Сынып сағаты. Тақырыбы: Қазақ хандығына 550-жыл

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сынып сағатының тақырыбы: Қазақ хандығына- 550 жыл

Білімділік: қазақ хандығы құрылуының тарихи оқиғалар тізбегін еске түсіре отырып, танымдарын арттыру;

Дамытушылық: өткенді еске түсіре отырып, болашаққа бағдар беруге баулу.

Тәрбиелілік: тарихи ұлы тұлғалардың ерліктерін насихаттай отырып, отансүйгіштікке тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: аралас сабағы

Сабақтың көрнекілігі: слайд шоу («Қазақ елі» видео ролик, қазақтың ұлы хандары мен батырларының фото суреттері, Қазақстан еліндегі батырларға арналған ескерткіштердің фото суреттері, халық күйлерінің жазбалары)

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

Құрметті, оқушылар. Бүгінгі сынып сағатымыздың тақырыбы Қазақ хандығына- 550жыл. Биылғы жылдың еліміздің тарихындағы, халқымыздың тағдырындағы алатын орны ерекше. Биыл біздің мемлекетіміздің, яғни Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл.
1. Қ. Р. Гимні орындалады.

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан

халқына арнаған 2015 жылғы Жолдауы қалай аталады? (Нұрлы жол болашаққа бастар жол» Жолдауы).

2015 жылы қандай атаулы мерейтойларды тойланады? (Қазақ

хандығының 550 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы). «Қазақтың бүкіл тарихы - бірігу тарихы, тұтастану тарихы. Қазақ тек бірігу, бірлесу жолында келе жатқан халық» - деп президентіміз Н.Ә.Назарбаев айтып өткендей бұл ғасырда өмір сүріп отырған барша ұрпақ ғылым саласында өзіндік жол салар дара ұрпақ болуы тиіс. Олай болса болашаққа нық қадам жасау бүгіннен басталады.

2015 жылы Керей мен Жәнібек Шу мен Талас өзендерінің арасындағы аймаққа орналасып, қазақтың туын көкке көтергеніне 550 жыл толады. Бұл оқиға қазақ халқының тарихындағы маңызды оқиға болды. Ол ұлан-байтақ өңірді мекендеген қазақ тайпаларының басын қосып шоғырландыруда, қазақтың этникалық аумағын біріктіруде, қазақтың байырғы заманнан басталған өз алдына жеке ел болып қалыптасуын біржолата аяқтауда аса маңызды және түбегейлі шешуші рөл атқарды.

Осыған байланысты, елімізде жастардың патриоттық сезімін барынша күшейту мақсатында бұл оқиғаны мерейтой күндерінің қатарына қосу мен Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтуге арналған іс-шараларды өткізу жөнінде мәселе қарастырылды.

Ата-бабаларымыз бізге бірліктің, ынтымақтың, тұтастықтың ұлы үлгісін көрсетіп кетті. Қазақстанның арғы-бергі тарихының ең ғибратты тағылымы, міне осында. Олай болса бүгінгі қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына арналған сабағымызды бастайық.

2.Видеоролик. Қазақ хандығына 550-жыл.

1. Сынып 2 топқа бөлінеді:

І-топ «Керей тобы»

ІІ-топ «Жәнібек тобы».

Сайыс соңында жеңімпаз топ мақтау грамотасымен марапатталады.

Сайыс барысы:

  1. Жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар.

Интерактивті тақтада торкөздер берілген;

Әр торкөздер ұпайлар көрсетілген;

Ұпай таңдай отырып, торкөздерде жасырылған тапсырмаларды орындайды;

Әр дұрыс жауап ұпай санымен байланысты.

Жылдар

20

30

40

Тұлғалар

20

30

40

Терминдер

20

30

40

Жылдар:

"20″ Қазақ хандығы құрылған мерзім?

"30" 2015 жылы Қазақ хандығының құрылғанына неше жыл толды?

"40" 2015 жылы Қазақстан Республикасының Конституциясына неше жылдығы тойланды ?

"Тұлғалар". "20" Қазақ хандығы туралы дерек қалдырған тарихшы?

"30" 1940 жылы 6 шілдеде кім туды?

"40" 1465-1466 жылдары Керей хан мен бірге қазақ хандығын құрған Барақ ханның баласы

"Терминдер". "20" «Президент» "30" «Конституция» "40" "Қозыбасы"

ІҮ."Тақымқысар".Есте сақтау қабілетін жақсарту үшін мозаиканы жинақтау.

Топтық жұмыс жүргізу арқылы сөздердің мағынасына қарай мәтін құрастырыңыздар:

Керей

ұлы

Қазақ

Екі

негізін

хан -

хандығының

тарихи

Қалаушы

тұлғаның

Алғашқы

ханы

бірі,

Қазақ

болатын.

Жауабы: Керей хан - Қазақ хандығының негізін қалаушы ұлы екі тарихи тұлғаның бірі, алғашқы қазақ ханы болатын.


Ерлік - ел есінде» туры (қазіргі өмірде осы қайраткерлердің алатын орны (ескерткіштер).


Керей мен Жәнібек ескерткіші, Астана қаласы, 2010 жылы ашылды. Авторы астаналық жас мүсінші Ринат Әбенов­. Ескерткіштің ұшар басына дейінгі жалпы биіктігі - 12 метр. Орналасқан жері - ҚР алғашқы президенті Н.Назарбаевтың мұражайының алаңында.

Сұрақ: Керей мен Жәнібек ескерткіші 2010 жылы қай қалада

ашылды?

Ескерткіш Тараз қаласында 1998 жылы Сүлейменов көшесіндегі университеттің бас корпусының алдына Мұхамед Хайдар Дулати мырзаның 500 жылдығына арналып салынған. Ескерткіштің биіктігі 3 м. Мұхамед Хайдар Дулати - көрнекті мемлекеттік қайраткер, дипломат, тарихшы, публицист. М.Х. Дулатидің бас еңбегі «Тарих және Рашиди» Орта Азия халықтарының тарихы туралы.

Сұрақ: Бұл ескерткіш Тараз қаласында 1998 жылы көрнекті мемлекеттік қайраткер, дипломат, тарихшы, публицисттің 500 жылдығына арналып салынған.

Қорытынды. Құрметті оқушылар бүгінгі сынып сағатына қатысқандарыңызға үлкен рахмет.Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев «Өз тарихын білмеген халық, өзін де сыйламайды» деген. Сондықтан әр қайсымыз өз еліміз тарихын әрқашанда жадымызда сақтап, мақтан етейік. Жеңімпаз топты анықтап, марапаттайды. Тәуелсіз мәңгілік ел болу арманы,- деп сабағымызды аяқтаймыз.



Шолақсай орта мектебі



Сынып сағаты. Тақырыбы: Қазақ хандығына 550-жыл

Тақырыбы: Қазақ хандығына 550-жыл

Орындаған: Муслипова Б.А.



2015-2016 оқу жылы

© 2010-2022