Ертеңгілік жоспары Күзгі бақша

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ертеңгілік тақырыбы: «Күзгі бақша» .

Мақсаты: Балалардың күз мезгілі жайлы түсініктерін молайта отырып, күз ерекшеліктері туралы толық мағлұмат беру. Күз байлығы жайында айта отырып , есте сақтау қабілетін дамыту, жемістер мен көкөністерді ажырата білуге үйрету.Тілдік қорын молайту.Тапқырлыққа, жылдамдыққа , ұшқыр ойлау қабілеттерін дамыту, қуанышқа бөлеу.

Көрнекілігі: Күз мезгілінің кейіпкерлері, жемістер, көкөністер атрибуттары, себет, жапырақтар.

Жүргізуші сөзі.

Кіріспе сөз: -Қайырлы күн! Армысыздар қонақтар мен балалар!

Сіздерді бүгінгі «Күзгі бақша » мерекесімен құттықтаймыз.Күз баршаңызға молшылық, ырыс, береке, қуаныш әкелсін.

Күзді құрметтеп, қуанышпен қарсы алайық. Бүгінгі «Күзгі бақша» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

Молшылық күз - берекеміз,

Береке күз мерекеміз.

Балалар хормен:

Еңбек еткен - емеді.

Еңбексіз не өнеді?

Берекесін сыйлауға

Өлкемізге күз келді

Жемістерін жинауға

Шақырады біздерді.

Ән: «Күзгі әуен».

- Балалар қазір қандай мезгіл?

- Күз.

- Күз айлары қайсы айлар, білеміз бе?

- Қыркүйек, қазан, қараша.

- Онда ортаға күз айларын шақырамыз!

Қыркүйек:

  • Менің атым Қыркүйек , күздің бірінші айымын,байлықтың, барлықтың айымын.

Жүректен, жан сырдан

Күміс күй төгілді.

Білімге талпынған,

Балалар көңілді.

Қазан:

Менің атым - Қазан, жиын - теріннің соңғы айымын, еңбеккер елді той - думанға кенелтемін.

Қараша:

Күздің соңғы айы Қараша деген мен боламын.Күннің суытып, қыстың жақын қалғанын естеріңе саламын.

Күз мезгілі туралы тақпақтар.

1-бала:

Мерейлі күз, мырза күз.

Сыйлығыңа ризамыз.

Аппақ арай таңында,

Шомыламыз нұрға біз.

2-бала:

Сары ала тон жамылған,

Күз - атамыз секілді.

Қойны толы дәмді нан,

Тәттісі көп не түрлі.

3-бала:

Ел егінді жинайды,

Қырманға дән сыймайды.

Біздің дала, бай дала,

Алтын астық айнала.

4-бала:

Көк майсалы көрікті

Алқаптағы көп егін.

Бұл күндері киіпті

Сары жібек көйлегін.

Жапырақтар туралы тақпақтар.

5-бала:

Ағаштардан жамырап,

Ұшты кенет жапырақ.

Ой алақай тамаша,

Шашу шашты жапырақ!

6-бала:

Қыстың жақын қалғанын,

Жапырақтар білгендей.

Желмен ұшып барады,

Жерге қонып үлгермей.

Би: қыздардың орындауында «Қызыл алма піскен екен».( өзбек биі)

Жүргізуші:

Қарашы күз келді, күз келді!

Сары алтын жауыпты іздерді.

Құс біткен керуен түзеді.

Көңілсіз неліктен күз енді?

Бұталар боз қырау киеді.

Бақшаға баратын бізбенен.

Осы ма күз деген?

  • Балалар айтыңдаршы күз мезгілінде нелер піседі?

  • Жемістер, көкөністер.

1-бала: Алма:

Бақ қызығы керек пе, Мен алмамын,алмамын,

Кел балақай көмекке! Балдай жұпар бар дәмім.

Жүзім толтыр себетке,

Алманы сал шелекке.

2-бала:

Алма, алма дейсің, Алмұрт:

Алманы сен жейсің. Мен алмұртпын, алмұртпын,

Айтпады екен деме- Аузындамын бар жұрттың.

Алманы жұмай жеме.

3-бала: Жүзім:

Суықта бір жауынды, Мен жүзіммін , жүзіммін.

Далада ойнап күнімен, Моншақ болып тізілдім.

Мұрат біздің ауырды. Жемісі мол теретін-

Жөтеліп күн - түнімен. Күз дос екен бізбенен.

Берді оған қайнатып,

Әжем дәмді алмұртты.

Өрік: Шие:

Көктемде ерте гүлдеймін, Шиемін мен , шиемін.

Кешігуді білмеймін. Піскенше тон киемін.

Піспей тұрған кезімде. Бала келсе қасыма,

Менен аулақ жүр деймін. Басымды мен иемін.

Балалардың орындауында ән: «Мен алманы жақсы көремін.»

(Көкөністер сөйлейді).

Қызанақ: Пияз:

Сабақтарым бұралып, Асханадан шықпаймын,

Бақшаларда қызарып, Атым пияз бұқпаймын.

Тұрған ол мен қызанақ, Астың дәмін келтіріп,

Күнге қарап ұялып. Тұмаудан да сақтаймын.

Картоп: Қыраққабат:

Картоп біздің атамыз, Бақшаларда тізіліп,

Жер астында жатамыз. Қаперсіз мен жатамын.

Бір тамырдан біз көппіз, Қабат, қабат киініп.

Неден қорқып сасамыз. Қырыққабат атандым.

Қияр:

Көктеп ерте шырмалып,

Өсемін мен бүр жарып.

Атым- қияр теріп ал,

Жиі-жиі суғарып.

Ойын: «Жемістерді , көкөністерді жинау».(жемістер мен көкөністерді ажырату, түр, түсін, көлемін айту.)

Ортаға екі баланы шақырамыз.Екі себет.

Жемістерді бір себетке, көкөністерді бір себетке салады.

Жүргізуші:

Қазақстанның байлығы,

Алтынға оны теңейміз.

-Ол не? (бидай).

-Бидайдан не жасайды?

-Не пісіріп шығарады?

-Нан , дәмді тоқаштар.

Жүргізуші:

Ал енді балалар, сендер бауырсақты жақсы көресіңдер ме?

«Қайдан келдің бауырсақ?» айтысын тыңдап көрейік.Ортаға Автор, қуыршақ және бауырсақты шақырамыз.

Автор:

Дастарқанда шашылып

Жатты аппақ бауырсақ.

Бауырсаққа қызығып,

Қарап тұрды көзін сап:

-Қайдан келдің бауырсақ?-

Деп сұрады қуыршақ.

-Дүкеннен келдім нан сатқан,-

Деді оған бауырсақ.

-Дүкенге келдің қай жақтан?

-Наубайдан келдім нан жапқан.

-Наубайға келдің қай жақтан?

-Диірменнен келдім ұн тартқан.

Диірменге келдің қай жақтан?

-Даладан келдім кең жақтан.

Жер анам менің көсілген ,

Диқандар мені өсірген.

Қорытынды:

Жапқандай жапырағы іздерді,

Қуантып байлығымен елді.

Бір жадырап қайту үшін елімді

Сабырлы сары алтын күз келді.

  • Балалар бүгінгі күз мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталып отыр.

Берекелі, мерекелі жомарт күздің сыйы әрбір отбасының ақ дастарқанынан арылмасын.

Еліміз аман, заманымыз тыныш болсын.Осымен «Күзгі бақша» ертеңгілігіміз аяқталды.



© 2010-2022