, достықты қастерлей білуге тәрбиелеу....
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ақылды қыз білімге жүгірер!

Мақсаты: қыздар қауымымен сырласа отырып, олардың тәрбиесіне көңіл бөлу, эстетикалық тәрбие беру, оларға салт - дәстүрді үйрету, олармен пікірлесе отырып, өздерін мазалап жүрген сұрақтары болса, соған жауап табу, еркін өз ойларын ашып айтуға баулу.

Дамытушылық: оқушылардың бойындағы жеке қабілеттері мен таланттарын, ойлау шеберлігін, сөйлеу мәдениетін дамыту.

Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, сыйластыққа, қамқор болуға, ізгілікке, достықты қастерлей білуге тәрбиелеу.

Көрнекілік: қыздар, аналар туралы слайдтар.,

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті, сымбатты, қыздарымыз! Бүгінгі «Ақылды қыз білімге жүгірер» атты кешке қош келдіңіздер!

Жүргізуші: Мен қазақ қыздарына қайран қалам,

Жанары жаны жаздай жайраңдаған.

«Қыз өссе - елдің көркі» деген сөзді

Қапысыз қалай айтқан қайран бабам?! - демекші, қазақ халқы қыз баланы ертеден сыйлап, қызды гүлге теңеп, «Қыз өссе - елдің көркі» дегендей, қыз баланың әр отбасына ерекше сән беріп отыратыны белгілі. Өзіне тән табиғи ерекшелігімен бірге оларға тәрбие беретін ортаның да айтарлықтай әсерінің бар екені рас. Ал, оларға дұрыс тәрбие беріп, өмір атты кең арналы тіршілікке жол сілтеу - бірінші ата - ана міндеттері дейтін болсақ, екінші кезек - қанатын қатайтып, болашаққа жол сілтеп, қарлығаштай ұшыратын мектеп ұясының ықпалы. Қыз баланың алғашқы қалыптасуы, оның көпшілік ортасында өзін - өзі ұстай білуінен, достарымен тіл табысып, сондай - ақ мектеп табалдырығын аттап, алғаш рет көптің ортасынан түсуінен байқалып жатады. Мектеп - білім берумен қатар тағылымды тәлім - тәрбие түрлерін ұйымдастыратын өнеге ордасы. Қыз баланы құрметтеп, олардың алдында дөрекі сөйлемей, ізетті болуды, ер тұрманы әшекейленген сұлу жорғаларды қыздарына, қарындастарына мінгізуді, киімнің сәндісін, алтынды бұйымдардың жақсысын қыздарына тарту етуді дәстүрге айналдырды.

Ақылды қыз білімге жүгірерАқылды қыз білімге жүгірер

1 - бөлім: Сұрақ - жауап.

Жүргізуші: Жас ару - жас ғұмырдың талғамысың,

Қуантқан әрбір үйді арманысың.

Дәл қазір алдымызда сыналарда

Сан сұрақтан сүрінбей самғап ұшқын, - дей келе сұрақ - жауап бөліміне шақырамын. Мен қойған сұрақтарға жауап беріп көріңіздер.

1. Халық арасына бойжеткен қыз ажарына қарай алтыға бөлінген. Соларды атап өтсеңіз? «Әдемі қыз, көрікті қыз, әсем қыз, ажарлы қыз, шырайлы қыз, ару қыз)

2.Қазақ халқында халықтың құрметіне бөлінген, ақылына көркі сай ару қыздарды атаңыз? «Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Күләш Бәйсейтова, Роза Рымбаева, Мақпал Жүнісова, Роза Бағланова, Бибігүл Төлегенова)

3. Қыз балаларға арналған атауларды атаңыз? (қыз, бойжеткен, келіншек, әйел, жар, ана, апа, әже, қарындас, сіңлі)

4. Қазақ қыздарының әшекей бұйымдарын атаңыз? (шолпы, шашбау, сырға, білезік, жүзік, шашқап, шоқ, шаштеңге, үкі, күміс түйме, балдақты сақина, қобдиша, талмоншақ, қолазы, маңдайша, т.б.)

5. Қыздың бойына тән қылықтарын атап көрсетіңіз? (нәзіктік, сұлулық, сыпайылық, әдемілік, рухани байлық, сүйіспеншілік, кішіпейілділік, инабаттылық)

6. Анасы қыз баланы жастайынан қандай міндеттерге үйретеді? (үйді таза ұстауға, ас пісіру, шәй құю, кесте тігу, т.б)

7. Қазақ қызының ұлттық киімін атаңыз? (көйлек, сәукеле, тақия, желетке, ішік, белдік, етік, кеудеше, т.б.)

Ақылды қыз білімге жүгірер


2 - бөлім: Мақал - мәтел.

Жүргізуші: Сәулетті ана болғанда даналық ұрпақ болады. Олар бүгінгі мектеп қабырғасында оқып жүрген қыздар. Болашақтың тамыры, қоғамның негізі, тарихтың көзі - жайнаған осы жауқазындар. Қыз - өмірдің қызғалдағы, қыздар - болашақ ана, бақыт - байлық ошағы, адамзаттың ойы өркендеп, тәлім - тәрбие алатын қасиеттің ұясы. Ал әйел - сол қасиетті ұяның алтын тірегі, отбасының ұйтқысы. Халық аузында қыздар туралы мақал - мәтелдер аз емес. Сол мақал - мәтелдерді жалғасын табыңыздар:

1. Ақылды қыз білімге жүгірер, ...............................

2. Қыздың .........................................................

3. Жақсы қыз - ....................................................

4. Қыздың қабағында ........................................

5. Қыздың қабағы күлімдесе - ................................

6. Қыз өссе елдің көркі, .....................................................

7. Қыздың көзі ....................................................................

8. Қыздың жолы ..............................................................

9. Қызым саған айтам, ...................................................

Ақылды қыз білімге жүгірер Ақылды қыз білімге жүгірер

Ән: «Мен қазақ қыздарына қайран қалам»

3 - бөлім: Ақылды қыз білімге жүгірер,... (қазақ әдебиеті, тарих, музыка пәндері бойынша сұрақтар)

Жүргізуші:

ҚР -ның мемлекеттік нышандары қай жылы бекітілді? (1992)

Шәкәрім Құдайберді жазған ғашықтық жыры (Еңлік - Кебек)

Қазақстан Республикасының мемлекеттік гимнінің авторлары (Ш. Қалдаяқов, Ж. Нәжімеденов, Н. Назарбаев)

Әйгілі Гәкку әні қай операда қолданылады «Қыз Жібек»

«Шұға» драмасын жазған кім (Б. Майлин)

Ұзатылып бара жатқан қыздың әні (сыңсу)

Әр қазақтың киіз үйінде ілініп тұратын, кең таралған музыкалық аспап (домбыра)

Халық арасында суырып салма деген ұғым кімге тиісті (ақынға)

Қазақтан шыққан ең тұңғыш биші қыз (Ш. Жиенқұлова)

Қазақ эстрадасының дамуына зор үлес қосқан дарынды композитор, қазақ вальсінің королі (Ш. Қалдаяқов)

Жамбылдың ұстазы (Сүйінбай)

Жоңғар шапқыншылығына байланысты шыққан ән (Елімай)

Ш. Уалиханов Абылай ханның кімі (шөбересі)

Абайдың ақын інісі (Шәкәрім)

Саз балшықтан жасалатын үрмелі аспап (саз сырнай)

Қазақ халқының сәндік кәсіби дәстүрлі өнері (қолөнері)

Қазақ эстрадасының жұлдызы «Алтын Орфей» жүлдесінің иегері (Роза Рымбаева)

Келесі тыңдайтындарыңыз оқушылардың орындауында сымбатты әрі сұлу қыздарымызға арналған ақын өлеңдерінен үзінді. Қабыл алыңыздар!

«Қыздарға» М. Шаханов.

Тән сұлулығы деген бар, жан сұлулығы деген бар,

Тән сұлулығы - сыртқы көз арбар көрініс.

Жан сұлулығы - бұл әйелдің ішкі дүниесі,

Сезім шынайлылығы, мінез байлығы,

Пейілі кеңдігі, ар алдында адалдығы.

Тән сұлулығы - теңіз бетіндегі көпіршігі мол толқын.

Жан сұлулығы - бұл тереңдегі ағын.

Осы екі қасиет бір адамның басында ұштаса,

Ғұмыр бойы айналайын нұрға бөлеп өтер еді.

Бет пішіні келіскен, сөзі сыпайы,

Өзі әдепті, сұңғақ бойлы, терең ойлы қыз - Ару.

Сөзі өткір, өзі пысық, өрескелдікті сүймейтін,

Болмашыға пісіп, күлмейтін, келбетті қыз - Сұлу.

Істесе үйіріп, сөйлесе бұйырып, баурап алатын

Өзі бірден көзге түсе қоймайтын қыз - Көрікті.

Баппен біліп тұратын қыз - Әдемі.

Дене бітісі жинақы, сөзі салмақты қыз - Ажарлы.

4 - бөлім: Салт - дәстүр.

Жүргізуші: Әрбір қыз бала бой жетіп, әке - шешенің аясында бұлғақтаған дәуренін қалдырып, басқа бір елге келін боп түсіп келіншек аттанады. Қыздарын тұрмыс құруға әзірлеуге қай халық болсын зор мән берген. Мұны қызының барған жердегі өмірі жақсы болуының, бақытты болуының кепілі деп білген. Халқымыз әйел - ана, қыз дүниеге тіршілік әкелуші, барша тіршіліктің бастауы, көркемдік пен жылылық көзі, шуақ пен мейірім әлемі, өмірдің сәні деп қасиет тұтып, оған көңілінің төрінен орын беріп ардақтап аялаған.

Әдет - ғұрып, салт - дәстүрі қазақтың,

Жарасымды, үйлесімді, ғажап шын.

Ұмыт болған дәстүрлерді сақтайық,

Насихаттап, жаңартудан қашпайық. (Сұрақтарға жауап)

Олай болса, қазір сіздерге көнеден қалған салт - дәстүр, әдет - ғұрып, рәсім, көне сөздерді таратамын, ал сіздер сол сөздердің мағыналарын ашып көріңіздер.

1. Бастаңғы (салт) - жастар «бастаңғы» деп аталатын тамақ істеп бас қосады. Үйдің үлкендері жол жүріп кеткенде ауыл жастары сол үйге жиналып, жолаушылардың жолда басы ауырмасын, бастаңғы жаса дейді. Оның мәні - жастардың сол үйде ойын - сауық жасап бас қосуы.

2. Ұрын бару - күйеудің қалыңдығына ұрын бару «жол ашары» - орамал - шаршы, тиын - тебен, сақина - жүзікпен өтеле береді. «Жол ашарға» жіберген жібек орамал қыз жеңгесін күйеуді арнайы шақыруға міндеттейді.

3. Жеңгетай - қазақ ұғымында жеңге атаулы қыз бен жігіт сырының қолсандығы. Жігіт жеңгесі де, қыз жеңгесі де бірінің өтініші мен бірінің тілегін жағызбалатып жеткізуші.

4. Кәде - қалыңсыз қыз болса да, кәдесіз күйеу болмайды деген сөз бар. Салт бойынша құда түскеннен кейін, күйеу тарапынан ырым - жырым, жол - жораның орындалуы талап етіледі. Сол жораның ең мықтысы - киіт.

5. Көрімдік - жаңа туған балаға, жас келінге, ботаға, т.б. үйге келушілердің әлгілерді алғаш көрген сәтінде көрімдік сұрау дәстүрі.

5 - бөлім. Пікірталас

Жүргізуші: «Ақылды қыз білімге жүгірер, ақылсыз қыз сөзге ілігер» осы тақырыпта өздеріңіздің ой - пікірлеріңізді айтып, осы сөзбен нені ұғынамыз, бұл сөзді естігенде, сіз не жайында ойланасыз? Мысалы, (пирсинг, кіндік жалаңаштау, темекі шегу, т.б.) сүйкімсіз қылықты қыздар жайлы, оларды қалай тоқтатса деп ойлайсыздар? (қыздар қауымы өз пікірлерін ортаға салады.)

Жүргізуші. «Қыз қылығымен» дейді ата қазақ. Қыздарымыздың ақылды, үлгілі, мейірімді, инабатты болуы алдымен ата - анасынан, екіншіден, білім ордасынан басталады. «Болмасаң да ұқсап бақ» деп, ұлы Абай айтқандай, қыз балалар осындай қасиеттерді меңгеруге талпынуы керек. Арамызда ару да әсем, сұлу да көрікті, әдемі де ажарлы қыздар көп болсын! Сондықтан да қыздарды аялай білейік!

Қыз, бозбала, бойжеткен, келін, ана,

Бәрі де кезінде дара тұлға.

Ұрпағымыздың ойласаң болашағын

Қызды сыйла, жамағат, қызды сыйла!, - дей отыра бүгінгі кешімізді аяқтаймыз.

Ақылды қыз білімге жүгірерАқылды қыз білімге жүгірер

Өткізген: «Қыз Жібек» қыздар клубы

© 2010-2022