5 маусым-Бүкіл әлемдік қоршаған ортаны қорғау күніне арналған тәрбие сағатының іс-шарасы

Тақырыбы:«Табиғатты қорғау-адамзаттың парызы» атты   ашық тәрбие сағаты      Мақсаты: 1.     Оқушыларға адам ман табиғаттың егіз екенін ұғындыру. Табиғат қазына      байлық екенін түсіндіру. Жерді,  құрметтеуді, табиғатты қорғауды үйрету;  2. Қоршаған ортаны қорғау, туған елге деген сүйіспеншілігін арттыру;  3. Туған жердің табиғатын аялаулауға ,табиғатты қорғауға тәрбиелеу, қам-       қорлық жасауға баулу, табиғатты сүюге үйрету, экологиялық тәрбие беру.
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

5 маусым-Бүкіл әлемдік қоршаған ортаны қорғау күніне арналған тәрбие сағатының іс-шарасы

Оңтүстік Қазақстан облысы

Созақ ауданы

Сүгір Әліұлы атындағы жалпы орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі

Абиш Ақерке Қуандыққызы

5 маусым-Бүкіл әлемдік қоршаған ортаны қорғау күніне арналған тәрбие сағатының іс-шарасы

Тақырыбы: «Табиғатты қорғау-адамзаттың парызы» атты ашық тәрбие сағаты

Мақсаты:

  1. Оқушыларға адам ман табиғаттың егіз екенін ұғындыру. Табиғат қазына

байлық екенін түсіндіру. Жерді, құрметтеуді, табиғатты қорғауды үйрету;

2. Қоршаған ортаны қорғау, туған елге деген сүйіспеншілігін арттыру;

3. Туған жердің табиғатын аялаулауға ,табиғатты қорғауға тәрбиелеу, қам-

қорлық жасауға баулу, табиғатты сүюге үйрету, экологиялық тәрбие беру.

Көрнекілігі:

« Жер- қазына, су- алтын, мол байлық» , «Табиғат аясы- адамның алтын бесігі» және «Табиғат - тіршілік атаулының құтты қоныс-мекені, тіршіліктің түлеп өсуіне қажетті нәрі, жер бетіне көрік берген сәні» атты қанатты сөздер мен табиғат жайлы суреттер.

Барысы:

Кіріспе сөз

Мұғалім:

Қымбатты ұстаздар, оқушылар!

Жалпы, табиғат - тіршілік атаулының құтты қоныс-мекені, тіршіліктің түлеп өсуіне қажетті нәрі, жер бетіне көрік берген сәні.

Халық ұғымында табиғат деген сөз жер, аң, туған жер, атамекен сөздерімен қатар тұрады. Олай болса, бүгінгі айтар сөзіміз де,шырқар әніміз де табиғат жайлы болмақ.

Қазақстан табиғатының өлшеусіз байлығын игере отырып, бізді қоршаған ортаның бүтіндігін сақтау да республикамыздағы ең күрделі мәселелердің бірі. Міне бүгінгі тәрбие сағатымызда айтылатын мәселеміз осы.

1 жүргізуші:

Құрметті оқушылар бүгінгі тәрбие сағатының тақырыбы: «Табиғатты қорғау-адамзаттың парызы». Адам мен табиғат егіз. Табиғатты асыраушың, қамқоршың десең де болады. Ата- бабаңның « Жер- қазына, су- алтын, мол байлық» деп өсиет айтып келгені тегіннен тегін емес. Күнделікті ішіп жүрген тамағымыз, үстіміміздегі киіміміз, оқитын кітабымыз, жазатын қағазымыз, мінер көлігіміз, ауырғанда пайдаланатын дәріміз,тыныс алар ауамыз, ішер суымыз - осылардың бәрі жомарт табиғаттың берген сыйы.

2 жүргізуші:

Ал қазіргі кезде барша адамзат алдында тұрған кезек күттірмейтін киелі де күрделі міндеттеріміздің бірі ыстық ұя, алтын бесік, жұмыр жердің табиғатын қорғау және оның сан алуан байлығын барынша ұқыпты пайдалану болып отыр. Соңғы жылдары ғылым мен техниканың өркендеуі қоршаған ортаға зиянды әсерін тигізуде. Жер шарында жыл сайын шамамен 10-15 милион гектар орман жойылады екен.

3жүргізуші:

Ұзақ жылдар бойы қалыптасқан солақай саясат Қазақстан табиғатын да сұрықсыз күйге түсірді.Жер бетінен жойылып бара жатқан Арал теңізі мен қырық жыл бойы үздіксіз сынаудан көкірегі қарсы айрылған қасиетті Семей жерінің аянышты халі осының айғағы.

4жүргізуші:

«Тәрбие тал бесіктен басталады» дегендей болашақ ұрпақты экологиялық сауатты етіп тәрбиелеуді отбасы , ошақ қасынан бастағанымыз дұрыс. Табиғаттың жасыл желегімен аң құсын аялау, көзі ашық , көкірегі ояу әрбір жанның азаматтық борышы.

1оқушы

Ну орман, жасыл орман, мынау орман,

Далаға қорған болып тұра қалған.

Барлығы баласындай бір-ақ үйдің,

Барлығы жаралғандай бір адамнан.

О, құдірет, неткен шалқар күй ең сен,

Бүгін менің түседі жиі еңсем.

2 оқушы

Осылай да ойланып қой, адамдар,

Жығылмайсың орманыңа жүгінсең

Табиғат әсемдіктің төркінісің,

Ән саламыз бір сенің көркің үшін.

Жан-жануар табынып бір өзіңе,

Сенен асып тұрғандай бар тынысын

3 оқушы

Табиғат- сұлу мекенім,

Өзіңді пана етемін.

Саяңда өсіп ер жетіп

Биікке самғап жетемін.

5 оқушы:

Табиғаттан нәр алған ғой жанымыз,

Жер бетінің ажары ғой сәніміз,

Туған өлке табиғатын аялап,

Ұсынайық жүрек нұрын бәріміз.

6 оқушы

Болсын тек ауа таза , тұнық су

Басылмасын айдын көлде құстың шуы

Төңіректе кесілмесін тал терек

Араша түс табиғатта бәрі керек!

7 оқушы

Тартылмасын теңіз көлдер су алып,

Жарылып жер, өсімдіктер қуарып.

Қолда барда қадір тұтып сақтайық

Жаратқанның бергеніне қуанып.

8 оқушы

Мен сүйем ерікті еркін құсын

Сайратамын төрт бөліп түн ұйқысын.

Мен сүймес дүниеде еш нәрсе жоқ,

Сүйемін табиғаттың барлық күшін.

9 оқушы:

Күн- барлық тіршіліктің құдіретті тірегі.

Жер тіршілікке нәр беріп анамыздай асырап жатыр.

Су- тіршіліктің көзі.

Ауа- өмір тынысы.

Ән орындалады. « Табиғатым»

Көрініс :

Атақты батыр Ханкелді баласы Райымбекті 16 жасқа толғанда «Сәлем беріп батасын алып қайт» деп Төле биге жұмсапты.Төле биге сәлем беріп, елдің сәлем сауқатын жеткізіп, қонақ болған Райымбек аттанар сәтте, дана қартқа мынадай сауал қойыпты.

Райымбек: ( оқушы )

Ата!

Жер дегенім немене?

Ел дегенім немене?

Жер сәні деген немене?

Ел сәні деген немене?

Жер құты деген немене?

Жерді не көтереді?

Елді кім көтереді?

Төле би: (оқушы)

Жер дегенің- тіршілік, Ел дегенің- қара халқың,

Жер сәні- ұшқан құс пен жүгірген аңы, аққан суы, жайқалған шалғыны, ну орманы.

Ел сәні- өркендеп өскен ұлы мен қызы.

Жер құты - қойнауындғы кені.

Жерді су көтереді,- деп жауап берген екен.

1 жүргізуші:

Расында жер- елдің тұрақты мекені, тіршілік көзі, ұрпақ өсірер ордасы. Сондықтан да балаларымыз « Жер тіршілік», «Жер- қазына» деумен бірге, « Жер қазынаның басы, мол- байлықтың көзі, батыр- ел сақшысы.» Мал- бір жұттық, батыр- бір оқтық, жер- мәңгілік деп даналық ой түйе білген.

2 жүргізуші:

Табиғат, Жер -Ана, Отан, Туған жер, Атамекен деген құлаққа жылы естіліп, жүрекке шаттық сезім ұялататын ұлы да қасиетті ,бір - біріне мағыналас, мазмұны сай сөздер. Адамның өзі Табиғат пен Жер Ананың перзенті.Табиғат пен Жер- Ананы сүйе білу, оны аялау адамның азаматтық борышы.

10 оқушы:

Табиғат- әсемдіктің төркінісің,

Ән саламын бір сенің көркің үшін.

Жан - жануар табынып бір өзіңе,

Сенен алып тұрғандай бар тынысың

11 оқушы:

Ей, қазақтың ұланы,

Болғайсың дала қыраны

Жер- суын қорғау бабаңның

Емес пе еді басты ұраны.

3 жүргізуші:

Табиғат! Сен дүниедегі ең сұлусың, ең әдемісің! Сенің жұпар ауаң да, жүгірген аңын да, айналаны әсем әнге бөлеген құсың да әдемі! Мен сенен әдемілікті үйрендім. Осындай әдеміліктің ортасында өмір сүрген адамзат баласының қаншалықты бақытты екенін сезінсе ғой!

4 жүргізуші:

Егер табиғатқа тіл бітсе, ол былайша бізге тіл қатар еді: «Ей, адамзат баласы!» Сен менің бауырымда өсіп ер жеттің. Мен сені тоңғаныңда күн шуағыммен жылыттым, ыстықта ағаштарыммен жаңына сая болдым. Мөлдір, таза ауаммен дем алдың, жер ана сені асырады, бақты ұрпағың ғасырдан ғасырға жалғасып келеді. Мен арқылы сен сұлулықты, әдемілікті сезіңдің! Бірақ мен саған өкпелімін. Неге дейсің ғой бүгінгі күніме қарашы. Ауам ластанды. Суым лайланды, тартылды. Орманымдағы ақбөкенім мен сұлу киігім қайда қашты? Даланы әсем әнге бөлеген құстарым неге азайды? Балықтарым неге жағада өліп жатыр? Сен бүгін менен бәрін алып алсаң, болашақ ұрпағың қалай күн көреді? Әлі де кеш емес ойланыңдар! Табиғатты аялай, қорғай біліңдер! деуші еді.

12 оқушы:

Ей, табиғат шеберсің, ау шеберсің,

Көрмегенді көрсетерсің, берерсің.

Ұлан ғайыр бұлағыңды місе етпей,

Ашкөзденген адамдарға не дерсің,

Айың анау, күнің анау, жерің мынау

Ау,адамдар жетпей жатыр енді не?

Табиғатқа таласпаңдар, ағайын!

Асырайды ол сені , мені, елді де!

Ән орындалады.

1 жүргізуші :

Ия ,экология қазіргі дәуірде адамзатты толғандырып отырған маңызды проблемаға айналды. Табиғатты, қоршаған ортаны жою арқылы бүкіл қоғамды, тіршілікті жойып жіберуге болатынын көптеген елдер түсіне бастады. Біздің өмір сүріп отырған дәуірімізде техникалық құралдармен қаруланған кейбір елдер мен адамзат баласының жер планетасын аз уақыттың ішінде құртып жіберуі онша қиындыққа түспейді. Сондықтан бүкіл әлем халқының ортақ үйі жер планетасын - адамзат баласы біріге отырып экологиялық апатқа қарсы тұрып, жер анамызды сақтап қалу бүгінгі таңдағы ең маңызды мәселе.

2 жүргізуші:

Табиғат алдында өздерін жауапты санаған, барлық жан-жануарларды киелі санап, өзен, көл жағалауларын таза ұстап, бұлақ көрсе көзін ашып, жастайынан өз әулеттеріне, балаларының санасына сіңіріп, бойларын үйреткен.

3 жүргізуші:

Табиғат арқылы адам бойына сұлулық пен әсемдік дамыту идеясы қазақ ағартушылары мен жазушыларының, ақындарының еңбектері мен өлеңдерінде толық көрсетілген. Мысалы Абай мен Шоқанның, Жамбыл мен Ыбырайдың, Мағжан мен Сәкеннің, Ілияс пен Қасымның, Кәкімбектің өлең-жырларынан көркем жазылған табиғат суреттерімен танысып жан рухына бөленуге болады.

4 жүргізуші:

Қазақ халқының табиғатты, қоршаған ортаны, жан-жануарлар мен құстарды аялағаны соншалықты, тіпті сонау ашаршылық жылдарының өзінде үйдің іргесіндегі аққан судың балығына да, ұшқан құсына да, жүгірген аңына да ешбір зиянын келтірмеген. Көшпенді халық жиі-жиі, жаз бойы қоныстарын ауыстырып, сол қоныстанған жердің топырағы тозбасын, өсімдігі өлмесін, шабындығы жапырылмасын деген оймен әрбір билер халықты жаңа қоныстарға алдын ала бағыт беріп отырған.

13 оқушы:

Қазақстан топырағы киелі, жер бетінің шөбін тартсаң, шырыны шығатын көк майса, жасыл кілем еді. Кеңбайтақ еліміздің барлық территориясында небары 30% ғана шөлді-шөлейт аймақ болған, ал қазір ХХІ ғасырдың басында шөлді аймақ 66%-ға жетіп отыр. Ол дегеніміз халқымыздың көпшілігі табиғатты күтуге, оның табиғи байлықтарын тиімді пайдалануға әлі де болса үйренбей жатқандығы. Кен орындары, жер асты байлықтарды алғаннан кейін қалпына келтіріліп, көгалдандырылмады, қопарылған жердің топырағы жел болса сол маңайдың барлығын шаңға айналдырып басып жатады. әрбір өскен ағаш бүгінгі таңда алтыннан да ардақты, оны қалада да, далада да кесіп жатырмыз, ағаш шабылған жер тазаланбайды.

14 оқушы:

Біздегі кемшіліктерді жібермеу, барлығымыздың да қолымыздан келеді, бірақ көп нәрсені түсіне бермейміз. Адамзаттың жауапсыз кезеңі бітіп, жауапкершілігі артатын кезеңі жетті.

15 оқушы:

Табиғат - әр беті терең мағынаға толы бірден-бір кітап. Табиғат жарылысын, қоршаған орта тынысын, барлық тіршілік болмысын жан дүниесімен түсінетін адамдар тазалыққа, имандылыққа бас иген адамдар.Соңғы кезде әлемде төмендегідей сұрақ туып отыр: «Экология мен имандылықтың арасында қандай байланыс бар, оларды не байланыстырады, экологиялық имандылық дегеніміз не?» Осы сұраққа жауап берейік

16 оқушы:

Экологиялық имандылықтың негізін құрайтын арналар: инабаттылық, мәдениеттілік, адалдық, нысаптылық, даналық, ынтызарлық, лепірмеушілік, ықыластылық және қайраттылық. Бәрінің бас әрпін қоссақ - имандылық деген сөз түзіледі.

17 оқушы:

Бұл сұхбаттағы әңгімеміз адалдық жайында болмақ. Адалдық - табиғат үйлесіміндегі қатынастардың шынайылығы мен табиғилығын айқындайтын категория. Адалдық - абсолютті әділеттіліктің алғы шарты. Адалдық - кез келген болмыстың болашаққа деген перспективасын айқындайтын өлшем. Жалпы табиғаттың дамуы жаңғыруға, жаңаруға негізделген. Жаңғыру негізінде жатқан заңдылықтар - мәңгілік ақиқат ережелерінің өлшемімен жазылған код. Оны табиғаттың миллиондаған жылдар бойы өткен «өмір мектептерінің» түйінді аксиомасы десе де болады.

18 оқушы:

Табиғат қоршаған орта емес, табиғат біздің өзіміз. Өзіңді өзің алдау, өз болмысың алдында арам болу даму перспективасын жоғалтумен тең екендігін саралау парыз. Адалдық ғылыми категориядан гөрі адами тіршіліктің қазығы екендігін ұққан абзал. Адалдықтан бастау алмаған жерде адамзаттың мәуелі өмір қияндарын айшықтауда кешірілмес өкінішке соқтыратынын ғасырлар дәлелдеген шындық.

1 жүргізуші:

Қоршаған ортаның бүтіндігін сақтау үшін адамның, менталитетін, оның моральдық, этикалық дағдыларын өзгерту керек, табиғат пен адамның арасына жаңа көзқарас қалыптастыру қажет. Әрбір қоғам мүшесі табиғат құбылыстары заңдылықтармен таныс болуы керек.

2 жүргізуші:

Экологиялық сауатсыздықты жою - үкіметіміздің халық арасында жүргізетін маңызды мәселелеріне айналуы тиіс. Табиғат пен қоршаған ортаны қорғаудың жолдарын ұғындыру жалпы халықтың экологиялық сауатын ашу, жастарға үздіксіз білім беру нәтижесінде ғана шешіледі. Үздіксіз экологиялық білім берудің ғылыми негіздері қазақ халқының табиғатпен қарым-қатынас үстінде туған тарихи көзқарасы мен салт-дәстүрінен бастау алады.

3 жүргізуші:

Табиғат, сен тіршілік, тұнып тұрған,

Сен Күнсің көтерілген күліп қырдан.

Сен көлсің, сен армансың, сен бұлақсың,

Адамға сұлулықты шын ұқтырған

4 жүргізуші:

Табиғат егіз адаммен,

Ұқсастық табам содан мен,

Мәңгілік болсын егіздер,

Жер - Ана, көл, теңіздер

Жүргізушілер кезектесе айтады

1 жүргізуші:

Табиғаттың орны бөлек ғаламда

2 жүргізуші:

Тигізетін пайдасы зор адамға

3 жүргізуші:

Ей адамзат, оны күтіп қорғаңдар

4 жүргізуші:

Жойылмасын жасыл желек ормандар!

Мұғалім:

Сайып келгенде айтарымыз - қандай жұмыс атқармасақ та қоршаған ортаға абайлап қарап, оны қорғауға күш салу басты бағытымыз болып қала береді. Қашан да болмасын табиғатты аялай білейік. Ол өктемдікті көтермейді.

Бүгінгі «Табиғатты қорғау - адамзаттың парызы» атты тәрбие сағатымызды қорытындылау үшін мектеп мұғалімдеріне сөз беріледі.

Оңтүстік Қазақстан облысы

Созақ ауданы

Сүгір Әліұлы атындағы жалпы орта мектебі









ТӘРБИЕ САҒАТЫ



«Табиғатты қорғау-адамзаттың парызы»







Дайындаған

бастауыш сынып

мұғалімі

АБИШ АҚЕРКЕ








© 2010-2022